Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан мен Эстония қарым – қатынастары

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан   мен   Эстония   қарым – қатынастары

[b]
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………3
І – тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама
І.1 Өнеркәсіп кешені........................................................................................5
І.2 Жылу –энергетикалық кешені……………………………………………7
І.3 Агроөнеркәсіптік кешен………………………………………………….9
І.4 Көлік кешені………………………………………………………………11
ІІ – тарау Қазіргі экономикалық - әлеуметтік жағдай
ІІ.1 Эстониядағы қазіргі экономикалық реформалар……………………13
ІІ.2 Эстония экономикасының негізгі бағыттары……………………….16

ІІІ – тарау Қазақ - Эстон қарым - қатынастары
ІІІ.1 Саяси – ынтымақтастық байланыстар……………………………….20
ІІІ.2 Сауда - экономикалық қатынастар……………………………………23
Қорытынды…………………………………………………………………..29
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша[b]
Кіріспе
Мемлекеттік атауы - Эстония Республикасы
Астанасы - Таллин ( 427 мың. тұрғын )
Жер көлемі - 47,5 мың.км2 . Европаның солтүстік шығыс бөлігінде ,Балтық теңізінің Фин шығанағының оңтүстік жағалауында орналасқан. Оңтүстігінда Латвиямен және шығысында Ресеймен шектеседі.
Ірі қалалары: Тарту, Нарва, Пярну.
Халқы: 1,45 млн.адам. Этнтикалық құрамы: эстондықтар ( 65% ), орыстар ( 28,2% ), украиндар ( 2,6% ), белорустар (1,5% ) және финдер (0,9%).
Дін: лютерандық. Сонымен қатар православие және католиктік діндер таралған.
Мемлекеттік тілі: эстон ( тілдердің фин – угор тобына кіреді )
Мемлекеттік мейрам: 24 ақпан Тәуелсіздік күні ( 1918 жылдан )
Ақша бірлігі: крона
Әкімшілік – территориялық бөлінуі: Эстония 15 уезд және 6 жеке қалалардан тұрады (Тарту, Нарва, Пярну, Таллин, Кохтла – Ярве, Силламяэ).
Мемлекеттік құрылымы: Эстония парламенттік мемлекет. Қазіргі Конституция 28 маусым 1992 жылы қабылданған.
Мемлекет басшысы: мемлекет басшысы Президент Рийгикогудың (парламент ) құпия дауыс беруімен бес жылға, екі мерзімгі сайланады.патрияның парламенттік сайлауында жеңіске жеткен адам мемлекет басшысы болады. Конституцияға сай Президент Премьер – министрлікке үміткерге Парламентке 14 күннің ішінде болашақ үкіметтің құрылымын анықтауды жүктейді. Бұдан кейін Парламент ашық дауыспен болашақ үкімет кабинетін құруға рұқсат беріп, оны мемлекет басшысы мақұлдайды.
Заң шығарушы органы: Рийгикогуға ( мемлекеттік жиналыс ) тиесілі. Жиналыс мүшелерінің саны - 101 депутат, аралас жүйе бойынша 4 жылғы сайланады. Саяси партиялар және олардың сайлау комиссиялары кандидаттардың тізімін жасайды, біріақ сайлаушы тек бір кандидатқа дауыс береді. Заң бойынша тізімнен тыс адамдар да сайлауға қатысуға құқылы.
Саяси партиялар: Эстонияда 40- тан аса саяси партиялар бар. Соның ішіндегі беделді партиялар мыналар: Орталық партия ( негізі социал- демократиялық партия ), « Res Publika » ( консервативті ) , Реформалық партия , Ұлттық одақ , « Исамаалийт » ( Мелекеттік Одақ ).
І – тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама
І.1 Өнеркәсіп кешені
Өнеркәсіп кешені соғыстан кейін жылдарынан 1990 жылдардың басына дейін Эстонияның басты саласы болатын. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымы машина жасау мен метал өңдеуімен ерешелеленетін, әсіресе электротехникалық, электрондық өнеркәсіп, прибор жасауда. 1990 жылдардың басында өнеркәсіп кешені құрылымын өзгертуде қиын жолдан өтті. Ол кезде өндіріс көлемі күрт қысқарған болатын.1989 - 1994 жылдары аралығында өнеркәсіптің ешқандай саласында ілгерілеу болмады. Өнеркәсіп өнімдерінің күрт төмендеуінің басты себептері Кеңес Одағы елдерінің арасында экономикалық байланыстар үзіліп қалды (кейіннен ТМД елдері). Эстондық өнеркәсіп орындарының өнімдеріне сұраныстың күрт төмендеуі, шикізат тасымалындағы қиыншылықтар тікелей әсер етті. Өнеркәсіп құрылымында бірінші орынға жергілікті ауыл шаруашылық шикізатқа негізделген тамақ өнеркәсібі және ағаш өңдеу шықты.
Машина жасауда қатты өзгерістер болды. Бұл саланың көптеген кәсіплрындары өндірісті күрт төмендетті, ал кейбірі тіпті жабылып қалды. Машина жасаудың кейбір ғылымды және жұмысты қажет ететін салаларының қайтадан жандану мүмкіндіктері бар. Оған мысалы, электрониканы жатқызуға болады. Бұл саланың дамуына және бәсекеге төзе білуне машина жасаудағы тәжірибе, сақталған ғылым және өндіріс кадрлары, ЕО елдерімен салыстырғанда арзан жұмыс бағасы септігін тигізеді.
Химия өнеркәсібі қазіргі таңда 10 кәсіпорынмен сипатталады. Оның ішіндегі МАҚ « Кивитер » - жанғыш тақтатас химиясы, АҚ «Нироферт » - ресейлік табиғи газдан азот тыңайтқыштарын өндіретін кәсіпорындарды ерекше айту қажет.
« Садолин » кәсіпорны Эстония және балтық нарығындағы бояу өндірісіндегі ең ірісі. Өндірілетін өнімнің 70% экспортқа шығады, онда Литва, Латвия және Ресей басым.
Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі эстон экономикасының басты бағыттарының бірі болып қалады. Оның негізгі өнімдері желімді фанер, ағаш сүректі тақталар, жиһаз, сіріңке, целлюлоза, қағаз.
І.2 Жылу –энергетикалық кешені
Эстонияның энергетикасының ерекшелігі - жанғыш тақтатастың рөлі зор. Оның негізінде электроэнергияның 99% құрайды. Қазіргі таңда жыл сайын 14 мың.т жанғыш тақтатас өндірілсе, оның 12 мың.т жуығы электорстанцияны қаматамасыз етуге кетеді.
Жылу – энергетикалық кешеннің ұзақ мерзімді даму жобасы бойынша жылу балансында торф пен ағаштың үлесін жоғарылату болып табылады. Табиғи газды пайдалану да өседі, ол қоршаған ортаны ластауды азайту мақсатына да байланысты.
Эстонияның басты жылу станциялары - Эстондық және Балтық жағалауындағы ГРЭС, оның үлесіне өндірілетін энергияның 97,6% тиеді. Электр желіліері Латвия және Ресейдің желіліерімен біріктірілген және де оның басқару орталығы Латвияда.
Болашақта Финляндия және Швеция энергия желіліерімен бірігу жоспарланып отыр, ал ол кезегінде Скндинавия елдері мен Орталық Еуропа елдерінің арасындағы энергия желіліерімен қамтамасыз ету орталығы болмақ. Жобаның атауы Baltik Ring.
Кеңес Одағы кезінде Эстония мен Ресейдің Ленинград облысының арасында жанғыш тақтатас өндіретін аудандары байланыс орнатқан. Ленинград облысының жанғыш тақтатастары эстондық ГРЭС –терге түседі, ал одан өндірілген электроэнергия осы облысқа келеді. Ресейлік жанғыш тақтатастың Балтық жағалауы ГРЭС – та пайдалану үлесі 40%.
