Курстық жұмыс: Психология | Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу тарихы
Мазмұны
1. Жоғарғы сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері2. Танымдық процестердің амалдарын меңгеру
3. Ақыл-ой әрекетінің дамуына тарихи сипаттама
4. Мінездің моральдық жағынан қалыптасуы
Кіріспе
Қоғамдағы түрлі бағытта болып жатқан өзгерістер білім берудің қызметіне жаңаша қарауды, бағалауды, сонымен қатар оқушылардың танымдық әлеуетін дамытуды талап етеді.
Таным – объективтік шындықты адамның ойын бейнелейтін және қайта жаңғыртатын, қоғамдық іс-әрекет барысы. Ол заттардың мәніне дәлірек жетудегі күрделі және қарама-қайшылық ретінде қаралады. Ақиқатқа жетудің, объективті шындықты танудың диалектикалық жолы: нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға, одан тәжірибеге көшу болып табылады. Таным барысында ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады. Оқушылардың танымдық әрекет құрылымы: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық дербестік және шығармашылық әрекеттен тұрады.
Танымдық іс-әрекет оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.
А.Н.Леонтьев: «Менің өмірімдегі мен нені меңгере алдым, я болмаса соны ұғына алдым ба жоқ па, егер үғынсам, меңгерсем, қаншалықты, қандай дәрежеде үғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін, маңыздылығы қандай...» - деп, психология ғалымының «мән» мен «маңыз» деген ұғымдардың түсініктемелерін зерттеген [1].
Егер оқушылар өздерінің оқыту процесіндегі бағдарының мәнін, маңыздылығын үғынып, оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын, компоненттерінің маңыздылығын менгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық іс-әрекеттің тиімділігінің артқаны. Бұл оқушылардың өз мүмкіндіктерін пайдалана білуі, білімнің пайдасы мен маңызын саналы түрде ұғынып, түсінуге көмектеседі. Оқушы білімді жай уақытша қажеттілік деп санаса, онда білімнің маңыздылығы төмендейді. Ал егер оқу әрекетін басқа әрекеттермен (шығармашылық, танымдық, қарым-қатынас, бағалау) байланыстырса, онда «білсем», «маған керек», «маған қажет», деген сияқты мотивтерге білгім келеді», «үйренгім келеді» деген мотивтер ұласады.
Сонымен дамыта оқытудың негізгі принципінде проблемалық оқыту пайда болады. Проблемалық оқыту дегеніміз, меңгерілетін және білім мен білік, дағдының бастапқы кезеңнің қалыптасуы және мұғалімнің басшылығымен өтетін оқыту өз еркімен тапсырма мен мәселені шешу жүйесі.
Мұндай оқыту оқушының ақыл-ойының дамуына елеулі әсер етеді, адам үшін жаңа заңдылықтармен, танымдық және практикалық мәселелерді шешу жолдарына бағыттайды.
Оқыту арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды тәжірибиесін береді. Сонымен бірге оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым-білім жүйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке даярлайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой мен дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру - ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс. Оқыту процесінің жүйелі, түсінікті, нақты қалыптасуы танымдылық іс-әрекеттің маңыздылығын арттырады. Оқыту екі жақты сипатта жүретін мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекетінде көрінеді. Сондықтан мұғалім оқушының жаңа білімді қабылдауына, бұрынғы өзінде бар біліммен байланыстыруына, ой қортындысына дұрыс тұжырым жасауына көмектеседі.
Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің маңыздылығын дамыту мәселесін екі жаққа бөліп қарастыруға болады: 1) ұйымдастырылған оқыту процесінің ықпалы балаға және оның психикалық дамуына әсер етуін білу және 2) толық анықталған дамуды алу үшін, оқыту процесін қалай ұйымдастыру қажет, қандай психикалық даму және қандай оқыту мен әсер ету туралы болатынын білу өте маңызды.
Танымдық процестердің амалдарын меңгеру арқылы бала шындық болмыстағы заттардың байланыстары мен катынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың айырмашылықтарын, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді. Мұндағы себеп пен нәтиженің заңды байланысын түсінеді. Мәселен, «от жақса түтін шығады» дегенді оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайды, яғни көңіл аударады, шындық болмыстағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен байланыста тұратындығын түсінеді. Басқаша нақтырақ айтсақ, қабылдайды. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп, көзінің жетуі - оның ұғынуы болып табылады.
