Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттің қолданылуы және жұмыс істеу жағдайлары
Мазмұны
Кіріспе 3I Tapay: Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мэні жэне атқаратын қызметтері 5
1.1. Мемлекеттік бюджеттің мэні және оған жалпылама сипаттама 5
1.2. Бюджет құрылымы мен бюджет жүйесі 7
II Тарау: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің нарықтық экономика жағдайындағы негізгі ерекшелігі 11
2.1. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі жэне оның құрал көздері 11
2.2. Мемлекеттік бюджегтің шығыс бөлігі жэне оның мақсатты жүмсалу бағыттары 14
2.3. Бюджет тапшылығы жэне оны шешудің жолдары 16
III Тарау: Мемлекеттік бюджеттің нарық жағдайында атқаратын рөлі 19
3.1. Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары 19
3.2. Мемлекеттік қарыз жэне оны жабу мақсатында қолданылатын
экономикалық эдістер 24
Қорытынды 28
Қолданылған эдебиеттердің тізімі 29
Кіріспе
Мемлекеттің бірден-бір басты институты болып, бюджет жүйесі табылады. Осынау мыңжылдықтардың өзінде мемлекеттің қаржы ресурстары бюджеттік жүйеге қосылуы арқасында мемлекеттік және жергілікті бөлімдерге өз міндеттерш атқаруға үлесін косты. Бюджеттік жүйе экономикалық және әлеуметтік процестердің қоғам мүддесіне байланысты шешілуін қадағалайды.
Бюджет ақша айналымы - ол мемлекет айнасы, экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайының өлшемі. Қоғамның әлеуметтік, экономикалық қүрылымында өте үлкен рөлді мемлекеттік басқару атқарады. Мемлекеттегі экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізудің бірден-бір механизмі қоғамдық қаржы жүйесі және оған кіретін мемлекеттік бюджет болып табылады. Тек осы мемлекеттік бюджет арқылы ғана мемлекет орталықтандырылған және қаржыларды қолдануға және білім беруге жүмсауға қолдана алады.
Мемлекеттік бюджет, мемлекеттің басты каржы жоспары бола отырып, әкімшіл органдарға экономикалық жүйелерді басқаруға мүмкіндік береді. Бюджет -экономикалық категория болып табылады..
Осыдан келе, таңдап алынған курстық жүмысымның тақырыбының маңыздылығы мынамен түсіндіріледі. Қазіргі үлкен саяси өзгерістер, әртүрлі экономикалық түйіндерінің күкықтарымен жауапкершілігінің өсуі, Республикадағы бюджеттік катынастар жүйесінің қалыптасуына және пайдалануына негізінен жаңаша қаралуын талап етеді. Мақсаты, бюджет жүйесін теориялық түрғыдан ашу және де Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесін талқылау. Қойылған мақсатқа жету барысында мынандай мәселелер қарастырады:
1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің басты бағыты мен
мәнін талдау.
2. Бюджеттік жүйелерді қарастыру.
3. Бюджет жүйесінің әрбір бөліктерін сипаттау.
Жүмыстың мақсаты мен шарты, оның қүрылымы келесі бөліктерден күрылады:
1. Тарау 1, бұл бөлімде бюджет жүйесінің мәні мен сипаты белгіленеді. Мемлекеттік қаржылардың қоғамдың экономикалық күрылымын қалыптастыруда, үлттық табысты қайта бөлуде, коғамдық үдайы өндірісті дамытуда атқаратын релі туралы талқыланады. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің қызметтері қарастырылады.
4
2. Tapay 2, бұл бөлімде бюджеттің қүрылуы, яғни кірісі мен
шығысының мағыналарына, мақсатты жұмсалу бағыттарына
жалпылама сипаттама берілген. Сонымен қатар, бюджет
тапшылығы және оны шешудің жолдары қарастырылады.
3. Тарау 3, бұл бөлімде бюджеттің нарықтағы атқаратын рөлі, яғни
мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырудың бағыттары,
сонымен қатар, мемлекеттік қарызды жабу мақсатында
қолданылатын экономикалық әдістер сипатталады.
5
I Tapay
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және атқаратын
қызметтері.
1.1. Мемлекеттік бюджеттің мәні және оған жалпылама
сипаттама.
Мемлекеттік бюджет - тарихи категория, ол жалпы мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын іске асыру үшін қаржыландырудың жиынтығы. Оның жұмсалу бағыттары қоғамның саяси және экономикалық құрылысына, өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты.
Қазіргі жағдайда қандай да болсын мемлекеттің экономикалық құрылымын зерделеу үшін оның қаржы жүйесін талдау қажет. Бүл жүйе, қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан түрады. Қаржы қатынастары кез-келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпыэкономикалық қатынастардың қүрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.
Мемлекеттік қаржылар үлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық үдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық қүрылымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жүмсалады. Қаржы жүйесі мемлекеттің кептеген қаржыландыру институттарын қамтиды. Олар әртүрлі бағыттағы несие институттарымен тығыз байланыс негізінде әрекет жасайды.
Мемлекеттік қаржы жүйесінің негізінде - мемлекеттік орын алады. Бюджеттік жүйе - өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық күрылысын, мемлекеттік күрылымын білдіреді. Ел бюджетінің қүрылымы сол елдің мемлекеттік қүрылымымен байланысты. Мемлекет тік бюджет - үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықталған қоры. Бүл каражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді каржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жүмсалады. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті күралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет, оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де көп қырлы қүжат. Ең алдымен, бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының қүрылымы бейнеленеді.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастарының жиынтығы сияқты, объективті жағы да бар. Оның өзіндік сферасында жайылуы, қоғамдык өндіріспен алдын ала анықталған. Осылайша, мемлекеттік бюджеттің болуы - адамдардың субъективті ынталарының септігінің
6
арқасында емес, табиғи және мемлекеттік функцияларға, үлғайтылған үдайы өндіріске байланысты объективті қажеттілік.
Мемлекеттік бюджетте мемлекетпен реттелетін қаржылық орталықтандыру принципі белгіленген. Орталықталған қаржылық ресурстар -мемлекетке өндірістерінің қарқынының және пропорционалдығының жоспарын қүруға қол үшын тигізеді. Қаржыны орталықтандырудың арқасында мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының қарқынды түрде дамуына мүмкіндіктер туады. Мемлекеттік бюджет -арнайы қоғамдық міндеттерді, яғни жалпы мемлекеттік ынталарды қанағаттандыру міндеттерін қарастырады. Мемлекеттік бюджет барлық қаржылық жүйе сияқты 2 қызмет атқарады:
1. Бақылау қызметі;
2. Бөлу қызметі.
Бөлу қызметі арқылы ақша қоры орталыктандырып, қоғамдық қажеттіліктерге жүмсалады.
Бақылау қызметі - қаржылық ресурстардың мемлекетке уақытында және толық мөлшерде түсіп түруын бақылайды. Сонымен қатар орталықтандырылған ақшалардың тиімді және үнемді қолданылуын қарайды. Бүл 2 қызмет жеке емес, екеуі бір уақытта бірге істейтін бюджеттік қатынастар. Ал бөлу қызметі, бүл халық шаруашылығының салаларына қаржылық ресурстарды бөледі. Бөлушінің кызметі, қоғамдағы барлық өндірістердің, барлық халық шаруашылығының бюджеттің нағыз байланысымен анықталады. Бюджеттің бөлу қызметінің тағы да ерекшелігі -қоғамдык өндірістерге ықпал жасауы. Бюджеттің бөлу қызметі қаржылардың негізгі байкнерінің экономикалық және әлеуметтік жағынан дамуына себеп тигізуге әсері бар. Бюджеттің бақылау қызметі, өзінің іс-әрекеттерімен өте үлкен шекараларымен ерекшеленеді. Ол экономиканың барлық бөлімдеріне, қоғамдық ендірістегі жүмыс жасайтын субъектілердің барлығына қатысты.
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2003 жылғы мемлекеттік бюджетті 1 -баптың 1 -қосымшасына сәйкес төмендегідей мөлшерде бекіту:
1) Кірістер - 631 55 690 мың теңге, сонымен қатар:
Табыс бойынша - 562 836 287 мың теңге;
Ресми түрде алынған трансферттер бойынша - 57 629 991 мың теңге; Кредиттерді қайтару бойынша - 11 089 412 мың теңге
2) Шығыстар - 714 395 690 мың теңге, сонымен қатар:
Шығындар бойынша - 678 536 417 мың тенге;
Кредит бойынша - 35 859 273 мың теңге
3) Тапшылық - 82 840 000 мың тенге.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және қүқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Мемлекетіміздің жиынтығында,
7
мемлекеттік бюджетті күрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жүмыс істейді. Бюджет жүйесінің жүмыс істеуі бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделген және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджетердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі барлық бюджеттердің бірлігі, толықтығы, нақтылығы, жариялылығы және дербестігі принциптеріне негізделеді. Бюджеттердің бірлігі бірыңғай күқықтық негізбен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітетін бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің принциптерімен, ақша жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етіледі. Ол бюджеттердің түсімдерін қайта бөлу арқылы өзара іс-қимыл жасауға негізделген.
Бюджеттердің толымдылығы Қазақстан Республикасының салық туралы заңдарында белгіленетін барлық түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толык тізбесінің және шығыстардың бюджетінде міндетті және толық көрсетуімен қамтамасыз етіледі. Ал, бюджеттердің нақтылығына Қазақстан Республикасы Президентінің қазақ халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы үлттық қорының түрақтандырушылық функциясын іске асыру арқылы қол жеткізілуі тиіс. Ал бюджеттердің жариялылығы, бекітілген бюджеттер мен олардың атқарылуы туралы есептер арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге бюджеттердің әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің арасында кірістерді бөлудің түрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражытының жүмсалу бағыттарын белгілеу қүқығы арқылы қамтамасыз етіледі.
1.2. Бюджеттің негізгі құрылымы және жүйесі.
