Курстық жұмыс: Валеология | Жыныстық тәрбиенің ғылыми негіздері

Курстық жұмыс: Валеология | Жыныстық тәрбиенің ғылыми негіздері

Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................................3
1.1 . Өрбіту саулығы .....................................................................................4
1.2 . Нәпсілік қатынас және денсаулық.......................................................7
1.3. Махаббаттың жіктелінуі........................................................................9
1.4. Өнегелі жыныс тәрбиесі дегеніміз не?...............................................10
1.5. Өнегелі жыныс тәрбиесінің мақсаттары............................................11
1.6. Өнегелі жыныс тәрбиесінің үш үлгісі................................................12
1.7. Өнегелі жыныс тәрбиесінің қағидалары...........................................12
1.8. Жыныстық тәрбиенің негізгі бөлімдері.............................................13
1.9. Жыныстық қатынастан жұғатын аурулар..........................................13
1.10. Репродуктивтік денсаулықты қорғау...............................................17
Қорытынды....................................................................................................18

Кіріспе
Осыдан 15-20 жыл бұрын дәрігерлер мен ұстаздар психологтар балаларға жыныстық қатынастар туралы айту керек пе деп таласатын. Нәтижесінде олардың көпшілігі мұндай түсінік беру қажет деп ұйғарды.
Жастардың жыныстық іс әрекеті мен репродуктивтік денсаулығына байланысты мәселенің күрделенуі мамандарды осы жастардың денсаулығын сақтауға негізделген іс шараларды іздеуге итермелейді.
Көптеген алдын алу бағдарламалары білім беру жүйесі арқылы ендіріледі. Қазақстанда басқа мемелекеттер сияқты оқүшылардың репродуктивтік денсаулығын сақтап, дұрыс жыныстық тәрбие беруді төмендегідей бағдарламаларды оқыту арқылы орындайды: “Валеология – қалай ауырмауға болады”, “Жыныстық адамгершілік тәрбие”, “СПИД мәселелері және оның алдын алу”, “Жанұя өмірінің этикасы мен психологиясы” және т.с.с. Бірақ та барлық бағдарлама бірдей тиімді бола бермейді, кейде олардың нәтижелері болмашы, тіпті кейде қарама-қайшы болады. Әрдайым балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар ата-аналар мен мұғалімдердің көңілінен шыға бермейді, кейде олар түсінбеушіліктері де туғызады.
Бұндай қиындықтырдың себептері көп, олар жыныстық тәрбие мәселесін шешуге бірдей шешімнің қабылданбауы, мамандарда қажетті мөлшерде бейімделген әдістемелік құралдардың болмауы, бұл тақырып бойынша мамандардың нашар дайындығы, олардың жиі дәстүрлік білім берудің әдістерін (лекция, ақыл-кеңес беру) пайдалануы және өте аз интерактивті оқыту әдістерін қолдануы.
Дүниежүзілік тәжірибелер көрсетіп отырғандай, мұндай бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы жақсы нәтиже алуға болады, тек қана, егер:
- қоғам мен ата-аналар осындай бағдарламаларды кеңінен қолданған кезде,
- балалар, жасөспірімдер мен жастарды өз денсаулығын күтуге, жауап-тылықпен қарап, қорғау саналы түрде қалыптасқанда,
- жастарға репродуктивті денсаулықты сақтауға байланысты қызмет көр-сету жеңіл болған кезде.
1.1 Өрбіту саулығы
Дені сау адамдардың денсаулығы туралы ғылым – ВАЛЕОЛОГИЯ жөнінде сөз қозғағанда жалпы денсаулықтың сондай маңызды бөлігі - өрбіту саулығын (репродуктивтік өрбіту, көбейту) тыс қалдыру мүмкін емес.
БДҰ (ВОЗ) анықтамасымен өрбіту саулығы – бұл кәдімгі табиғи ақыл-ой қуаттың бар кезде дені сау ұрпақ тудыру, өрбіту үрдісін жүзеге асыру. Өрбіту саулығы – бұл отбасы, біздің қоғамымыздың негізі. Ол өрбітер кезеңдегі денсаулық қалпын көрсетіп қана қоймай (әйелдерде 15-тен – 45-ке дейін, ерлерде 13-тен 55-ке дейін), сонымен қатар балалық шақтағы, бозбала кезде-гі, өрбіту кезеңінен кейінгі тұстағы денсаулықты да айна қатесіз білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында:”Отбасы, аналық және балалық шақ қоғам мен мемлекет қамқорлығында” деп жарияланған.
Өрбіту саулығы, біріншіден - өмір салтына, ішіп-жер тамағына, сәби, бала және бозбала кезіндегі денсаулығына, экологияға, нәсіл-тегіне, өрбіту денсаулығын қорғау орнының (мектеп, отбасын жоспарлау орындары, денсаулық сақтау орталықтары, бала тудыратын үй т.б.) қызметін пайдалануға байланысты.
Өрбіту саулығын сақтау қызметі мыналарды ескертеді:
1. Отбасын жоспарлау бойынша түсініктемелер беретін ақпарат, ағарту жұмысы, қызмет ету орындары (екіқабат әйелдерді қарайтын консультациялар, бала тудыратын үй, отбасын жоспарлау орындары т.б.).
2. Ағарту ісі және жүкті әйелдерге медициналық қызмет көрсету орындары (ФАП, ауыл амбулаториясы, әйелдер консультициясы, әйелдер босанатын үйлер).
3. Бала туу мезгілінде қалыпты жағдаймен қамтамасыз ету, босанғаннан кейін нәрестені омыраудан емізуіне жағдай жасау.
4. Бедеуліктің алдын алу, оны емдеу.
5. Жыныс жолдары ауруларының жыныстық қатынастардан туындайтын жұқпалы аурулардың, өрбіту саулығының басқа қолайсыз жағдайларынан болатын аурулардың алдын алу, оларды емдеу.
6. Ақпаратты білім беру, адамның нәпсілік қатынастардағы өрбіту денсаулығы және бала туу, тудыру жауапкершілігіндегі байланыс қалпы, яғни өрбіту саулығын сақтау ісінің тәсілдері, амалдар және қызметтердің ір-гелес үйлесімімен анықталынады. Осы үйлесімділік өрбітусаулығымен бай-ланысты проблемалардың алдын алып, шешімдерін таба отырып, өрбіту саулығының өз қалпында сақталуына жағдай жасайды.
Өрбіту саулығын сақтау орындарының жоғарыда аталып өтілген қызмет түрлерімен және онымен байланысты ақпаратты пайдалануға әрбір адам құқылы. Бұл біздің мемлекетіміздің ұлттық саясаты болып табылады. Бұл құқықтар:”өз балаларының саны, туу аралығы мен туу уақытын өз еркімен анықтау өрбіту құқықтары болап аталынады. Бұл салада жыныс теңдігінің құқығы неке қию, отбасын құру құқығы, жекелей өмір кешу және отбасы өмірін дамыту құқығы, ақпарат пайдалану, білім алу құқығы сақталынады”. (Халықты орнықтыру проблемаларына арналған Каирда өткен халықаралық конференциясының материалынан.1994ж.)
Өрбіту саулығының өзекті тұсы – отбасын жоспарлау, ол:
- өз нәпсілік өмірін бақылауға алуға, жыныстық қатынастармен таралатын жұқпалы аурулардың (ВИЧ, СПИД) инфекциялардың алдын алуға мүмкіндік береді;
- нәспілік білімді дамыту үрдісіне белсене қатысуға, әлеуметтік деңгейіңді өсіруге мүмкіндік туғыза отырып, өзіңнің өрбіту қабілетіңді дамытуды жоспарлауға ыңғай тудырады;
- екі қабат болған кезде қатердің төрт түрінен сақтайды:
а) жасөспірім жүктілігінен;
б) 35 жастан кейінгі жүктіліктен;
в) кішкене ғана үзілістен (екі жылдан кем) аяқ ауырлығынан;
г) ықылассыз жүктіліктен ана өмірін қысқартып, мүгедектіктен сақтап, қатері бар бала тастаудан (аборттан), сөйтіп, нәресте өлімінің деңгейін төмен түсіреді.Отбасын жоспарлау екі бөліктен құралады. Отбасын жоспарлау қызметі және отбасын жоспарлау тәсілдері. Отбасын жоспарлау тәсілдері өте көп, солардың ішінде бұл жолы ең маңыздылары қаралады.
Әдістемелік ұсынылымдар бойынша ұрықтандырмаудың тәсілдері:
1. Физиологиялық тәсіл. Әйелдердің айлық менструалдық циклінің ұрықтануға “қауіпті” күндерін анықтауға негізделген. Расында да, 28 күнге созылатын менструалдық циклдің санаулы күндерінде ғана ұрықтануға жағдай туады. Ол жұмыртқа клеткасының пісіп, жыныс безінен жарылып шыққан күні (овуляция күні). Егер де менструалдық цикл 28 күнге созылатын болса, оның тек 3 күні ғана ұрықтануға арналған. Бұл 3 күн әр әйелден циклдің 10-шы күнінен бастап, 17-ші күнінің арасында болмақ. Бұл әдістің құндылығы әр кімнің овуляция күнін дұрыс анықтауына байланысты болады.
2. Ұрықтандырмас гармондық таблеткалар. Әйел гармондарынан турады. Әсер ету механизмі (сыр-сипаты) гормондар овуляцияға кедергі жасайды, жұмыртқа жасушаларын шығармайды, жатыр ішіне сперматозоидтардың өтуін қиындатады. Ұрықтандырмас (контрацептивтік) гормондардың жүктіліктен сақтау әсері 100%. Әр таблеткадағы эстрогендер мен прогестерондар деңгейінің арақатынасына байланысты бір-екі және үш күнділік түрлері болады. Бір күнділікке коптинуин, регивидон, марвелон; екі күндікке – антесвин, үш күнділікке – тризистон, триквилар жатады. Мына жағдайда бұлар қолданылмайды:
- веналардың варикоздық созылуында, тромбофлебит ауруларында, бұрын тромбоэмболия болған болса;
- бауырдың созылмалы ауруларында;
- бас ми тамырларының және көздің тор қабығының ауруларында;
- темекі тартушылар мен жасы 35 –тен асқандарда;
- емізетін баласы болса;
- отосклероз болса.
Ұрықтандырмас гормондарды инъекциялау (шприцпен енгізу). (“Депо - проверс”) 3 ай бойы ұрықтандырмас әсер ететін прогестерон гормонын қолдану. Бұл тәсілді балалары бар және болашақта бала туғысы келмейтін әйелдер қолдануына болады.
3. Жатыр ішіне енгізілетін контрацвтер:
Бұлар жұмсақ, майысқақ пластмассадан дайындалған спирал. Кейде мыстан жасалған кішкене жіпшемен қоршалады не прогестерон гормонымен қанықтырылады. Спиралды жатыр ішіне дәрігер-акушер гинеколог енгізеді. Спираль жұмыртқа жасушасының жатыр кенерісіне бекітілуіне кедергі жасайды.
Мына жағдайларда қолданылмайды:
- ұзаққа созылатын жатыр айналасындағы құрылымдар мен жатыр мойнының және жатырдың ішкі қабатының қабынулары;
- менструалдық цикл бұзылса;
- қанның ұю қасиеті бұзылса;
- жыныс мүшелерінің аномалиясы (қалыптан өзгеше болуы);
- әйел жүкті болса.
4. Презервативтер. Бұл ерлер қолданатын ұрықтандырмайтын механикалық әдіс. Бұл әдіс 400 жыл бойы қолданылып келеді. Алғашқы кезде жұқпалы жыныс ауруларынан сақтану ретінде қолданылған. Дұрыстап пайдаланылса, бұл әдіс керексіз жүктіліктен сақтану үшін де қолданылады. Жұқа резеңкеден немесе латекстен жасалады. Соңғысы СПИД вирусынан да сақтайды. Контрацепция амалы ретінде тиімділігі 90-98% орайында.
5. Спермицидтер. Бұл әйелдер қолданатын химиялық әдіс. Кремдер, көпіршіктер немесе қоймалжың заттар құрамында сперматозоидтарға қатерлі әсерін химиялы заттары болады. Бұл 80-90% сәттерде сперматозоидтарды жатырға түсірмейді. Осындай әсері бар паста, таблетка, балауыз шам тәрізді (свеча) “фарматекс” деп аталатын дәріханаларда кездесетін дәрілерде болады. Спермацидтер жыныс қатынасынан 10 минут бұрын қолданылады. Бір сағаттан соң керекті қасиеттерін жоғалтады. Тиімділігі 75-80 %.
6. Стерилизация. Жатыр түктерін байлау деп аталатын жұмыртқа жасушасы жатырға өтіп кетпеу үшін әйелдерге жасалатын хирургиялық операция. Еркектердегі оташылық сылу (вазэкотомия) ұрық жіптіктеу жолшықтары кесіледі не байланады. Бұл аталық бездерінен толық жетілген ұрықты туындатар шәуәттің келуіне тосқауыл болады. Тиімділігі 100%.
7. Ұрықтандырмас инплантаттар. Силиконды резеңкеден істелген 5-6 капсулалар әйел қолы терісінің астына кіргізіледі. Тәсіл прогестерон гормонының біртіндеп қанға сіңу және бөліну үрдісіне негізделген. Капсулалар сезілмейді. Оларды қай уақытта болмасын алып тастауға болады және олардың әсері 5 жыл бойына созылмақшы. Бұл тәсілдің тиімділігі 100% шамасында.
Бірақ қажет емес жүктілік жастар үшін жыныстық құмарлықтың шешуді керек қылатын басты мәселесі емес. Мұнан басқа да соңғы жылдары жыныстық қатынас арқылы таралатын жұқпалы аурулардың өсуі мен бірге арақ ішушілік (алкогоглизм) есірткі заттарды қолданушылық (наркомания), ВИЧ – инфекцияның таралуы, жыныстық құмарлықтан болатын қылмыстардың көбеюі шешуді керек ететін мәселелер болып табылады.
Осындайлық қорқынышты жағдай жастардың өрбіту саулығы мен болашақ ұрпақ саулығына және біздің ұлтымыздың тұқымына (генофонына) қатерлі қауіп тудырады.
Аборт деген не? Аборт – жүктілік үрдісін үзу, оның түсік тастаудан айырмашылығы бар. Түсік өз бетімен түседі, ал аборт жүктілікті тоқтататын әйелге жасалатын операция. Жүктілік мерзіміне қарай аборт жасаудың бірнеше тәсілдері бар. Бұл тәсілдерден басқа да амалдар бар екендігін ескерте кетелік: етеккір экстракциясының тәсілі, дилятация – жатыр мойын кеңейтуден соң ұрық алынып тасталынады. Вакуумдық тәсіл – тұз ерітіндісін пайдалану. Егер де жүктілік кезеңінің ертерек тұсында аборт жасалынса, ол операция жеңілірек, қауіпсіз өтеді, оны арнайы дайындығы бар адам жасауы керек. Жүктілік мерзімінің соңғы сәттерінде жасау әйелдер үшін тәніне, сезім әлеміне ауыр тиеді. Аборттар тууға 3 ай қалғанда әдетте жасалынбайды.
Біздің елімізде балалар мен жасөспірімдерге жасалған аборттар саны дамыған елдерге қарағанда он есе артық. Бұл барлық жасалған аборттар санының 11%-не жақындайды, бедеуліктің негізгі себебі болғандықтан жасөспірімдердің өрбіту саулығына залал келтіреді.
Мұның өзі республикада онсыз да демографиялық қолайсыз жағдай кезінде соңғы бес жылдар бойы туу деңгейінің өте төмендеп кетуі әлеуметтік маңызды мәселеге айналады. Мәселен, Қазақстан Республикасында жыл сайын 25 мыңдай жасалатын аборттың 18 мыңы жасөспірімдерге жасалады екен. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 1996 жылы қыркүйек айының 26 күні бекіткен “Қазақстан әйелдерінің өрбіту денсаулығын қорғау мәселесі” өте маңызды ұлттық саясат қаулысында, аборт жасаумен отбасын жоспарлау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.
Қазіргі кезде отбасын жоспарлайтын мекемелер жүйесі қалыптасқан, бұлардың негізін құрайтын керекті құрал-жабдықтар және арнайы дайындалған мамандармен қамтамасыз етілген.

1.2. Нәпсілік қатынас және денсаулық

Дені сау адамда белгілі бір деңгейде нәпсілік кернеу болады. Оны – нәпсіқұмарлық деп атайды. Нәпсіқұмарлық – тұлғаның құрамдас бір бөлігі, жақындықтың жолы, әрбір адамның өзі таныстыратын және басқа жыныс өкілдерінің биолигиялық-физиолигиялық ерекшелігін білудің тәсілі.
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ – всемирная организация здравоохранения) нәпсі құмарлыққа, өзінің жақындықты, нәсіптікті және махаббатты тілейтінді білдіретін табиғи психологиялық, әлеуметтік белгілері бар. Ол қуат – деп жазады. Нәпсіқұмарлық адамда тумасынан-ақ көзге түсе бастайды, ол тұлғаның құрамдас бөлігі ретінде өмірінің соңғы сәтіне дейін сақталады.
Жыныс даму кезеңдерінде:
1. Балалық: қыздар – 8 жасқа дейін.
ер балалар – 10 жасқа дейін.
2. Жасөспірім: қыздар – 9-дан – 12-ге дейінгі жас,
ер балалар – 10-нан – 14-ке дейінгі жас.
3. Бозбалалық: қыздар – 13-тен – 16-ға дейінгі жас,
ер балалар – 14-тен – 18-ге дейінгі жас.
4. Жыныстық жетілу: қыздар – 16 жастан бастап,
жігіттер – 18-ден бастап.
5. Жыныстық қабілеттің кетуі: әйелдер – 40 – 50-ден кейін
ерлер – 60-тан кейін.
Нәпсіқұмарлық әр жаста әр түрді белгілерімен сипатталынады:
І кезең. Сырттай жыныстық ынтықтық – нәпсіқұмарлық сипаты айқындалмаған, әйтеуір басқа жыныс өкіліне деген жақындыққа мүдделі болу.
ІІ кезең. Жыныстық бұла сезімді ынтызарлық – рухани және тән жақындастығын тілеу.
ІІІ кезең. Дененің жыныстық қатынасқа ынтықтығы – жыныстық қарым-қатынас жасауға деген ұмтылысы. Нәпсіқұмарлық – жыныстық сипаттамасы.
Жыныстық қылық өрбіту ісін жүзеге асыруға бағытталған. Жыныстық жүйе жұмысының көрінісі болып табылады. Соматикалық компонент (жыныс органдары) және реттеуші механизмдер (психикалық, эмоциялық, вегетативтік, эндокриндік және генетикалық, рецептивтік) жүйеге енеді. Өрбіту мінез құлығы дендері сау сыбайлас серіктердің қауышу тұсында көрініс береді. БДҰ (ВОЗ) анықтамасы бойынша нәпсілік саулық – ол адамның жыныстық тіршілігінің сомалық, эмоциялық, интелекттік және әлеуметтік қырларының кешені, бұл тұлғаны байытатын, адамның адаммен жақындасу, араласу қасиетін ұшқырлайтын, оның махаббатқа және бала туғызуға деген қабілетін жетілдіретін қуаттың қайнар көзі.
Нәпсіқұмарлықтың компоненттері:
- мінез-құлықтық;
- эмоциялық;
- когнитивті (бағалы).
Мінез-құлықтың жыныстық жетілудің қарқынына, тұлға түріне байланысты (экстраверттер) қарсы жыныс өкілдерімен оңай жақындасады. Жыныстық қатынасты (интервенттерге) қарағанда ертерек бастайды, өзінің нәпсіқұмарлығынан ләззатын көбірек алады. Интервенттер жекеленген, нәзіктеу және тұрақты қатынасқа көбіне ыңғайлау; психотиктер жыныстық қатынасы тұрпайы, биологияландыруға ыңғайлы. Невротиктер – жыныстық қатынасқа дегенде ынтызар келеді, бірақ қауышу қиыншылығынан қанағаттандыра алмайды, нәпсілік қатынас оларға қатерлі де жек көрінішті болып көрінеді, ал өз ынтықтығын жазғырып мінейді, осындайларда психонәпсіқұмарлық проблемалары жиірек кездеседі.
Когнитивті (бағалы) – тұлғаның адамгершілік құндылықтарын есебіне алады, оның көзқарасын, ер не әйел жынысты екендігі өзін-өзі қалайша бағалайтындығы, табиғи бітімі, діни ұстанымдары, тәрбиесі, білім деңгейі туралы өз сенімдері де осы қатарда әлеуметтік ортаның арнайы қалыптарының, жастардың субмәдениетінің рөлі бұл тұста үлкен болады.
Эмоциялық (эротикалық) – қиялдарға, сезім қақтығыс-толқыныстарына және т.б. негізделінеді. Адамның психикалық-нәпсілік дамуындағы ең күрделі проблемасы – нәпсілік бағдарды қалыптастыру, яғни айтқанда жыныс қатынастарына жатар артықшылықтар жүйесін анықтау: жынысы қарама-карсыларға деген ынтызарлық – гетеросексуальдық болады, өз жынысындағы адамға ынтықтығы гомосексуальдық, екі жыныстың өкілдеріне деген ынтықтығы бисексуальдық деп сипатталынады. Гомосексуальдық себептері туралы мәселе өте күрделі. Алайда, кейбір қалтарыстарын білу керек. Бәрінен бұрын бұл құбылыс оншама сирек кездесіп жүрген жоқ. Басыбайлы гомосексуальдық өмір салты бойынша өмір сүріп жүргендер 2,5% құрайды. Мұның себебі хромосомдық жиынтықтың түрлі ауытқуларында, іште жатқан ұрықтың дамуына әсер ететін тағы басқа кеселді факторларда. Нәпсілік бағдар көбіне-көп еркін қалауының таңдауы бола алмайды, оны өзгерту әсіресе қиын, тіпті мүмкін де болмас. Сондықтан бұл жәйіт, дәрігерлерді ең алдымен үлкен адамгершілікке міндеттейді, олар нәпсілік проблемалардың дәл сыртында адамгершілікке зәру мәселелердің тұрғанын есте сақтауы қажет.
Адам қай-қайсысына болмасын, жас па, кәрі ме, нәпсілік саулық жыныстық ынтықтың белгілерін берер, ықылассыз жүктіліктің алдын алар жыныстық қатынас арқылы таралатын аурулардың, СПИД-тің бетін қайырар жыныстық қатынастағы өкімзорлықтан ада қылар жанға жайлы игілікке айналуы керек.
Қаншалықты дене бітімінің және мінез-құлық қадарың ақыл-билігімен, құндылықтар жүйесімен қиысып, жіктесіп жатады. Мұнымен бірге адам өзіне сай сүйіктісін, тұлғаның аңсаған түрін таба ала ма, қосағымен қосақталып бірге өмір сүруі үшін – мінеки, нәпсілік саулық аталған жағдайлар қатарының қай-қайсысымен де байланысты. Таңдаулы жыныстық ынтымақтық даму үрдісі кезінде қалыптасады, осы тұста жыныстық қатынас бойынша серігінің кәдімгі болмысы да анықталынады. Осы болмыс бітімнің қалыптасар үш түрі, жолы бар:
1. Сүйіктісінің арман түстеген келбеті (бітімі) – жастарда және тәрбиесіз адамдарда бұл дидар көмескі тартып тұрады, ондағы жоқ қасиеттер бар болады, жоғарылатылған талаптар жөнін таппаса да “дес келіп жатады”, сонымен бірге кейбір маңызды қасиеттері есепке алынбайды.
2. Ынтықтық объектісі әсіресе көріп-білмеген бағасын алып жатады, болмаған мінез-қадірі табыла қалады, тіпті “сыйлық орынды болып” жоқ қасиет енді пайда болады.
3. Тапқан махаббат объектісінің қасиеттері көңіліңіздегі идеал мәнімен шарттас.
Жынысы қарама-қарсы кездестірілген адамның сырт келбеті және ішкі болмысы жүрек аялаған ойдан шығып жатса, таңдаулы жыныстық ынтықтық .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Жыныстық тәрбиенің ғылыми негіздері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар валеология жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]