Оқыту процесі адамның іс-әрекеті мен шындық танымдық процестердің бірлігі арқылы орындалады. Ендеше танымдық процестердің әр түрінің өзіндік ерекшелігі, маңызы мен орны бар.
Танымдық іс-әрекет, арнайы ұйымдастырылған оқытуда құрылады, күрделі психологиялык білім бола отырып, оқыту процесінің өзімен қоса өріледі.
Оқу процесінің компоненттеріне көңіл бөле отырып, мұғалім дұрыс ұйымдастыруынан сабақтың нақты мазмұны анықталады және де әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдалану ерекшелігі арқылы оқушының танымдық іс-әрекетінің дамуына әсер етеді.
Мұғалімнің оқыту іс-әрекетінің өзі екі негізгі компоненттерден тұрады: бірінші жағынан оқушыға білімнің объективтік маңыздылығын беру; екіншіден осы білім барысында оның мәнін оларда субъективтік қатынаста қалыптастыру қажет.
Егер оқыту материалдары ақыл-ой әрекеті мен практикалык жағдайда қалыптастырылса, оқытудың бірінші жағы көрінеді, екінші жағы осы әрекеттердің орындалу процесін анықтауда және түрлі түсіндірулерге тоқталғанда көрінеді.
Жоғары психикалық функцияның өзі бастапқыда біріккен іс-әрекетте қалыптасады, басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудың өзі біртіндеп ішкі жоспарға кіреді, ол баладағы ішкі психикалық процеске айналады.
Кейбір зерттеушілер адам психикасын қарқынды дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиеттерінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Бұл жерде , түгі қалмай өзгереді дегенде жаңа мен көненің арасындағы күрес жөнінде айтылып отыр. Диалектиканың заңдылығы бойынша, жаңа дегеніміз көненің негізінде өріс алып, оны жеңеді, бірақ бір жолата құртпайда, көнеден қалған «қалдықтың өзінің өркендеуі үшін пайдаланады.
С.Смаилов: “Танымдық белсенділік ұғымын жеке тұлғаның қасиеті, яғни адамның кәсіби дайындығы барысында өз күшімен білім мен әрекет тәсілдерін игеру және оны оқу, зерттеу, практикалық әрекеттерде қолдану” – деп түсіндіреді [7].
Р.С.Омарова: “Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, қызығушылықтан және әрекетті орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады”, - деп түсіндіреді
[16].
Жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін, белсенділігін ұйымдастыру, шығармашылығын қалыптастыру, оқыту әдістерін өмір талаптарына сәйкестендіру мектептегі оқыту үрдісінің ерекшеліктеріне, әдістеріне, сабақтың мақсатына қарай жұмыс түрлеріне, оқушылардың психикалық қасиеттері мен даму ерекшеліктеріне байланысты (1-сурет).
Психикалық іс-әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін оқушы ең алдымен өзінің ой-санасын жасап жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Сурет салуға бекінген оқушының зейіні істеп жатқан әрекетіне шоғырланады, назарын қажетті заттарына аударып, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданады. Бұл оқушының бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап, әртүрлі іспен бірден шұғылдана алмайтынының дәлелі. Сондықтан да оқушы санасы белгілі мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады.
Ой-сананың бағытталуы деп – ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамалылық сипатын, нақты объекті күні бұрын ниетті іріктеуін, не оған мән бермеуін айтамыз. Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс-әрекеттің біршама уақыт аралығында өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейінді бөлу үшін қандай да бір істің түрін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып,
сақтап қалу қажет. Мысалы, педагогикалық процесте зейінін “анау не, мынау не зат?” – деп іске бағыттау онша қиындық тудырмайды, әңгіме төркіні сол зейін бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру.
Зейін сөзі жоғары сынып оқушысы ой-санасындағы белгілі іс-әрекетке шоғырланады. Оқушы алдында тұрған міндет неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым күшті әрі өткір болып, ал жұмыс қиындығы болмағанда, зейін салудың күші де кемірек келеді. Өз кезегінде оқушы зейінінің шоғырлануы ой-сананы қажетсіз объекттердің бәрімен ауыстыра алумен де байланысты. Зейін күші толығымен нақты бір істің шешіміне бағышталған шақта, төңіректегі қалған затардың бәрі елес күйінде байқалады.
Сонымен, қандай да бір затқа зейін қоюдан, ол зат оқушы санасының төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің бәрі сана аймағының шектеріне ығыстырады. Осыған орай, зейін аударылған заттың оқушы санасындағы бейнесі нақты айқындалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар іс-әрекет мақсатына жеткенше, санада бекіген халде сақталуы әрекетті бақылау және реттеу қызметінде көрініс береді.
Сурет 1 – Оқу-танымдық іс-әрекетте оқушылардың психикалық
даму бағыттары
Зейін, әдетте, оқушының бет, дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді. Сырттай-ақ зейінді тыңдап отырған оқушыны зейінсізінен айыруға болады. Ал кей жағдайларда зейін қоршаған дүние емес, оқушы санасындағы ойлар мен бейнелерге де бағытталады. Мұндай жағдайдағы зейін интеллектуалды деп аталып, ол сезімдік зейіннен біраз өзгеше келеді. Ал ой-сана дене қозғалысына бағытталатын болса, онда сөз арқауына қимылдық зейін алынады. Мұның бәрі зейіннің танымдық, өз мазмұнына ие болмай, өзге танымдық процестердің қосалқы қызметтерін атқаратынын дәлелдейді [3].
Ырықсыз зейін – ең қарапайым және оқушыда алғашқы көрінетін психикалық процесс, оны сонымен бірге енжар, еріксіз деп те атайды, себебі ол туындайды әрі әрекетке қосылады. Орындалып жатқан іс-әрекет жоғары сынып оқушысын өзінің қызықтылығы және тосындылығымен еріксіз баурап алады. Оқушыда ырықсыз зейін іс-әрекет иесінің дене-тәндік, психофизиологиялық және психикалық кейіп-қалпымен байланысты келіп, өзара ықпалды қатынасынан туындайды. Ол себептерді бірнеше категорияға келтіріп қарастыруға болады.
Бірінші себептер категориясына тітіркендіргіш әсердің сипаты мен сапасы жатады. Олардың ішінде ең алдымен ескеретініміз әсер күші мен қарқындылығы. Мысалы, жоғары сынып оқушысы оқу жұмысын орындап отыр, оның жұмысқа берілгендігі сонша, жеңіл сыбдыр шуды тіпті аңғармайды. Ал кенеттен қатты дыбысты естісе, ол еріксіз көңіл бөлуге мәжбүр болады. Әрдайым күшті тітіркену әсері, айқай - шу, көз қарықтырар жарық, екпінді соққы т.б. оқушы зейінін еріксіз тартады. Мұндайда зейіннің аударылуы әсердің шектен тыс күштілігінен емес, сол әсердің қалыпты жағдайда орайлас не орайсыздығынан. Аталған себептер тобына тітіркендіргіш әсердің жаңалығымен тосындылығы да кіреді. Бұл тұрғыдан жаңалық деп бұрын білмеген, көрмеген зат құбылыстар әсерін ғана емес, сонымен бірге ықпалында болып жүрген әсерлердің физикалық қасиеттерінің өзгерісі немесе орын ауысуынан туындаған тітіркендіргішті айтуға болады.
Оқушы көңіл-күйіне, мұқтаждық-қажетсінуіне сәйкес сыртқы тітіркендіруші әсерлер ырықсыз зейін туындатушы себептердің үшінші тобын құрайды.
Зейін себептерінің, төртінші тобы оқушының жалпы бағыт-бағдарына байланысты. Оқушының бағыт-бағдары сонымен бірге оның бұрынғы тәжірибесімен қалыптасқан сезімдік күйіне де байланысты. Ырықсыз зейіннің аса маңызды себептері, сонымен, оқушыны қызықтырып, эмоционалды кейпін өзгеріске түсіретін заттар, жағдайлар, құбылыстар.
