Курстық жұмыс: Экономика | «ҚТЖ ҰК» ЖАҚ ЖЭЖД -ның табыстарын талдау

Курстық жұмыс: Экономика | «ҚТЖ ҰК» ЖАҚ ЖЭЖД -ның  табыстарын талдау

Мазмұны
Кіріспе........................................................................................................................
1. Кәсіпорынның табыстарын талдаудың мазмұны мен әдістері................
1.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері..............................
1.2. Кәсіпорынның қаржы нәтижелерін талдаудың ақпараттық негізі......
2. «ҚТЖ ҰК» ЖАҚ ЖЭЖД -ның табыстарын талдау....................................
2.1. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау...............................
2.2. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау.....................
3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру жолдары.....................................
3.1. Кәсіпорын табыстылығының қазіргі кездегі мәселелері мен оларды жетілдіру жолдары..............................
3.2. Кәсіпорынның табыстылығының моделін болжау және өңдеу.............
Қорытынды.............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................

Кіріспе
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жүмыс істеу келмеске кетеді.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бе-тінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыган байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғаргы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
1. Кәсіпорынның табыстарын талдаудың мазмұны мен әдістері
1.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде ”табыстар” ұғымы келесідей түрде анықталады:
“Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі”.
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы “ Бухгалтерлік есеп туралы ” заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған Жарлықтың 13-бабында былай делінген: “Табыстар - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы”. Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердіңабсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқзады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналады. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен брлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжрибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізг шарттар қажет болады:
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындырын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттырда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
1.2. Кәсіпорынның қаржы нәтижелерін талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржьшық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсі-ніктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сег-менттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарасты-рылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толты-рып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу ушін жылдық табыс ҚР заңымен көрсе-тілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;
2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
Қазіргі кезде бізде қолданылып журген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономи-калық жүйенің қальштасуымен, екіншіден, біздің елі-міздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді.
Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, -бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пай-далы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын ушін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешім-дерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыс-тарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға эконо-микалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдалану-шылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалау-ды, сондай-ақ оларды айналдыру уакытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушы-ларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағ-дайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі бол-ған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылар-дың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептер-дің ақпараттық базасына айналды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардын сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кэсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстыр-малы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмүны, оны ішкі қолданушылары........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | «ҚТЖ ҰК» ЖАҚ ЖЭЖД -ның табыстарын талдау
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның табыстылығын арттыру жолдары
» Курстық жұмыс: Нарықтық экономика | «Болат» өндірістік кооперативінің қаржы нәтижелерін талдау
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржы нәтижелерінің қалыптасуын талдау
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ ның қаржылық есептілігінң негізінде кәсіпорынның қаржылық жай күйін бағалау

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс «ҚТЖ ҰК» ЖАҚ ЖЭЖД -ның табыстарын талдау курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]