Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы мен Венгрия мемлекетінің байланыстары
Мазмұны
Кіріспе...............................................................3 І – тарау Венгрия халқы және қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайы
І.1 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері……………………………..5
І.2 Өнеркәсібінің салалық құрылымы………………………………………….7
І.3 Венгрия мемлекетінің қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайы…..9
ІІ – тарау Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасының қарым – қатынастары
ІІ.1 Қазақ – Венгер саяси – экономикалық байланыстары…………………..11
ІІ.2 Мәдени – ынтымақтастық қатынастары…………………………………...18
Қорытынды………………………………………………………………………..21 Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ресми атауы: Венгрия Республикасы
Астанасы: Будапешт ( 1,76 млн адам)
Территориясы: 93 мың.км2 (Еуропа бойынша 16 орын )
Ақша бірлігі: форинт
Әкімшілік – территориялық бөлінуі : 19 облысқа бөлінеді. Будапешт ерекше қала статусына ие
Мемлекет басшысы: президент ( 5 жыл сайын сайланады ).
Венгрия - Еуропаның орталығанда орналасқан мемлекет . Жер ауымағы 93 мың. км2 . Халқы 10,8 млн. адам. Астанасы - Будапешт. Венгрия негізінен, Орта Дунай жазығында орналасқан ел. Жерінің 60% дан астам бөлігі жазық, қалған бөлігі таулы қырат. Жазық жерлері ауыл шаруашылығына қолайлы, таулы аймақтары қалың орман. Мұнда дүние жүзіне әйгілі курортты аймақ – Балатон көлі орналасқан. Климаты қоңыржай. Қаңтар айындағы орташа температурасы -2 - 4°С , шілдеде 20-22°С. Жауын - шашын мөлшері 450 – 900мм . Жазы ыстық қысы суық болғанмен де елдің шығысында құрғақшылық басым. Дунай мен Тиса аралығындағы жерлер өте құнарлы болғандықтан, жүзімдіктер мен шабындықтар алып жатыр. Венгрияның солтүстігінде Карпат таулы аймағында ормандар территорияның 1/8 бөлігін алып жатыр.
Шекаралас елдерге қарағанда Венгрия жазықты ел болып табылады. Оның территориясын Орта Дунай және Венгер таулы қыраты алып жатыр. Биік жазықтар мен қыраттар елдің шығысына тән. Батыс бөлігі ұсақ таулы қыраттармен сипатталады. Ең басты массивтері: Мечек, Бакондық орман (700 м ) төменгі жағында балатон көлі болып табылады. Венгрия бес елмен шектесіп жатыр. Солтүстігінде Чехия және Словакия, оңтүстігінде Югославия, батысында Австрия және солтүстігінде Румыниямен шектесіп жатыр. Ең маңызды қалалары Будапешт, Дебрецен, Мишкольц, Сегед, Печ болып табылады. Будапешт елдің астанасы ғана емес, табиғатының әсемдігі, ескі тарихымен және мәдени орталығымен ерекше көзге түсіп отыр. Ал Печ қаласы туристердің көңіл көтеретін орталығы болып табылады.
І – тарау Венгрия халқы және қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайы
І.1 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері
Венгрияда 10,8 млн. адам тұрады. Халқының 90% венгрлер. Қалғандары неміс, араб, хорват, румын, еврей және 1,4% - ы сыған этникалық тобынан тұрады. Мажарлар - Венгрияның байырға халқы. Венгрияда ( 10,8 млн. ), Румынияда ( 2 млн.), Словакияда ( 730 мың) , Югославаияда ( 400 мың ), Австрияда ( 50 мың ), сондай- ақ Батыс Еуропада ( 200 мың) , АҚШ- та ( 85 мың), Канадада ( 100 мың ), Латын Америкасында ( 200 мың) , Австралияда ( 85 мың) адам тұрады. Жалпы саны 16 млн. адам. Венгрлер еуропалық нәсілдің тұран өтпелі тобына жатады. Фин- угор тілдер тобының венгр тілінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Венгрлердің басым көпшілігі католиктер, кальвиншілдер, аздап лютерандықтар да кездеседі. Венрлердің көне тарихы мен этногенезі ғылымда шешімін таппаған даулы мәселелердің бірі. Венгр халқының негізін шамамен б.з.б 5 мың жыл бұрын Батыс Сібірдегі вогул ( лансы), остяк ( ханты ) жұрттары мен Орал бойын мекендеген угорлар және түркілер құраған. Б.з.б 1 мыңжылдықтың ортасында Солтүстік- батыс Сібір мен Оңтүстік- батыс Орал аралығында көшіп – қонып жүрген Венгр тайпалары кейін Тобыл мен Мұғалжар - Еділ бойы төңірегінде көне Венгр мемлекетін ( Манга Хунгария ) құрған. Үнемі батысқа қарай жылжумен болған олар тарихта Леведия ( Еділ мен Дон арасында ), Етелкөз ( Днепр мен Дунайдың төменгі ағысы арасында ) аталған өңірлерде қыпшақ, оғыз, бұлғар т.б түркі тайпаларымен , түркі тілді аварлармен этникалық, саяси, әскери байланыстар жүргізген. Осы кезеңде венгр ұлтының қалыптасуында басты міндет атқарған хетумадьяр, медьяр, тарман, кери, кеси, ньек болды. Мұнан кейінгі кезеңдерде Венгрлер герман тайпаларыман, византиялықтармен, Дунай бұлғарларымен араласқан.
Венгрияның ұлттық құрамын венгрлер ( немесе мадьярлар ) құрайды. Халықтың орналасуының орташа тығыздығы 1 шаршы шақырымға 113 адамнан келеді. Венгрия Еуропада сирек қоныстанған елге жатады. Елдің астанасында халықтың 1/5 бөлігі тұрады. Будапештте 1,9 млн. адам. Тұрады. Ол халықтың орналасу жағдайына байланысты Мишкольцтен 12 есе көп. Будапешттен басқа Мишкольц, Дебрецен, Печ , Сегет қалаларында 100 мыңнан астам халық тұрады, Мемлекеттік тілі венгр тілі.
Венгрияның оңтүстігінде 1 шаршы шақырымға 150-185 адамнан келсе , ең сирек қоныстанған оңтүстік аймағында 60 адамнан тұрады. Немістер, хорваттар, румындар, словактар, сербтер мен славянда халықтың 1% құрайды. Басты ұлттық мейрамдары 20 тамыз, Ұлы Иштван күні болып табылады.
Венгрлердің көп бөлігі шекаралас елдерде қоныстанған. Соның ішінде ең көп бөлігі Румынияда 2 млн. адам болса, ең аз қоныстанған еле Австралияда 85 мың адам. Қазақстанда венгрлердің саны 674 – тен 440- қа дейін қысқарды.
І.2 Өнеркәсібінің салалық құрылымы
Венгрия аграрлы- индустриалды елден, индустриалды - аграрлы елге айналды. Басты табиғат ресурстары Орта Венр таулары мен Карпат таулы қыраттарында орналасқан. Бұл аймақтарда боксми, қоңыр көмір, марганец, мұнай және темір рудалары шоғырланған. Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда Венгрия минералдық шикізатпен энергетикалық ресурстарға бай емес.
Венгрия боксит өндіруден Еуропада алдыңғы қатарда тұр. Халықаралық еңбек бөліндісінде Венгрия боксит пен алюминий өндіруден көзге түсіп отыр. Венгрия электротехника, радиотехника, дәрі – дәрмек шығаруда маманданған. Венгрия басқа елдерден шикізат пен мұнай, темір рудасын, көмірді. Жанармай, табиғи газ және электроэнергиясын алады.