Жоғары сынып оқушысының ырықты зейінінің ырықсыз зейіннен ерекшелігі оның саналы мақсатқа тәуелді келуі. Зейіннің бұл түрі жоғары сынып оқушысы еркімен тығыз байланыста болып, оның еңбектік күш салуларының нәтижесінде пайда болады, сондықтан да ырықты зейін ерікті, белсенді, ниеттелген деп те сипатталады. Қандай да бір шешімді қабылдай отырып, оқушы іске кірісіп, сол іс оқушы үшін сол мезетте ұнамаса да оған саналы зейін қойып, оны орындауға өзін мәжбүрлейді. Ырықты зейіннің басты қызметі – психикалық процесс ағымын белсенді түрде реттеп беру. Бұл оқу-танымдық іс-әрекетте маңызды болып табылады.
Педагогикалық процеске орай, жоғары сынып оқушысына үйреншікті зейін үлкен маңызға ие. Оқу, тәрбие барысында оқушылардың зейінін бір қалыпты ұстау үшін педагог олардың ерік күшіне арқа сүйегені қажет те жөн. Бірақ бұл оқушыларды шаршатады. Сондықтан педагог олардың өздерінің бой, ой қуатын босқа сарп етпей, жұмыс істеуі үшін сабақты қызғылықты, тартымды, ойын т.б. әдісімен өткізуі керек. Оқушы сабақта біреудің тапсырмасымен іс қылып жатырмын деген ойдан аулақтап, өмірінің қызықты бір мезетін өтудемін дегендей сезіммен еңбек ләззатына бөленуі керек.
Жоғары сынып оқушысының психологиялық табиғатының тағы бір сипаты – түйсікке байланысты болып келеді. Себебі қоршаған орта мен тән жөніндегі біліктердің негізгі көзі – түйсік. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі ақпараттардың миға жетіп, оқушының төңіректегі дүние ортасы мен өз тәнінен байланысты бағыт-бағдар түзуіне қажетті өзек, арнаны құрайды.
Түйсіктер оқушыға өз тәнінің сигналдарын қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Олар оқушыны төңіректегі дүниемен байланыстырып, негізгі таным көзі ретінде қызмет етеді, солардың арқасында оқушының даму мүмкіндігі ашылады. Бұл оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудегі маңызды мәселе.
Түйсік пен қабылдау ғылыми білімнің пәнаралық салаларына жатады. Бұл проблемаларды зерттеушілер арасында биологтар, физиктер, химиктер, психологтар, физиологтер, антропологтар, генетиктер, нейропсихологтар, т.б. бар. С.Л.Рубинштейннің айтуынша, барлық таным процестерінің жиынтығы адам өмірінің компоненттері, олар оның барлық жүрісімен байланысты, сонымен бірге барлық іс-әрекеттердің реттеуші қызметін басқарады. Қазіргі психологтар арасында түйсік пен қабылдауды сезімге байланысты сенсорлық-перцептивтікке, ал ес, ойлау, сөйлеу, сананы танымдық деңгейі жоғарырақ когнативтікке жатқызу жайлы пікірталасы бар. Сенсорлық және перцептивтің анықтама белгісіне бейненің тұтастығы мән мәнділігі алынады. Шындықты бейнелеуде түйсік заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін білдіреді, нақтылы объектіге пәндік мазмұн бермейді [5].
Түйсік танымның алғашқы процесі болып табылады. Түйсік процесі тітіркендіргіштер тікелей қатынасқа түскенде пайда болады, оның нәтижесінде оқушы заттар мен құбылыстардың тек жеке сапасы немесе жеке белгілері, жеке қасиеттері жайлы танымдық түсінікке ие болады.
Психиканың бәрі де іс-әрекет үстінде дамиды. Жоғары сынып оқушысының қоршаған дүние заттары мен құбылыстарын тануы оның түрлі, қызықты, белсенді іс-әрекеттерінің, атап айтқанда, еңбек, сурет салу, музыкамен шұғылдану, шеберханада ағашпен, металмен жұмыс істеуі сияқты әрекеттер арқылы дамиды. Түйсікті дамытуды оқушының өзі қажетсінсе, тіптен тез жан-жақты дамытуға болады. Егер оқушы музыканы сүйсе, музыкант болғысы келсе, музыкалық қабілетін өз еркімен дамытуға ұмтылса, оның қажеттілігі мен қызығушылығы арқылы есту түйсігі дамиды. Егер оқушы сурет салумен әуестенсе, салғандары сәтті шықса, бояу біткеннің қасиетін білуге ынталанып тұратын болса, оның түсті айыру қабілеті басқалардан жоғары болады.