Бюджеттің қүрылымы - негізінен мемлекеттің реттеуші қүралдарымен байланысты болады. Мемлекеттің бюджеттік қүрылымы 2 бөліктен түрады. Яғни, «мемлекеттік» және «жергілікті» бюджет. Мемлекеттердің қаржы жүйесінің негізгі бөлігі - жергілікті бюджет. Жергілікті бюджет есебінен коммуналдық шаруашылықтар, жолдарды, мектептерді жөндеу, байланыс қызметі, түрғын үй қүрылыстарын, жергілікті әкімшілікті үстауға, қүқық, сот үйымдарын, прокуратураны қаржыландырады. Со л сияқты жергілікті
8
бюджет әлеуметтік мәдени шараларға, денсаулық сақтау бөлімдеріне, экологияны қорғауға бөлінеді.
Осы мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің, олардың арасындағы өзара өтеу операциялары есептелмеген жиынтығын - мемлекеттік бюджет қүрайды. Жергілікті бюджеттер - об лы стык бюджеттер қалалардың, қалалардағы ауданды қоспағандағы аудандардың бюджеттері жатады. Ал млекеттік бюджет - Қазақстан Республикасының заңымен бекітілетін, түсімдермен бюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен қалыптастыралатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актілері жуктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаты болып табылады. Республикалык бюджет - қаржы қүралдарының жинтығы болып табылады. Ол түсімдердің арқасында қалыптасады.
Бюджет қүрылымы төменде көрсетілген:
1. Түсімдер: кірістер, алынған ресми трансферттер, несиелерді
қайтару;
2. Шығыстар: шығындар, несиелер;
3. Бюджет тапшылығы;
4. Бюджет тапшылығын қаржыландыру.
Республикалық бюджеттің қаражаты: сот жүйесінің қызметін; сыртқы саяси қызметті; қаржы және салық қызметін; қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету; әділет саласындағы қызметті; жоғары білімді; республикалық деңгейдегі жалпы орта, орта кәсіптік және қосымша білімді және т.б. көптеген бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға жүмсалады. Сонымен қатар, мемлекеттің бюджеттік бағдарламаларды, олардың аумақтық бөлімшелерін және мемлекеттік бағыныштағы мекемелерді үстауға арналған шығындар да республикапық бюджеттен қаржылан дыры лады. Республикалық бюджеттін, сыртқы экономикалық қызметпен байланысты және үлттық валютаның айырбас бағасының жоспарланған өзгерісіне сәйкес белгіленген қаражаты үлттық валютаның бөлінген кезіндегі ресми айырбас бағамы бойынша жүмсалады. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тиісті кезеңге арналған жоспар негізінде және Қазақстан Республикасының Үкіметі өткен қаржы жылында бекіткен. Сон да, үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды кәрсеткіштері ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджеттер түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен және Казақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы
9
Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін, жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған әкімшілдік-аумақтык бөліністердің ақша қорлары болып табылады. Жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттерге үқсас болып келеді. Ал бүл бюджеттің қаражаты: жергілікті деңгейде мектепке дейінгі, жалпы бастауыш, жалпы негізгі білім беруді, орта кәсіптік қосымша білім беруді; жергілікті деңгейде денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды; жергілікті деңгейді, спорт және ақпарат саласындағы қызметті; көлік, өнеркәсіп қүрылысын; т.б. қаржыландыруға жүмсалады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылына шүғыл қаржыландыруды талап ететін шығыстарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің қүрамында қүрылады. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттерде көзделген сомалардың тегінде несие беруге қүқылы жиынтығында облыстық бюджетті күрайтын жергілікті бюджеттер бір-біріне бюджеттік несиелер беруге қүқылы.
Облыстардың әкімдері қалалар әкімдерінің және қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудандар әкімдерінің үсыныс бойынша облыстық бюджеттен аудандық, қалалық бюджеттерге тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген салық алшақтықты жабуға төменгі түрған бюджеттерді несиелеу үшін арнайы резерв шегінде шарттардың Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы заем алу немесе жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығару шарттары нысанында жүзеге асырылады.
Қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа) және қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кассалық аймақтықты жабуға тек облыстық бюджеттен ғана қарыз алуға қүқығы бар. Ал кассалық алшақтықты жабуға қарыз алу, қаржы жылының шегінде айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін және жергілікті бюджетті нақтылауды қажет етпейді. Жергілікті бюджеттердің есебінен үсталатын мемлекеттік мекемелерді, егер, заң актілерінде өзгеше көзделмесе, онда республикалық бюджеттер үстауға жол берілмейді. Сол сияқты, республикалық бюджеттің есебінен үсталатын мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттерден үстауға жол берілмейді. Мемлекеттік мекемені жергілікті бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінен үстауға жол берілмейді.
Жергілікті атқарушы органдар есепті жылдан кейінгі 15 мамырынан кешіктірмей, жергілікті өкілді органдарға түсіндірме жазбамен және косымшалар мен бірге есепті қаржы жылына арналған тиісті жергілікті.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттің қолданылуы және жұмыс істеу жағдайлары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар
» Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекет шығыстар
» Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедура
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттің қолданылуы және жұмыс істеу жағдайлары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар
» Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекет шығыстар
» Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедура
Іздеп көріңіз: