Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар мәні мен,мазмұны

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар мәні мен,мазмұны

Мазмұны
Кіріспе
І ТАРАУ. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.
1.1. Салық үғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні.
1.2. Салық функциялары. Фискалдық саясат
1.3. Жанама салықтар. Мәні мен мазмұны.
1.4.Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар.
ІІ ТАРАУ. Салық және салық салу.Салық салуды ұйымдастыру.
2.1.Салық субьектілері, (обьектілері) және салық базасы.
2.2. Салықты мемлекеттік реттеу және салық саясаты.
2.3. Салық түрлері.Тауарларға салынатын салықтар.(шет елдік тәжірибе және салыстыру)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Салық жүйесінің мазмұнын айқындау үшін салық жүйелерінің қалыптасу мәселелерін қарастырудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру қажет. Көптеген авторлар салық салудың функционалды құрамын салық жүйелерінің концептуалды модельдерінде ашады. Салық жүйелерінің концептуалды модельдерінің маңызды сипаттамалар салық салудың мәселелерін шешудегі үш әртүрлі бағыттарын бөлуге мүмкіндік беріп отыр. Нарық экономикасына мемлекеттік араласуына қатынасын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық процесстерін реттеу критериясына сәйкес бірігей тәсіл ретінде неоклассикалық бағыттағы өкілдері ұсынатын салық жүйесін құрудағы нарықтық өзін-өзі реттеу принциптерін біріктіруге болады. Екінші тәсіл нарық экономикасының қызмет етуінің негізгі параметрлерін мемлекеттік реттеу приоритетіне негізделеді. Дәстүрлі тәсілдерінің негізгі кемшілігі мемлекеттің рөлін біржақты талдауына бағытталуы болып табылады. Жиырмасыншы жүзжылдығының 90-жылдарының басынан бастап экономикалық және әкімшілік ықпал ету механизмінің бірігуіне негізделген тұрақты дамуының теориясы дами бастады. Мұндай ұтымды өзарақатынасын іздеуі салықтық аясын реттеудің жетілдірудің негізгі міндеттерінінің бірі болып табылады. Бұл міндет техникалық және ұйымдастыру жағынан да өте күрделі болып келеді, себебі бір жағынан, әлеуметтік және экономикалық бағдармалар мен жобаларды мемлекеттік қаржыландыру мен инвестициялауды ұлғайтудың объективті қажеттілігі бар, ал екінші жағынан- табыстарының көздерінің шектеулігі орын табады.
Салық салудың мәселелерін шешудегі дамуының бағыттарын бөлу критериясына сәйкес салық жүйелерінің функционалдық көлемділігін анықтауына маңызды мән берілген. Тауар-ақша қатынастарының дамыған сайын салық жүйесінің функцияларының құрылымы мен олардың өзара қатынасы өзгерді. Неоклассикалық өкілдерінің көзқарастарының негізінде салықтардың роліне мемлекеттік бюджеттің табыс көзі ретіндегі мәні жатады. Яғни мемлекеттік қазынаның қажеттіліктерін қанағаттандыру немесе фискалдық функцияның орындалуы қарастырылады. Ал неокейнсиандық бағытының өкілдерімемлекеттік реттеудің макроэкономикалық бағытын негіздеді және ұдайы өндіріс процессінде салықтардың рөлі мен функциялары туралы ойларды дамытты.
І ТАРАУ. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.
1.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні.
Ұйымдық-қүқықтық жағынан салықтар — бүл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз жөне өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің емір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі —ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші кезі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмүны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабыңда: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, —деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2) "қайыр корсету" (төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалықк,қағидаттарын бұрын А.Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
1) салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты); (
2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын-ала және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты);
3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғүрлым қолайлы уңқш>- та және әдіспен алыну тиіс (қолайлылық қағидаты);
4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салуда зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және А.Смитке "са¬лықтар—оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны" деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлелденді және толықтырылды.
Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға саяды.
1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады:
а) "деңгейлес тендікке" жету — салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;
ә) "сатьлас теңдікті" сақтау — жеке тұлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
2. Қарапайымдылық қағидаты. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.
3. Салықтардың анықтығы — алдын-ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас тендігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
4. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға
әдейі қояды.
5. Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономиканың жүмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың
өсуіне кедергі жасамауы тиіс.
6. Экономикалық қатынастар бойьнша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерін салыстырмалылығы.
Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық қелемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтіқ-қүқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады. Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге қейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.
1.2. Салық функциялары. Фискалдық саясат
Салықтардың әлеуметтік-экономиқалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн.
Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта болу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция — барлық мемлекеттерге тән негізгі функ¬ция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеггерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толықтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларга сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олар¬дың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бүл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы — 19,7%, 1998 жылы — 16,6%, 1999 жылы — 17,4%, 2000 жылы - 22,6%, 2001 жылы -22,2% болды (салыстыру үшін: Украинада — 29%, Ресейде — 33,3%).
Мемлекет салык, саясатын — салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
Салық жүйесі . Постиндустриалды мемлекеттердің салық жүйесі және шет ел мемлекеттерінен кемшілігі.
"Салық" ұғымымен "салық жүйесі" ұғымы тығыз байланыс¬ты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
1991 жьлға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты қіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар зандарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жүмыс істей бастады. Ол "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы" заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарьш, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардьщ бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Республиқасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты "Салық және бюджетқе төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды. Қазақстан Республиқасы Президентінің бұл жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Рес¬публикасының зандарымен бұл заңға өзгертістер мен толықтырулар енгізілді.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатыңдығынан салық жүйелерінің әжептеуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі:
салық салу объектілері бойынша;
салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
пайдалану тәртібі бойынша;
объектінің экономикалық белгісі бойынша.
1.3. Жанама салықтар. Мәні мен мазмұны.
Салықтарды салу объектісі бойынша олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тура салықтар — салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленғен салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с.) салынады. Жеке тура салықтар — бүл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар — бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленғен салық төлеушінің қірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған қүнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндеғі, экспортқа жөне импортқа салына¬тын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық'құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді.
Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (не¬месе қызметтің тарифіне) қосылатындығыңда, кіріктірілетіндігіңде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты түтынушысы төлейді, алайда түтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органга қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы) болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттеріңде шоғыр-ландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы, зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық).
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салына¬тын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады.. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салына¬тын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар — бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлүмдцамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатьін салықты және жер салы¬ғын төлеушілер (арнаулы салық режімін қолданатын заңи тұлғаларды қоспағанда) салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық қезеңінен кейінгі жылдың 31-наурызына дейін береді.
Жеке табыс салығы бойынща мағлүмдаманы мынадай салық төлеушілер:
төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар; тұрғын үй салу мен осындай қүрылыс үшін қүрылыс материалдарын сатып алуды іске асырғандар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке түұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар табыс етеді.
Әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері жеке табыс салығы бойьшша мағлұмдаманы уәкілетгі мемлекеттік орган белгілеген тертіппен ұсынады.
1.4.Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар.
Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетгі мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімғе ұзартуға құқылы. Бірақ салық мағлүм¬дамасын тапсыру мерзімін өзгертпейді.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар мәні мен,мазмұны
» Курстық жұмыс: Экономика | Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстанның салық саясаты
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасының нарықтық әконамикада салық жүйесінің дамуы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның салық жүйесі қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар мәні мен мазмуны дайын жоба курстык жумыс, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар салык кодекс жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]