Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау
Кіріспе
Криминалистік тактикада кез-келген тергеу әрекетінің алдында бастапқы тергеу әрекеті ретінде оқиға болған жерді қарау жүргізіледі. Оқиға болған жерді қарау негізгі тергеу әрекеттерінің бірі, себебі осы әрекетті жүргізу барысында тергеуші ең басты мәселе қылмыстық оқиғаның болған, болмағандығын шешеді. Оқиға болған жерді қарау өз алдына дербес түрде жүргізілетін кешенді тергеу әрекеті, оның барысында болған оқиғаның механизмін анықтауға талпыныс жасалады. Криминалистика ғылымында "оқиға болған жер" ұғымына байланысты көзқарастар әртүрлі болып келеді.
Мысалы, Рассейкин Д.П. өзінің "Кісі өлтірушілікті тергеу кезінде мәйіт және оқиға болған жерді қарау" еңбегінде, "оқиға болған жер ретінде қарау жүргізіп жатқан оқиғаның болған жерін түсіну керек. Ал, қылмыстың заты, мысалы," ұрланған автокөліктің табылған жерінде оқиға болған жерді қарау емес, заттай дәледемелерді қарау хаттамасы толтырылады" дейді1. Ал Л.В. Виницкий болса "бұл ұғымдарды ажырату керек, бірақ оларды әртүрлі тергеу әрекеттеріне бөлудің қажеті жоқ" деген көзқарасын білдіреді.2 Қазіргі кездегі криминалистикада осы екінші позицияны басым түрде қолдайды.
Себебі, оқиға болған жер ұғымының мағынасы оқиғаның материалдық іздері табылған жер ұғымының мағынасынан кең және болған оқиғаның мән-жайларына байланысты түсініктің барлығын қамтиды. Осындай сипатына қарай отырып Қазақстандық криминалист ғылымдар осы пікірге жүгінеді.
Мысалы, Е.Ғ. Жәкішев "оқиға болған жер" деген түсінікке оқиға болған жер және осы қылмыстың іздері табылған жер жатады. Сондықтан бұл ұғымға тек қана қылмыс жасалған жер ғана жатпайды. Мұнымен қатар бұл ұғымға қылмыс жасауға дайындық жұмыстарын жүргізген жер, қылмыс жасауға қолданған қару және басқа да айғақ заттарды тапқан жерде жатады. Ол- жеке үй, пәтер, ашық алаң, су айдыны, вагон, тағы басқа да объектілер болуы мүмкін. Осыған байланысты бір қылмыс бойынша бірнеше оқиға болған жер болуы мүмкін. Айталық, адамды өлтіріп, оны басқа жерге апарып бөлшектеп, ол бөлшектерді әр жерге көмсе, кісіні олтірген Жер де, өлікті бөлшектеген жер де, ол бөлшектерді көмген жер де оқиға болған жер деп саналады. Сонымен бір жасалған қылмыс бойынша 3-4 оқиға болған жерді қарауға тура келеді "деп тұжырымдай келе" оқиға болған жер дегеніміз қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да объектілер" дейді.3 Ал, А.Я.Гинзбург "оқиға болған жер ретінде криминалистикада тергеліп жатқан қылмыстың оқиғасы, бақытсыз жағдай, стихиялық оқиға немесе бастапқы кезде қылмыстың жасалған орыны деп белгіленетін жер танылады" деген түсінік береді. Ол қылмыстың іздері табылған жерді "оқиға болған жерге жатпайтын орындар мен ғимараттарды қарау"4 деп бөледі. Негізінен, криминалистикада бастапқы анықтама көп қолданылады, себебі оқиғаның іздері табылған жерде өз сипаты бойынша "оқиға болған жер" ұғымымен анықталады.
Өйткені, екеуінің де мақсаттары, объектілері бір болып табылады. Мұндай жалпы түсінік тергеу әрекетін әртүрлі топтарға бөлместен бірыңғай және тиімді түрде жүргізуге көмектеседі. Сонымен, жоғарыда келтірілген ұғымдар толығымен оқиға болған жерді қараудың объектілері ретінде зерттелуге жатады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінде оқиға болған жерді қараудың ұғымы айқындалмай, оны криминалистік тактиканың, қылмыстық процестің теориясының еншісіне қалдырған.
Дегенмен, оның ұғымы Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 221-бабында көрсетілген оқиға болған жерді қараудың мақсаттарынан туындайды. Заңда оқиға болған жерді қараудың мынандай мақсаттары белгіленген:
1. Қылмыс пен басқа да материалдық объектілердің іздерін анықтау;
2. Іске қатысы бар мән-жайларды айқындау.5
Осы мақсаттарына қарай отырып, криминалист ғалымдар бір бірінен мәні, мағынасы бойынша алшақ емес әртүрлі түсініктер береді. Себебі, бұл мәселенің негізін құраушы ұғым заңда жазылып тұр. Бұрынғы кездегі авторлардың ойына жүгінетін болсақ, В. П. Колмаков "оқиға болған жерді қарау ретінде іс бойынша шындықты анықтауға ықпал ететін барлық мән - жайларды анықтау үшін, ғимараттың ішінде немес басқа да жерлерде іздер мен заттай дәлелдемелерді табу үшін, тергеуші мен заңда көрсетілген тұлғалардың оқиға болған жердегі материалдық объектілердің белгілері мен қасиеттерін, жағдайларын тікелей түрде бағалауды, зерттеуді, қабылдауды және оның нәтижесін тіркеуді жүзеге асыратын тергеу әрекетін түсіну керек"6 дейді. Ал, қазіргі авторлардан А. Я. Гинзбург жалпылама түрде мынандай түсінік береді: " оқиға болған жерді қарау тергеушінің қылмыстық іске мәні бар объектілерді тікелей түрде тауып, олардың белгілерін, қасиеттерін, жағдайларын және орналасқан орындарын зерттеуін білдіреді"7.
Профессор Е. Ғ. Жәкішев "оқиға болған жерді қарау дегеніміз іздерді, айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар, жасалған қылмыстың мән жайын, оның болу механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей өткізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті" дейді 8 Бұдан басқа ғалымдар оқиға болған жерді қараудың негізгі мәні оқиғаның механизмін анықтау екендігіне көңіл бөледі.
Мұндай тұжырым оқиға болған жердің басты сипатын көрсетеді. Себебі, тергеуші оқиға болған жерге келіп жеткеннен кейін, қарауды жүргізу процесінде өзінің ішкі сенімімен оқиғаның механизмін анықтайды.
Бұл оқиға болған жерді қараудағы басты мәселе қылмыстың болған, болмағандығын шешеді.
Е. Ғ. Жәкішев "Қарау мезгілінде табылған айғақ заттар, іздер арқылы қылмыстың механизмін, қылмыс жасау әдісін анықтауға, қылмысты жасауға қатысқан адамдар жөнінде және істің басқа да мән - жайлары жөнінде өте керекті мәліметтер жиналады"1 деп көрсеткен.
Яғни, тергеуші оқиға болған жердің жағдайымен онда табылған дәлелдемелер негізінде оқиғаның механизмін анықтап, істің одан арғы өрбу мәселесін шешеді.
Оқиға болған жерді қарау әртүрлі қылмыс түрлеріне қарай өзіндік ерекшіліктерге ие болады. Себебі, қылмастардың түрлеріне қарай, оны зерттеуге байланысты тергеу әрекеттері де өзіндік жеке сипатқа ие болады.
Осындай ерекшіліктерін айқындап, түсіндіру мақсатында жол — көлік оқиғасы болған жерді қарауға жан - жақты түрде зерттеу жүргіземіз.
1. Жол-көлік оқиғасы, оның түсінігі және түрлері. Жол-көлік
оқиғасының элементтері.