Қазіргі таңда Эстондық және Балтық жағалауындағы ГРЭС – ті жекешелендіру жұмыстары жүріп жатыр. Басты үміткерлер американдық > компаниясы. Сонымен қатар АҚШ татарту желілерін де сатып алуға мүдделі. Осылайша АҚШ Эстониядағы электр энергиясын өндіруде монополистер болуы мүмкін
І.3 Агроөнеркәсіптік кешен
Эстонияда КСРО құрамында кезінде –ақ қуатты агроөнеркәсіп кешен құрылған және де ол етті-сүтті мал шаруашылығына маманданған еді. Мал шаруашылығының үлесі өндірілетін өнімнің 70% құрайтын. Етті-сүтті өнімнің 35-40% Одақтың басқа елдеріне жеткізілетін болған.
Қазіргі таңда елдің ауыл шаруашылығында айтарлықтай өзгерістер болды. Ең алдымен бұл жерге меншікке байланысты. Эстония Одақтың елі бола тұрып, шаруаларға жерге жеке меншік беруге тырысты. Қазір « Реституция заңына сәйкес » жерді стауға және сатып алуға болады. 1989 жылдары алғашқы хуторлар құрыла бастады, 1990 жылы олардың саны 800-ге жетті. Ірі шаруашылықтарды қайта құру, таратып жіберу 1990 жылдары өте қарқынды жүрді. 10 мыңдай хуторлар пайда болды, олардың көбі шағын кооперативтер мен акционерлік қоғамдар. Реформа нәтижесінде көптеген эксперименталды, оқу мекемелері, жем-шөп фермалары таратылды. Бір хутордың орташа жер мөлшері 24,8 га болса, ал бәсекеге қабілеттілерінің жері 50 га-дан асады. Жер қорын тым бөлшектеп жіберу, ірі қожалықтарды тарату ауыл шаруашылығындағы кризистердің бірі болып табылады. Соның нәтижесінде Эстонияның ЖІӨ ауыл шаруашылық өнімінің үлесі 1991 жылы 19% құраса, 1992 жылы 13% және 1998 жылы 4,4% болды.
Ауыл шаруашылығының құлдырауының тағы бір себебі бұрынғы Одақ елдері арасындағы байланыстардың үзілуі. Кеңес Одағы жылдары Эстонияның ауыл шаруашылығындағы көрсеткіштерінің жоғары болуына ресейден және Одақтың басқа елдерінен минералды тыңайтқыштар, техника, отын әкелуінен болған.
Дәстүрлі сауданың жоғалуы ауыл шаруашылық өнімдерінің, ірі қара саны мен мал өнімдерінің айтарлықытый дәрежеде азаюына әкп соқты. Өндірістің өте төмен құлдыраған кезеңі 1990-1996 жылдары болды. Минералды тыңайтқыштарды аз қолдану техниканың ескіруі өнімділікті ң төмендеуіне әкелді (мысалы, 1995 жылы түсім 14,7 ц/га азайған,1993 жылы 21,6 ц/га болатын ).7% 6,4% 17,3% 8,7% 24,5% 8,5% Ауыл шаруашылығының құлдырауының себептерінің біріне халықтың тұтынушылық мүмкіндігінің жоқтығы.
Алайда басқа Балтық елдеріне қарағанда Эстонияның ауыл шаруашылық секторында өнімділік жоғары. Халықтың бар болғаны 7% етіп, ЖІӨ - нің 6,4% құрайды, ал Латвияда 17,3 % да 8,7% болса, Литвада 24,5% да 8,5% құрайды.
Эстонияның ауыл шаруашылығының даму мүмкіндіктері, әсіресе мал шаруашылығы айтарлықтай дәрежеде ресейлік нарыққа тәуелді. Қазір Ресейде эстондық сүт өнімдеріне сұраныс артып отыр....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазақстан мен Эстония қарым – қатынастары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар саясаттану жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]