Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Жылжымайтын мүліктер агентігі

Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Жылжымайтын мүліктер агентігі

Мазмұны
1. Мәліметтер қоры 2
2. Delphi ортасындағы мәліметтер қорын басқару жүйелері 2
3. Мәліметтер қорымен байланысатын құрауыштар
және оқиғалар. Table, TDatasource және TField құрауыштары 5
4. Delphi ортасында «Жылжымайтын мүліктер агентігі» АБЖ-ін құру 8
5. Database Desktop көмегiмен кесте құру 9
Қорытынды 21
Әдебиеттер 22
Бағдарлама мәтіні 23

Мәліметтер қоры
Ақпараттық жүйе және мәліметтер қоры дегеніміз – бұл пәндік саланың қандай да бір мақсатқа арналған модулі, яғни автоматтандырылған жүйені басқаруға қажетті пәндік сала жөніндегі фактілер мәліметтер қорынан көрініс табады. Жобалаушы мәліметтер қорын (МҚ) жобалауда осы күтілетін фактілерді сипаттап, ерекшелеп көрсету қажет, бұдан мәліметтер қорының пәндік саласының шекарасы айқындалады. Одан кейін осы фактілердің сипаттамадағы интерпретациясын орындау қажет.
МҚ-на қатысты объектілер, олардың қасиеттері мен қатынастары белгілі болса, онда МҚ-ың пәндік саласы болып есептеледі. МҚ-ын жобалау пәндік саланы алдын-ала құрылымдаудан басталады.
Пәндік сала - бұл нақты мәліметтер банкінің қолданылу аясы. Мәліметтер қоры қолданылу сферасына қарай: кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару, көлік, басқару, медицина, ғылыми зерттеулер және т.б. болып бөлінеді.
Мәліметтер қоры - бұл өзінің құрамына пәндік саланың динамикалық, ақпараттық моделін сүйемелдейтін арнайы әдістері мен құралдарды қамтитын ақпараттық жүйе болып табылады. Оның мақсаты пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын қамтасыз ету.
Мәліметтер қорындағы мәліметтер кестелерде сақталады. Кестелердің әрбір бағаны өріс – деп аталады. Әбір жолы жазулар – деп аталып, бір жазу белгілі бір объекті туралы мәліметтерді жинақтайды.
Delphi бағарламалау тілінің мүмкіндігі өте жоғары. Себебі ол әртүрлі мәліметтерді сақтауға және өңдеуге мүмкіндік береді. Delphi ортасында әртүрлі мәліметтер қорының түрлерімен жұмыс істеуге болады. Мысалы бір компьютерде мәліметтер қорын құрып және осы мәліметтер қорын желіге арнап баптау жасасақ желілік мәліметтер қорына өзгереді.
Бұл мүмкіндіктер әртүрлі мәліметтер қорын Delphі бағдарламалау тілімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Delphi ортасын Paradox, dBase, Microsoft Access, FoxPro, Oracle, InterBase, SyBase т.б. мәліметтер қорын басқару жүйелерін арнай құрауштар комегімен байланыстырып автоматтандыруға болады.
Delphi ортасындағы мәліметтер қорын басқару жүйелері
Мәліметтер қорының орналасу орнына және мәліметтер қорын басқару жүйесінің көмегімен өңдеу әдістеріне байланысты, мәліметтер қорын басқару жүйесі екі типке бөлінеді: жергілікті (локальный) және тұтынушы-сервер (клиент-сервер).
Жергілікті (локальный) архитектурада мәліметтер қоры және мәліметтер қорын пайдаланушы қосымша бір жерде орналасады. Бірақ мәліметтер қорына қатынау, өзара желі бойынша жалғанған басқа компьютерлердегі қосымшаларға қажет болған жағдайда келесі әдіс қолданылады. Мәліметтер қорының файлдары желідегі барлық компьютерлердің қатынау мүмкіндігі бар серверлік файлдарда орналасады. Желі бойынша жалғанған әртүрлі компьютерлердегі қосымшалар бір уақытта серверлік файлдарға жүгіне алады. Бұл жағдайда сұранысқа сәйкес мәліметтер кестесі пайдаланушының компьютеріне көшіріліп, ары қарай өңдеуге дайын тұрады.
МҚБЖ-нің тұтынушы-сервер (клиент-сервер) архитектурасында мәліметтерді өңдеудің және МҚ-ның сәйкестігін сақтау ауыртпалықтары толығымен қосымшаға түседі. Ал сервердегі МҚ тек қана басым мәліметтер көзі болып келеді.
Мұндай архитектураның бір қатар кемшіліктері бар: желілік трафиктің үлкен көлемі желінің аса жүктелуіне әкеледі. МҚ-на қатынауды қадағалаудың және МҚ қорғаудың орталықтандырылмағандығы практика жүзінде, бір уақытта желімен жалғанған тек 5 немесе 8 қосымшаның қатынауына мүмкіндік бере алады.
“Клиент-сервер” архитектурасы МҚ сервері және клиенттік қосымша функцияларын жіктеу есебінен тұтынушы-сервер (клиент-сервер) архитектурасының кемшіліктерін дұрыстауға мүмкіндік береді.
Мәліметтердің бүтінділігін қамтамасыз етуді, МҚ-на қатынауды қадағалауды және клиенттер сұранысының өңделуіне серверлік МҚБЖ жауап береді. Басқа компьютерде орналасқан клиенттік қосымшадан, желі арқылы мәліметтерге жүргізілетін іс-әрекеттердің орындалуын қалыптастыратын бұйрықтар беріледі. Серверлік МҚБЖ бұл бұйрықты қабылдап өз компьютерінде орындайды. Клиенттік қосымшаға тек орындалған бұйрықтың нәтижесі ғана қайтып оралады.
Көп жіктік тұтынушы-сервер (клиент-сервер) архитектурасы. Тұтынушы-сервер (клиент-сервер) архитектуралық идеясын жетілдіру көп жіктік архитектураның пайда болуына алып келді.
Тұтынушы-сервер (клиент-сервер) архитектурасы екі жіктік болып келеді. Келесі мысалды қарастырайық. Айталық серверлік МҚБЖ-мен бір уақытта, түрлі континенттерде орналасқан және МҚБЖ-мен Интернет арқылы байланысқан жүздеген қосымшалар жұмыс жасасын. Мұндай жалпыланған ортаға қызмет көрсету үшін, барлық компьютерлерге МҚ-мен жұмыс жасайтын қосымшалар мен кем дегенде BDE қою үшін көптеген қаржы қажет. Осының бәрін жасау, территориялық таралуға байланысты, өте қиын.
Бұл проблеманы шешу үшін үш жіктік архитектура конценциясы олап табылды. Мұндай архитектурада клиент пен МБ серверінің арасында серверлік қосымшалар орналасады. Оның мақсаты МБ-мен жұмыс жасайтын қосымшаның барлық бизнес – логикасын орындау. Тек осы компьютерге ғана BDE қондырылған. Ал клиенттік компьютерлерге қосымшаларды қондырудың қажеті жоқ.
Клиент Интернет браузерді пайдалана отырып, сервер қосымшаға белгілі бір бизнес-ережелерге сәйкес операцияларды орындауға нұсқаулар береді. Сервер қосымша бизнес-ережеге байланысты барлық бұйрықтарды орындап, мәліметтер өңдеушісін МҚ серверінен сұрап, нәтижесін клиентке қайтарады. Нәтиже клиент браузерінен көрініс табады.
Автоматтандырылған басқару жүйелері
Мәліметтер қоры автоматтандырылған жүйелердің құрамындағы ішкі жүйені арнайы қамтамасыз ету ролін атқарады. Автоматтандырылған жүйенің құрамына кіретін ішкі жүйеге келтірілген анықтама мәліметтер банкінің шекарасын бөліп көрсетеді. Бұл шекара ақпараттық модельді сүйемелдейтін мәселемен анықталады, ол пайдаланушылардың ақпараттық сұранысты талап ету жағдайымен және онымен қамтамасыз етілуіне байланысты. Сондай-ақ, бұл шекара шартты түрде алынған және мәліметтер қорын жобалуға кіретін мәселелерді бөліп көрсету үшін әдістемелік мақсатта пайдалынады. Енгізілетін ақпарат және шығарылатын ақпарат ақпараттық модельдің бөлігі ретінде қарастырылмайды. Енгізілетін ақпарат дегеніміз ақпараттық модельге енгізілуге дайындалған және автоматтандырылған жүйеде ішкі жүйенің ақпаратты жинақтау мен тіркеу жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Ал, шығарылатын ақпарат автоматтандырылған жүйенің ішкі жүйесінің кірісіне түсетін ақпараттың таралуы мен бейнеленуі, модельдегі ақпартты өңдеу нәтижесінде алынған ақпарат. Автоматтандырылған басқару жүйелердің мектепте оқытылу әдістемесі аса маңызды орын алады. Мектептегі автоматтандырылған басқару жүйелері білім беру жүйесінде есеп беру, мектептің құжаттарын және оқу үлгерімін, оқуға қатысуын жобалау болып келеді.
Жүйе деп - белгілі бір байланыста болатын және бір-бірімен бір бүтін орта құрайтын элементтер.
«Пайдаланушы жүйе» - функционал жүйе, белгілі бір есепті шығару үшін компьютерлік өңдеудің практикалық іс-жүйесі. Пайдаланушы жүйеге есептелетін өндіріс орнындағы қызметкерлердің автоматтандырылған жұмыс орны, іс-қағаздар айналым жүйесі, есеп-қисабы жатады.
Ғылымда және өндірісте дербес компьютер базасында құрылған автоматтандырылған басқару орындары (АБО) үлкен жетістіктерге жеткізді.
Автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) қойылған дербес компьютер - автоматтандырылған басқару орны деп аталады. Кез келген АБО-ын қолдана отырып өз жұмыстарының өнімділігін, және тез арада есеп беру мүмкіндігіне ие болады.
Автоматтандырылған басқару жүйесін құруда:
 жүйені құрудың мақсаты мен есебін анықтау;
 жүйенің жеке модульдерінің функциясын көрсетіп, құрылымын жобалау;
 жүйенің функционалдық бөлшектерінің негізгі алгоритмдерін құру;
 алгоритмдер және жобаны құруға дайындалған тәсілді таңдау;
Мәліметтер қорымен байланысатын құрауыштар және оқиғалар
Table, TDatasource және TField құрауыштары
Мәліметтер қоры үшін қосымшылар әдістемесі екі бөлімнен тұрады:
• Мәліметтер қорын құру яғни кестелердің бағаналарымен анықталуы. Бұл мәліметтер қоры қабықшасының көмегімен немесе мәліметтер қорындағы мәліметтер қорындағы клиент/сервер архитектурасындағы Windows ISQL құралы арқылы жүзеге асады.
• Delphi ортасының программалау қосымшалар мен қабықшалар мәліметтер қорына кіру мүкіндігі ретінде пайдаланады.
Бұндай мәліметер қорының қосымшалары үшін Delphi ортасында келесі құрауыштар тобы қарастырылады:
• Мәліметтерді басқару тобы деп аталатын диалогтық элементтері бар топ. Бұл топқа бейнеленілетін ақпараттың дайын болуын және мәліметтер қорының элементтері бойынша интерактивтік навигация мен олардың интерактивтік өзгеруін қамтамасыз ететін алаң редакторы (DBEdit), метка (DBText), кестелер(DBGrid) жатады.
 Мәліметтерге кіру үшін диалогтық элементтерді басқару элементтері мен мәліметтер қоры арасында байланыс құрайтын визуалды емес құрауыштар қолданылатын құрауыштар тобы.
 BDE-нің көмегісіз мәліметтер қорымен байланысу ADO InterBase құрауыштар группасында қарастырылады.
 Мәліметтер қорының үшдеңгейлі қосымшаларын өңдеуде MIDAS құрауыштары қолданылады.
 TTable, TDataSource және TFIeld құрауыштары және First, Prior, Next, Last әдістері.
TdataSet құраушы Tcomponent-нің туындысы болып табылады. TBDEDataSet-ң ұрпақтары TDBDataSet, TClientDataSet, TCustomADOdataSet, TIBCustomDataSet болып саналады. TDBDataSet құраушынан TTable,TQuery, TStored Procedure келіп шығады. TDataSet құраушы үшін абстрактілі әдістерге үндеу беретін абстрактілі қасиеттер мен әдістер келтіріледі.
Procedure First;
Procedure Prior;
Procedure Next ;
Procedure Last;
Осы әдістердің көмегімен көрсеткіш бірінші / First/ бұрынғы / Prior / , келесі / Next / және соңғы / Last / жазуларына ауысады.
BOF, EOF /тек оқу үшін ғана/
Property BOF,Boolean;
Property EOF,Boolean;
EOF қасиеті true мәндерді қабылдайды, егер:
 Бос DataSet құраушымен ашылса;
 Last әдісі шақырылса;
 Next әдісі шақырылады және шақырылу барысында соңғы жазуға орнатылған болса;
 SetRange мәндерден тұрмайтын диапазонымен шақырылса.
BOF қасиеті true мәндерді қабылдайды, егер:
 DataSet құраушы ашылса;
 First әдісі шақырылса;
 Көрсеткіш бірінші жазуға орнатылмай тұрып, Prior әдісі шақырылса;
 SetRange әдісі бос диапазонымен шақырылады.
Бұл екі қасиеттер жазулар мәліметтер қорынан алынған циклдерді іріктеуде шарттарды қоюға қажет болады. Әдетте кең ауықымды мәліметтер қорында стандартты функциялар болады. Мысалға, егер 5432 / өзгерістер енгізу үшін/ нөмірлі адресті табу керек болса, онда пайдаланушыдан DBNavigator құраушында 5 мыңнан артық шерту қажет етілмейді.
Жобалау барысында бұл функцилар іске асырылмайды, бірақ бізге жазуды өзгерту керек болып тұр. Олай болса «Шертуді жүзеге асыру» процессін келесі программалық кодтың көмегімен орындалады.
Procedure Tform. Buttonclick( Sender:TObject);
begin
abbruch:=false;
with table do
while not EOF{BOF} do
begin.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Жылжымайтын мүліктер агентігі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар багдарламалау жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]