Жол- көлік оқиғасы өз табиғатында ең бір динамикалы түрде пайда болатын құбылыс болып табылады. Жол-көлік оқиғасының түсінігіне байланысты криминалист ғалымдардың арасында принципиалдық дәрежеде айырмашылық жоқ. Себебі, жол-көлік оқиғасының негізгі мәнді түсінігі арнайы нормативті актіде көрсетілген. Ол акт Қазақстан Ішкі Істер Министрінің бұйрығымен бекітілген, 1992 жылдың 12 желтоқсанында қабылданған "жол-көлік оқиғаларын тіркеу ережесі" болып табылады. Бұл ережеге сәйкес "жол-көлік оқиғасы дегеніміз қозғалыстағы көлік құралының қатысуымен нәтижесінде кісі өліміне немесе оның дене жарақатын алуына, көлік құралдарында, құрлыстарда, жүктерде және тағы басқа материалдық объектілерде ақаулардың пайда болуына алып келіп соғатын оқиғалар"9. Осындай анықтаманы криминалист ғалым Г.А. Мозговых та береді. Оның айтуы бойынша "жол-көлік оқиғасы дегеніміз-міндетті түрде қозғалыстағы көлік құралы қатысатын, нәтижесінде кісі өлімі болатын немесе оның денесіне жарақаттар түсетін, көлік құралдары мен қоршаған ортаға материалдық ақаулар келтіретін оқиға"10. Жоғарыда айтылғандай жол-көлік оқиғасының өзіне тән ерекшеліктері бар.
Оны былайша топтастыруға болады:
1. Жол-көлік оқиғасы динамикалық сипатқа ие, себебі оның қатысушысы—көлік құралы жол-көлік оқиғасы алдында қозғалыс үстінде болады;
2. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде белгілі бір материалдық залалдар келтіреді. Ол залалдар әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Мысалы, көлік құралына, айналадағы қозғалмайтын объектілерге (үйлер, ғимараттар, ағаштар,т.б.), жаяу жүргіншілерге келтірілген залалдар.
3. Міндетті түрде қатысушысы қозғалыстағы көлік құралы болады.
Бұл жағдайда көлік құралы ретінде "жол-көлік оқиғаларын тіркеу ережесіне" сәйкес автомобильдер, мотоциклдер, мотоколяскалар, мопедтер, алынбалы двигателі бар велосипедтер және т.б. өздігімен жүретін механизмдер, ат жегілген арбалар танылады.11
4. Жол-көлік оқиғалары жол үстінде немесе жол шетінде пайда болады. Яғни, жол—көлік оқиғасының болуы жолға байланысты туындайды.
Осы белгілерінен көрінгендей жол—көлік оқиғасы өзіне тән криминалистік зерттеу әдістерін қолдануды талап етеді. Сол себепті, криминалистикада жол—көлік оқиғаларына байланысты қылмыстарды тергеудің кешенді түрдегі методикасы анықталып, бекітілген. Негізі, кез-келген зерттеу үшін зерттеу объектілерін жүйелеп, түрлерге бөліп, топтастырып алу керек.
Жол-көлік оқиғаларының түрлері "жол—көлік оқиғаларын тіркеу ережесінде" анықталған. Оған сәйкес мынадай төмендегідей түрлері көрсетілген12;
1. Соқтығысу - қозғалыстағы көлік құралдарының немесе темір жол составтарымен, кенет тоқтаған көлік құралдарымен, темір жол составының рельс үстінде тоқтап қалған көлік құралдарымен соқтығысу оқиғасы.
2. Лақтыру-қозғалыстағы көлік құралдарының лақтырылып кетуі.
1. Қозғалыссыз тұрған көлік құралына соғылу-қозғалыстағы көлік құралының қозғалыссыз тұрған көлік құралына, арбаға немесе жартылай арбаға соғылуы.
2. Кедергілерді басып кету—көлік құралының қозғалмайтын кедергіні басып кетуі немесе соғылуы.
3. Жаяу жүргіншіні басып кетуі—қозғалыстағы көлік құралының жаяу жүргіншіні басып кетуі немесе жаяу жүргіншінің көлік құралына өзінің соғылуы. Бұл оқиғалар қатарына көлік құралдарымен тасымалданатын жүктердің құлауы нәтижесінде адамдар денсаулығына залалдардың келу оқиғалары да жатады.
6. Велосипед айдаушыны басып кетуі—көлік құралының велосипед айдаушыны басып кетуі немесе велосипед айдаушының өзінің көлік құралына соғылуы.
7. Ат арбаны басып кету—қозғалыстағы көлік құралының ат арбаны басып кетуі немесе ат арбаның өзінің көлік құралына соғылуы.
8. Жануарларды басып кету-қозғалыстағы көлік құралының құстарды, жабайы немесе үй жануарларын басып кетуі немесе сол құстар мен жануарлардың өздерінің көлік құралдарына соғылуы, бұл оқиғалар, нәтижесінде адамдардың жеке басына залал келтірілгенде немесе басқа да материалдық залал келтірілгенде ғана тіркеуге алынады.
9. Басқа да оқиғалар - трамвайлардың рельстен шығып кетуі, көлік құралдарындағы жүктердің адамға жануарға немесе басқа көлік құралына құлауы, қозғалысқа қатысушылар болып табылмайтын тұлғаларды басып кету, кенеттен пайда болған кедергілерді (құлаған жүк, жұлынып қалған дөңгелек) басып кету, жүргіншілердің қозғалыстағы көлік құралынан немесе оның ішінде қозғалыс троекториясының кенет өзгеруі немесе тежегішті басу нәтижесінде құлап кету оқиғалары, т.б.
Мұндай заңды түрде бекітілген жол —көлік оқиғаларын топтастырудан басқа криминалисттік ғылымда өзіндік көзқарастар бар. Мысалы, Ю.Д. Кисляков мынадай топтастыруды ұсынады:
1. Жол бетінде ақаулар немесе кедергілер жоқ кезінде қозғалыстағы көлік құралының жол бетінен сырғып кетуі немесе лақтарып жіберуі;
2. Көлік құралдарының соқтығысуы;
3. Көлік құралынан басқа кез-келген қозғалмалы затты басып кету;
4. Көлік құралының қозғалмайтын кедергіні немесе жол бетінің ақауларын басып кетуі;
5 Басқа да оқиғалар13
Бұдан басқа М.Б. Мұқашев келесідей тәртіппен топтастырады:
1. Басып кету-қозғалыстағы көлік құралының кедергіні басып кетуі немесе қозғалыстағы объектінің көлік құралына соғылуы.
2. Соқтығысу-екі немесе одан да көп қозғалыстағы көлік құралының өзара соқтығысуы.
3. Лақтырып жіберу-қозғалыстағы көлік құралының лақтырылып жіберуі.
4. Басқа да оқиғалар14
Оның ойы бойынша «Жол-көлік оқиғаларын тіркеу ережісіндегі жол- көлік оқиғаларының түрлері тіркеудің жан-жақтылығын сипаттағанымен тергеу міндеттерін шешуге көмектеспейді. Себебі, бұл топтастыру оқиғаның механизміне емес, объектілер мен қатысушыларға байланысты бөлінген. Ал, тергеуші үшін мысалы, жаяу жүргіншіні басып кетті ме, велосипедистті басып кетті ме, оның ешқандай мәні жоқ. Ол үшін басып кету объектісі қозғалатын объекті ме, қозғалмайтын объекті ме және ол жол үстінде жасалды ма, жолдан тыс жасалды ма, осы сияқты мәселелер маңызды болады. Сондықтан, топтастыру оқиғаның жасалу механизміне қарай құрылуы керек 15.
Бұлардан басқа жол-көлік оқиғалары құрамалы болуы мүмкін. Мысалы, алдымен соқтығысып одан кейін жол шетіне лақтырылып жіберілуі немесе лақтырылу нәтижесінде соқтығысу, т.б. Мұндай жағдайда белгілі бір кезектілік пайда болады. Сондықтан, топтастырудың бір түріне жатқызған кезде ең бастапқы жол-көлік оқиғасы негізге алынады. Жол-көлік оқиғаларын топтастырудың да мәні осындай күрделі оқиғалар кезінде айқын көрінеді.
Криминалистика ілімінде жол-көлік оқиғаларының криминалисттік маңызына төмендегідей сипаттамалар жатқызылады:
- оқиғаның механизмі мен жасалу өдісі
- жол жағдайы және онымен анықталатын тергеу жағдайлары.
- оқиғаның нәтижесі мен одан түскен іздер.
- жол-көлік оқиғаларының себептері мен оған әсер еткен
жағдайлар. Бұлар жол-көлік оқиғаларының криминалистік мағынасының элементтері болып табылады. Байқағанымыздай, жол-көлік оқиғасының механизмі бастапқы орынға қойылған. Оның басты себебі жоғарыда айтылғандай жол-көлік оқиғасының механизмі оқиға болған жерді қарауда анықталуға жататын, істің одан әрі жылжу тағдырын шешетін құбылыс ретінде танылады. Жол-көлік оқиғасының механизмі дегеніміз жол-көлік оқиғасының пайда болуының себептері мен жағдайларының және олардың пайда болуын анықтайтың факторлардың өзара жиынтығы.
Оның құрамына болған оқиғаның барлық процесі мен жол жүру қатысушыларының әрекеттері кіреді16. Жол-көлік оқиғасының механизмінің құрамдас элементтері А.П. Онучинмен былай анықталады:
1. жол-көлік оқиғасының бастапқы сатысы-қалыпты жағдай пайда болған кездегі оқиға қатысушыларының өзара орналасуы және әрекеттері.
2. жол-көлік оқиғасының кульминациялық сатысы -контакт кезіндегі оқиғаға қатысушылардың орналасу жағдайы.
3. Финалдық сатысы-көлік құралдарының қозғалысының толықтай тоқтауы І7.
Мұндай позицияны В. А. Иларионов та қолдайды. Ол жол- көлік оқиғасының механизмінің элементтерін атай отырып сатыларының жүру ретш көрсетеді.
Осы сияқты жүйені В.К.Глистин мен Б.Е.Боровский де ұсынады19.
Ал, В.Н.Герасимов жол-көлік оқиғасының механизмін жеті сатыға бөліп, оны үш кезеңге топтастырады. Оның айтуы бойынша бірінші кезеңге апат алдындағы жағдай , екінші кезеңге - апаттық жағдайдың өзі, үшінші кезеңге апат нәтижесін жеңілдетуге бағытталған шаралар.
Бірінші кезең сатылары:
1.Апаттық-ситуациялық саты-қатысушылардың апаттық қауіпті
сезіну сатысы.
2. Шешім қабылдау сатысы - нақты әрекеттерді құрайды. Бұл кезең шешім қабылдап оны жүзеге асыруды қамтиды.
3. Шешімді жүзеге асыру нәтижесінің сатысы- шешімді жүзеге асыру барысында қате шешімдерді түзету мүмкіндігі мен нәтижесінің пайда болуын көрсетеді.
Екінші кезең сатылары.
1. Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың өзара әрекеттерінің дамушы динамикасын көрсету сатысы.Мұнда "жүргізуші-автомобиль-жол жағдайы " жүйесінің элементтерінің контактіге дейінгі жағдайы, ал контактінің алдын - алу мүлдем жүзеге аспауы кезінде болатын саты.
2.Жол-көлік оқиғасы қатысушыларының механикалық контактіге түсуі немесе бұл сатыны контактілік - апаттық деп атайды. Мұның нәтижесінде қатысушыларды белгілі бір ақаулар пайда болады.
3. Жол - көлік оқиғасының бітуі, қатысушылардың статикалық күйге келуімен сипатталады.
Үшінші кезенде апаттың нәтижесін жеңілдететін шаралар, мысалы, жәбірленушіге көмек көрсету, оларды медициналық мекемеге жеткізу немесе жүргізуші оқиға болған жерден кетіп қалса, оны іздеу шараларын жүргізу керек...

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Тінтудің түсінігі
» Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеудің әдістемесі
» Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы
» Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қылмыстық процесте өндірісті тоқтата тұрудың негіздері
» Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері

Іздеп көріңіз: