Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі
Мазмұны
Кіріспе...............................................................................................................1. Бәсекенің мәні мен маңызы, оның атқаратын қызметтері................
2. Бәсекенің түрлері........................................................................................
3. Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі.........................
Қорытынды......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................
Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономика күрделі құрылым –бизнестің құқықтық нормаларының жүйесінде бір-біріне әсер ететін өте көп өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ақпараттық құрылымдардан тұрады және нарық деп біріңғай түсінікпен біріктіріледі.
Анықтама бойынша, нарық – бұл өндіруші мен тұтынушы, сатушы мен сатып алушысы бар, тұтынушы сұранысы (сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір бағаға сатып алатын тауар саны)мен өндірушілердің ұсынысы (ұсыныс деп - өндірушілердің белгілі бір бағаға сататын тауар саны) бір-біріне әсер ету нәтижесінде тауар саны мен сату көлемі белгіленетін ұйымдастырылған құрылым. Нарықтың ұйымдастыру құрылымын қарастырған кезде қандайда бір тауарды жалпылама эквивалент құнына айырбастауға қатысатын өндірушілер (сатушылар) саны мен тұтынушылар (сатып алушылар) саны маңызды орын алады. Бұл өндірушілер мен тұтынушылар саны, сипаты мен қарым-қатынасының құрылымы сұраныс пен ұсыныс қатынасын анықтайды.
Нарықтық қатынастардың мағынасын ашатын негізгі түсінік – бәсеке (конкуренция латынша «concurrere, concurentia» - қақтығысу, жарысу деген мағынаны білдіреді).
Бәсеке – шектелген экономикалық ресурстар үшін тәуелсіз экономикалық субъектілердің күресі.
Бәсеке – бұл бүкіл нарықтық шаруашылық жүйесінің негізі, нарықта тауардың бағасы мен ұсыныс көлемін орнатат бойынша өндірушілер арасындағы қатынастардың түрі. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке.
Бұл - қарым-қатынас, байланыс және сатып алушылардың әртүрлі сұраныстарын қанағаттандыра отырып өзінің өнімін өткізуге жақсы мүмкіншіліктерді қамтамасыз ету үшін нарыққа шығатын кәсіпшіліктер арасындағы күрестің экономикалық процессі. Әлемдік нарықта тауар өндірушілер арасында өткір бәсекелестік бар. Сыртқы нарыққа жақсы шығу үшін ұсынылатын отандық тауардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру керек. Импорт кезінде шетел сатушыларының бәсекелестігін қолдану арқылы сатып алудың шарттарының тиімдірегіне қол жеткізуге болады.
Бәсеке түсінігінің мағынасы көп. Сондықтан ол қандай да бір универсалды анықтамамен айтылмайды. Бұл әрі шаруашылықты жүргізудің әдісі, әрі бір капитал екінші бір капиталмен жарысқандағы капиталдың тіршілік ету әдісі. Бәсекелестікте тауар өндіру қасиетімен қатар даму әдісі де қарастырылады. Сонымен бірге, бәсеке қоғамдық өндірістің стихиялық реттегіші ретінде шығады.
Сол сияқты нарықта баға мен сұраныс көлемін орнататын қатынастардың түрі ретінде тұтынушылар арасындағы бәсеке түрі анықталады. Адамды бәсекелестікке талпындыратын - өзгелерден асып түсу ұмтылысы. Нарықтық жарыста келісім жасау және нарықтық ортада қатысу үлесі туралы сөз болады. Бәсекелестік –бұл динамикалық процесс. Ол нарықтың тауармен қамтамасыз етілуі үшін қызмет етеді.
Бәсекенің арқасында, бір жағынан, өндірістік және нарықтық қатынастардың асқынуы, ал екінші жағынан – шаруашылық әрекеттің нәтижелілігі көтеріледі, ұлттық тауарды өндіру жылдамдай түседі.
Компаниялар нарықта өз позицияларын жақсарту үшін бәсекелестік күресте құрал ретінде, мәселен, өнімнің сапасын, бағаны, сервистік қызмет көрсетуді, ассортиментті, төлеу мен жеткізу шарттарын, жарнама арқылы хабарлауды қолданады.
Бәсеке түсінігі нарықтық қатынастардың экономикалық теориясында фундаментальді болып табылады. Бәсеке капиталистік экономиканың барлық деңгейлерінде көрініс табады – микродеңгейден (фирма) әлемдік экономикалық жүйеге дейін. Социализм жасаушылар да бәсекенің кейбір формаларын сынай отырып, оны «социалистік жарыс» деп атап социалистік экономикаға енгізбекші болған.
Нарықтық экономиканың субъекті экономикалық сәттілігі біріншіден, оның бәсекелестік заңдарды жақсы білуіне, оның көрінісі мен формаларына және оның бәсекелестікке дайындығына байланысты.
Бәсеке өндірістің шаруашылық әрекетіне ықпал жасайтын, бірақ олармен басқарылмайтын бақылау жасалына алмайтын факторға жатады.
Сондықтан мен бәсекенің не екенін, оның экономикалық ғылымдарда алатын орны, соған байланысты туындайтын қиындықтарды қарастыру қызық деп ойлаймын.
1. Бәсекенің мәні мен маңызы, оның атқаратын қызметтері
Бәсеке – сирек игіліктерді қолданудың бірнеше альтернативті бағыттары болатын және осы игіліктерді қолдану құқығы үшін өздері арасында күресетін әр түрлі адамдар тобы болатын жағдай.
Бәсеке – заңнамалар шегінде немесе табиғи шарттарда объективті немесе субъективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестермен күресте бәсекелестік артықшылықтарымен өзге де мақсаттарға жету үшін субъектінің басқару процесі.
Бәсеке жалпы қоғамның, басқару объектілері мен субъектілерінің дамуының қозғаушы күші болып табылады.
Бәсеке қоғам дамуының қозғаушы күші, ресурстарды үнемдеудің басты құралы (мәселен, Жапонияда ресурстарды Ресейге қарағанда үш еседей нәтижелі қолданады) болып табылады, тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен тауардың сапасының жоғарылауына әсерін тигізеді.
Процестер: қоғамдық және жеке; экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, және табиғи; материалды және виртуалды; объективті және субъективті; логикалық және эмоционалды; қалыпты және ұлғаймалы және т.б. бола алады.
«Бәсеке» түсінігінде «басқару» сөзінің құраушысы ретінде: бәсекелестік артықшылықтарды табу, өндіру, ұстап тұру, қолдану, дамыту болып табылады.
«Бәсеке» түсінігінде «субъект» ретінде кез келген әлеуметтік, өндірістік немесе биологиялық жүйелер бола алады.
Субъектілердің бәсекелестік артықшылықтары мұрагерлік, конструктивті, технологиялық, ақпараттық, квалификациялық, басқарушылық, табиғи-климаттық және басқалар бола алады. Жүйелердің мақсаты ретінде мыналар бола алады: фирманың мақсатын орындау; белгілі бір тауармен белгілі бір нарықта шығармашылық сайыстарда немесе спорттық жарыстарда жеңу; ішкі не сыртқы дамудың арқасындағы жетістіктер немесе бәсекелесті қандай да белгілі бір жағдайға немесе деңгейге түсіру; жеткен деңгейді сақтап тұру; аман қалу және т.б.. Қажеттіліктер: объективті (табиғатпен немесе қоғаммен белгіленген) немесе субъективті (басқару субъектісімен немесе жануармен белгіленген); біріншілік немесе жоғарғы; өткенгі, қазіргі немесе болашақтағы; глобальды немесе жеке; кері немесе оңтайлы; индивидуалды немесе қоғамдық және т.б. бола алады.
Заңнамалар жүйесіне бәсекелестік құқық, экономикалық құқық, азаматтық құқық, салық жүйесі, кеден жүйесі, еңбек құқығы және басқалар кіреді.
Бәсеке әлемдік дамудың қазіргі кезеңінде қозғаушы күш ретінде тауар өндірушілерді тауардың сапасын көтеру, бағаның төмендеуінің, қызмет көрсету сапасының жоғарылауының жолдарын ылғи іздеп отыруға талпындырады. Ресурстардың тапшылығымен байланысты жаңа жүйе туындайды: сапасын көтеру және тауардың құрылысының қарапайымдауының арқасында оны қолданушылардың ресурстарды үнемдеуі.
ХХІ ғасырда бұл мәселе маңызды болмақ, себебі ХХ ғасырдың соңында күрделі техниканы қолданушылардың ресурсты шығымдауы оның жұмыс істеу мерзімінде бағаны бес ретке дейін - өндірісті дамыған мемлекеттерде, ал дамушы елдерде 20 ретке дейін көтерген.
Интенсивтілік дәрежесіне қарай бәсеке келесідей бола алады:
- тиімді – алдыңғы сегментке қарағанда берілген сегментте субъект өзінің қажеттіліктерін сапалырақ қанағаттандырады немесе табысты көбірек алады;
- аз интенсивті – бәсеке субъектісінің іс-әрекеті берілген сигментте бәсекелестік ортаны сақтап тұруы:
- бәсеке объектісі үшін қатал: берілген сегменттен субъект объектіні өзіне алады немесе шығарып тастайды;
- бәсеке субъектісі үшін қатал: берілген сегменттен объект (бәсекелес) субъектіні шығарып тастайды немесе көзін жояды.
Бәсеке – тауарды сату мен сатып алу, өндірістің ең жақсы шарттары үшін нарықтық шаруашылық қатысушыларының арасындағы жарыс. Мұндай қақтығыс міндетті және объективті шарттармен туындайды: әрбір нарықтық субъектінің толық шаруашылық оқшаулылығымен, оның шаруашылық конъюнктурасына толық тәуелділігі және көбірек табыс үшін басқа үміткерлермен қақтығысы. Даму және экономикалық тіршілік ету үшін күрес – нарықтың заңы. Бәсеке (оған қарама-қарсы монополия да) нарықтың белгілі бір жағдайында ғана бола алады. Бәсекенің (монополияның да) әртүрлі түрлері нарықтың жағдайының белгілі бір көрсеткіштеріне тәуелді. Көрсеткіштердің негізгілері болып табылады:
А) Нарыққа тауар әкелетін фирмалар (шаруашылық, өндірістік, сауда кәсіпорындарының, заңды тұлғалардың құқығы бар) саны;
Ә) Кәсіпорынның нарыққа кіруінің және одан шығуының еркіндігі;
Б) Тауарлардың көптүрлілігі (бірдей қолданыс табатын белгілі бір тауардың түріне әртүрлә индивидуалды ерекшеліктердің берілуі – фабрикалық белгісі, сапасы, түсі және т.б. бойынша);
В) Фирмалардың нарықтық бағаны бақылауға қатысуы.
Бәсекенің формалары:
1) заттай – бірдей қажеттілікті қанағаттандыратын тауардың бір ассортиментті тобының арасында, ұқсас объектілер арасындағы бәсеке;
2) функционалды – алмастырушы тауарлар (объектілер) арасындағы бәсеке.
Бәсекенің әдістері:
1) тауардың сапасының жоғарылауының негізінде (бағалық емес);
2) тауардың қызмет көрсету сапасының жоғарылауының критериі негізінде;
3) бағаны төмендету негізінде (бағалық)
4) тауарды қолданушының қолданыс шығымдарының төмендеуінің негізінде;
5) субъектінің және объектінің барлық бәсекелестік артықшылықтарының қолдану негізінде (интегралды).
Бәсеке келесі деңгейлерде жүре алады:
- жергілікті (топта, бөлімде, организацияда,т.б.)
- аймақтық (ауданда, қалада, облыста, т.б.)
- ұлттық (мемлекетте)
- ұлтаралық (бірнеше мемлекетте)
- глобальді (әлемдік масштабта, нақты анықталмаған мемлекеттерде).
Жалпы алып қарағанда бәсекені - өндірушілердің бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынысы мен бағаны белгілеуге байланысты өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке. Ал тұтынушылар арасындағы бәсекені – нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру байланысты өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық қатынасының негізгі механизмін қалыптастыру ретінде белгілі.
Бәсеке нарық субъектісінің тепе-теңдік құқықтағы тауарды тиімді өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқықтарын рынокта өктем жүргізеді. Нарық субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір-біріне кері ұғымдар. Батыс сарапшыларының бағалауынша, бір тауар түрін сатушылар 4-5-тен аз болмағаны жөн, ал 8-15-тен болса өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда-саттықты бақыласа, онда нарық монополияланған болып табылады.
Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға белгілі нәрсе. Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады. Адам Смит бәсекенің еркін (классикалық) теориясының негізін қалаған. Бәсекенің классикалық түрі нарықтың экономикасы бар елдерде ХVІІІ ғасырда ХІХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін байқалды. Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында монополиялық бірлестіктердің (картель, синдикат, концерн) тууна дейін болған.
Классикалық (еркін) бәсекенің орнына еркін емес, жетілмеген бағалық емес монополиялық бәсеке келді. Бәсекелестік күрестің нақты өзгеруі монополиялық бәсеке теориясында айқын көрінді. Оның негізін қалаушы американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастингс (1899-1967ж) болды.
Ол монополиялық бәсекенің негізгі ережесін жасады және бәсеке күресінің бір түрін ерекше байқады: «өнімді дифференциациялау» үшін. Ол былай деп жазған: «Жіктелумен бірге монополия пайда болады және жіктелудің ұлғаюына қарай монополия элементтері көбірек бола бастайды» барлығында, қайда болса да белгілі дәрежеде жіктелу кездеседі. әрбір сатушы өз меншігіндегі өнімге абсолюттік монополияға ие, бірақ оған қарамай кейбір кезде жетілмеген ауыстырушылар тарапынан бәсекеге ұшырайды. Сондықтан өз-өзімен бәсекелестік күрес тәсілі ретінде монополиялар өнімді жіктеуге ұмтылады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, батыстың экономикалық ойы, қазіргі жағдайда ірі компаниялар барын айта отырып, олардың тауарды өткізу нарығына өзара бөлісуін көрсетті. «Көптеген тірі корпорациялар олигополиялық нарық құқрылымында әрекет етеді,»-деп. 1975 жылы американ экономистері Роберт Хейлбронер (1919ж) мен Лестер Туроу (1938ж) жазды.
«Олар нарықты бөледі және бір-бірімен жарнама, өнім жіктеуді, қызмет жасауды ұсыну т.б. арқылы бәсекелестікке түседі». Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Басты қауіп монополияда жатыр немесе жетілмеген бәсекеде. Жетілген бәсеке көптеген өндірушілердің іске тартып, бірде бір фирманың тауар бағасына әсер етуі болмауын қадағалайды».
Сурет 1
Бәсекенің қызметтері
Реттеушілік Мотивациялық Бөлу Басқару
қызметі қызметі қызметі қызметі
Реттеушілік қызметі. Күресте жеңуі үшін кәсіпкер тұтынушы қалайтын (тұтынушы суверинитеті) өнімдерді ұсынуы керек. Осыдан өндіріс факторлары бағаның әсерімен оларда көбірек қажет ететін салаларға жіберіледі.
Мотивация қызметі. Кәсіпкер үшін бәсеке бір уақытта тәуекелділік және мүмкіндік бола алады:
- сапасы бойынша жақсы өнімді ұсынатын немесе оны азырақ өндірістік шығындармен өндіретін кәсіпорындар табыс түрінде марапаттаулар алады (позитивті санкциялар).
- Клиенттер қалауына жауап бермейтін немесе нарықтағы өзінің қарсыластарымен бәсеке ережелерін бұзатын кәсіпорындарды шығын түрінде жаза алады немесе нарықтан шығарылады (негативті санкциялар).
Бөлу қызметі. Бәсеке тек қана жоғары өнімділікке талпынысты қосып қана қоймай, сонымен бірге табысты кәсіпорындар мен үй шаруашылығы арасында олардың қосқан үлесі бойынша бөлуге мүмкіндік береді. Бұл бәсекелестік күресте басшылық ететін нәтиже бойынша марапат принципіне жауап береді.
Басқару қызметі. Бәсеке әрбір кәсіпорынның экономикалық күшін қадағалайды және шектейді. Мысалы, монополист бағаны белгілей алады. Сонымен бірге бәсеке сатып алушыға бірнеше сатушылар арасынан таңдау мүмкіндігін береді. Бәсеке жетілген сайын баға да әділдірек болады.
Бәсеке аумағындағы саясат бәсеке өз қызметтерін орындай алуын қадағалауға арналған. «Бәсекенің мүмкін интенсивтілігі» басқарушы принципі бәсеке аумағындағы саясаттың мақсаты ретінде қарастырады:
- өнім мен процестерге қатысты техникалық прогрес тез енгізіледі (бәсекенің қысымының астындағы инновация);
- кәсіпорындар ауысып отыратын жағдайларға оңай бейімделеді (мысалы, тұтынушының қалауы), (бәсекенің қысымының астында бейімделу).
Бәсекенің интенсивтілігінің масштабы бәсекелестің инновацияны сәтті қолдануының арқасында табысы бойынша артықшылықтарының жоғалуымен анықталады. Бірінші кезекте бұл пионер-кәсіпорынның алға шығуына бәсекелестер қаншалықты тез жауап береді және сұраныс қаншалықты динамикалық екендігіне тәуелді.
Бәсекенің мүмкін интенсивтілігі басқарушы принципіне байланысты жарыстың жақсы қызмет істеуі үшін керекті жағдайлар өнімнің «тар» индивидуалдандыруы «кең» олигополияда жұмыс істегенде пайда болады. Өнімнің қатты индивидуалдандыруы «тар» олигополияда, керісінше бәсекенің интенсивтілігін азайтады.
Әр нарықтық экономикада бәсекелестік күреске қатысушылар еркін бәсекеге байланысты тәуекелділік пен міндетті нормалардан ауытқуы, мәселен, тауардың белгісін ұрлау немесе бағаларды келісіп қоюға жүгінуі мүмкін қауіпі бар. Сондықтан мемлекет бәсекелестік күрестің ережелерін қадағалайтын (регламент) нормативті құжаттар шығару керек және ол мыналарға кепілдік беруі керек:
- бәсекенің сапасы;
- бәсекенің болуының өзі;
- баға және өнімнің сапасы бәсекенің назарында болуы керек;
- ұсынылып отырған қызмет бағасы және басқа да келісімнің шарттары бойынша өлшемі бірдей болуы керек;
- құқықтық нормалармен қорғалған тауардың белгілері мен маркалары сатып алушыға тауардың шығу тегі мен өзіндік.......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Өнеркәсіптік кәсіпорындарының бәсеке қабілеттілігі
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру
» Курстық жұмыс: Экономика | Бәсеке және монополия
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру
» Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
» Курстық жұмыс: Экономика | Өнеркәсіптік кәсіпорындарының бәсеке қабілеттілігі
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру
» Курстық жұмыс: Экономика | Бәсеке және монополия
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру
» Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
Іздеп көріңіз: