Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қ.Р-ның салық жүйесіндегі кейбір мәселелер
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3I. Салық жүйесі.
1.1. Салық мәні, түрлері, мөлшерлері....................................................................4
1.2. Салық жүйесінің мәні және дамуы.................................................................5
II. Қ.Р-ғы салық жүйесінің жағдайы.
2.1.ҚР – салық жүйесінің сипаттамасы.................................................................8
2.2. Қ.Р-ның салық қызметі оргонының міндеті.................................................13
2.3 Салық жүйесінің заңдық негіздері.................................................................16
III. Қ.Р-ның салық жүйесіндегі кейбір мәселелері және оны шешу жолдары.................................................................................................................17
3.1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.................................................................................................................22
Қорытынды..........................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................30
Кіріспе
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құрып, оның дамуына, ұлғаюына, саяси әлеуметтік істердің толығымен іске асуына мүкідік туғызады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмететуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Мемлекет пен тұлғалар арасында бюджетке төленетін міндетті төлемдер, сондай-ақ салық салу әдістері мен тәсілдері, салық салу актілері мен заңдары және салық қызметтері құрайды. Қазақстан Республикасында 1991 жылы 25-желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы «Салық жүйесі туралы» заңы тәуелсіз еліміздің салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істің бірегейі болып табылады. Соған байланысты еліміздің экономикасында елімзіде бұрын болмаған жаңа құрылыстар мен өзгерістер енгізіле бастады. Оларды атап айтатын болсақ шаруашылық жүргізу еркіндігі, меншік түрлерінің бір-бірімен теңдігі, шаруашылық жүргізушімен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізі жүргізілді. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерінің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып табылады.
I. Салық жүйесі.
1.1. Салық мәні, түрлері, мөлшерлері
Осы заң бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері республикалық және жергілікті органдардың салыққа байланысты қызметтері, құқықтары мен міндеттері айқын белгіленді. 1995 жылдан бастап салық жүйесіне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. 1995 жыл сәуір айында Қазақстан Республикасы Президентінің қабылдауымен заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» жарлығы қабылданып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 1шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршама болса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылған.
Салық мемлекет бюджет кірісінің негізгі көзі ретінде мемлекттік әлеуметтік-бағдарламасын орындауда маңызы зор. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Олардың басты міндеті - әр қоғамның дамуын қамтамасыз ететін өндірістік емес саланы қаржыландыру болып табылады.Сонымен бірге салық жаңадан құрылған қосымша құнды алудың тәсілі ретінде салық төлеушілердің қаржылық күйіне шешуші әсер жасайды. Салықтың мәні әлеуметтік-экономикалық мәні мен құрылымы мен рөлі қоғамның экономикалық және саяси құрылысымен, сондай-ақ мемлекеттің табиғаты және қызметімен анықталады.салықтар қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі қайнар көзі ретінде құрылуы, ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі және бұл дәстүр нарықтық экономикада да әрекет етеді.
1.2. Салық жүйесінің мәні мен дамуы
Салық – құрылған және анықталған заңмен бекітілген тәртіп бойынша мемлекет пайдасына алым алу, бұл алым шаруашылық субъект табысының бір бөлігі. Салық салу- бұл табысты және қайнар көздерді, мемлекеттік құралдарды толықтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет пайда болысымен тарихи салық та пайда болды. Салық неше ғасыр бойы өмір сүреді, соншама экономикалық теория оптималды салық салу қағидасын іздеуді алғаш рет А. Смит қалыптастырған. Оның көзқарасы бойынша қазіргі уақытта салық салудың екі пікірі бар пайда болды.
Бірінің мәні мынада: салық, салық тжөлеушіге мемлекет тарапынан көрсетілген қызмет көрсетуінен түскен пайдаға пропорционалды болуы тиіс. Екіншінің мәні: салық табыс мөлшеріне байланысты.
Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше қағиданы қолданады: жалпылай, яғни табыс табатын барлық экономикалық тұлғаларды қамту.
Тұрақтылық, яғни уақытында салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы. Тең күштеу, яғни салықты салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек. Міндеттеме, яғни салық мөлшері және салық жеңілдігін құру, бұл аз табысты кәсіпорынға, халыққа аяушылық ықпал жасау. Салық жүйесі мемлекеттік заң актілерінде негізделеді, мұнда салық элементтері құралады. Осыған кіретіндер: салық тұлғасы немесе салық төлеуші, яғни салық төлеу міндеті арттырылған тұлға, ол заңды немесе жеке тұлға баға алады.
Салық нысаны, яғни табыс және мүлік, осылардан салық есептеледі. Салық көзі – бұл қоғамның таза табысы, нысандарының тәуелсіздігіне байланыссыз салық салу. Салық ставкасы – салық өлшем бірлігіне сәйкес келетін заң бойынша белгіленген салықтық мөлшер. Салықтық жеңілдіктер – салықтық заңға сәйкес белгіленген салық төлеушілердің салық төлеуден босатылуы. Салық салу мерзімі- салық төлеудің заңды уақыты.
Салық жүйесін мемлекетпен және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа катысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың алғашқы бастамасы болып табылады. Міне, дәл осы кезде дле салық комитетінің құрылу тарихы да өз бастауын алады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске бастады. Оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі; меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі; шаруашылық жүргізуші субьектілер мен мемлекет арасындағы қатыстардың құқықтық негізде жүргізілуі т.б.
Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып есептеледі.
Осы заң бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, республикалық және жергілікті басқару органдарының да салыққа байланысты қызметтері, құқықтары мен міндеттері айқын бекітілді.
Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бұл құжатта негізінен, салық жүйесін салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкес қызмет етуге жеткізу көзделген.
Осы концепцияны іс жүзіне асырудағы бірінші кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 24.04.95 жылы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» жарлығы болып табылады. Қазақстан Республикасында 1995 жылдың бірінші шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршамаболса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылған.
Алғашқында салық комитеті Мемлекеттік кіріс министрлігінің құрамында болса, кейін 2001 жылы Қаржы министрлігінің құрамына дербес комитет болып кірді.
ІІ Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің жағдайы.
2.1.ҚР – салық жүйесінің сипаттамасы
Мониторинг Салық кодексінің 544- бабына сәйкес олардың анық салық салу базасын анықтау мен тауарлардың өзіндік құнын қалыптастырудың негіздемесіне талдау жүргізу, Қазақстан Республикасының қаржылық, валюталық заңнамасын және қолданылатын рыноктық бағаларды қадағалау мақсатында жүргізіледі. Салық кодексі мониторингтің екі деңгейін айқындады. Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Мұндай республикалық мониторингке жататын салық төлеушілер тізбесі ,,Ірі салық төлеушілерге мемлекеттік мониторинг енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 қазанда № 1631 қаулысымен айқындалған. Бүгінгі күні осы тізбе 200-ден астам салық төлеушілерді қарастырады. Мониторингке жататын салық төлеушілер міндетті тәртіпте салық қызметі органына салық есептемесін береді.Салық есептемесін, сондай-ақ мониторинг жүргізуге қажетті құжаттарды бермеу, салық төлеушіні ,,Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабына сәйкес айпұл салуға әкеп соғады.
Егер ірі кәсіпорындардың ел экономикасындағы рөлі туралы айтатын болсақ, онда мониторинг инстингне енетін 98 кәсіпорыннан түскен салықтар мен төлемдер 1999 жылы 111 милиярд теңге немесе бюджеттің барлық салық және салықтық емес түсімдерінің 33,7 проценті болды. Осы кәсіпорындардың республикамыздағы өнеркәсіп өндірісінің жалпы үлесі 92 процентті құрады. Ал 2000 жылдың бірінші тоқсанында ірі кәсіпорындардан салық және салықтық емес түсімдердің көлемі жалпы республикалық көрсеткіште небәрі 23,9 процент болды. Аса ірі кәсіпорындардан салық және салықтық емес түсімдердің даму деңгейі бюджет түсімдердің жалпы көлеміне қарағанда, оншалықты көп емес. Қазіргі жағдайда ол бюджеттің кіріс бөлігін орындау жөнінде тұрақтылықты бұзу рөлін атқарады. Бұған сыртқы рынокта қалыптасып отырған баға өлшемдері белгілі бір дәрежеде әсер етіп отыр. Алайда, егер аса ірі кәсіпорындар өндірісінің көлемі азаюының барлық жағын талдайтын болсақ, біз салық базасын қалыптастыруға көбінесе сыртқы экономикалық өлшемдер емес, ішкі басқару, ішкі тиімділік өлшемдері екенін көреміз. Аса ірі кәсіпорындардың ағымдағы қаржы - шаруашылық қызметінде өндіріс тиімділігін және салық салу базасын аттыру үшін көп резервтер бар. Егер салық салуға дейінгі жиынтық кіріс 1998 жылдың бірінші тоқсанында 32479 млн. теңге болса, ол үшінші тоқсанында 4045 млн. теңге болды. Бұл жағдай 1999 жылы да жалғасты. Салық салу базасының төмендеуіш материалдық шығындардың үлес салмағы көп әсер ететіні түсінікті. Өнімді сату бағасының даму үрдісіне әсер ету мұнайдың, түсті металдардың әлемдік рыноктағы коньюнктуралық өлшемдерін көрсетеді. Сондай-ақ көліктің құрамдас бөлігі, сақтандыру және делдалдық қызметтің бір бөлігі есепке алынуы керек екенін білеміз. Бірақ, қазақстандық экспорттаушы кәсіпорындардың сату бағаларының әлемдік рыноктағы бағалардан ауытқуы 16-20% болады дегенді білдірмейді. Өйткені, осының бәрі кәсіпорындардың қарамағында қалатын кірістерге есептелетін, заңды тұлғалардан табыс салығының түсуін азайтуға әкеледі. Бұл даму үрдісінде аса ірі кәсіпорындардың рөлі орасан. Қалыптасып отырған өте қолайсыз жағдайға байланысты 98 аса ірі кәсіпорынның қаржы—шаруашылық қызметіне электронды мониторинг жүйесін енгіземіз. Болашақта министрлік қызметінің алгоритмдерін жаттықтыру тәжірибесінің жинақталуына қарай мониторингтің инистингін кеңейтетін болады. Аумақтық салық комитеттері республиканың аса ірі салық....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасының салық саясатының құрылымы
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Шетел тұлғаларына салық салу
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мүлік салығының ұғымы
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мүлік салығының ұғымы мен мазмұны
» Курстық жұмыс: Экономика | Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасының салық саясатының құрылымы
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Шетел тұлғаларына салық салу
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мүлік салығының ұғымы
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мүлік салығының ұғымы мен мазмұны
Іздеп көріңіз: