Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы

Мазмұны
Кірспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
1. Жоспарлаудың жалпы түсінігі._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 4
1.1. Жоспарлаудың түсінігі, мәні, методологиясы. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 4
1.2. Жоспарлауды жүзеге асырушы орган. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7
1.3. Индикативті жоспарлау. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
1.4. Индикативті жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі ( Франция ). _ _ _ _ _ _ 14
1.5. Қазақстандағы индикативті жоспарлау. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 20
2. Қазақстан Республикасының өнеркәсібі._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _22
2.1. Ұлттық экономикадағы өнеркәсіптің ролі. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _22
3. Қазақстан Республикасындағы кластерлер. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _23
3.1. Кластерлердің қажеттілігі, даму тенденциясы. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23
3.2. Кластерлердің дамуына қажетті жағдайлар. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _26
Қорытынды._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _28
Қолданылған әдебиеттер. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 29

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «
Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы». Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде жалпы жоспарлаудың түсінігімен мәні, әдістері мен қағидалары, Қазақстандағы жоспарлаудың жағдайы мен жүзеге асырушы органдар туралы толық мәлімет тиісті бөлімшелерде жазылған. Жоспарлау дегеніміз ұлттық экономиканың әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылатын басқару нысаны. Макрожоспарлау кез келген мемлекеттің саясатында үлкен роль атқарады.
Екінші бөлім Қазақстан Республикасының өнеркәсібіне арналады. Өзіне барлық салалар мен олардың салалық құрылымын қосатын елдің өнеркәсіптік кешені мыналарды да қамтиды: көптеген шаруашылық субъектілер, ірі корпорациялар, қаржылық институттар, өзінің жеке қызығушылығы, мотивы, мүмкіндіктері бар акционерлік қоғамдар мен күшті шаруашылық құрылымдар. Мұнда қазіргі Республикадағы өнеркәсіптің жағдайы, даму беталысы нақты статистикалық мәліметтермен көрсетіледі.
Үшінші бөлімдеөнеркәсіптің дамуының бірден – бір себепкері,соңғыкезде актуальды проблемалардың негізгісіне айналған кластер ұғымы туралы айтылады.
1. Жоспарлаудың жалпы түсінігі.
1.1. Жоспарлаудың түсінігі, мәні, методологиясы.
Жоспарлау экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерінің ең тиімдісі.
Жоспарлау жалпы түрде мақсаттарды ғылыми дайындау мен таңдауды қосатын, оған жету жолдары мен ресурстарды анықтайтын ағымдағы ақпараттарды өңдеуге негізделген басқару шешімін қабылдау мен дайындау процесін көрсетеді. Жоспарлаудың мәні елдің экономикалық дамуын ғылыми негізделген басқарушылармен қамтамасыз етудің қажеттілігінде. Ал бұл шаруашылық практика мен жинақталған тәжірибеге негізгі жағдай мен экономикалық теорияның тұжырымдарына, ғылым мен объективті экономикалық заңдарды қолдануға негізделеді.
Жоспарлау әртүрлі басқару деңгейлерінде жүзеге асырылады: макродеңгейде – макроэкономикалық жоспарлау; аймақтар деңгейінде – аймақтық жоспарлау; кәсіпорын және фирма деңгейінде – микроэкономикалық жоспарлау.
Жоспар нақты анықталған мақсаттың қойылуы және зерттелетін объектінің детальды жағдайын алдын ала көруді білдіреді; онда қабылданатын шешімге негізделген алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен дамуы бекітіледі. Оның негізгі сипаты - көрсеткіштердің нақтылығы олардың уақыты және саны бойынша анықтылығы.
Жоспарлаудың үш жағын қарастырады: әлеуметтік – экономикалық, методологиялық, ұйымдастырушылық. әлеуметтік – экономикалық жағы объективті экономикалық заңдарды зерттеуге негізделген және кеңейтілген қайта өндірістің экономикалық және әлеуметтік процесін көрсетеді, яғни жоспарлаудың объектісі. Методологиялық жағы жоспарлаудың қағидалары мен жоспарлаудың әдістерінің жиынтығын көрсетеді, яғни тану инструментариі және әлеуметтік – экономикалық процеске белсенді әсер етуі. Ұйымдастырушылық жағы жоспарлайтын органның құрылымын және жоспар жасаудың технологиясын сипаттайды, яғни жоспарлаудың субъектісі.
Формасына және мазмұнына байланысты жоспарлау директивті, индикативті және стратегиялық деп бөлінеді.
Директивті жоспарлау заңдық күші бар және оны орындаудағы шаралар комплексімен қамтамасыз етілген жоспар жасау прцесін көрсетеді. Директивті жоспарлау адресті сипатта және барлық орындаушыларға міндетті, ал қызмет атқарушы тұлғалар орындалу жауапкершілігін мойнына алады. Бұрынғы СССР мен социалистік елдер қатарында орталықтың барлық халық шаруашылығы звеноларына тікелей әсер етуі үшін директивті жоспарлау қолданылды.
Бұдан басқа директивті жоспарлау өте детализациялығымен ерекшеленеді, бұл өз кезегінде оның орындалуын қиындатады.
Индикативті жоспарлау – бұл рыноктық экономиканың құрылуына әсер ететін, мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатын жүзеге асыратын негізгі әдіс. Ол тек қана рыноктық әдіспен мемлекеттің шараларынсыз әсер ету қиын болатын көптеген экономикалық өмірдің сұрақтарын шешуді қамтамасыз етеді. Индикативті жоспарлау мемлекеттің экономикалық саясатқа сәйкес келетін экономиканың жағдайы мен дамуын сипаттаитын параметрлер ( индикаторлар ) жүйесінің құрылуын сипаттайды. Мынадай көрсеткіштер индикаторлар болуы мүмкін: динамика, құрылым, экономиканың тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналысы, тауар және бағалы қағаздар рыногы, баға өзгерісі, жұмысбастылық, өмір сүру деңгейі, т. б.
Индикативті жоспарлау нарықтық экономика жағдайында кеңінен қолданылады және әлемде кең тараған экономиканы мемлекеттік реттеу әдісі. Индикативті жоспарлау директивті сипатының жоқтығымен, міндетті тапсырмалардың сәйкестелген санымен сипатталады және көп жағдайда бағыттаушы, кеңес беруші сипатта болады.
Қызмет ету кезеңіне байланысты ұзақмерзімді жоспарлар ( 10 одан да көп жыл ), ортамерзімді жоспарлар ( 3-5 жыл ), ағымдағы жоспарлар ( жылдық) деп бөлінеді.
Жоспарлаудың негізгі методологиялық қағидалары келесілер:
• ғылымилылық қағидасы; жоспарлар экономикалық дамудың заңнамалары мен заңдарын пайдалану мен терең тану арқылы ғылыми- техникалық процестің жетістігін, математика, кибернетика т. б. ғылымдарды қолдану арқылы жасалады;
• әлеуметтік бағыт және қоғамдық қажеттілік приоритеті қағидасы; бұл бойынша жоспарлау ең алдымен адам мен қоғамның қызығушылығынан туады;
• қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыру қағидасы; барлық мақсаттар ең аз шығын жұмсау арқылы орындалады, яғни еңбектің максималды экономиясы;
• пропорционалдық және балансталғандық қағидасы; мұнда нарықтық механизм пропорциясын ұлттық қызығушылықты қамтамасыз ететіндей қылып түзету керек;
• приоритеттілік қағидасы; экономика дамуындағы приоритетті саланы таңдау қажеттілігінде, өйткені ресурстар әрқашан шектелген, ал қажеттілік шексіз;
• қысқамерзімді және ұзақмерзімді мақсаттар мен тапсырмалардың келісімділік қағидасы; әртүрлі жоспарлық документтердің бір- біріне қайшы келмеуі және бірбағытты болуы;/2.37-бет/
Жоспарлаудың негізгі әдістеріне жатады: баланстық, нормативтік, бағдарламалық- мақсаттық әдістер.
Баланстық әдіс әр өнімнің түрі бір жағынан қандай да бір қызметтің нәтижесі, ал екінші жағынан тұтыну ресурсы болып табылатынын білдіреді. Бұл әрқашан тұтыну мен оны қанағаттандыру көзін байланыстыру қажеттілігін көрсетеді. Ресурстар игеріледі содан кейін ол жалпы тұтынумен санасады , яғни балансталады. Жиынтық сұраныс ереже бойынша мүмкін болатын ресурстар жоғары болғандықтан жоспар жасау процесінде сұранысты ранжирлейді – маңыздылығына қарай орналастырады.
Экономикалық баланстың жалпы жүйесінде материалдық, еңбек және қаржылық баланстар деп бөлінеді. Материалдық баланс – қайта өндіру процесіндегі заттық элементтер жағдайы мен бар болуы, еңбек балансы – еңбек ресурстарының квалификациялық және сандық деңгейі, қаржылық – елдің қаржы жүйесінің жағдайы.
Нормативті әдіс – ғылыми - техникалық прогрес жетістіктерін көрсететін нормалар мен нормативтер жүйесін анықтау мен қолдануға негізделген. Норма жалпы түрде берілген сапаға сай өнімнің бір бөлігіне кететін ресурс шығынының ғылыми негізделген түрі. Ол тек қана өндірістің даму деңгейін бейнелемей, оған белсенді әсер етеді.
Норматив – ресурсты қолдану деңгейін немесе оның өлшем бірлігіне ( өнім, көлем, т.б.) шығынын сипаттайтын норманы құраушы элемент. Экономикалық норматив қызмет нәтижесіне, қоғамдық талап еушілік пен соңғы нәтижеге қолданған ресурстың қажетті деңгейін спаттайды.
Нормалар мен нормативтер кешені нормативтік база деп аталады.
Бағдарламалық - мақсаттық әдіс бұл көлемді ұлттық шаруашылық проблемаларының жоспарлы шешімдерін құру жүйесінің тәсілдері. Оның мәні әлеуметтік, экономикалық және ғылыми – техникалық дамудың негізгі мақсаттарын таңдауда, белгілі мерзімде қамтамасыз етілген балансталған ресурстар арқылы мақсаттарға жету жолындағы шараларды жасауда.
Жоспарлаудың маңызды түрі болып стратегиялық жоспарлау табылады. Ол ұзақмерзімді перспективаға негізделген және елдің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттарын сипаттайды. Оның мәні жүзеге асырудағы жетекші рольді мемлекет өз міндетіне алатын ұлттық экономиканың негізгі приоритеттерін таңдау. Стратегиялық жоспарлау арқылы елдің қай жолмен жүретіні, қандай нарықта қызмет істеу тиімділігін шешуді, бірінші кезекте қандай технологияны игеру керек, елдің әлеуметтік бірлігін қалай қамтамасыз ету керек, экономиканың қай секторына және қандай қоғамдық құрылымға назар аудару керек деген сұрақтарды анықтайды.
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың сәтті дамуы үшін қажетті потенциалмен толық қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау өз бейнесін жалпымемлекеттік даму концепциясынан көреді.
Стратегиялық жоспарлаудың объективті қажеттілігі экономиканың әртүрлі деңгейлілігі, меншіктің әртүрлі формада болуы, әртүрлі салалардың, сфералардың, аймақтардың сызықты емес және бірбағытты емес дамуы, мотивтерлің, әрекеттің, шешімдердің әртүрлі бағытта болуы. Ал белгілі деңгейдегі макроэкономикалық тұрақтылықсыз және балансталғандықсызмакродеңгейдегі тиімді шаруашылыққа жету мүмкін емес. Міндетті түрде ұлттық экономиканы ағымдағы және перспективті сипатта жалпымемлекеттік шешім қабылдайтын бүтін объект ретінде қарау керек. Ал бұл ұлттық экономикада макроэкономикалық процес қозғалысының « контурын », « магистральды жолын » ғылыми негізде анықтауды білдіреді.
Сонымен қатар ресурстардың шектеулілігі еңбектің, өндіру мен өңдеудің аймақтық бөліну процесі, табиғи ресурстардың белгілі территорияларға ғана таралуы сияқты өндіріс күші проблемаларын жалпымемлекеттік деңгейге көтереді. Бұл болашаққа перспективалы көзқарасты талап етеді.
Стратегиялық жоспарлаудың маңызды инструменті болып бағдарламалау табылады. Жалпыұлттық, аймақтық, жергілікті деңгейдегі мемлекеттің мақсатты бағдарламалары экономиканы реттеуде маңызды орын алады. Олар приоритетті салалардың, сфералардың, аймақтардың дамуына қажет қосымша күш пен қаражат тартуға мүмкіндік береді.
Өндіріс стратегиясын дайындауда мемлекеттің мақсатты бағдарламалары статусына ие ұлттық экономика дамуының негізгі параметрі анықталады. Бұл бағдарламалар халық шаруашылығы проблемаларын ең тиімді жолмен шешуге бағытталған өзіне әлекметтік, экономикалық, өндірістік, ғылыми – техникалық, ұйымдастыру – шаруашылық тапсырмалар мен шараларды қосатын ресурсқа, орындаушыға, орындалу уақытына байланысты директивті және адресті сипатта болады.Сол үшін кез келген бағдарлама қарастырады:
а) соңғы мақсат;
б) осы шараны жүзеге асырудағы квалификацияланған және шығармашылықнәтижесі болатын бағдарламалық шаралар тізімі;
в) соңғы мақсатқа жету үшін қажетті ресурстар кешені;
г) жүзеге асырудың этаптары мен кезеңдері;
д) негізгі атқарушылар мен басқа атқарушылар құрамы;
е) сол бағдарламаны шешугеқатысатын шаруашылық субъектілерінің спецификалық формасын таңдау;
ж) өндірістік – шаруашылық байланыстар механизмі;
и) жауапкершілік және ынталандыру жүйесі;
к) қаржыландырудың көздерін және көлемін анықтау;
л) күтілетін соңғы нәтиже және экологиялық салдары;
Жоспарлау жалпы стратегиялық жоспарлау негізінен мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды жасау – бұл әлемдік шаруашылықта кеңінен қолданылатын экономиканы реттеу әдісі./1.37-бет/
1.2. Қазақстандағы жоспарлауды жүзеге асыратын орган
Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарларын жасайтын орталық атқарушы орган. Министрліктің негізгі қызметтері:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын анықтау;
2) экономикалық талдау, макроэкономиаклық болжау мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу, реформаларды бағалау;
3) жоспарлауды жақсарту;
4) жүйені жақсарту туралы ұсыныстар еңгізу;
5) мемлекеттік активтерді тиімді басқару саясатын жасауға көмек беру;
т.б.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын болжаумен, жоспарлаумен Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Экономикалық саясат пен индикативті жоспарлау Департаманті айналысады.( Сурет.1.)
1.3. Индикативті жоспарлау.
Жоспарлау жүйесінде бірнеше типтер бар: директивті, индирективті, регулятивті және индикативті жоспарлау. Шаруашылық етудің түрлі нысандары мен меншікке қатынасына қарай директивті жоспарлау индикативтіге қарама қарсы қойылады. Социалистік шаруашылық ету жүйесіне директивті, ал рыноктық жүйеге индикативті жоспарлау тән.
Индикативті жоспарлау рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарының бірі ретінде Франция, Ұлыбритания, Германия, Жапония сияқты бірқатар өндірістік дамыған елдерде соғыстан кейінгі кезеңдерде таралып, өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеді.
Индикативті жоспарлау (лат. тілінен “indicator” – бағдар) – дирекивті емес, мемлекеттік деңгейдегі кеңес беруші, бағыттаушы жоспарлау. Мемлекеттің кеңесіне сәйкес жұмыс істеуге келісетін коммерциялық фирмалар үшін мемлекет тарапынан қаржылық және өзге де ынталандырушы шараларды құру мен өндіріс дамуының ұсынылған мақсаттарын анықтау арқылы экономикалық процестерді реттеу әдісі. /1/
Индикативті жоспарлау – мемлекет пен экономиканың басқа субъектілерінің мүдделері мен іс-әрекеттерін үйлестіру механизмі. Мұндай жоспарлау ақпараттық қызметпен бірге үйлестіру ролін де атқарады, яғни салалар мен кәсіпорындар өздерінің өндірістік-шаруашылық бағдарламаларын өз бетінше жасап шығару процесінде “орталықтың” қызметімен бірге үйлестіруді түсінеміз. Бұл жағдай көбінесе индикативті жоспарлау институты максималды дамыған француз тәжірибесінен алынған. Бұл жерде үкімет шешім қабылдау және бұйрық беру жолымен емес, үйлестіру және ақпаратпен қамтымасыз ету арқылы экономикалық дамуға әсер етуге тырысады.Үкімет пен жеке кәсіпкерлер арасында жоспарлар мен ақпараттармен алмасудың нәтижесінде үкіметтік ұйымдар жағында өзара
Сурет.1. Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің құрылымы.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]