«Көзді зиянды нәрселерден сақтау, көзге шаң, түтін тигізбеу, көзді әлсін-әлсін жуып тұру, былық саусақпен ұстамау, уқаламау, шағылыстырып жарыққа қаратпау, қараңғыдан жарыққа кенет шығармау керек… Оқушыны нәрсеге түзу қаратпай, қисық қарату да зиянды. Оқушының қыли болуы да осыдан. Көру сезімінің күшеюі, ұлғаюы үшін ең пайдалы нәрсе – оқушыға сурет салғызу. Сурет салу оқушының көру сезімін ұлғайту үстіне, әдемілік сезімін де оятады [6].
Оқушының есту сезімін тәрбиелеу – алдымен оның құлағын түрлі зияннан сақтау деген сөз. Құлақтың сақ, естімпаз болуы үшін түрлі-түрлі дыбыстарды ести беруі шарт. Оқушының есту сезіміне әсер ететін домбыраның күйі, қазақтың “әлди-әлди, ақ бөпем” деп басталатын бесік жыры».
Мағжан Жұмабаев өзінің “Педагогика” атты еңбегінде баланың түйсік процесін дамыту және қалыптастыру жайлы құнды тұжырымдар сипау түйсігі, иіс түйсігі, тактильдік түйсігі туралы да айтқан тұжырымдары өмірлік мәнін жойған жоқ. Олардың әрқайсысына өзінше анықтама беріп, бұларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлерге сүйену қажеттігін ұсынады.
Ұлы Абай өзінің 43-қара сөзінде [7]: «Адам баласы екі нәрседен: бірі – тән, бірі – жан… Көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады… Әрнешік өз суретімен көңілге түседі… бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып суреттемек. Ол жанның жибили қуаты дүр”- деп, түйсіктің дүниені танудағы рөлін атап көрсетеді».
Жоғары сынып оқушысының танымдық әлеміндегі маңыздысы қабылдау-аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды, әрі белсенді психикалық әрекеті. Бұл күрделілік пен белсенділік келесі жайттерден көрінеді. Ең алдымен ақпарат ағымы – бұл сезім мүшелері жай тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі ғана емес, қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады. Сондықтан да психикалық қабылдау процесін субъектінің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті деп қарастырған жөн.
Қабылдау үшін затты, құбылысты көру аздық етеді, пайымдау жасау арқылы көзқарас айтылуы және тиісті баға берілуі керек. Сондықтан сол затты, құбылысты бөліп алып байқау қажет. Бұл – байқаудың негізгі шарттарының бірі. Оның үстіне белсенді ой жүгірту, арнайы зейін қою, нәтижесін сөзбен айту ерекше маңыз алады.
Байқаудың жоғары сынып оқушысы ақыл-ой әрекетінің дамуында алатын орны ерекше. Байқағыштық оқушының ұнамды қасиеттерінің бірі. Байқағыштық жаңа деректерді білуге құмарлықты, оқушының әрдайым объектіні қабылдауға дайындығын тілейді.
Байқағыштық қасиет – оқушы ортасына, алған тәлім-тәрбиесіне, айналысатын кәсібіне де байланысты.
Қ.Жарықбаев қабылдауда жоғары сынып оқушысына тән типтік ерекшеліктер болатынын атап көрсетеді. Оқушы қабылдау кезінде заттың....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастыратын психологиялық шарттары
» Курстық жұмыс: Педагогика | МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі таңдағы дидактиканың оқыту және дамыту мәселелері
» Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымы
» Курстық жұмыс: Педагогика | Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты
» Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастыратын психологиялық шарттары
» Курстық жұмыс: Педагогика | МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі таңдағы дидактиканың оқыту және дамыту мәселелері
» Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымы
» Курстық жұмыс: Педагогика | Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты
Іздеп көріңіз: