Курстық жұмыс: Геология | Қазақстан Республикасында түсті металдары

Курстық жұмыс: Геология | Қазақстан Республикасында түсті металдары

Мазмұны
І Кіріспе-------------------------------------------------------3
ІІ Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасында түсті металдардың маңызды түрлерін өндіретін аудандар--------------6
2. Ауыр түсті металдар металлургиясы-----------------------------------------9
3. Ауыр металдар өндірісінің географиясы: шикізат көздеріне бейімделу--------------------------------10
4. Жеңіл түсті металдар-----------------------------------------------------------14
ІІІ Қорытынды---------------------------------------------------------------------------20
Пайдаланылған әдебиеттер -----------------------------------------------------------21

Кіріспе
Түсті металдар Казакстаннын, басты бағалы байлықтары болып саналады. Республика аумағында түсті металдар кен орындары үш металлогенді ауданда орналасқан, олардың ең ірілері - Орталық Қазақстан (бұрынға Жезказған мен Қарағанды облыстары) және Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей мен Шығыс Қазақстан облыстары). Оңтүстік Қазакстанда түсті металл кен орнындары Жоңғар Алатауы (Текеді) мен Қаратау жотасында жайғасқан. Қостанай мен бұрынгы Торгай облыстарындағы алюминий кен орындары пайдаланылуда.
Едәуір мөлшердегі алтын кен орындары Солтүстік және Шығыс Қазақстан экономикалық аудандарында орналасқан. Сирек кездееетін металдар кен орындары Орталық және Шығыс Қазақстанда шоғырланған.
Түсті металлургия металдар мен олардың қорытпаларын кеннен өндіру, байыту және қорытыу жұмыстарын іске асырады. Қазақстаннын түсті металлургия кәсіпорындарында Менделеев кестесіндегі 74 элементі өндіріледі, олардын 50-І таза және химиялық қосылыстар түрінде тауарлы өнім құрамына енеді.
Түсті металдар мынадай топтарга бөлінеді: Жеңіл металдар (алюминий, титан, магний); Ауыр металдар (мыс, қорғасын, мырыш, никель, қалайы); Асы л металдар (алтын, күміс, платина);
Сирек және шашыранды металдар (вольфрам, молибден, бериллий, ванадий). Түсті металдардың бірінші ерекшелігі - кенде пайдалы құрам бөліктерінің өте аз мөлшерде кездесуі, негізгі металл бірнеше пайыздан оның жүздік, тіпті мындык үлестеріне дейін ғана болады.
Түсті металдардың екінші ерекшелігі — олардың кешенділігі, ягни кенде бірнеше пайдалы құрам бөліктердің қатар кездесуі. Сондықтан түсті металлургияда шикізатты кешенді өндейтін комбинаттар құрылып, әрбір элемент (металл) кеннен жеке цехта бөлініп алынады.
Түсті металдар алу көп энергия шығынын керек етеді. Олар энергияны көп қажет ететін өндірістер деп аталады, оның үстіне олар материалды, суды көп қажет етеді. Сондықтан түсті металлургия кәсінорындары арзан электр энергиясы көздеріне жақын жерге салынады.
Түсті металл кендерінің кешенді сипаты негізгі металдармен қоса 10-15 өнім түрін алуға мүмкіндік береді. Түсті металдардың бағалы қасиеттері: тотығуға төзімді, элекгр өткізгіш, берік, қиын балқиды. Осындай бағалы қасиеттерінің арқасында түсті металдар Қазақстан шаруашылығында кеңінен қолданылады. Шаруашылықтың түсті металдарды пайдаланбайтын бірде-бір саласы жоқ: мыс пен алюминий — электр техникасы мен кабель өнеркәсібінің негізгі металдары; мырыш, никель, вольврам, молибден - қара металлургияда саналы болат өндірудің негізі; титан, кремний, германий және басқа сирек металдар - ғарыш техникасында, прибор жасауда, есептегіш машина, теледидар жасауда; алюминий — авиация, автомобиль және машина жасау өнеркәсібінің басқа да салаларында; күміс, сурьма, қалайы — аккумулятор, кабель өндірісінде, атом өнеркәсібінде қолданылады.
Түсті металлургияның жаңа салаларынан I960 жылдың ортасынан бастап республикада алюминий, титан, магний андірісі дамып келеді. Бұл салалар энергияны көп қажет ететіндіктен, зауыттар ірі электр энергиясы көздеріне жакын салынады.
Қорғасын- мырыш кендері нолиметалл кеніне жатады. Өзінің полиметалл немесе көп металды деген атауын толық актайды, өйткені оның құрамында негізгі металдар - қорғасын және мырышпен қоса алтын, күміс, мыс, сурьма мышьяк, висмут, кадмий, индий, германий және т.б. кездеседі. Қазақстан - мырыш пен қорғасын өндіретін ірі аудан. Ол бұрынғы Кеңес Одағында қорғасынның 70 %-ын, мырыштың 50 %-ын өндірді. Бұл кендердің негізгі қоры Шығыс Қазақстанда орналасқан. Әсіресе қазба байлықтары мол Кенді Алтай дүние жүзіне белгілі. Ондағы негізгі нолиметалл белдеуішін, ені шамамен 50 км-ге созылады. Бұл жерде өнеркәсіптік маңызы бар 70-ке жуық пайдалы элементтер анықталған.
Кенді Алтай полиметалл кендері базасында толық аяқталған өндіріс циклі бар аса ірі кәсіпорын - Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты жұмыс істейді. Ол шығаратын өнім көлемі, технология денгейі, білікті кадрлары жағынан түсті металлургия саласындағы ең озық кәсіпорын болып табылады.
Леншюгорда (бұрынғы Риддер) ірі полиметалл комбинаты жұмыс істейді. Шығарылған кеннен байыту фабрикасында қорғасын, мырыш, мыс концентраттары өндіріледі. Полиметам кендерінде едәуір мөлшерде таза күміс пен алтын кесектері кездеседі.
Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі қорғасын-мырыш кен орындарына Қаратау тауларындағы Мырғалымсай жатады. Кенсай және Ашысай кеніштері негізінде Шымкент қорғасын зауыты жұмыс істейді.
Жонғар Алатауы тауларыныц қорғасын кен орындарынын Текелі тобы жұмыс істеуде. Балқыту кезінде қорғасын-мырыш және мыс концентраттарынан қосымша өнім ретінде күміс, барий және басқа элементтер бөлініп алынады.
1. Қазақстан Республикасында түсті металдардың маңызды түрлерін өндіретін аудандар
Өнім аттары өндіріс аудандары
Магний Шығыс Қазақстан
Рафинадталған мыс Шығыс және Орталық Қазақстан
Мырыш Шығыс Қазақстан
Қорғасын Шығыс және Оңтүстік Қазақстан
Висмут Оңтүстік Қазақстан
Кадмий мет. Шығыс және Оңтүстік Казақстан
Глинозем Павлодар облысы
Вольфрам,концентраты Орталық Қазақстан
Молибден конц. Барит конц. Ақмола және Карағанды облысы
Қарағанды және Оңтүстік Казахстан
Кадмий, галий, индий, мышьяк, рений, сурьма, германий, висмут, сынап және т.б. Қазақстанда мұндай металдар кейде жеке кен орындарын азайды.
Мышьяк алтын рудасы кен орнында, висмут барлық полиметал және мыс, сирек металдар кен орындарында болады.
Германий-темір рудасының құрамъша кірсді (Қаражал тобы), және қорғасын-мырыш рудаларьшда кездеседі (Агдысай тобы). Торғай бассейніндегі көмір қабаты.
Галий-жезді марганец кені.
Скандий-вольфрам кенінде (Орталық Қазақстан) рениймыс, мыс-молибден кенінде (Жезқазған Доңырат) болады.
Сынап Аралтебе кен орнында, Торғай, Салқынтөбе, Жәйрем полиметал кен орнында. Қраснооктябрь кен орнында, Аманкелді тобы боксит кен орнында кездеседі.
Сурьманың Ертіс, Текелі, Сокольный, Белоусов полиметалл кен орындарында көп қоры бар.