Пайдалы қазбалар елде әркелкі орналасқан. Өнеркәсіптің жақсы дамығаны ауыр индустрия. Жетекші орында тау – кен өнеркәсібі, соның ішінде көмір ( 1990 жылы 31,5 млн. т ) жетті. Өңдеуші өнеркәсіпте машина жасау ( 1990 жылы 2,5 млн. т болат балқытылды ) жақсы дамуда. Ең ірі қара металлургия комбинаты Дунауйварош қаласында ( Будапешттің оңтүстігінде ) орналасқан. Химия өнеркәсіптің ішінде азот тыңайтқыштарын өңдеу Мишкольц қаласында орналасқан. Сонымен қатар азық - түлік өнеркәсібі ( ұн, қант, консерві ) және тоқыма жасау салалары жақсы дамыған. Будапешттің өнеркәсібінің салалары әртүрлілілігмен ерекшеленеді. Солтүстігінде машина жасау, электротехника, тоқыма және азық – түлік дамыса , астананың оңтүстігінде ЖЭС – тер мұнай өңдеу зауыттары іске қосылған.
Венгрияда жаңа зауыттар мен фабрикалар көбінесе үлкен емес кіші қалаларда шоағырланған. Елдің батысы мен оңтүстігінде кішігірім өндіріс орындары мен маңызды өнеркәсіп аудандарына айналды. Батыс бөлігінде орналасқан Орта Венгр таулы аймағында қоңыр көмір. Боксит және марганец, алюминий және мұнай өңдеу зауыттары, Дьерс машина жасау өнеркәсіп кешендері орналасқан. Солтүстік орта таулы аудандарында қоңыр көмірді барлау бірнеше есеге өсті.
Жергілікті жердің темір рудасын пайдаланатын металлургия зауыты Мишкольц пен Озда қалаларында орналасқан. Ең ірі азот химия комбинаттары Казинцбарцикте , ауыр машина жасау кешендері Лимикольц қалаларында жұмыс істеуде.
Оңтүстік батыс бөлігінде Печ қаласында тас көмір мен уран рудасының көп қоры шоғырланған.
І.3 Венгрия мемлекетінің қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайы
Венгрия территориясы мен халқы жағынан үлкен ел болмаса да , машина жасау құрылғылары, дәрі- дәрмек пен басқа да тауарлардың сапасы жағынан дамыған елдерден озып шығады. ХХ ғасырға дейін Нобель премиясын иеленген он екі венгр ғалымы болды.
Венгрия 1990 жылдан бергі саясаты бойынша Еуропада ортақ интеграция құру және жаңа көрші елдермен тату- тәтті өмір сүру болып табылады. 1994 жылы Венгрия НАТО- ның « Әлем үшін » атты форумына, ал 1999 жылы НАТО- ның толыққанды мүшесіне айналды.
1991 жылы Венгрия Еуропалық Одақтың ассоциациясына енсе, 2004 жылдың мамырында ЕуроОдаққа қабылданды. Көрші елдермен байланысты кеңейту үшін Румыния және Австралиямен байланыс орнатты. Венгрияның сыртқы саясатында ерекше орында тұрған АҚШ, Гармания, Франция, Австрия.
Венгрия - индустриалды - аграрлы мемлекет. Экономикалық және әлеуметтік дамуы жағынан Шығыс Еуропа елдері ішінде ең жоғары көрсеткіштерге ие. 2006 жылы ЖІӨ 164млрд. ақш долларын құраса , ал жалпы адам басына шаққанда 17733 долларын құрады. Сыртық сауда балансы 173 млдр. доллар құрады. Орташа жалақы 590 АҚШ долларына тең болды. Жеке меншік секторында жалпы ішкі өнім 80% болса, шетелдік капиталдың үлесіндегі венгрлік табыс 30% құрады. Венгрияның қарамағында 200 – ге жуық фирмалары болса, 180 – ге .......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасы мен Венгрия мемлекетінің байланыстары
» Курстық жұмыс: Тарих | Қазақстан мен Эстония қарым қатынастары
» Курстық жұмыс: География | Австрия еліне экономикалық географиялық сипаттама
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастары
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым – қатынастар
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасы мен Венгрия мемлекетінің байланыстары
» Курстық жұмыс: Тарих | Қазақстан мен Эстония қарым қатынастары
» Курстық жұмыс: География | Австрия еліне экономикалық географиялық сипаттама
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастары
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым – қатынастар
Іздеп көріңіз: