Курстық жұмыс: Экономика | «Қант»ААҚ-ның Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
Мазмұны
КіріспеI-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
1.1.Жоспарлаудың мәні,методологиялық негіздері және көрсеткіштері
1.2.Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау
II-Бөлім.Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
2.1.«Қант»ААҚ жалпы сипаттама
2.2.«Қант»ААҚ-ның маркетингтік мүмкіндіктерді
талдау
III-Бөлім.Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу
3.1. Фирма өсу жолының стратегиялары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан экономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және экономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын пайдалану барысына ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталады.Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруа-шылық қызмет аумағы және өндірістік-өткізу қызметін ретінде республика-ның нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.
Нарықтық қатынастар экономикалық дамуды жетілдірудің үлкен по-тенциалын өзінде жасырады.Бұл нарықта шаруашылық етуші субьектілерді жеке кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты.Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады.Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп-керлерді нарықты зерттеуге және сұраныс бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін салуға мәжбүрлейді.
Қазіргі жағдайда көптеген ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ банктерде маркетинг қызметі,ал олардың кейбіреуінде департаменттер іс-әрекет етеді.Бұлардағы маркетинг бөлімдерін ұйымдастырудың нақты сызба-лары мен түрлері әр түрлі болуы мүмкін,бірақ олар:нарықты маркетингтік зерттеу,сұраныс жағдайын,тауарлық өткізу,баға және коммуникация ұйым-дастыру сияқты жалпы міндеттерге негізделеді.
Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұғыл-данбайды.Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді.Қазақстандық компа-ниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді,сондықтан оны жоспарлау қажет емес деген көзқараста.Мұндай тұжырым қате,жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек,жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады.Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мә-нінде жоспарлау барысын қиындатады,алайда фирма басшылығына өзгеріс-терді болжауға,оларға әрі қарай қимыл-әрекет жасауға тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді.
Америкалық төрт жүз жетекші компанияны зерттеу мәліметтері жос-парлауды жүйелі жүргізетін компаниялардың сату көлемдері мен пайдасы жоғары қарқынмен өсіп тұратынын көрсеткен.
Көптеген фирмаларға өздерінің ресми қабылдаған жоспарлау мен бақы-лау жүйелерін жетілдіру қажет екені айдан анық.Әртүрлі шешімдерді үздіксіз қабылдау жоспарлауды алмастыра алмайды.Фирма үшін жоспарлау көп жағ-дайда өткізу және табыс көрсеткіштерін жақсартатын жоғары сатылы жұмыс болып саналады.
Берілген жұмыстың тақырыбы кәсіпорындағы маркетингті жоспарлау болып табылады.Нарықтық экономика заманында әрбір кәсіпорын өз жұмы-сының тиімділігін арттыру үшін әртүрлі жоспарлар жасайды.Өйткені жос-парлау-басқарудың маңызды бір функциясының элементі болып табылады. Сондықтан да курстық жұмыстың тақырыбы маркетингті жоспарлаудың теориялық негіздері мен «Қант»ААҚ-ның жұмысын тиімді жоспарлаудың маңызы зор.Ол үшін курстық жұмыстың бірінші бөлімінде барлық осы жос-парлаудың тиімділігі және де оның қажеттілігі толық ашылып көрсетілген.
Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
1.Теориялық:бұл бөлімде маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны тура-лы түсініктемелер берілген.
2.Зерттеліп отырған «Қант»ААҚ-ның жалпы қызмет жағдайына талдау жүр-гізілген.
3.Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттыруда стратегиялық жоспарын әзірлеу.
Курстық жұмыстың осы бөлімдерден кейін қорытынды жүргізіліп,қолданыл-ған әдебиеттер тізімі беріледі.
I-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
1.1.Жоспарлаудың мәні,методологиялық негіздері және көрсеткіштері
Жалпы жоспарлауды нарықтық қарым-қатынастардың дамуы шарты негізінде қолдана бастады.Жоспарлау-өндірістің пропорциялық қарым-қатынасына және аяқталған ішкі экономикалық заңға,жолдауға,бөлу мен тұтынуға бағытталған саналық адам қызметін көрсетеді.Сондықтан, жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың басты бөлімшелерінің бірі болып келеді.Оның мақсаттары экономиканың даму ортасында өзгерушілік пен анықталмағандықтың кері әсерін жоюға негізделген.
Яғни,жоспарлау-алдағы қызметтерді қамтамасыз етуге анық бағытталған ақпаратты ой үрдісінде өңдеу.Жоспарлау-бұл ең бірінші, қоғамдық өндірістің нәтижесі мен дамуын ғылыми алдын алу,оның заңдылығын құру,ғылыми-техникалық үрдістің,обьективті тәуелділіктің және экономикамен байланысты себептік салдарлықтың әлеуметтік тенденциясы.
Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары,өндірістік бағдарлама, кәсіпорынның әлеуметтік - экономикалық даму жоспары жатады.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.
Жоспарлау методологиясына жоспарларды жасаудың барысында, жоспарлау методологиясын дамытудың негізгі бағыттары:
- жоспарларды дамыған ғылыми-техникалық және есептік-экономикалық негіздеуді ұлғайту;
- қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;
- өндірісті техникалық - экономикалық негіздеу;
- баланстық есептеулер жүргізу;
- өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің жүйесін жақсарту;
- материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын азайту;
- еңбек өнімділігін арттыру;
- жоғарғы сапалы өнім шығаруды ұлғайту;
- жоспарлардың ыңғайлылығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б.
Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық - экономикалық нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.
Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:
- сандық;
- сапалық;
- көлемдік ;
- үлестік.
Сандық көрсеткіштерге - жалпы өнім мен тауар өнімнің көлемі, сатудың көлемі, жұмысшылардың саны, жалақының қоры, пайда көлемі, әртүрлі өндірістік шығындардың мөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек өнімділігінің өсуі, өзіндік құнды азайту, өндірістің тұрақтылығы, қор сыйымдылығы, өнімнің сапасы жатады.
Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланысты болады.
Көлемдік көрсеткіштерге - өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.
Үлестік көрсеткіштерге - бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің арақатынасы жатады, мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен металл шығыны.
Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және құндық өлшемдер қолданылады.
Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық жэне сандық көрсеткіштерді қамтиды.
Еңбек өлшемдері - еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма - сағатпен белгіленеді.
Құн өлшемдері - көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.
Маркетингті жоспарлау
Маркетингтік жоспар жалпы корполративтік жоспардың маңызды бір бөлімі.Оған кәсіпорынның әр функционалдық бағыттарының (өндіріс,қаражат,өткізу,кадр,маркетинг) жоспарлары кіреді.
Маркетингтік жоспар кәсіпорынның маркетингтік қызметін жоспарлау мен жүргізу құралы.Оның көмегімен үздіксіз кәсіпорынның мүмкіндіктерін нарықтың талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған талдау,басқару және тексеру үрдісі қамтамасыз етіледі.
Маркетинг жоспарының кезеңдері:
1.ағымды жағдай мен маркетингтік мүмкіндіктерді талдау;
2.мақсаттарды анықтау;
3.стратегиялық шешімдерді қабылдау;
4.маркетингтік шаралардың жоспарын әзірлеу;
5.шығындардың жалпы көлемі мен құрамын есептеу,
6.тексеру және жоспарға түзету;
Маркетинг жоспарларын ұтымды етіп жасап,оны зор табыспен жүзеге асыру үшін нысанды амалдар (процедуралар),ұйымдастыру жүйесі,сауатты әдістеме,жазбаша жоспардың болуы қажет.
1.2 Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау
Көптеген фирмалар ресми қабылданған жоспарсыз жұмыс атқаруда. Жаңадан құрылған фирмалардың басшылары жұмыспен сонша көп айналысатындығынан олардың - жоспармен айналысуға уақыты жоқ. Кемелденген фирмаларда, көптеген басқарушылардың айтуынша, олар осы уақытқа дейін формалъды, жоспарлаусыз да жұмыстарын орындап келе жатқандықтан, оның онша маңызы болмағаны ғой деп санайды. Олар жоспарды жазбаша дайындауға уақытын алғызғысы да келмейді. Олардың айтуынша, нарықтағы жағдай соншама тез өзгеретіндіктен, жоспарлаудан онша пайда болмай, ол ақыр аяғында шаң болып сатыда жатады. Міне, сондықтан және де басқа бірқатар себептерден көптеген фирмалар өздерінде формальды жоспарлаумен айналыспайды.
Дегенмен, формалъды жоспарлау бірталай пайдалардан дәмелендіреді. Ол пайдаларды Мелвиил Бранч мынадай ретімен атап өтеді:
1.Жоспарлау басшыларды тұрақты түрде келешекті ойлауға итермелейді.
2.Ол фирманы алдын ала жасалған әрекеттеріне тура үйлестіруге мүмкіншілік береді.
3.Ол келешекте бақылауға болатын жұмыс көрсеткіштерін белгілеуге мүмкіншілік береді.
4.Ол фирманың өз міндеттерін және саяси нұсқауларын дәл анықтауға мәжбүр етеді.
5.Фирманың төтенше езгерістерге дайыңдығын жоғарылатады.
6.Ол барлық лауазымды адамдардың міндеттерінің өзара байланысын көрнекті көрсетеді.
Стратегиялық жоспарлау фирма шегіндегі басқа жоспарлар үшін плацдарм болатын болғандықтан оны ең алдымен қараймыз. Стратегиялық жоспарлауға былай деп анықтама береміз:
Стратегиялық жоспарлау - бұл маркетингілік өрісте фирма мақсаты мен потенциальды мумкіншіліктерін стратегиялық қатынаста болдыру және жалғастыруға керекті басқару процесі. Ол фирманың дәл тұжырымдалған бағдарламалық мәлімдемесіме, көмекші мақсаттар мен міндеттер мазмұндамаларына, дұрыс шаруашьшық портфеліне және өсу стратегиясына сенеді.
Стратегиялық жоспарлау үш негізгі шарттарды сақтауды талап етеді:
Бірінші шарт-компанияның қызметі инвестициялық қоржынды басқару принципінде құрылады.оның мәні-компанияның әрбір қызмет бағытын орындау үшін ресурстардың тиісті түрде бөлінуінде.
Екінші шарты-әрбір қызмет түрінің келешегін бағалау.Осы мақсатпен нарықтық өсу көрсеткіштері және компанияның нақты нарықтағы позициясы зерттеледі.тек ағымдық сату немесе пайда көлеміне бейімделген компаниялар олардың шектеулі екндігіне көздері жетті.Мысалы,1970 жылдары «Ford Motor» компаниясы үшін үлкен машиналарды өндіру тиімді болды.алайда нарықтық зерттеулер тұтынушылардың сұранысы шағын литражды автомобильдер жағына ауғанын көрсетті.Сондықтан компания инвестицияларды өндірісі сол кезде залалды болған шағын автомобильдерге жұмсады.
Үшінші шарты-стратегияны әзірлеу.Әр бизнес үшін ұзақ мерзімді мақсаттарға жету жоспары жасалады.Сондықтан,әрбір компания іс-әрекетін,мақсаттарын,мүмкіндіктерін,ресурстарын зерттей отырып,өз стратегиясын әзірлейді.Егер компания саясаты шығындарды төмендетуге бағытталса,оның бәсекелесінің саясаты жаңа өнімге өндіруге бағытталуы мүмкін.
Стратегиялық жоспарлаудың кезендері 1 суретте келтірілген, ал оларды суреттеу төменде беріледі:...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Қант ААҚ жұмысын жоспарлау
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу
» Курстық жұмыс: Экономика | Қант ААҚ ның маркетингтік жоспарлау
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорын қызметіне маркетингті енгізудің рөлі
» Курстық жұмыс: Маркетинг | МАРКЕТИНГТІ КӘСІПОРЫНҒА ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
» Курстық жұмыс: Экономика | Қант ААҚ жұмысын жоспарлау
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу
» Курстық жұмыс: Экономика | Қант ААҚ ның маркетингтік жоспарлау
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорын қызметіне маркетингті енгізудің рөлі
» Курстық жұмыс: Маркетинг | МАРКЕТИНГТІ КӘСІПОРЫНҒА ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Іздеп көріңіз: