Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

Мазмұны
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Қазақ хандығы тұсындағы ақын – жыраулардың психологиялық тағылымдары.
1.2 XIX ғ екінші жартысындағы қазақ ғұламаларының психологиялық көзқарастары.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
XV—XVII ғғ. этнопсихологиялық ой-пікірлерІ (Асан қайғы, Қ. Жалайри, М. X. Дулати, Шалкиіз, Жиембет жырау, т. б.) XV—XIX ғасырдың бірінші жартысы қазақ халқының, өз алдына хандық құрып, тайпалар бірлестіғі мен феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дәуірІ еді. Осы кездері қазақтын. езіне тән рухани мәденнетінің өзіндік беті де айқындала бастайды. Ол, әсіресе, халықтың тілімен, жол-жоралғысы, жөн-жосық, салт-дәстүрінен айкын сезіледі. Мәселен, кейбір жазба ескерткіштердің де осы ксзде таза қазақ тІлінде жазылуы осының жақсы айғағы (Қадырғали Қосынұлынын, «Жылнамалар жинағы» т. б.).
Қазақтың кең өлкесі сол бір кездерде жасақ пен жортуылдың шаңына мықтап булыққан еді. Өзбек, ноғайлы хандықтары ыдырағаннан кейін кең байтақ қазақ даласы қанды майданның орталығына айналды. халкымыз жүздеген жылдар бойы жоңғарлар шабуылына тойтарыс беріп отырды. Осы кезеңде қазақ мәдениетінің біршама тоқырап, тірнектеп жинаған рухани байлығының біразынан айрылып қалуына да осы айтылған қиян-кескі соғыстар, жойқын шабуылдар мен жорықтар себеп болғаны хақ.
XVIII ғасырдың отызыншы жылдарынан басталған патшаның қазак жерін отарлау саясаты «жұт жеті ағайынды» дсгендей «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасына ұласып, өмір бойы бейбітшілік аңсаған дала халқының басына теңдесі жоқ қайғы-қасірет әкелді. Бұл айтылғандар жайсаң, психологиямызға қолайсыз 'етіп, жұртты мықты жан күйзелісіне үшыратқаны белгіліі. ӘсІрссе, патша отаршылары хандық дәуірді риып, өздері ойлап тапқан «Жаңа низам» атты ел билету хұқын жарыққа шығарып, «бөліп ал да билей бер» ойьіна келген неше түрлі заң-зәкүндерді ойлап тапты Мәселен, патша әкімшілігІ қазақ даласына «Сібір қазактары туралы» (1822), сондай-ақ «Кіші жүзде ел басқарудың дистанци ялық системасы» (1831) деген жаңа заң жүйелерін шығарды, казаққа тиімсіз саудаластық күшейе түсті. Орыс саудагерлері казақтың мыңдаған малын отар-отарымен сатып алып, Ресей жәрмеңкелеріне тоғытып жатты. Ақша айналымы күшейіп, көшпелі халық өкіметке алым-салық төлейтін болды, жарлы-жақыбайлар басыбайлы шаруа күйіне түсті. Отарлау саясаты халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-сана, әдет-ғұрып, ұлттык, психологиясының калыптасуына кері әсер етті. Сәбидей жаны таза, ақ көңіл, пейілі кең дала тұрғындарынъщ арасы жарамсақтар мен жалтақтар, арызкойлар мен пысық атка-мінерлер, жантыктар мен жылпостар шыға бас ды. Қазақтың не бір игі жақсылары — бай, мырза, патша жандайшаптарының, аузынан арак аңқып, темекісІ сасыған топас, өркөкірек урядник, полицейлері алдында құрша жорғалай бастады. Діні үшін емес,күні үшін «тіршілік» етуді өздеріне мақсат тұтқан елпекбайлар көбейе түсті.
1. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАРЫ
Осы кезеңдегі дала ойшылдарының, ішінде моралдық-психологиялық толғаныстарымен ерекше көзге түскендердің бірі — кейіннен көшпелі елдің философы атанған алғашқы казақ хандығының, айналасында ақылгөй, ықпалды кеңесшісі,/ Әбілқайыр ханнық тұсы Керей мен ЖәнІбек сүлтандардың ақылшысы боп туған халкының тағдырына, оның күйкі тіршілігіне қабырғасы кайысқан Асанқайғы елі кайғы-мұңсыз, жаны да: жері дежайсаң, жауласу мен араздасуды білмей «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» жерді іздеп тапқысы келді. Осы мақсатпен желмаясына мініп алып казақтық кең-байтақ даласын, тау-тасын шарлап кезумен болды.
Асанқайғы жайлы қиял-ғажайьш аңыздар XV ғ. шеніндегі қазақ даласындағы коғамдық-тарихи жағдайды бейнелейді. Жырау бейбітшілікті_өз толғауларына ту етті, барша әлемге гуманистік пйғыл мен қарады. Ол Алтын Орда мен Ақ Орда күлағаннан кейін күшейе түскен феодалдық өзара кырқысуларды Дешті Қыпшақтан ЖетІсуға, Шу мен Талас өзендері алқа на казақ рулары мен тайпаларының жаппай көшіп тұруына риза болмады. Жырау қартайған шағында сарыарқада (Ұлытау өңірінде) өзінің, арманы — қасірет шеккен көшпенді халқын бакыт пен игілік алмай, арманын орындай алмай дүние салды. Оның Жиделібайсын (Жерұйық) туралы асыл арманы бейібт өмір сүруді аңсаган бүкіл казақ жүртының . Асанқайғы есімі тек қазақтарға ғана емес, сонымен бірге басқа да ағайын халыктарға да (қырғыз,қарақалпақ, ноғай, т. б.) кеңінен тараған. Жырау толғауларында психологиялық мәні зор канатты сөздер көп. Қазақ жерінің табиғат жағдайларының, мекендейтін адамдарының жаң-дүниесІ ерекшелігін көрсететін деректерді, осы кезге дейін сақталған жер атауларын көптеп кездестіруге болады.
Жырау ру-тайпалық одақтардың генеалогиясын, халыктық әдет-ғұрып дәстүрлердІ дәріптеп, өмір сүрудің «әні туралы, жаксы-жаман адамдар, үлкенді сыйлап-кастерлеу, олардың акылын алу, бір-бірімен босқа қырқыспау, бейбіт өмір кешуге, ізгі ниетті қарапайым, адал, («өлетүғын тай үшін, қонатұғын сай үшін, желкелерін. күрысып, бір-біріңмен ұрыспа») шыншыл, иманды болуға шақырады. Барша жұрттың қайғы-қасіреті, өзара әділеттілік-теңдіктің болмауынан артық бақытсыздық жоқ, үйлесімді өмір сүру үшін әр гадам өзІн-өзІ жетілдіруі қажет, ізгілікті болу — бүкіл жаплы зат атаулының бәріне ортақ Ниетін гуманистік тұжырым жырау творчествосының негізгі арқауы.
Асанқайғы толғауларына сабақтас көшпенділер өмірініц жықпылдарын, оның өзіне тән психологиясын тамаша суреттеген дала ақылманы Казтуған жырау біздің шамалауымызша XV ғасырдыділ арасында, қазІргІ Астрахан облысының Қызылжар қаласына жақын маңда дүниеге келген. Жыраудың өмірі туралы нақты мағлүматтар сақталмаған. Көшпенділердің әскери ақсүйектері арасынан шыққан Қазтуған Еділдің салалары Ақтүма мен Бүзын бойына коныс тепкен ноғай тайпаларының әскер басы және ру көсемі болған. Бүкіл XV ғасыр бойына созылған Дешті-Қыпшақтың өзара қыркысқан күресі кезеңінде сол өңірдегі руларды Қазақ хандығынық күрамына енгізген. Бұл, уақиға казақтардың қазіргі Орталық және Батыс Қа-зақстан территориясында түбегейлІ орныккан кезінде,яғни шамамен 1460—1480 жылдары болса керек. Қазтуған шығармашылығы көшпендІ казақтардың көне суырып салма поэзиясынан сусындатады. Жырау дала тұрғындарын өмір сүрген.
1.2 XIX ғ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Шоқан Уәлиханов
Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этнографиясын зерттеген шовинистік рухтағы орыс ғалымдарының еңбектерінде халкымыздың ондаған ғасырлық тарихы бар мәдениетіне қиянат жасалып, тіпті ұлттық психологиямызға күйе жағылып, екінші сорттағы халық деп келгені белгілі.
Осындай келеңсіз көзқараска жыр жағдайында алғаш қирата соккьі беріп, туған халқының ұлттық ар-намысын қызғыштай қорғап, қазак халқын «тағы халык» деп қарау мүлде кате, бүл білместіктен айтылған сөз, халкымыз ертеден елдігі, өзіндік өнерІ бар, ылғи да көшіп-конудың салдарынан оқу-білімінен кенжелеу қалса да рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға үмтылғыш, жаналыққа ерекше бейім халық деп тебіренді. Осымен қатар Шоқанның алдына қойған тағы бір мақсаты өз халкының өмірін жете зерттеп, қен, даласы мен дархан халкын берісі орыс, арысы Еуропа жұртшылығына таныстыру еді. Сондықтан ол өз еңбектерінде дала халқының коғамдық өміріне ерекше үңіліп, жан-жақты зерттеді. Бүл жерде ол танымдық жағынан зор ғылыми маңызы бар деректер келтіріп қана қоймай, кейбір қисынды ой топшылауларын да ортаға салды. Шоқан өз халкыньщ тарихын мәдениеті ерте танылған елдермен сабақтастыра сипаттайды: «Біздің бай және поэзиялық құны жоғары, реалистік әдебиетіміз бар. Ол Шығыстын эпосына .емес, индогормандық эпосқа үқсайды»,— деп ой түйіндей келе, ол қазақтардық рухани байлығын өркениет аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды. Енді бір еңбегінде ол былай деп жазады: «Түрік тектес халықтардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алады деуге болады. Біздің Шығысты зерттеуші ғалымдарымыздың арабтар туралы айтқан сөзі казақтарға дәл келеді. Қазақтар да бәдәуилер жаратылысынан өлеңшІ және ақын».
Ұлттық психика өнер саласында ерекше көрінеді, өйткені өнер адамдарының өз айналасын көркем түрде қабылдап алу ерекшеліктерін, біртіндеп қалыптасқан халықтық эстетикалық талғамдарын көрсететін коғамдық сананың, бір формасы.
Шоқан қазақ ақындарының төгілдіре жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады. Күні бүгінге дейін халқымыздың ұлттық психологиясынан елеулі орын алып келе жатқан айтыс өнері, адамның, төгілдіре жырлау, суырып үлкен тапқырлығын, киыннан қиыстырар кабілетін шеберлгін ерекше қажет етеді. Мүндағы түйдек-түйдегімен айтылатын сөз нөсері, бұлтаруға ырық бермейтін таза шындық, әзіл-шыны аралас өткір сөзбен карсыласының қапысын тауып, оны кенеттен мүдіртіп тастау, беталды мақсатсыз айтылған пікір-таласының орын алмауы әр сөзінің мірдің оғындай болуы — Шокан айтқандай қазақтардың шешендік өнерге қабілетті, өлең мен жырға икем келетіндігінің айкын айғағы. Шоқан жалпы көшпелі халыктардын қай-қайсысына да осындай қасиет тән екендігін атап көрсетеді: «Көшпелі елдердің қайсысының, болсын бір өзгешелігі — олар өлең-жыры бай, шебер келеді. Бәдәуилердің ақын келетіндігі Еуропа халықтарына әбден мәлім. Араб даласын кезгендер бәрі де жалаңаш жүрген жас баланың өзіне беріл сұраулардың бәріне кисынды, ұйқасты өлең,мен жауап кайтаратынын айтып ауыздарының суы құриды. Монғол, түрік тектес рулар дәл осындай». Шоқан бұл ха- лықтарда төкпе, суырып салма қасиеттің мұншалықты дамып жетілуінін, сырын ашуға да тырысты. Ғалым казақ халқынын, ұлттық психологиясын мына төмендегі пікірлерінде жеріне жеткізіп сипаттаған:'«...қазақ барлық сенім, әдетімен де,—деп жазды ол,—ойын сауығымен де, әр кезде жасаған адамдарының, тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті аңыздар, өлең-жырлар жасаумен де, сауыққа құмарлығымен де, халықтың, заңнын көптеген кодекстерін сақ- таумен де, соттық шешімдерімен де, полициялық шарлармен де, ең ақылдылардың катарына қосылады» халқының мәдениетІ мен әдебиетін, әдет-ғүрпы мен психологиясын осыншама жоғары бағалаған Шоканды қайтып қана кадір тұтпассын!
Көшпенді ата-бабаларымыздың психологиясы тура Шоқан бір еңбегінде тағы да былай деп жазды: «Тархи жағынан алғанда қазақ халқының поэзиялык, ру. тамаша, біріншіден ақындарының еске тұту жайы барынша ғажап болғандықтан... өз батырлары туралы
деректерді бұл күнге дейін бұрмалаусыз сақтап келген. Одан да ғажабы — әсіресе, ақындарының, эпикалык жырлары кең, даланың кай қиыр түпкірлерін айтылмасын, бір ғана қолжазбадан көшірілгендей көшпелі орданың, (қазақтық —Қ. Ж-) ауызша тарихының осыншалық дәлдігі таңырқарлықтай, сөйтсе де бүл 'күдік келтіруге болмайтын ақикат факт».
Шокан Уәлихановтың пікірінше, халықтардың ұлттық психологиясын көрсететін белгілердің бірі — сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік касиеттері. Ол сөз өнерін халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың, белгісі деп санады. !«Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы,—деп жазды ол,— бәрінен де артық тілден көрініс табады. Өйткенді қастерлеу және аңыздарының молдығы — терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының, ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл.»
Ғұлама ғалымның, осы пікірлерін кең-байтақ өлкемізде болған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды. Олар халқымыздың салт-санасы мен әдет-ғүрыптарындағы өнегелі де айшықты жақтарын» атап айтқанда, сөз өнеріне жетіктік, шешендік пен парасаттылық, суырып салмалық, нақыштап сөйлеуге жаны кұмарлық, тағы басқа қасиеттеріне аузының суы кұрып танданған. Мәселен, «Өлең-жыр,—деп жазды П. И. Пашино,—қазақтардың жан серігі, карапайым адамдардың өзі суырып салып айтуға бейім тұрады». Ал, А. Брем «қазақтар сөз өнеріне жетік келеді — бұл жұрттық бәріне, оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет» дейді. Белгілі ғалым |В. Радлов «Қазақтар нақышты сөйлеуді бар өнердің, алды деп біледі, сондықтан да олардың поэзиясы даму жоғары сатысына жеткен»,—деп түйіндеген. Алғыр ойлы, сезімтал Уәлиханов көп заманннан бері қазақтармен аралас-құралас Орта Азия, Шығыс Түркістан халықтарының, тіршілік-тұрмысындағы өзіндік өзгешеліктерін де шұкшия зерттеп, бұларды ғылыми әлемге паш етіп анықтап берді.Мұны ол сырттан жорымай, олармен мидай араласып, ел арасында жүріп ерінбей зерттейді. Мәселен, ол қашқарлықтардың, (уйғырлардың) психологиясын, әдет-ғұрпын, тіл өзгешеліктерін алғаш рет зерттеушілердің, бірі болды. Ол осы-халықтың ата мекені Шығыс Түркістанға ғылыми сапар мен екі рет барып кайтқаннан кейін ұйғырлардың өзіндік ерекшеліктері, көне тарихы мен мәдениеті туралы құнды еңбектер жазды. Ғалым ұйғырлардың бостандық пен тәуелсіздік жолындағы ерлік істерін, өз Отаңын жан-тәнімен сүю сезімінің- жоғары екендігін көрсете біліп, «патриотизм — олардың ең, тамаша қасиеті» екендігін ерекше атап өтті. Қашқарлықтардың, мінезі жайдары, елгезек, адамға жұғысқыш, еңбеккер және өте кішіпейіл,— деп жазды ол бірде.
Ғалым Шығыс Түркістанды мекендеуші көптеген халықтардың (қырғыздар, түрікмендер, өзбектер, қытайлар, т. б.) психологиялық ерекшеліктерін, олардың қайсысына тән әдет-ғүрыптары мен салт-дәстүрлерін де білгірлікпен көрсете келіп, бұларды ерекше дәріптемей, психологиялық жағынан бір-бірімен тең түсіп отыратындығын айта келе, ұлттық томаға-тұйықтық көзқарасқа да соққы беріп отырады. Шокан аталған халықтардық экономикасы мен мәдениетіндегі артта қалушылықты, әсіресе туған халқы — қазақтардың бұларадағы кешеуілдеген жағдайын баса айтып, одан шығудың жолдарын көрсеткісі де келді. Бірақ Шоқан көрсеткен жолдың түп-төркіні — тек ағартушылық жол еді. Шокан психологиялық пікірлерінде материалистік сарын ертеде байқалады. Оның еңбектерінде адам психологиясы сыртқы ортаға, әсіресе географиялық, табиғат жағдайларының, әсеріне байланысты қалыптасып отырад. Бірақ Шоқан адам психологиясының қалыптасуындағы тарихи-коғамдық факторлардың шешуші ролінен ұлттық мінез-кұлқы қалыптасады.
Шоқанның психологиялық пікірлерінің, екінші бір арнасы оның дін жөніндегі толғаныстарымен астарласып жатады. Ғұлама ғалым алғашқы адамның киялы мен діни сенімдері оның табиғатқа тікелей қатынастарының бейнесі ретінде пайда болғанын айтады. Ол қазақ дала-сында кейінірек тараған шаман дінінің пайда болуының, да белгілі себептері бар дейді. Білім-ғылымнан кенже, тәжірибесі аз адамның табиғатпен күрестегі енжарлығы, оған тәуелді болуы — діни елестер мен сенімдердің. пайда болуының көзі. Онық ойынша діни сенімдердің пайда болуының," екінші бір көзі адамның жан-дүниесінің, онын сана-сезімінің кейбір ерекшеліктерінен туындайды. Дүниедегі ерекше бір керемет — адамның өзі. Оның жаны, қабілеті, ойлайтын және бәрін білгісі келе-тін рухани өмірінің зерттелуі аса киын нәрсе. Адамның табиғат күштерінен қорқуы — діни түсініктерінің пайда болуының басты себептерінің бірі. Жас сәбиге үқсаған алғашқы адам үшін табиғаттың апаттары қанша қаһарлы болса да ол одан жасырына жан сауғалай алушы еді. Ендігі-бІр үлкен қырсық адамның, өзінде болды. Өзі сезінетін, бірақ түсіне алмайтын сиқырлы күштен қорқу, үрейленуден теріс түсініктер туындады.
Шоқан қазақ халқындағы шамандық ұғымдарды (ем, ұшық, сиқыр, арбау, кесір, кие, тіл тию, көз тию, ырым, т. б.) шығу тегін түсіндіргенде де оның психологиялық жақтарын ашқанда да материалистік позицияны берік ұстады. Ол осы ұғымдардың, адам баласының ерте кезде табиғаттың алдында дәрменсіздігінен, оның сан қилы кұбылыстарын түсінуге шамасы келмеген кезде пайда болғандығын, мүның дала жұртының ғылым мен мәдениеттен кенже қалғандығынан күнделікті тұрмыста әлде де сақталып келе жатқандығын нақтылы мысалдар келтіре отырьш, тәптіштеп түсіндіреді. Ғалым діннің. гносеологиялық шығу тегін, тамырын ғылыми тұрғыдан түсіндіре алса да, оның элеуметтік мәнін ашып көрсетпеді.
Шоқан психологияда өзіндік теориялық ғана жасап қоймай, өзін шын мәніндегі практик психо- лог ретінде де көрсете алды. Оған ғалымның жекелеген адамдарға берген сипаттамалары жақсы дәлел. Мәслен, құлжалық Тоғалдай деген кісіге берген психологиялық сипаттамасында былай деп жазды: «Тоғалдай сығыр кисық көзін үлкен көзілдірігімен сәндеген, қаршыға тұмсық, арықтау келген қарт. Оның аузы сәл кисық, үстіндегі ерні үш бұрыш сияқты, ортасы үш бұрышты төбе киығындай да, ернінің екІ шеті ерінге тіреледі, қушиған сүйір иегі қылтанақсыз, тап-таза. Еріндерінің арасынан онымен тамаша табысқан көгілдір-буырылдау; кофе түсті сынық тістері көрініп тұрды. Жасына карамастан, ол өте сөзшең екен, шұнаңдап-ақ тұр. Үстіне жібек шапан киіп, кара белбеу буынған, оған темекі дорба мен желдеткіш ілген». Ал Шоканның қытай қызына берген мінездемесі де тамаша! «Бет ажары бір қыдыру сүйкімсіз де емес... кою қара шашы артына қарай жиналып, сәнді өрілген, сүмбідей өкшесіне түсіп тұр. Басына әр түрлі көбелектер мен сүйкімсіз бүрішктері бар қолдан істелген гүл шаншылған. Еріндеріне далапты қалың жаққан және ол маржан тасындай кып-қызыл. Ол өзінің қысықтау көзімен біресе жоғары, біресе төмен қарап, көз алдыңнан әсте кетпей кояды».
Осы үзінділердегі адам портреті сом күйінде суретішінің қыл қаламымен полотнаға түсірілген бояулы суреттей бейнеленген. Бұл суреттемелер өзінің көркемдігімен, адам жанының нәзік қырларын көрсеткендігімен оқырманды бірден өзіне баурап алады. Шоқан шығармаларында осы іспеттес психологиялық бейне жасау ролі. Мәселен, Құлжадағы түрлі ұлт өкілдері саудагерлердің киген киімдері, сырт келбеттері, нақты істері мен сөздері, тіпті қолдарындағы заттары мен шылдырлаған теңгелеріне дейінгі ұсақ-түйектер автор назарынан тыс қалмайды. Мүның бәрін білгірлікпен суреттеп беру тек адам жайын жазбай танитын аса сезімтал психолог кісінің ғана қолынан келетіні белгілІ.
Көркем очерк түрінде жазылған Шокан күнделіктері мен қолжазбалары — «Құлжа сапарының күнделігі»! «Қашқария сапарының күнделІгІ» психологиялық жағынан құнды дүниелер. Табиғатты көз алдыңа әкеліп кісіні қызықтыратындай бейнелеп жазу, бұларды сол өңірдегі халық өмірімен, жеке адамдардың қайталанбас өзіндік психологиялық ерекшеліктерімен байланыстыру шеберлігі жағынан Шоқан күнделіктері Байрон мен Лер-гпятың Кавказ очерктерімен өте ұқсас және бұлардан еш кем түспейді,—деп жазды академик Әлкеи Марғұлан.
Ыбырай Алтынсарин (1841 —1889)
Ы. Алтынсарин де Шоқан сияқты арнаулы психолоигиялық еңбектер жазып қалдырмаған кісі, әйтсе де оны сан алуан ойға толы шығармаларынан (оқу құралдары, хаттары мен жазбалары, т. б.) .қоғамдық және педагогикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған көп-теген қызықты деректер табылады. Бұл пікірлер оның өзі айналысқан практикалық істерінің туындаған сияқты. Ой қозғаған осындай түйіндерге бала және оны тәрбиелеу жолдары, оқыту процесінің психологиялық, педагогикалық негіздері, мұғалім-ұстаз проблемалары, қоғамдык психология мәселелері, т. б. жатқызуға болды. Ы. Алтынсарин өз «Хрестоматиясында» жасөспірімрді жан дүниесін, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы Көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп есептеді. Көшпелі қазақ баласының айналасын дүрыс қабылдай алуы, осыған орай оның байқағыштық қасиеттерін-арттыру, жетілдіру мақсатын көздеп, хрестоматияға» үнді ертегісінен мынадай тамаша үзінді берген ; «Біреу ағашқа іліп қойған етін ұрлатып алып, айңласына жар салады. «Аласа бойлы, қолында қысқа мылтығы бар, соңында тарақ кұйрық кішкентай иті бар, бір карт адам көрдіңіз бе?» деп. Бұл кісіні әркім көрген екен, сілтеумен барып тауып, ұрысын үстапты мыс. Ауылдас адамдары үндіден «ұрының түс-түгін қайдан білдіңіз?» —деп сұрапты. Сонда үнді айтыпты дейді:-- Ұрының аласа бойлы екенін білгенім, менің колыммен ілген етімді, ол ағаштың астына тас койып, соның үстіне шығып алыпты. Қарт екенін білгенім, жургендегі ізінен байқадым — қадымының арасы тым жақын екен. Мылтығының кысқа екенін: етімді ұрларда, мылтығын ағашқа сүйеп қойған екен, сонда мылтықтың аузы ағаштың кішкене кабығын жырып кетіпті, жер мен сол жырылған қабықтың арасынан шамаладым. Ұрының қасында иті бар екенін және ол иттің әрі кішкентай; кұйрығы та-рақ Кұйрық екенін бІлгенІм етімді ұрлап жатқанда, ит анадай бір құмайттырақ, жерде отырған екен; соның құмға тусіп калған ізінен және бұлғаңдатқыш құйрығының табынан байқадым депті».
Ыбырай Алтынсарин осы үзіндіде байқағыш болудың адам өмірінде, оның, дуние тануында қаншама маңыз алатынын, тІпті мұндай қасиет білімі жоқ, бірақ өмір тәжірибесі мол адамдардың басында да біртіндеп қа-лыптасатынын сөз етедІ де, шәкірттерді, өмірді жан-жақты зерттеп......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
» Презентация (слайд): Абылайхан билігі тұсындағы қазақ хандығы
» Сабақ жоспары (ұмж): Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ хандығы жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар казак адебиет жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]