Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыздар

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыздар

Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................... 5
1 Мемлекеттік несиенің экономикалық мәні және негіздері..................... 6
1.1 Мемлекеттік несиенің экономикалық мәні.................................................. 6
1.2 Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері.......................................... 9
1.3 Халықаралық мемлекеттік несие................................................................. 12
2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қарыздардың жағдайын талдау.................................................................. 17
2.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік борыш және оны басқару............................................................. 17
2.2 Қазақстан Ресепубликасындағы макроэкономикалық ахуал және сыртқы қарыз жағдайының өзара байланысы мен негізгі көрсеткіштерін талдау ........................25
3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік борышты басқару әдістерін жетілдіру.............................................. 31
Қорытынды......................................................................................................... 37
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................. 38

Кіріспе
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол мынадай 10 принциптен тұрады.
Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді.
Орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтатуға тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада манызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни, меншік құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр.
Бірақ нарық дамымаған, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйенің қалдықтарына толған жерлерде мемлекет нарықты дамыту мен ол кеңістікті тазарту үшін араласуға тиіс. Экономиканың өзі тұрақсыз дамудың аралық кезеңінде тұрғанда, мемлекеттің реттеуші рөлі мен араласуы бара-бар болуға тиіс.
Жаңа әлемдік экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын едәуір көтеруге, жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін арттырүға тиіспіз.
Соңғы үш жылдың ішінде біздің экономикалық стратегиямыз макроэкономиканы тұрақтандыру болды, бұл мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту мен қатал монетарлық және несие саясатын дәйекті жүргізуді білдіреді. Бүгін біз осы мәселені шешуге бұрынғыдан да жақын тұрмыз. Бірақ бүгінгі табыстарымыз тоқмейілсуге негіз бола алмайды.
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға шоғырландыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.
Мемлекеттік кредит — жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және жеке тұлғалар несиегерлер (кредиторлар) немесе қарызгер болып табылады.
1 Мемлекеттік несиенің экономикалық мәні және негіздері
1.1 Мемлекеттік несиенің экономикалық мәні
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға шоғырландыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.
Мемлекеттік кредит — жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және жеке тұлғалар несиегерлер (кредиторлар) немесе қарызгер болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет қарызгердіңде, қарыз алушының да, несиегердің де рөлінде көрінеді.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мезгілдігінде және ақылығында. Алайда бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды. Несие қоры ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдарды несиелендіру және оның тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады; несиелерді жеке адамдар да ала алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді банктік несиелендіру несие қорын өнімді пайдалану болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:
1) мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді — өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді де қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттік қаржы ресурстары ретінде қаралады;
2) алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар "антиципацияландырылған салықтар", яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.
Қаржының бөлгіштік функциясы шеңберінде мемлекеттік кредит ақша қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында) қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бұл халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің екінші, қосалқы функциясы — реттеу функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталының рыногінде қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Сөйтіп, мемлекет бұл рыноктегі бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады ("ығыстыру әсері"). Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссияның зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Сөйтіп, егер кредиттің қайта бөлгіштік функциясының көмегімен мемлекет қаржы ресурстарын тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетті өндірістің дамуына) бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік несие жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге жетеді.
Мемлекеттік кредиттің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін қажеттерін қаржыландыруға бағыттауға саяды.
Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы (халықаралық), шартты болып ажыратылады (1 сызбаны қараңыз).
Ішкі кредитте мемлекеттік кредит қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардын және халықтың арасында пайда болады.
Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікгі органдары, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік кредит отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.
1-сызба
Мемлекеттік кредит пен мемлеккеттік борыштың сыныптамасы
1.2 Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады.
Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады. Мысалы, 1922-1923 жж. КСРО-да заттай қарыздар (екі нан және бір қант қарыздары) шығарылды. Оларды шығару сол кездегі ақшаның тез құнсыздануымен айқындалды. Осындай мақсатпен алтын қарыздар да (яғни алтын түрінде есептелген қарыздар) шығарыдды. Заттай қарыздарды өтеу не зат түрінде, не қарызды өтеу мезетіндегі қанттың немесе нанның рыноктік бағасы бойынша ақшамен жүргізілді. Бұл қарыздарды өтеу жыл бойы жүргізілді.
Эмитентке қарай қарыздар үкіметтің қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бейтілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алады); ұтыс немесе лотореялық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін. Аталған мемлекеттік қарыздардан басқа олардың тарихында (бұрынғы КСРО бойынша) шаруа қарыздары (1924, 1925, 1927 жж.), үш индустрияландыру қарызы белгілі.
Сондай-ақ әскери қарыздар, 1946-1950 жж. халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту қарыздары (5 қарыз) белгілі.
Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 ж. республика үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға (2012 жылға дейін) есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының бондары шығарылды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады.
1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-заңды және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі қарызының ұлттық жинақ облигациялары таратыла бастады. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.
Ақша ресурстарындағы қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін қарастырылған шараларды бюджеттен қаржыландыру кезінде кірістердің түспеген немесе жеткіліксіз түскен кезінде кредиттің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МҚМ) сияқты нысаны пайдаланылады. МҚМ қағазсыз нысанда заңды тұлғаларға — коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға, фирмаларға арналып 3, 6, 9, 12 ай мерзімге шығарылады. Иелері арасында МҚМ-ді орналастыру аукциондық сауда-саттықта жүргізіледі, онда міндеттемелердің кезекті шығарылуының дисконтталынған бағасы белгіленеді. Қаржы министрлігі оларды айналыс мерзімінің бітуіне қарай көрсетулі құны бойынша сатып алады, бұл бағалы қағаз номиналы (атаулы құны) мен дисконтты баға арасындағы айырмашылық инвестордың табысын құрайды. Мемлекет МҚМ-ға есеп айырысу мен шаруашылық операциялар бойынша қалыптасатын рыноктік бағалар бойынша (жағдаятты ескере отырып) төлемдердің мәртебесін бере отырып, олардың тұрақтылығына кепіл болады.
1999 жылдан бастап атаулы құны 100 АҚШ доллары болатын айналыс мерзімі 5 жыл арнаулы валюталық мемлекеттік облигацияларды (АВМЕКАМ) жинақтаушы зейнетақы активтерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметінің атынан Қаржы министрлігі (эмитент) шығарды. Бұл облигациялар иелеріне өтеу кезіңде олардың атаулы құнын алуға және жылына 6,14% мөлшерінде сыйақы (мүдде) алуға құқық береді.
Сонымен бірге Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланатын құралдардың түрлерін кеңейту мақсатында теңгенің еркін айырбас бағамы жағдайында айналыс мерзімдері 3, 6, 9, 12 ай болып табылатын мемлекеттік қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕКАВМ) шығаруды бастады. Ол құжаттық емес нысанда және нақты 100 АҚШ долларына аукциондық әдіспен анықталған дисконтталған баға бойынша орналастырылды. Қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар Қазақстан Республикасы резиденттері де, бейрезидентттері де болып табылатын заңды және жеке тұлғалар бола алады. Инвесторлардың сатып алынған қазынашылық валюталық міндеттемелер үшін ақы төлеу мен Қаржы Министрлігінің қазынашылық валюталық міндеттемелердің нақты құнын өтеу төлеу күні мен өтеу күнінің қарсаңындағы әр эмиссиясының шарттарын жариялау кезінде Қаржы министрлігі тағайындаған Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланылатын несие қорын қалыптастыруға мемлекеттік банктердегі халықтың салымдары бойынша қалдықтардың бір бөлігін айналысқа қосу да мемлекеттік кредиттің нысаны болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің келесі нысаны — елдің орталық эмиссия банкінің қаражаттарын тарту. Мемлекет айналыстағы ақша массасының инфляциялық құнсыздануымен қосарланатын бұл нысанға мемлекеттік кредиттің әр түрлі келеңсіз себептерден — дағдарысты жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғалуынан, төтенше жағдайлардан туатын басқа нысандарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады.
КСРО-ның практикасында мемлекеттік кредиттің нысаны ретінде бюджет тапшылығын жабу үшін жалпымемлекеттік несие қорынан қарыз алу нысанының кең таралғаны белгілі. Қаржыландырудың мұндай әдісі дүниежүзілік практикада басқарудың тоталитарлық режімі орын алған мемлекеттерге тән. Ол инфляциялық процестерді жоймайды, керісінше, оларды күшейтуі мүмкін. Сондықтан Қазақстан Республикасының үкіметі 1998 жылдан бастап жалпымемлекеттік несие қорының қаражаттарынан тікелей қарыз алуды тоқтатты.
Экономиканы тиімді реформалау міндеттерін сонымен қатар шетелдік инвестицияларды кеңінен қатыстырмайынша да шешу мүмкін емес.
Бұл орайда сыртқы кредиттер мен қарыздарды тікелей шетелдік инвестициялармен шатастырмау керек. Кредит пен қарыздардын бәрі инвестицияларға жата бермейді. Әсіресе, 1993-1994 жылдардағы кредиттер мен қарыздар инвестицияга кірмегенін айтқан жөн. Олар бюджет тапшылығын жабу үшін, басқа да зәруліктерді қамтамасыз ету үшін жұмсалды.
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет кепілдендірген қарыз алу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды оның үкіметі, Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық банктін алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елде жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:
1. Қарызгерге қатысы бойынша:
Қазақстан Республикасы үкіметінің қарыздары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;
Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.
2. Несие капиталының рыногі бойынша:
сыртқы мемлекеттік қарыздар;
ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.
3. Қарыз алу нысаны бойынша:
мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы;
қарыз туралы шарттар (келісімдер) жасау болып бөлінеді.
Қолданылу мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:
айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
айналыс мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін, орта мерзімді;
айналыс мерзімі 10 жылдан астам, ұзақ мерзімді болып балінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және құжатсыз нысанда (оны ұсынушылар үшін тек қана құжаттық нысанда), номиналды және дисконтталған құны бойынша, сыйақының (мүдденің) бекітілген және ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыздар курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]