Мұнай мен газ кен орындары республиканың барлық жерінде кездесетін көмір сияқты емес Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазакстан, Актөбе облыстарында шоғырланған. Мұнай кен орындары екі Орал-Ембі жөне Маңғыстау мұнай алабында орналаскан. Маңғыстау мұнайын өндіру экономикалық жағынан тиімді. Мұнайында күкірт жоқ қарамай аз, бірақ парафин көп. Парафин химия өнеркәсібі үшін қажетті шикізат болып табылады. Маңғыстау мұнайын өндеу үшін Орал, Еділ бойы, Солтүстік Кавказ зауыттарына да жіберіледі.
Мұнай-газ кен орындары:
1. Орал-Ембі бассейні: (Доссор, Мақат, Байшүнас, Ескене, Қосшағыл, Құлсары, Кенбай, Қамыс, Мартыни, Кенқияқ, Жаңажол, Прорва, Теңіз, Королевское).
Маңғыстау мұнай-газ бассейні (Жаңа жол, Өзен, Жетібай, Теңге, Тасболат)
2. Бозащы мұнай-газ бассейні (Қаражамбас, Қаламқас)
3. Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны (Орал қаласы, Ақсай елді мекенінде).
4. Ақтөбе мұнай-газ кен бассейні: Жақсымай, Шұбарқұдық, Кеңқияқ, Жаңажол.
5. Қызылорда мұнай- газ кен бассейні: (Қызылордадан солтүстікке қарай 202 км). Құмкөл, Арысқұм, Майбұлақ, Нұралы, Акдіабұлақ, Ақсай.
Ақтөбе облысы 2640,8 2326,7 2701,1 3405,3
Атырау облысы 11135,1 12359,3 13422,0 15589,5
Батыс Қазақстан 2082,9 3356,3 4642,1 4044,6
Қызылорда облысы 3007,8 3928,1 5338,8 6172,8
Маңғыстау облысы 7078,5 8160,0 9212,8 10878,4
Шикі мұнай, мың тонна 23818,7 26735,8 30647,9 36060,0
Актөбе облысы 2640,8 2326,7 2701,1 3405,3
Атырау облысы 11135,1 12359,3 13422,0 15589,5
Батыс Қазақстан - - 13,5 49,4
Қызылорда облысы 3007,8 3928,1 5338,8 6172,8
Маңғыстау облысы 7035,0 8121,7 9172,5 10843,0
Газконденсаты,мын онна. 2126,4 3394,6 4668,9 4030,6
Батыс Казакстан 2082,9 3356,3 4628,6 3995,2
Манғыстау облысы 43,5 38,3 40,3 35,4
2. Ауыр түсті металдар металлургиясы
1. Түсті металлургия: кешен ішіндегі кешен. Дүние жүзінде 70-тен астам түсті металл балқытылады. Оларды 14 сала өндіреді. Олардың барлығы қосылып түсті металлургияны құрайды.
Түсті металдардың көп бөлігі аз уақыттан бері ғана пайдаланыла бастады. Ғылыми-техникалық революцияның нәтижесінде олар кенінен қолданысқа түсті. Реактивті ұшақтар, ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін ерекше қасиеттері бар, мүлдем жаңа конструкциялык материалдарды қажет етті. Ондай қасиеттер тек түсті металдарда ғана бар.
Бұл «түсті біртектілерде» өндірістің сан алуан қажеттіліктеріне жарайтын металдар бар.
Қорғасын, никель және қалайы жемірілуге (коррозия), титан ыстыққа төзімді келеді, ал күміс, мыс және алюминий жоғары электр өткізгіштігімен ерекшеленеді. Сондықтан, олардың қолдану аясы өте аукымды: медициналық аспаптар мен материалдардан бастап күрделі электроника мен ядролык техника осы металдардан жасалады және әр металл «өз кәсібін тапқан». Мысалы, алюминий «қанатты» металл болса, қалайы «консерві құтыларының......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: География | Қазақстан Республикасында түсті металдар
» Курстық жұмыс: Өнеркәсіп | Қазақстан Республикасының металлургия кешенінің дамуы
» Курстық жұмыс: Өндіріс | Қазақстан Республикасының металлургия кешенінің дамуы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастары
» Курстық жұмыс: Тарих | Пайдалы қазбалар пайда болуы мен қалыптасуы

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазақстан Республикасында түсті металдары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар геология жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]