Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру
Мазмұны
Кіріспе.................................................................... 3І. Тарау. Нарық жағдайында өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің шарттары мен негіздері.
1.1.Өнеркәсіптердегі бәсекеге қабілеттілік туралы ұғым.............................7
1.2. Өнеркәсіптердің бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері мен факторлары.....................................14
ІІ. Тарау. Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі мен өнімділігін арттыруды ұйымдастыру.
2.1. Өнеркәсіптің инновациялық қызметі......................................................20
2.2. Инновациялық жобаларды әзірлеу мен өндіріске енгізу......................22
2.3. Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі мен өнімділігін арттыру жұмыстары.......27
ІІІ. Тарау. Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобаларды жүзеге асыру арқылы бәсекеге қабілетті лікті көтерудің проблемалары мен оны шешу жолдары.
3.1. Н.Назарбаевтың индустриялы-инновациялық даму бағдарламасындағы өнеркәсіптерді инновациялық жобалар арқылы көтеру жолдары......................................................32
3.2. Қазақстан өнеркәсіптерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында инновациялық жобаларды инвестициялау........... .35
Қорытынды.............................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................41
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Экономиканың дамуының барлық даму сатыларындағы негізгі тізбек өнеркәсіп болып табылады. Өйткені өнеркәсіпте жұмыскердің өндіріс құралдары мен тікелей байланысы анық көрінеді. Жеке өнеркәсіптік кәсіпорын дегеніміз өндірістік- техникалық бірлігі бар, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық тұрғыда тәуелсіз өндірістік бірлік болып табылады.
Нарықтық экономикадағы маңызды факторлардың бірі – бәсекелестік. Ол адамдардың шаруашылық ісінің формаларын белгілі бір дәрежеде анықтайды. Бәсекелестік –нарықтық жүйедегі маңызды бақылау құралы.
2006 жылғы 1 наурыздағы ҚР Президентінің халыққа Жолдауында Қазақстанның алдағы уақытта әлемдегі 50 бәсекелеселдің қатарына кіру туралы міндеті қойылғаны белгілі. Бұл міндет Қазақстан экономикасы дамуының сапалы да жаңа кезеңін ашқалы отыр.Ол дегеніміз өтпелі кезең жағдайындағы модернизациялауды аяқтап, енді бәсекелестік қабілеті бар елді жасауға ұмтылуды білдіреді.
«Әлемнің 50 бәсекелес елінің қатарына қосылу үшін біздің еліміз қандай жұмыстар атқаруы керек? Ұлттық экономикамыздың бәсекелестік қабілетін қалыптастыру қандай факторларға байланысты?» - деген сауалдар бәрімізді толғандырады.
Ең әуелі «бәсекелестік» деген сөздің мәніне тоқтала кетейік, бұл:
- біріншіден, алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік жасайтын өзге бәсекелестерінен асып түсетін артықшылық жасай білу қабілетін;
- екіншіден, бәсекелестік сол артықшылықты пайдалану және ұзақ уақыт ұстап қалу қабілетін білдіреді.
Ал, ұлттық экономиканың бәсекелестігі бұл экономиканың, соның ішінде, өнеркәсіптік өндірістің озық технологиялар мен жаңалықтарды игеруі арқылы, ішкі және әлемдік нарыққа сапалы да, бәсекелес өнімдер шығарып, оларды өткізуде бәсеклестік артықшылықтарды пайдалану, сондай-ақ, өндірісті заман талабына сай жаңғырта білу қабілетін сипаттайды.
Экономиканың негізгі қозғалысы инновацияларға тәуелді және инновациялар арқылы сол елдің қандай бір ресурстар мен факторларға деген кемтігінің орнын толтырады. Көптеген салалар инновацияларды пайдаланып қоймай, оларды үнемі жасайды және орналастырады. Елдердегі экономиканың жетекші салалары негізінен өндірістің базалық факторлары мен ресурстары есебінен артықшылықтарға қол жеткізеді. Олардың сыртқы нарықтарға шығуына бірлескен негізде құрылған шетелдік кәсіпорындар ықпал етеді. Мұндай сатыдағы экономика әлемдік нарықтағы болатын өзгерістерге өте сезімтал келеді.
Қазақстанда ірі өндірістік әлеуетінің болуы оның ұлттық экономикасының бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға объективтік негіз болып табылады. Бірақ Қазақстанның қазіргі жағдайындағы өндірістік құралдар шығындық экономикағасай келетіні жасырын емес. Себебі, жалпы өнімнің ұлғайған бөлігі «ішкі» айналымға жұмсалатындықтан, жеткілікті деңгейде ұлттық табыстың өсуіне мүмкіндік бермейді. Қазіргі кезде негізгі өндірістік қорлардың жоғары дәрежеде моральдық және заттай тозуы, өз кезегінде құнсыздануына әкеліп, ақыр соңында бәсекелестік қабілеттілікті арттырудың тежегішіне айналуы әбден мүмкін. Сондықтан, Қазақстан үшін қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресті пайдаланатын салалар мен қызмет көрсету аясындағы өндіргіш күштерінің құрылымын өзгерту қажеттігі сапалы экономикалық өсуі мәселесінен туындайды. Ондай мәселені шешуде барлық өндірістік ресурстарды, соның ішінде негізгі өндіріс қорларының қайырымдылығын арттыруға мүмкіндік жасайтын жаңа ғылыми-техникалық және адами факторларды пайдалану қажет.
Бәсекелестік қабілетті қалыптастыратын факторлардың іс-әрекеті адам әлуетімен толықтырылады. Адамның мүмкіндіктерін іске асырудың маңызды бағыттарына еңбек, оны ынталандыру және кәсіпкерлік ресурс жатады. Нарыққа өту кезінде Қазақстанда жекеленген техникалық мамандықтарға қажеттілік болмағандықтан, оларды даярлау қысқарғаны белгілі, ал қазіргі кезде олардың тапшылығы сезілуде. Жалпы елімізде жұмысшы-кадрларды даярлаудың кәсіби деңгейі төмен.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан өнеркәсіптеріндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері мен жолдары.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: өнеркәсіптеріндегі бәсекег қабілетті инновациялық жобалар жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігін мен өнімділігін арттыруды ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері: Қазақстан өнеркәсіптеріндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асырудың міндеттері:
- Нарық жағдайында өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің шарттары мен негіздері;
- Өнеркәсіптердегі бәсекеге қабілеттілік туралы ұғым;
- Өнеркәсіптердің бәсекеге қабілеттлігінің критерийлері мен факторлары;
- Өнекәсіптің инновациялық қызметі;
- Инновациялық жобаларды әзірлеу мен өндіріске енгізу;
- Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі мен өнімділігін арттыру жұмыстары;
- Қазақстан өнеркәсіптерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында инновациялық жобаларды инвестициялау.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы » Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, қоғамдағы тәрбие процесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.
«Нарық жағдайында өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
етудің шарттары мен негіздері » деп аталатын бөлімде өнеркәсіптердегі
бәсекеге қабілеттілік туралы ұғым, өнеркәсіптердің бәсекеге қабілеттілігінің
критерийлері мен факторлары қарастырылады.
«Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі
мен өнімділігін арттыруды ұйымдастыру» деп аталатын бөлімде өнеркәсіптің
инновациялық қызметі мен инновациялық жобаларды әзілеу, өндіріске енгізу
және инновациялық жобалардың тиімділігі мен өнімділігінарттыру жұмыстары
қарастырылады.
«Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобаларды жүзеге
асыру арқылы бәсекеге қабілетті лікті көтерудің проблемалары мен оны
шешу жолдары» деп аталатын бөлімде индустриялы-инновациялық даму
бағдарламасындағы өнеркәсіптерді инновациялық жобалар арқылы көтеру
жолдары, инновациялық жобаларды инвестициялау қарастырылады.
І. ТАРАУ. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІПТЕРІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ШАРТТАРЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Өнеркәсіптерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғым.
Сапа және өнеркәсіптерінің бәсекеге қабілеттілігі проблемасы қазіргі дүниеде әмбебап сипатқа ие. Кез келген елдің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі көп нәрсе аталған проблеманың қаншалықты табысты шешілетіндігіне байланысты.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі проблемасын қарастырғанда өнеркәсіп кез келген елдің экономикалық әлеуетінің негізі болып табылатындығын атап көрсету керек. Тек бәсекеге қабілетті өнеркәсіп қана экономиканың тұтастай алғандағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өнеркәсіп саясаты, атап айтқанда, талдап жасалатын бағдарламалар мен заңнамалық актілер, мемлекеттік қолдау шаралары басты және басым мақсаттарға – қазақстандық өнеркәсіптердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауға бағындырылуы тиіс. Бәсекеге қабілеттілік – елдің, кез келген өндірушінің тауарлар мен қызметтер жасау, шығару және өткізумен байланысты барлық жиынтық мүмкіндігінің шоғырландырылған көрінісі.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өнеркәсіптің дамыған бәсекелестік нарықтағы коммерциялық табысының шешуші факторы болып табылады.
Бірнеше ондаған жылдар бойы біздің елімізде, өндірушілердің жоғары монополиясы жағдайында, өнім өндірудің реттеушісі нақты сұраныс емес өндіріс пен бөлудің әкімшілік-әміршілдік механизмі болды, олар тұтынуды реттеді, қажеттілік пен өнім шығару көрсеткіштерін қалыптастырды. Мұндай жағдайда өндірушілерде тауардың бәсекеге қабілеттілік проблемасы іс жүзінде туындаған жоқ, ал проблема бола қалған жағдайда ол тек сыртқы нарықта өткізуге жататын өімдерге қатысты ғана шешіледі. Нарықтық механизмдердің дамуымен біздің елімізде бұл мәселе өткір сипат ала түсті, және де оны шешу нарыққа қатысушы субъектілердің барлығынан шығарылатын және тұтынылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің жолдары мен әдістерін белсенді түрде іздестіруді талап етті. Осыған байланысты қазіргі заманғы экономикада барынша көп пайда алу мақсатымен нарықтағы өз позициясын нығайтуүшін кез келген өндірушінің өзінің шығаратын тауарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруы оның қаржы-экономикалық және өндірістік өткізу стратегиясының басты бағытына айналады.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің мәнін неғұрлым толық ашып көрсету үшін, бәсекеге қабілеттілік туралы мүмкіндігінше толығырақ түсінік беру қажет.
Бәсекеге қабілеттілік – бұл нысанның белгілі бір нарыққа ұсынылған ұқсас нысандармен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті қанағаттандырудың дәрежесін сипаттайтын қасиеті. Бәсекеге қабілеттілік осы нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін айқындайды. «Басқару проблемалары жөніндегі Еуропалық форум» бәсекеге қабілеттілікке мынадай анықтама берді: бәсекеге қабілеттік дегеніміз – бұл фирмалардың өздеріне жасалып отырған жағдайларда олардың бәсекелестерінің тауарларымен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдық болатын тауарлар әзірлеу мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі.
Нысанның бәекеге қабілеттілігі нақты нарыққа немесе нарықтың стратегиялық саралануының тиісті белгілері бойынша қалыптасатын тұтынушылардың нақты тобына қатысты анықталады. Егер нысан бәсекеге қабілетті болатын нарық көрсетілмесе, онда бұл нысан осы кездегі ең үздік әлемдік үлгі болып табылады дегенді білдіреді.
Нарықтық қатынастар жағдайында бәсекеге қабілеттілік қоғам дамуының деңгейін сипаттайды. Елдің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса, ол елдегі өмір сүру деңгейі де соғұрлым жоғары болады.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі –бұл салыстырмалы сипаттама, ол белгілі бір фирманың дамуының бәсекелес фирмалардың дамуынан өз тауарларын адаамдардың қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі және өндірістік қызметінің тиімділігі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтық бәсеке жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі мынадай бірқатар факторларға байланысты:
- өнеркәсіп тауарларының сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігі;
- өндірілетін тауарлардың түрі;
- нарықтың сыйымдылығы (жыл сайынғы сату мөлшері);
- нарыққа кірудің жеңілдігі;
- нарықтың біртектілігі;
- осы нарықта жұмыс істеп жатқан өнеркәсіптердің бәсекелестік позициялары;
- саланың бәсекеге қабілеттіліг;
- саладағы техникалық жаңалықтар;
- өңірдің және елдің бәсекеге қабілеттілігі.
Өндірушілерге бәсекелік артықшылықтар беретін жалпы принциптерді тұжырымдағанда мынадай болады:
• 1.Барлық және әр қызметкердің әрекет жасауға, бастаған істі жалғастыруға ынталылығы.
• 2.Өнеркәсіптің клиентке жақындығы.
• 3.Өнеркәсіпте дербестік және шығармашылық ахуал қалыптастыру.
• 4.Адамдардың қабілеті мен олардың жұмысқа деген ықыласын пайдаланудың арқасында өнімділіктің өсуі.
• 5.Өнеркәсіп үшін ортақ құндылықтардың маңыздылығын көрсету.
• 6. Өз позициясында бекем тұра білу.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы
» Курстық жұмыс: Экономика | Өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті ұйымдастыру және жоспарлау
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның аграрлық саласының дамуы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы
» Курстық жұмыс: Экономика | Өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті ұйымдастыру және жоспарлау
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның аграрлық саласының дамуы
Іздеп көріңіз: