Курстық жұмыс: Психология | Қабілеттің қалыптасуындағы еңбектің алатын орны

Курстық жұмыс: Психология | Қабілеттің қалыптасуындағы еңбектің алатын орны

Мазмұны

1.Қабілет жөнінде түсінік.
2.Нышан және қабілет.
З.Қабілеттердің жеке адамның басқа қасиеттерімен өзара байланысы.
4. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері.
5. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың еңбек біліктерін, шығармашылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық алатын орны

Қабілет жөнінде түсінік.
Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандайда қызметті орындауы қажет жэне сол істің тиімді нәтижелерін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс.Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психологиялық табиғатына ие болудан, екіншіден әркімде өз алдына « қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті » деп аталады. Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ олардың біріде шын қабілет тобына кірмейді, себебі біріншісі құбылыс емес, екіншісі баршада бірдей көрініс эрекет қабілетінің табысты іс-әрекетінің байланыстылығын баса айтумен, тиімді нэтижеге негіз боларлық дара өзгермелі адам қасиетінің шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздерге қарағанда қабілетті адам іс-әрекеттерді тезірек меңгереді, қажетті мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішінде әр түрлі психофизикалық қызметтермен психикалық процесстерді ғана емес, сонымен бірге жеке түлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім жэне әрекеттерінде көрінгенмен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы: тұлға техникалық және білім жағынан күшті қызметтке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нэтиже беруге шебер.
Нақты көрінетін білім, ептілік жэне дағдылар қатарларында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланған жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайларда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет-білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндігінің көзі, ал оның іске асу аспау көп нэтижелерге тәуелді. Мысалы: балада керемет математикалық қабілет болу ықтимал, бірақ ол сол баланың ғұлама математик боларының кепілі емес. Қоғам қолдамауынан қаншама даналардың болмай жатып, қүрдымға кеткенін кім санапты? Ал мектепте « үштік » баға ептеп ілесіп жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғылым-физик болыпты.
Білім, ептілік жэне дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей баланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиды, іс-әрекетке жаңа мазмұн мен сипат бареді. Математикны оқымаған адамның математикалық қабілеті ешқашан да жарыққа шықпайды:оны тек сандарды танып, олармен есеп қүрап, мәселе шешу барысында ғана қалыптастыру мүмкін.
Сонымен, қабілет білім, ептілік жэне дағдылардың өздеріне көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында (тез-шабан, оңай -қиын) байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгеиі мен тэсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.
Қорытындылай келе, « қабілет » түсінігі бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б. М. Теплов)атайық:
Қабілет - бір адамды екіншісінен ажыратылатын дара психологиялық ерекшілік. Баршаға бірдей тән қажеттері қабілет бола алмайды. 2. Қабілет барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға дарыған. Қандайда да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік. 3. Қабілет - нақты адамда топталған білім, ептілік жэне дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру жемісінде ғана көрінеді.Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктермен дағдыларды қалыптастыру үшін талай күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиені -педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы лазым.Әйгілі режиссер В. Немирович- Данченко « кім болса, сол режиссер бола алады ма?» деген сұраққа « әлбетте, әркім де болады, бірақ біреуге ол үшін үш жыл оқып, тәрбиеленуі қажет, ал екіншіге - отыз жыл, үшіншіге үш жүз жыл да аз » - деп жауап беріпті. Сонымен бірге, адам қабілеті уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметтке орай қалыптасуы мүмкін.
Көрінген іс-эрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Адам тіршілігінің жалпы құрылымына назар аудара отырып, қабілет дамуына ықылас
кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сэті болмай қалады.
Нышан және қабілет
Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетіні қалтқысыз дэлелденіп отыр. Қабілеттің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындауының шарты болатын ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидың құрылымы, сезім мүшелері мен қозғалысын анатомиялық-физиологиялық нэсілдік ерекше нышан деп аталады. Шын мэнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілетінде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет бастауы болғанын адамның барынша жетіліп, кемендену жолы осы екі құбылыстың өзара ұштасып байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамыған мен қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесстер нәтиже жемісі. Мысалы, ақыл-ес қабілеттері ең алдымен ми қызметтерін қарқынды не бэсең қозулардан жүйке процесстердің қозғалмалылығынан уақытша тізімінің шапшаң ие болуынан болады, яғни И.П.Павлов генатип деп атаған құбылыстардан көрінеді. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі де ақыл-сана қабілетіне ықпал жасайды. Толыққан айналымы - ми қызметтерінің ақыл-ой, зейін шоғырландыру, жақсы есте қалдыру, жүке байланысының тез жүруінің сана жұмысынан шаршамай мүлтіксіз жоғары тиімділікпен орындалуының кепілі.
Мидың тума қасиеттері адамның психологиялық ерекшеліктерінде екі түрде көрінеді ( И.П.Павлов ). 1. Жоғары жүйке жүесіне тэуелді. 2. Бірінші жэне екінші сигналдық жүйенің аралықтарына байланысты.
Адам қабілетінің дамуында жоғары жүйке жүесі қызметінің типі үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке процесстерінің күші, тепе-теңдігі жэне қозғалмалылығынан байланыса отырып, адамның үйымдасқан қабілетінің қалыптасуына қажет көптеген еріктік және тілдестік қасиетің түзіліп, отыруына жәрдемін тигізеді.
Өздеріне тән бейнелеу мүмкіндіктеріне орай бірінші немесе екінші сигнал жүйелерінің аз немесе көп эрекетке қатысуынан қабілеттің үш типі ажыратылады: көркемөнерлік, ой саналық, аралас.
Нышанның әртүрлі қабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлікөнерде тума берілген нэзік есіту қасиеті - музыкант болуының, ал түрлі-түсті айыра білу - болашақ суреткер болуының алғы шарты.
Нышандар дамуының элеуметтік процесстерге тікелей тәуелді. Егер •>•-.•-• қоғамда белгілі кәсіпке сай нышанның белгісі болса, онда оның нақты еңбекке арасындағы болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып дамиды.
Нышан іс-әрекеттің нақты байланыссыз көп мағыналы келеді, сондықтан белгілі бір нышан негізінде іс-әрекет талабына орай эртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін.Осындай, жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден адам күй орыдаушы, дирижер, биші әнші, музыка сыншысы идеалог, компубртор т.б. болары ықтимал. Сонымен бірге, болашақ қабілеттер мен іс-әрекеттерді 34 сан - алуан болуы нышан жеке адамның дара таңцамалық қасиетіне негіз береді.
Қабілет жеке адамның басқа қасиеттерімен өзара байланысы.
Қабілет - жеке адамның оқшауланып тұратын құрылымы емес. Ол адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа қасиеттермен табиғи бірлікте болады.
Жеке адамның потенциалды күшін қаншалықты толық пайдаланатындығы жэне қабілетін дамытуы оның қасиеттерінің жиынтығына тәуелді болады.
Қабілет және наным. Көптеген ғалымдар мен жазушылардың айтуынша адамның іс-әрекетіне, әсіресе творчествосына оның нанымы із қалдырады.
Мәселен, В.Г.Белинский талант құдіреті мен сиқырлығын жеке адамның нанымымен және ақыл-ойымен байланыстырыды. Адамның идеялық бағытынның сипаты, оның нанымының тұрақтылығы өмір мен іс-әрекетке деген қарым-қатынасқа, өзін-өзі қоятын талапқа ықпалын тигізеді. Нанымы мықты адам мейілінше жинақты, талапкер жэне белсенді болады, осының бэрі қабілеттің көрініс беруіне емес, дамуына да қажетті шарттар.
Маңызды элеуметтік талпыныстар адамның белсенділігін арттырады. Егер адам халқына қызмет етуді, адамзатты, тым болмаса коллективін материялдық немесе рухани жағынан байыта түсуді мақсат түтса, онда осы мақсат алдағы міндетті орындауға қажетті қуат береді. Керсінше, идеялық талпынысы жоқ, йүнделікті күйкі тіршілікпен немесе той-даңғазалықпен өмір сүретін адам қоғамдық іске күш жұмсағысы келмейді, қабілетті дамытуға қажетті қуат пен белсенеділік көрсете алмайды. Мұндай адам белгілі бір қызметте табысқа жетіп, қабілет танытқанымен ол қоғамдық мәнге ие болуға жеткіліксіз. әлбетте, мұндай адам қызметтің мүлдай объектісіне күшін сарқымайды. Өз қабілетін дамыту үшін тиісті белсенділік көрсетпейді, не бұларды жеке бастық мақсатына пайдаланады.
Сезім және қабілет. Іске деген сүйіспендік, оған шын берілгендік -талант пен қабілеттің дамуы мен көрініс беруінің басты шарты. М.Горкий: « талант дегеніміз - сүйе білу » деген еді. Дәл солай болмағанымен бұл шындық. Таңдап алған мамандыққа құлай берілу -қабілетті өрістеудің басты белгісі. Бұған өмірдің мәні творчествода деп түйген К.С.Станиславский мен М.Горкийдің сөздері куә. « Суреткерге творчестволық жалын, жан қиярлық қажет. Егер жалыны күшті болса, суреткер жан тебірентерлік, құмартаралық картина жасайды., өйткені шығарма ақыл мен байқағыштықтың ғана емес, жүрек жылуы мен іске шексіз берілуден туады » . И.Е.Репиннің сурет салуға құмарлығы соншама, тіпті бірге қонақтарымен демалып отырғанда да қолынан қаламы түспейтін болған. Ол оң қолы семіп қалғанда сол қолмен салатын болған.
Іске беріле, құмарта қарау, әрекеттің әлеуметтік маңыздылығын, оның нәтижелерінің, табиғат пен қоғамдық өмір құбылыстарының, жек адамға қалайша эсер етуінің күш-қуатын түсіне білумен тығыз байланысып жатыр.Эмоциялық әсерлену күш бір жағынан объектінің сипатымен, екінші жағынан адамның сезімталдығымен анықталады.
Еңбек сүйгіштік және қабілет. Жеке адамның еңбек сүйгіштігі мен жұмысқа аса қабілетті болуы оның іске берілгендігі мен жігеріне байланысты іске берілген адамның барлық уақыты мен күш-жігерін өзінің сүйікті ісіне арнайтыны табиғи нәрсе.
Еңбек сүйгіштік пен жүмысқа қабілеттілік эрқашанда субъективті күй, бірақ оған объективті баға беру қиынға соқпайды.
Табанды еңбек пен еңбекке қабілеттілік жемісті қызметтердің яғни қабілеттердің ашылуы мен дамуының маңызды шарты. Еңбек сүйгіштік пен жүмысқа қабілеттілік қабілеттің дамуы мен көріну шарты ғана немесе қабілеттің жетіспей жатқан жерін толтыру шартын құрайды.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қалыптасатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің, дара-дүниетаным, дара-эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен олардың бойлырандағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмайды. "Бұлақ көрсең, көзін аш" деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуға тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарпынан қолдау тауып отыруы керек.
Шығармашылық жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды шешуге тырысады.
Баланың жастайынан шығармашылық қабілетін қалай қалыптастыру керек? Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай?
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – осы. Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.
Төменгі сынып оқушыларының дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармышық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.
Сонымен төмені сыныпта оқушыларды шағармашылыққа баулып, үйрету.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қабілеттің қалыптасуындағы еңбектің алатын орны
» Презентация (слайд): Психология| Қабілет Қабілеттің психологиялық ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу
» Презентация (слайд): Психология|Қабілет Қабілеттің психологиялық ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қабілеттің қалыптасуындағы еңбектің алатын орны курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]