Курстық жұмыс: Меншік құқығы | Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік

Курстық жұмыс: Меншік құқығы | Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік

Мазмұны
Кіріспе---------------------3
Негізгі бөлім
I. Мемлекеттік меншік құқығының ұғымы..............4
&.1.Меншіктің теңдік жағындағы ерекшеліктері......4 -5
&.2.Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің міндеттері................6 -10
Ерекше бөлім
II. Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны
&.1.Мемлекеттік меншік құқығының субьектілері....11-15
&.2.Мемлекеттік меншік құқығының обьектілері.......16-20
&.3.Мемлекеттік меншікті жекешелендіру......................21-23
Қорытынды.......................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Меншік негізінен міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен обьектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
Республикалық бюджет қаражаты, алтын валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік обьектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды және мемлекеттік меншіктегі мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін.
І. Тарау. Мемлекеттің меншік құқығы
Мемлекеттік меншік құқығының ұғымы
$.1.меншіктің теңдік жағындағы ерекшеліктер
Мемлекеттік меншік құқығы дегеніміз¬¬¬- мемлекеттің заң актілерімен танылған және қорғалатын, өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасында танылған меншіктердің екі формасының біреуі болып табылады.
Мемлекеттік меншік мемлекеттің өз функцияларын орындауына арналған, сондай-ақ, ол, экономиканың жеке секторы рынокты қандайда бір тауарлармен толтыра алмаса қосымша пайдаланылады.
Мемлекеттің функциялары- оның топтық, әлеуметтік мәнімен және әлеуметтік арналарымен де айқындалған белгілі бір мақсатқа жету үшін өз алдында тұған міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметтердің негізгі, басты бағыты. Оларға:
1) Құқықтық тәртіпті орнатуды және қорғауды;
2) Азаматтардың меншік құқығын, өзге де құқықтар мен бостандықтарын қорғауды;
3) Экономикалық, мәдени, әлеуметтік, экономикалық функцияларды жүзеге асыруды;
4) Бейбітшілікті, бейбіт өмір сүруді қамтамасыз етуді;
* «Азаматтық құқық» Жалпы бөлім Ағыбаев А.Н 246-бет
5) Іскерлік серіктестік пен ынтымақтастықты қолдануды;
6) Мемлекеттік егемендікті сыртқы озбырлықпен қорғауды жатқызуға болады.
Дамыған елдер экономикадағы мемлекеттік секторлардың өзіндік салмағы әрқашан қомақты болған, әсіресе энергетика, көлік, космонавтика, әлеуметтік сала және инфрақұрылым, жазалау аппаратын ұстау және сол сияқты қаржыны көп керек ететін салаларда. Кез-келген мемлекеттің қалыпты өмір сүруі үшін қандай да бір төтенше жағдайларға, мысалы; әскери әрекеттерге, табиғи апаттарға, техногендік сипаттағы апатқа, эпидемияға, тағы да басқа, арналған материалдық резерв болуы керек. Сондықтан материалдық ресурстардың мемлекеттің қолына шоғырлануына және тіптен мемлекеттік кәсіпкерлік-қалыпты жағдай. Мәселе мемлекеттің өз мүліктік қызметін қалай атқаратындықтарына, ол қоғамның экономикалық дамуының әмбебап реттегіші болып табылатын рынокқа қатты теріс әсер етуі тиіс.
Меншіктің мемлекеттік секторларының үлесінің ауытқу шегін әр мемлекетте оның заңмен белгіленген функциялары анықтайды.
* «Азаматтық құқық» Жалпы бөлім Ағыбаев А.Н 247-бет
$.2.Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің міндеттері
Қазақстан Республикасы мемлекетінің мемлекеттік кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылатын функциялары заңмен бекімін тапқан.
Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтардың
2 бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндеті қоғам мен мемлекеттің мұқтаждығынан туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу:
1. Мемлекеттің қорғаныс қабілеттігін материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін қорғау;
2. Қоғамдық өндірістердің экономикалық жеке секторымен қамтылмаған немесе нашар қамтылған өрістері мен салаларында күнделікті қажетті тауарлар, жұмыс, қызмет көрсету, өндіру;
3. Мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекет функциясы болып табылатын өрістерде қызметті жүзеге асыру.

Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар мен қазыналық кәсіпорындар үшін қызмет аясын толықтай белгілеп берді. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мына өрістерінде құрылуы мүмкін:
• Қару-жарақтар және оларға оқ-дәрілер, қорғану құралдарын, әскери техника, қосалқы бөлшектер жинақтаушы элементтер мен олардың аспаптарын жасау, өндіру, жөндеу және сату; босап қалған әскери техникалық құралдардан арылу (жою, кәдеге жарату, көму және қайта ұқсату);
• Уранды және басқа бөлінетін металлдарды, сондай-ақ олардың жасалған бұйымдарды алу, өндіру, тасымалдау, қайта ұқсату, көму және сату;құрамындағы радиоактивтік элементтері арнайы қорғану құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға болатындай нормадан асатын өнімдер дайындау және сату;
• Дәрі-дәрмектер, дәрілік заттар мен емдеу препараттарын, медициналық құрал-жабдықтар мен саймандар даярлау және сату;
• Энергиямен, сумен және жылумен қамтамасыз ету, магистралдық көлік, байланыс, коммуникация, коммуналдық және тұрмыстық шаруашылық саласында, өзінің табиғи монополиялық жағдайы мен әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы болғандықтан тікелей мемлекеттік басқаруды қажет ететін республикалық және жергілікті инфрақұрылымдардың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінде шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
• Банк, сақтандыру және басқа қаржы қызметі саласында;
• Мемлекеттік автомобиль жолдары торабын және инфрақұрылымның басқа обьектілерін ұстау және дамыту;
• Бірқатар басқа салаларда.
Қазыналық кәсіпорындар үшін қызметтің бұдан да тар өрісі көзделген. Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен мына мақсатқа құрылады:
 Төтенше және апаттық жағдайларда тауда құтқару және өзге арнайы жұмыстарды орындау, өрттен, селден және басқа табиғи нәбеттен қорғау;
 Қылмыстық-атқару жүйесі саласында өндірістік қызметті жүзеге асыру;
 Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу;
Денсаулық сақтау, табиғи қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
 Қызметтік ғимараттардың пайдаланылуын жүзеге асыру және мемлекеттік органдардың қамтамасыз ету функцияларын орындау;
 Бірқатар басқалай мақсаттарда.
Жеке тұлғалардың(азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың) меншігі болып саналатын жеке меншікке қарағанда мемлекеттік меншік түгелдей барлық қоғамға тиесілі және оның мүддесіне қызмет етеді. Бірақ ол мемлекеттік мүліктің (мысалы, ақша қаражатының) халықтың белгілі бір топтары (зейнеткерлер, ардагерлер, тағы басқа.) үшін немесе, тіптен белгілі бір тұлғалар, нақты кәсіорындарға көмек, өнертапқышқа т.б үшін мақсатты жаратуды жоққа шығармайды.
Меншік мемлекеттің негізін құрайды. Мемлекеттің толыққанды өмір сүруі және оның азаматтарының құқықтарын қорғау меншіктің болуымен және функцияларын қалыпты атқарумен байланысты.
Әртүрлі функциялардың болуы мемлекеттік меншік құрылымын тармақтайды. Бөлу, негізінен, аумақ бойынша және меншікті сату субьектілері бойынша жүргізіледі. АК-ның 192 бабының 1-ші тармағына сәйкес «мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде болады».
Мемлекеттік меншіктің жеке меншік алдында нормативтік басымдылығы жоқ Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде кіреді. Әкімшілік-аумақтық бөліністер үшін де осындай ережелер белгіленген. Азаматтық құқық қатынастарының басқа субьектілерімен қатынастардағы теңдей басталуы, жалпы ереже бойынша, әртүрлі субьектілердің құқықтық мәртебесінде басымдылықтың жоқтығын және Қазақстан Респуликасы(әкімшілік –аумақтық бөлініс) қатысқан дауларды шешкенде соттар үшін ешқандай басымдылықтың болмайтынын білдірді. Қазақстан Республикасы, әкімшілік –аумақтық бөлініс, азаматтық құқық қатынастарда өзінің өкімет өкілеттіліктерін пайдаланбайды, оған азаматтық заңнама нормалары толықтай тарайды.
Мемлекеттік меншік субьектісі қатысқан дауларды, жалпы ереже бойынша мемлекеттік соттар қарайды. Бірақ тараптардың қалауы бойынша дауды төрелік сот қарауы мүмкін, оның шешімі артық болып табылады, оны мемлекеттік соттар қамтамасыз етеді...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар меншік кукыгы жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]