Курстық жұмыс: Мәдениет | Қазақ этносындағы салт-дәстүрлер

Курстық жұмыс: Мәдениет | Қазақ этносындағы салт-дәстүрлер

Мазмұны
КІРІСПЕ.............................................................................................................3
І. ТАРАУ. Салт-дәстүрдің тұлғаның әлеуметтенуіндегі алатын орны
1.1. Салт-дәстүр туралы түсінік және оның мәдениеттегі орны.....................................
1.2. Салт-дәстүр және әлеуметтендіру.....................................................
ІІ. ТАРАУ. Қазақ этносындағы салт-дәстүрлер және олардың жастарды әлеуметтендірудегі рольі
2.1. Қазақ ауылдағы салт-дәстүрлер............................................................
2.2. Жастардың қазақтың салт-дәстүрлерін қабылдауы.............................
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
ҚОСЫМША (социологиялық зерттеу)...................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................

КІРІСПЕ
Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күн көрісі, әдет-ғұрпы, салты болатындығын білеміз. Мұның бәрі сол халықпен бірге жасасып, оның тарихына өзінше ілесе жүретіндігін байқаймыз. Қоғамдық өмірдің, экономикалық жағдайлардың ілгерілеп дамуына байланысты, халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, сана-сезімі, дүниеге көзқарасы, т.б. өзгеріп отырады. Бір заманда туып, бертін келе, көп уақыт бойына қалыптасқан, белгілі жүйеге түскен дағдыға айналған тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып, салт-сана, алғашқы мазмұнын біртіндеп жоғалта да бастайды. Бұлардың орнына қоғамдық-таптық тілек жағдайларына сәйкес жаңа мазмұн, түр туады. Демек, қоғамдық және экономикалық жағдайлар, олардың дамуы ертеден келе жатқан, қалыптасып қалған тұрмыс-тіршілікке, әдет-ғұрып, салтқа өз әсерін тигізеді, жаңа мазмұнда өзгеруіне, бұрынғы қалпын біртіндеп жоғалтуына жағдай жасайды. Қазіргі таңда қазақ жастарының арасында батыс мәдениетіне еліктеушілік үрдісі кең етек жаюда. Ел болашағы жастар екені белгілі. Алайда, олар өзге мәдениеттердің теріс ықпалын өз бойына жинай берсе, болашағымыз бұлыңғыр болмақ. Сондықтан қазақ жастарының болмысын сақтап қалу үшін олардың әлеуметтену процесіне қазақи салт-дәстүрлерді тәрбие арқылы енгізуіміз қажет.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жастарымыздың арасында батыс мәдениетіне еліктеушілік асқындап барады. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деген Абай атамыздың өзі өзге мәдениеттің жетістіктерін ғана игеріп, яғни өзіңе, халқыңа пайдалысын ал деген еді ғой. Өзге ұлттың білімі асты екен деп ұлттық салт-санаңды ұмыт деген сөз емес қой бұл. Олай болса, ұлтымыздың келешегі жарқын болсын десек алдымен ұлттық салт-санамызды қолға алайық. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген халық даналығы осыны меңзейтін секілді. Тұлғаның әлеуметтену процесіне салт-дәстүрдің әсер ететіндігін ата-бабамыз ертеден-ақ ескерген. Қыз бойжетсе сырға тағып, ұл ержетсе атқа мінгізіп, біріне отбасының тұрмыс-тіршілігі – қазан-ошақ қызметі мен бала тәрбиесін үйретсе, біріне отағасы болуды, ата салтын жалғауды, әке жолын қууды меңгертті. Бұл үрдістің барлығы дерлік ұлттық тәрбие артқылы атадан-балаға беріліп отырды. Тәрбие әлеуметтенудің мақсатқа бағытталған формаларының бірі ретінде тұлғаны әлеуметтік байланыстарға қатыстыру мақсатында, сонымен қатар бұл процестердің кепілдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында қоғам арқылы жүзеге асады. Қазіргі заманғы өркениетті қоғамда тәрбие тұрақты сипатқа ие болып, әр түрлі институттардың: отбасы, білім беру, БАҚ іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Жаңа ұрпақ мәдениетінің қалыптасуында отбасылық тәрбие басты рөл атқарады. Отбасылық тәрбие кең ауқымды диапазонға ие. Оның негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, мәселе оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпақтарға жеткізу, бойына сіңіру, яғни дүниеге келулеріне себеп болған балаларын, өздерін қоршаған ортаға және адамзатқа, өз қоғамына пайдалы мүше етіп жеткізу. Ата-бабаның, отбасының басқа да мүшелерінің, әсіресе естияр ұрпақтың беделі, өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, салт-дәстүрді ұстануы, сананы қалыптастыруы, өз міндеттерін мүлтіксіз атқаруы – бәрі де үлкен тәрбие мектебі.
Қазіргі социологиялық әдебиеттерде «әлеуметтену» ұғымы тұлғаның әлеуметтік ортасының әсерімен қалыптасу процесін зерттеуде кеңінен қолданылып отыр. Әлеуметтену процесі дегеніміз (socialis лат. қоғамдық дег. сөзінен) – сол қоғамға, әлуеметтік бірлікке, топқа тән оқу және адамдық құндылықтардың, нормалардың, бағыттардың, іс-әрекеттің үлгісін жеке адамның қабылдауы, оны қалыптастыру процесі. Әлеуметтену – адамның бүкіл өмірі бойы жалғасатын ұзақ процесс. Әлеуметтенудің бірнеше кезеңі бар. Бірінші әлеуметтенудің агенті отбасы болып саналады, өйткені бұл кезеңге балалық шақ енеді. Екінші әлеуметтену неғұрлым ұзақ болады, оған есейген және қарттық жас кезеңі енеді. Енді бірқатар ұғымдарды әлеуметтену ұғымымен салыстыра қарастырайық.
«Әлеуметтену» және «тұлғаның дамуы» деген ұғымдарды қарастырсақ – бұлар жеке адам мен ортаның белсенді түрде өзара байланысуын және адамның дамуының бір ғана кезеңін емес, бүкіл өмірін қамтитын, әлеуметтік сапаларды қалыптастыру процесі – деп анықтама берсек те, бұл ұғымдарды теңдес деп есептей алмаймыз. «Әлеуметтену» ұғымы «тұлғаның дамуы» ұғымымен салыстырғанда нақтырақ, өйткені ол адамның бойында сол өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік жүйенің тарихи типіне сай қасиеттердің қалыптасуын бейнелейді. «Әлеуметтену» және «тұлғаның дамуы» ұғымдарының айырмашылығы, біріншісі адамның әлеуметтік жақтарын, ал екіншісі әлеуметтік қана емес, сонымен қатар биологиялық жақты да бейнелейтіндігінде емес. «Әлеуметтену» ұғымы «тұлғаның дамуы» ұғымымен көлемі арқылы емес, аспектісі арқылы айқындалады. Атап айтқанда, адамның белгілі бір нақты қоғамда дами отырып, нақты сипаттамалар арқылы ерекшеленуін көрсетеді. Сонымен қатар «тұлғаның қалыптасуы» және «тұлғаның әлеуметтенуі» деген ұғымдарды да ажырата білген жөн. В.В.Москаленконың түсіндіруі бойынша, «тұлғаның қалыптасуы» ұғымы оның қалыптасуының және дамуының аяқталғандығын, кемелденгендігін белгілейтін болса, онда «әлеуметтену» ұғымы адамдағы әлеуметтік сапалардың кемелденгендігін, жетілгендігін ғана емес, жаңа байланыстар жүйесіне тұлғаның енуіне байланысты олардың ары қарай да өзгеріске ұшырап отырғандығын бейнелейді. «Әлеуметтену» ұғымы «қалыптасу» ұғымымен салыстырғанда тұлғаның дамуының неғұрлым жалпы процесін қамтиды. Тағы да бір тоқталатын мәселе – бұл «әлеуметтену» және «тәрбие» ұғымдарының ара қатынасы. Әлеуметтену өзіне әлеуметтік тұрғыдан бағытталған процестерді (тәрбие) де, сонымен қатар тұлғаның қалыптасуына әсер ететін стихиялық, спонтанды процестерді де қамтиды. Осыған байланысты, ғылыми әдебиеттерде әлеуметтердің бағытталған және бағытталмаған түрлерін ажыратады. Бірінші түрге, қоғамның мақсатына, оның «әлеуметтік заказына» сәйкес тұлғаны қалыптастыру үшін, арнайы түрде жасалған әсер ету құралдарының жүйесін жатқызуға болады. Әлеуметтенудің бағытталмаған түрі қоғамдық қатынастардың сипатына байланысты болады. Стихиялық әлеуметтену – жеке адамның өмір сүріп отырған ортасына сәйкес келетін әлеуметтік дағдылардың белгілі бір түрлерінің «автоматты» түрде қалыптасуы.
Зерттеліп отырған мәселенің өзектілігіне негіз болатын тағы бір фактор – қазіргі халықтың әлеуметтік мінезіндегі қиғаш істер мен теріс көріністер. Ерекше бұқаралық көңіл-күйдің, эмоцияның тым көтеріңкі болуы, тобырлық сананың басымдылық танытуы. Өз ұлтымыздың ішіндегі ауызбіршілік пен азаматтық татулық, ұлттық тұтастық, қайырымдылық, тектілік, ұрпақ тәрбиесі сияқты т.б. құндылықтардың құнын төмендетуде. Осының кейбір салдары ретінде қазақтың бір-бірімен орынсыз айтысып, дауласуы, жағаласуға дейін баруы бірліктің, ынтымақтастықтың әлсіреу тенденциясы бар екенін көрсетеді. Сондықтан, бүгінгі өркениет ағымы ішкі «Мені» жоғары азаматқа зәру. Ондай азаматты тәрбиелеудің бір көзі біздің пікірімізше ұлттық рухани мұраларда жатыр. Сол сияқты қазіргі ғылым мен білімдегі олқылықтың бірі – дүниетанымды қалыптастыратын рухани кеңістіктің адам баласыының көне ата-тектік танымдық өзектерінен ажырап, адасып қалғандығында. Осы орайда біз аталмыш зерттеу жұмысымызда Қазақстан халқы үшін және ХХI ғасырға аяқ басқан қазақ елі үшін өзінің төл рухани моральдық қағидаларын, әлеуметтік-саяси ұстанымдарын қалыптастыруға бола ма? Егер ол болса қандай Ұлттық бастауларға негізделуі тиіс дейтін сұрақтарға жауап іздеуге қадам жасамақпыз.Ал осылардың және жоғары да көрсетілгендердің этностық нұсқаларының көзі – ұлттық тәрбие, дәстүр және шешендік өнерде деуге болады. Бүгінгі қазақ елінің ұлттық тәлім көзі де, тәлімгерінің де бірі – шешендік сөз дәстүрі. Шешендік сөздердегі тұрақты акциологиялық принциптерге адамның тағзым етуі неғұрлым берік болса қазақ халқының ішкі руханияты соғұрлым жетіле түседі және елдік тұтастық нығаяды. Егер Сократқа сүйенетін болсақ философияның міндеті – адамдарды өзін-өзі танып білуге үйрету болған. Біздің пікірімізше шешендік сөз өнеріндегі әлеуметтік - философиялық негіздерін анықтаудың мақсаты – сөздердің тәлімдік түп негіздерін танып мойындау және сол арқылы қазақ елін бірлік пен ынтымаққа шақырып өмір сүруге баулу. Өйткені әрбір жеке адамға да, бүкіл қоғамға да рухани азық болатын құбылыстың бірі менің ойымша халық даналығы, халықтық философия. Осы тұста халықтық философияның қайнар көзінің бірегейі болып табылатын ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесі, халық даналығы, шешендік өнері, әлеуметтік философия тұрғысынан алғанда адамның өзіне оның рухани дүниесіне үңіледі, оған үміт артады, ширыққан әлеуметтік мәселелерді шешудің сара жолдарын адамның өзінен іздейтіндігін айтқымыз келеді. Қазақ даласындағы адамгершілік талаптар қоғамдық материалдық әрі рухани дамуының қажетті шарты. Би-шешендер ұстанған адамгершілік нормалар әлеуметтік қатынаста рухани өлшем, адамдардың өмір сүру ережесі, адам мен адам қарым-қатынас мәдениетінің көрсеткіші, әлеуметтегі әр адамның өз орнын белгілеу және оны білу үлгілерінің үрдісі қоғамдағы барлық трансформациялық көзқарастар адамның дүниетанымындағы жылнамалық құбылыстармен бірге жүретін тұтас процесс. Заман мен тарихи дәуірдің мән мазмұнын анықтауда субьектінің бүкіл болмысын айқындау технологиясы басымдылықта болады. Заманды, дәстүрді, тарихты жасайтын адам.Заман - әрі субьективті, әрі обьективті орта. Ол, ең алдымен, адамдардың субьективті өзгерулерінен құралатын, содан соң ғана субьектен бөлініп обьективтендірілетін кеңістік. Сондықтан заман мен дәуірдің түзелуі адамның ішкі рухани дүниесінің түзелуінен бастау алатын құбылыс.
Тақырыптың тәжірибелік маңызы. Дүниеге келген адам бойында адам болудың нышаны ғана болады. Сол адам нышынындағы тіршілік иесін әлеуметтік-тарихи тұлға ретінде қалыптастыратын - әр халықтың тарихи-табиғи болмыс-бітімі, дәстүрдің құдіреті, мәдениеттің сабақтастығы. Адам еш уақытта өзінен өзі адам болмайды, адам болуды шыр етіп дүниеге келген күннен бастап үйренеді. Ал адамды адам ететін – жұмыр жерді мекен еткен сан толқын ұрпақтардың ақыл-ойы мен тірнектеп жинаған тәжірибесі. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден балаға ауысатын тарихи-әлеуметтік, қоғамдық практикалық дәстүр сабақтастығы болмаса, адамзаттық прогресте болмақ емес. Өмір-салттың тіршілік-болмыстың ғажайып сабақтастығы үзілген жерде адам баласы бәрін де тәрбанып қайтадан бастауға мәжбүр болар еді. Әрбір адам баласының бойында адамзат баласы жүріп келе жатқан жолдағы баға жетпес тарихи тәжірибесінің үлгісі бар. Сол тарихи-мәдени тәжірибені танып-білу арқылы адам баласы өзінің парасат-болмысын шыңдайды. Үп еткен желге тамырын үзіп, тоқтаған жерге тұқымын төгетін адам баласы қаңбақ емес. Саналы адамның ең бір мәнді белгісі: Рухани отырықшылығымен, яғни қоғамдық-әлеуметтік таным-тәжірибесінің тарихи сабақтастығымен дараланады.Қазақ халқының өмір-салты көшпелі болғанымен, рухани болмысы көшпелі болмаған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінен және оны зерттеудің тәжірибелік маңызынан дипломдық жұмыстың мақсаты мен негізгі міндеттерін айқындау мүмкіндіктері туады.
Жұмыстың басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрдің тұлғаның әлеуметтенуіне ықпалын анықтау. Жүргізілген зерттеуде қойылған мақсат, міндеттерге сай жұмыстың қосымша міндеттеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
• Қазақтың дәстүрлік мәдениетінің басты типі, қайнар-бастауы – ауыз әдебиеті, фольклор екендігі белгілі. Ата-бабамыздан келе жатқан бесік жыры, батырлар жыры, ертегілер мен аңыз әңгімелер, би, шешендердің үлгі тұтарлық тәрбиелік мәні бар сөздерінің тұлғаның әлеуметтену үрдісінде алатын орнын анықтау;
• қазақ даласындағы халықтық белгілерді көрсету және осы орайдағы ұлттық тәрбиенің орнын сараптау;
• қазақтың ұлттық тәрбиесін сипаттайтын ұғымдардың мәнін ашып, этнотәрбиенің біліктілік ерекшеліктерін анықтау.
Ұрпақ тәрбиесі, бүгінгі қоғамға лайықты азаматтар тәрбиелеу күрделі мәселелердің бірінен саналатын, үлкен жауапкершілікті жан-жақтылықты талап ететін процесс. Осыған байланысты қоғамның жаңа ғасырға өтпелі кезеңінде, үлкен өзгерістер мен жаңалықтарға толы мерзімде болашақ азаматтарға білім мен тәрбие беру мекемелерінің алдында жауапты міндеттер тұр. Қазіргі сәтте осындай келелі мәселелерді шешу мақсатында уақытқа ыңғайластырылған тиімді әдіс-тәсілдер іздестірілу үстінде. Тәрбиелеудің қиындығы оның нетижесі бірден көріне бермейтін әрекеттерге жататындығында. Яғни тәрбие беруде барлығын жан-жақты терең ойластырғанда ғана жемісті болатынын педагогика және психология ғылымдары зерттеп дәлелдеуде. Кеңестік дәуірдегі ғылыми педагогикада: "Тәрбиелеу ісі ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа байланысты қамтамасыз етеді.
Мұнда, тәрбие процесінде жастар өзінің алдындағы ұрпақтар жинақтаған коллективтік (ұжымдық) тәжірибе мен білімдерді меңгеруге ғана тиіс емес, сондай-ақ оның бойында өмір алға қоятын, аға ұрпақ шешпеген жаңа міндеттерді шешу үшін қажетті қасиеттер қалыптастыруға тиіс" деп айтылғанды. Ал кейінгі кездегі бала тәрбиелеу бағытындағы күрделі өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамасында: "Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру" деген түсінік береді. Екі анықтама да әртүрлі кезеңде берілгенімен, тәрбиеде көзделген мақсат біреу - ұрпақ пен ұрпақты байланыстыруы, сабақтастыру, тәжірибеде шыңдалған тәрбие түрлерін, әдістерін келесі ұрпаққа жеткізу, солар арқылы тәрбиелеу болып табылатындығын айғақтайды. Жоғарыда аталған тұжырымдамада: "Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу" делінген. Бұл қоғамға қазіргі кезде қандай адам тәрбиелеп, өсіру керек деген сауалдарға толыққанды түсінік береді. Осы жерде ұлттық ерекшеліктерді меңгеру үшін ең алдымен, ұлттық сана-сезімнің басым болуы керек екендігін баса айта кету керек. Басқалай айтқанда, бүгінде қоғам алдында ұлттық сана-сезімі оянған, қалыптасқан, ұлт дегеннің не екенін (біздің жағдайымызда казақ үлты) сезінетін азаматтарды тәрбиелеу міндеті тұр. Ол жөнінде белгілі тарихшы-ғалым Қойшығара Салғараұлының "Ертеңі бар ел боламыз десек" деген еңбегінде жан-жақты түсінік беріледі: "Ұлттық сана деген абстракт үғым емес, ол – ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халықтың бүкіл ғұмырнамасының, әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дәрежесін, яғни халықтың өзін-өзі жете танып, түсінуі. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді. Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады дейді. Осыдан шығатын қысқаша қорытынды ұлттық сана-сезімді ояту үшін халықтық дәстүрлерді, әдебиеті мен мәдениетін, өнерін келер ұрпаққа дұрыс түсіндіре алу, жеткізу, үйрету керек. Жастардың ұлттық дүниетанымын халықтың ерекше қасиеттері арқылы кеңейтіп тәрбиелеу, оны әрі қарай дәстүрге айналдыру олардың бойында ізгілікті қалыптастырады.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Көп уақыт бойы қазақтың халықтық тәрбиесіндегі ерекше қасиеттерді пайдаланып, оны ұрпақ бойына дарытуға мүмкіндік болмағаны тарихи шындық. Ал қазіргі кезде тәрбие жұмыстарының бағыттары толығымен өзгерді, қазақтың халықтық педагогикасының ерекшеліктері, мүмкіндіктері жан-жақты зерттеліп, көптеген ғылыми еңбектер, монографиялар, оқу-әдістемелік құралдары жарық көріп, сандаған мақалалар жариялануда. Бұл тұрғыда заман ағымымен бірлесе этнопедагогика проблемаларына ден қойған бір топ қазақстандық этнопедагог ғалымдардың еңбектерін жұртшылық қызығушылықпен пайдалануда. Атап айтқанда, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, М.Смайлова, Қ.Бөлеев және тағы басқаларының еңбектері. Осы сияқты халықтық педагогиканың қыр-сырын ұғындыратын еңбектер қазіргі үлкен бет бұрыстар кезеңінде ауадай қажет деп айтуға болады. Ал филология ғылымдарының докторы М.Тілеужанов болса: Тәрбие ұрпақ үшін күрес құралы" дейді. Бұдан шығатын қорытынды - егемен елдің негізгі мақсаты мен міндеті ұрпақ тәрбиелеумен астасады деген сөз. Өйткені елдің ертеңі жемісті тәрбие алған ұрпақпен тығыз байланысты. Сондықтан өткеннен бүгінге жоғалмай жеткен әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді келер ұрпақка аманаттау азаматтарды тәрбиелеу үрдісінде халықтық тәрбиенің барлық мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігі туындайды.
Адам баласының тарихына қарасақ, әр халықтың қоғамдағы тірегі, ұлттық тағылымды қалыптастырушы, жалғастырушы ата-анаға деген көзқарас пен құрметі ерекше болған.
Қазақ табиғатында отбасы иелері ең әуелі өз ұлы мен қызының алдында тәрбиелі, өнегелі, көргенді, үлгілі болуға тырысқан. Оның ең басты себебі, "ұлдың ұяты-әкеде, қыздың ұяты-шешеде" деп бағалағандықтан. Алғашқы мүшелі 13 жасқа таяған кезінен бастап ата-ана өз балаларын тұрмыс пен салтқа бейімдеген, шеше көріп тон пішуге, әке көріп оқ жонуға баулитын болған. Сол кезеңнен бастап-ақ, әке қызына айтар ескертпесі мен қолқасы болса анасы арқылы жеткізген. Қызын - арға, ұлын - нарға балаған. Алайда, осылайша үкілеп, үлбіретіп отырған қыз баланың өзіне де талап қатал. Анасы қызына шолпы таққан шашы ажарлы, сүмбіл, сұлу болсын деп не қатықпен, не ірімшіктің сары суымен мезгіл-мезгіл жуғызып, ең әуелі өз басын қадірлеуді үйретеді. Аналардың мейірімді жүзі, киім киісі, төңірегіне деген көзқарасы, кісіні жатсынбауы, кең пейілділігі қызықтыратын.
Қазақ қыз келіншектері мен ер азаматтарының бойында өзге халық өкілдерінің бойынан көрінбейтін, дара қазақы болмыс жарқырай көрініп, жүрекке жылы әсер ететін. Әсемдік дегеніміз бүгінгі - эстетика! Әдеп дегеніміз - этика! Жастарымыз күні кешеге дейін өз ата-баба тұрмысындағы салт-дәстүр туралы сөз қозғалса-ақ "қараңғылық" "надандық" деп сілкініп шыға келді. Бойға сіңіре білсе сол кездегі тұрмыстық әдет-ғұрыптың талайы жүзінде имандылық үйірілген, айналасына нұрлы шапағат, өзгеше қалыптасқан құрмет, ізеттілік сыйлайтын.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. XX ғасырда барша адамзатпен бірге қазақ ұлты да танылды, өзін таныта білді. Сонымен қатар өзгені де танып, таңдаулы деген ілім-білім әдет-ғұрьпты қабылдады. Бұл бағытта қоғам көшіне ілесіп, жұмыр жердің бетінде қазақ баласының табаны тимеген жер қалмады десе де болады. Ал енді атыңның қазақ екенін танытқанда, затыңның, тіліңнің қазақ екенін неге мойындатпасқа!
Ұрпақ тәрбиесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бұрын қазақ жастары мектеп пен медреседе этика мен эстетиканы мүғалімнен оқып білмеді демесек, қызы анадан, ұлы әкеден үлгі-өнеге алды От басы -шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің ең жауапты тірегі - Ана мен әке. Ана қызына от басын қалай ұйытып отыруды, әке ұлына сол отбасының берекесін келтіріп, қызуын арттырып, оны қас қақпай қорғауды, асырап-сақтауды үйреткен.
Төле би бабамыздың: "Әйел жақсы болмай, ер оңбайды. Ердің бақытын кетіретін де әйел, ерге бақыт әперетін де әйел" деген сөзінен де ананың өмірдегі құдіреттілігін, бағасының өлшеусіз екендігін аңғарамыз. Қазақ ұлтының этностық ерекшелігін байыптасақ, бұл халық – ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластыратын, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан дарқандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттылыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкке-сұңқар етіп тәрбиелеген. Хакім Абайдың: «Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел. Алдыңғы толқын - ағалар кейінгі толқын – інілер; кезегімен өлінер, баяғыдай көрінер", - дегеніндей тіршілікке тірек, бірлікке білек болған қарттарымыз көшеді оның орнына жаңа толқын жастарымыз өседі. Олардың арман-мүддесін бәйтерек тектес дараланған дарынын, мыңдаған жылдан келе жатқан тектік інжу-маржандарын өмірдің биік төріне қарай жалғастыра түседі ата-баба дәстүріне адал ұрпақ барда ұлттық рухымыздың кәусар бұлағы еш уақытта сарқылмайды, адамзаттық өркениетке кенересі кең арна болып мәңгі бақи құя береді. "Жақсы сөз - жарым ырыс" дейді қазақ талайды қызықтырып, үлгі болар әдет-ғұрып сандаған қиындықтардан сүрінбей аман өтіп күні бүгінге дейін жетіп отырғанда ілім-білімді, зерделі санасы толысқан ұрпағы осы қазыналарды тәрк етіп, аттап өтпесе екен.
Әсіресе, әдептілік пен инабат, иба әлемдегі мұсылман елдерінде ерекше жетілген. Бүгінгі қазақ дүниенің төрт бұрышына осы қасиетімен де .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазақ этносындағы салт-дәстүрлер курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар мадениет жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]