Курстық жұмыс: Педагогика | Жоғары сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері

Курстық жұмыс: Педагогика | Жоғары сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері

Мазмұны
КІРІСПЕ………………………………………………………………………3
І ТАРАУ. ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Жоғарғы сынып оқушыларының жас және жеке басы ерекшеліктерін ескеру негізіндегі тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы………….……….…..5-12
1.2. Жоғарғы сынып оқушылардың оқу-танымдылық іс-әрекетін белсендіру мәселесінің педагогикалық тарихына сипаттама …………………………12-21
ІІ ТАРАУ. ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІ.
2.1. Мұғалімнің жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жүргізу ерекшеліктері………………………………………………………….22-23
2.2. Мұғалімнің жоғарғы сынып оқушыларымен сабаққа дайындау жұмыстары……………………………………….....…………………24-27
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..28
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................29
V. ҚОСЫМША....................................................................................................30

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тұлғаны жан-жақты дамыта тәрбиелеуге арналған жаңа шешімдерді іздестіру төрбиелік үрдістің түтас идеясын тұрақтандырудың қажеттіін туғызады.
Соңғы он жылда тәрбие үрдісі шынына келгенде оның қүрылымындағы жекелеген үрдістер жиынының жалпы саны ретінде қаралып келді. Бүл үрдістер төрбие ісін үйымдастыра да, жетілдіре де алады деп саналды, Бүдан басқа түлғаның түтастай қалыптаеуына емес, оның жекелеген сапаларын қалыптастыруға көңіл бөлінді, сонымен бірге түлғаның жан-жақты үйлесімді дамуының үстанымы бүзылды.
Тәрбие үрдісін осы заманғы жағдайдағы түсінік бойынша тербиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлесқен мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді әрекеті, ыңтымақтастық әрекеті деуге болады.
Еңбектің бірініші бөлімінде бүгінгі күнгі емір талаптарынан шыққан тербиенің мақоаты белгіленген. Осы негізгі мақсатты нақтылай келіп, қазіргі қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру үрдістерінде, нарықтық қатынастарға көшіп отырғанда, жалпы адамзаттық қүндылықтарға және тәрбиенің осы заманғы теориясына сүйене отырып жөне Қазақстанның үлтгық, өлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішкі мүмкіндіктерін өздігіне толық пайдалануға даяр белсенді, іскер, қоғам алдындағы өзінің жауапқершілігін сезінетін, сонымен бірге қайырымды жөне тапқыр, қоғамдық талаптарға икем, жеке басының мүдделерін қоғам мүддесімең үштасгыруға қабілетті, жеке бастың қүндылығын бағалай білуші, жоғары ойлы, адал, үлтгық саңасы оянған, басқа да ізгі қасиеттері жетілген, жан-жақты мөдениері азамат тәрбиелеу керекгігін еске саламыз.
Уақыт талаптарына байланысты тәуелсіз республикамыздың жалпы білім беретін мектептерінде төрбие жұмысының негізгі түрлері сақталғанымен, оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Ең бастысы сол — мектептегі сабақтарда, сыныптан тыс және мектептен тыс уақытга «мүғалім мен оқушының» езара қатынасында қажетті білім көлемін игерту арқылы ғылыми көзқарастар негізін қалыптастыруға қамқорлық жасалуы керек. Сонымен қатар, түлғаны рухани-адамгершілік қүндылық-тарымен байыту көзделуі керек, соның нәтижесінде оқушылардың жоғары қабілеттілігі дамиды, еңбекке, табиғатқа, өнерге, айналадағы адамдарға саналы қатынасы орнайды, тиісінше өзін қоғамда үстай білушілігі қалыптасады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
1.Жоғарғы сынып оқушыларының жас және жеке басы ерекшеліктерін ескеру.
2.Жоғарғы сынып оқушылардың оқу-танымдылық іс-әрекетін белсендіру мәселесінің педагогикалық тарихына сипаттама.
3.Мұғалімнің жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жүргізу ерекшеліктер.
Курстық жұмыстың міндеті: Жоғарғы сынып оқушылармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу әдістері: талдау , біріктіру, қорытындылау, салыстыру.
Зерттеу әдістері: Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайларда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырылады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дағдыланады.
І ТАРАУ. ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Жоғарғы сынып оқушыларының жас және жеке басы ерекшеліктерін ескеру негізіндегі тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы
Кітаптың бірінші бөлімінде айтылған тәрбиенің жалпы мақсаттары барлық басқыштағы жаста жүзеге асырылады. Сондықтан бұл бөлімде I—IV, У-УІ, VII—VIII, IX сынып оқушыларын тәрбиелеу олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қарастырылып, жалпы міндеттері нақтыланады, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруға көмегін тигізетін тәрбиенің ұл гілері ұсынылады.
Осы арада жасына қарай жекелеген топтардың арасыңдағы шек қоюшылық туралы мәселені шешуге белгілі бір ықпал жасайтын кейбір жаңа құбылыстарға назар аударған жөн. Соңғы уақытга барлық жерде балалардың дене және психикалық жағынан барынша ерте даму себебі әлі күнге жеткілікті зерттеліп болмаған акселерация жайы еске алынып отыр. Мұғалім, тәрбиеші үшін жас ерекшеліктеріне байланысты көзқарасты екі түрлі мағынада қарастыруға тура келеді. Ол, біріншіден, әр балаға тән жас ерекшелігі ғана емес, сонымен бірге топ немесе ұжымға тән жас ерекшелігін де ескеруге тура келеді. Сондықтан тәрбиешілерге тек жекелеген оқушының жас ерекшелігін біліп қою жеткіліксіз, сонымен бірге, сынып оқушыларының жас ерекшеліктері туралы мағлұматының да мол болуы қажет. Оны тәрбиелеу мақсатында оқушының жеке басын зерттеп білу көзінде мұғалім, ең алдымен, нені білу керектігін айқындап алуы керек.
Бірқатар себептер бойынша I—IV сынып (7—10 жас) оқушылары педагогикалық тұрғыдан ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Біріншіден, педагогтың бұл жастағы баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, әлеуметтік ортамен жаңа қатынастарға түсіп отырғанын есінде ұстауы тиіс. Бұл төменгі сынып оқушыларының өмірін жаңа жағдаймен толықтырады. Сөйтіп, жаңа ортамен өзара қарым-қатынас жасау үрдісінде оның мінез-құлқы, еркі, оқуға деген қызығушылығы мен танымдық қабілеті дамиды. Екіншіден, тәрбиешіге бұл жастағы баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін білу аса қажет. Солардың кейбіреуін атайық: бұл кезенде физиологиялық тұрғыдан алғанда, 7-10 жастағы оқушыларда негізінен бас сүйегі қатаяды, тұтастай алғанда қаңқаның қатаюы жалғаса береді. Ми салмағының артуы, жүйке жүйесінің жетілуі, екінші сигналдық жүйенің (сөйлеу) қарқынды дамуы байқалады, сөздік қор көбейеді, тежелуден қозудың басым болушылығы, ойдың нақты бейнелі түрі және естің болуы, елестетудің айқындығы, білуге құмартушылық, жеңіл-желпі сенушілік, елік-теушілік, ерік үрдісінің дамуы сезіледі, моральдық санасында императивтік (бұйырушылық) элементі, өз құрбыларының мінез-құлқындағы кемшіліктерге қатты әсер ету және өзіне сын көзбен қарамауы басым болады.
Психиканың дамуы «жаңа құрылым» деп аталатын қызмет түріндегі жүйелі оқу сияқты жаңа сапалық ерекшеліктердің пайда болуына байланысты: ойын қызметтің шешуші түрлерінің бірі болып қала береді, келесі сынып ұжымына ауысқанда ойын балалардың мінез-құлқында ерекше ізін қалдырады.
Үшіншіден, оқу процесі баланың жеке басына, оның назарына, есіне, ойлау жүйесіне әсер етіп, тұлғаның психикалық даму деңгейі мен үнемі өсіп отыратын талаптар арасындағы қайшылықтардың тууына себепкер болады.
Мектепке келген алғашқы күннен бастап балалардың өз құрбыларына, педагогтарға, оқуға, табиғи ортаға деген қарым-қатынасы қалыптасады, алғашқы дағдылар мен әдеттер пайда болып, кейін оқушының мінез-құлық стилін және оның мектеп ұжымындағы орны мен бағытын айқындайды.
Төменгі сынып оқушылары көп өсерленгіштігімен, басқаға назар аудара білушілігімен біршама ерекшеленеді. Сондықтан оларды оқыту үрдісімен және сабақтан тыс кездегі бірлестікте өткізілетін тартымды жұмыстармен қызықтыра білудің маңызы зор. Жеті жастағы бала әдетте тәрбиелік ықпалға тез кендігеді. Оның жақсы оқушы болғысы келеді. Бұл жастағы баланың бойында қазірдің өзінде белгілі бір дәрежеде адамгершілік тәжірибесі бар екенін есте ұстау керек.
Мамандар дәлелдегендей, балалардың адамгершілік жайындағы түсінігі бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайды. Оқушының іс-әрекетінде белгілі бір ортаға бейімділік байқалады. Қоғамдық ортада болғанда төменгі сынып оқушыларында моральдық түсінік тез дамиды және бастауыш мектептің соңына қарай оларда адамгершілік туралы- белгілі бір түсінік пайда болады. Мәселен, егер I— II сыныпта оқушының мораль жөніндегі түсінігі тек ата-аналар мен мұғалімдердің пікірлеріне негізделетін болса, III—IV сыныпта ол басқа адамдардың іс-әрекетіне талдау жасауға және қорытындылауға тырысады. Сонымен бірге, олардың бойында өздерінің оқығандары мен көргендерінен тәжірибе жинақталады және ол жеке басының әрекеттерін саналы түрде бағалай білу деңгейіне көтеріледі. Бастауыш сыныптарда оқушының бойында өзіне төн мінез-құлықтың қалыптаса бастайтынын және түрліше қайшылықтардың бой көрсететінін білудің маңызы зор. Оны төмендегі фактілермен тұжырымдауға болады: жүйке жүйесінің әлсіздігіке байланысты теменгі сынып оқушыларында ұялшақтық пен тұйықтық пайда болады; тежеу үрдісінің әлсіздігінен шапшаң қимылдаушылық пен өз әрекетін тежеуге қабілетсіздігі басым болады; психикалық үрдістің әлсіз қозғалуынан оларда баяулық және бір заттан екіншісіне солғын назар аударушылық байқалады. Оқытудың бастауыш басқышында оқушының ойланбай жасалатын қылықтарға бейім тұратынын есте ұстаған жөн. Мәселен, ерік үрдістерінің әлсіздігінен бала тіпті белгіленген мақсаттарды орындай алмауы мүмкін, сонымен бірге оған назарының тұрақсыздығы да тән. Осыған байланысты мұғалімдер мен ата-аналар баланың өзіне деген сенімін әрқашан қолдап отыруы керек.
Бастауыш басқыштың оқушысы үшін мұғалім қашан да еліктейтін үлгі болып табылады. Оқушы барлық істе мұғалімге ұқсағысы келеді. Озат мұғалімдердің тәжірибесі осындай қызығушылықты тәрбиелік жұмысқа пайдалана отырып, үлкен нәтижелерге жетуге болатынын көрсетгі. Егер III сыныптың басында оқу-тәрбие жұмысы педагогикалық тұрғыдан сауатты ұйымдастырылған болса, онда оқушылардың бойында еңбексүйгіштік, ұқыптылық, шыдамдылық, жауаптылық, қиындықты жеңе білушілік сияқты ерік сапаларын дамытуға болады. Бастауыш басқыштың оқушысында оқуға деген талап пен қызығушылықтың өте жоғары екені белгілі. Ол бәрін білгісі және бәрінен үйренгісі келеді. Ең алдында ол (I—II сыныпта) жекелеген заттар мен құбылыстарды тануға ұмтылады, содан кейін себептерін, зандылықтарын және құбылыстардың байланысын айқындауға тырысады. Осындай жағдайларға сәйкес оқу үрдісімен қатар, мұғалімнің сабақтан тыс тәрбиелік шаралары танымдық үрдісте оқушылардың қызығушылығын күшейтуге бағытталуы керек.
V—VI сыныптарда (11—12 жас) оқитын оқушылар кіші жасөспірімдер деп аталады. Жасөспірімдік жас - оқушының дамуындағы жаңа кезең. Жасөспірім енді бала емес, бірақ ол әлі үлкен де емес. Баланың бейнесінде балалық көріністерімен қатар, есейе бастаған адамға тән жаңа белгілері және үлкен адам болуға деген белсенді ықылас пайда болады. Сондықтан бұл жастың өтпелі кезең деп аталуы кездейсоқ емес. Жасөспірімнің анатомиялық-физиологиялық дамуында елеулі өзгерістер пайда болады. Ол біркелкі болмағанымен, қарқынды өтеді. Әдетте, оқушылар бұл өзгерістердің бәрін де сөзінеді және оларды ауырсынуды жиі бастан өткізеді. Бұл жаста баланың партада отыруына көңіл белудің, оның гимнастикамен көбірек шұғылдануына, спорттық секцияларға қатысуына ақыл-кеңес берудің маңызы зор. Сондай-ақ бұл жас олардың рухани жағынан күшті дамуымен сипатталады. Алайда көптеген жағдайда олардың ересек болуға талпынысы дамуының ішкі қайшылықтарымен қақтығысып қалады және бұны тәрбие үрдісінде еске сақтаған жөн.
Бұл кезде кіші жастағы жасөспірімдер кейбір білім, қоғамдық-пайдалы жұмыс тәжірибесін игереді, өзіне деген сенімге және тәуелсіздікке ие болады. Бұл жастағы балалар маңызды тапсырмаларды орындауға қабілетті. Оларда өздерінің қылықтарына талдау жасай білу, сондай-ақ үлкендер мен құрбыларының іс-әрекетін бағалай білуге бейімділік байқалады. Сол арқылы олардың жеке сапасы корініс табады. Кіші жастағы жасөспірімдер үшін тәрбиешінің жеке басының және сыныптық, ұжымдық ортаның төтенше маңызы бар. Сөзбен әсер ету, түсіндіру жөнс сендіру әдістерін пайдаланумен бірге бұл әдістердің тиімділік әсері интеллектуалдық және моральдық даму деңгейіне, олардың дұрыс ойлай білу және дәлелді меңгере білу қабілеттеріне байланысты екенін есте ұстау қажет. Бұл жаста тәрбиенің сөздік әдістерінің ықпалы әлсіреуі мүмкіи, өйткені жас өспірімдердің бойында дамып келе жатқан сыншылдық қасиет оларды үлкендердің әрекеттері мен дәлелдеріне күдіктене қарауға және үлкендердің талаптарына қарсы тұруға мәжбүр етеді. «Мұндай құбылыстарды» елеулі алшақтыққа душар етпеу үшін жасөспірімдерге жасалатын тәрбиелік ықпалдың әдістері мен тәсілдерін іріктеуді жан-жақты ойластыру қажет.
Жасөспірімдердің мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбиешілердің жеке бас үлгісінің ерекше маңызға ие болуы одан әрі жалғаса береді. Сонымен бірге, жасөспірім өзін үлкен кісі санаумен үлкендердің қылықтары мен әрекеттеріне саналы түрде ұмтылады. Сондықтан жасөспірімдер үшін үлкендердің істерінің, қылықтарының, ойларының маңызы зор. Жасөспірімдер өзіне қойылатын талаптардың нақтылығын тез сөзінетін болады. Олар үшін үлкендердің талаптарындағы әділдік, ақылдылық, мақсаттылық т.б. ұстанымдар бірлігінің үлкен маңызы бар.
Осы орайда жскелеген педагогикалық талаптарды кейде тікелей емес, оқушының жеке басына жанамалай ықпал етумен тұспалдай қоюға болады.
V—VI сыныптарда оқу үрдісінде оқушылардың жеке басын жан-жақты дамыту үшін қабылданған мемлекеттік оқу жоспарына сәйкес пәндерде және оқудан тыс кездегі іске асырылатын тәлім-тәрбие жұмыстарында қоғамдық-білім, біліктер мен дағдылар жүйесін меңгереді.
VII—VIII сыныптардың оқушылары ересек жасөспірімдер болып табылады. Бұл кезенде олардың ішкі дүниесінде терең өзгерістер болады: санасы дамиды, өмірден өзінің орнын айқындай бастайды, өзінің іс-әрекеттеріне жауаптылығы арта түседі, ізгілік және адамшылық проблемалары жайында ойланады. Оларда өздерінің білімдерін, өзін-өзі тәрбиелеуді жетілдіруге, эететикалық мәселелерге ұмтылыс пайда болады. Ересектерге, айналасындағы адамдардың адамгершілік қасиетіне ерекше назар аудара бастайды. Сондай-ақ VII— VIII (13-14 жас) сынып оқушыларының анатомиялық-психологиялық дамуында айырмашылық ерекшеліктер кездеседі. Бұл кезенде жасөспірімдерде жыныс бездерінің жетіле бастауына байланысты гипофиз бен қалқанша бездерінің күшеюі әсерінен дененің жедел дамуы байқалады. Ол дене түзілісі мен зат алмасу үрдісін жеделдетеді, сол себепті қарқынды өсуге өкеп (акселерацияға) соғады, сонымен бірге, жас жеткіншектің қаңқасы шеміршектен сүйекке айналады.
Сырт кезге дене түзілісі жақсы қалыптасқан болып көрінгенмен, жеткіншектің әлеуметтік дамуы оның дене дамуына сәйкес келмейді немесе ата-анаға материалдық тәуелділікте болуымен байланысты түсініспеушілік туады. Сайып келгенде, жеткіншектің ақыл-ойының тез дамуына қарамастан, оның жауапкершілік сезімі мен міндетінің баяу дамитыны байқалады.
Жасөспірімдерді түсіну - күрделі үрдіс. Қоршаған ортаның өзгермелі болуынан жасөспірімдер бір жағдайдың өзін түрліше бағалауы мүмкін, өйткені бір сыныптағы оқушылар санасының деңгейі түрліше болады.
Тәрбиеде салақтыққа жол беру қиындықтардың бірі болып табылады. Бұл үлкендердің өзінің айтқандарын міндетті түрде орындауды талап етуіне байланысты, баланың өздігінен әрекет жасауына кедергі келтіруге байланысты туындайды. Мұндай жағдайда мұғалім жасөспірімдер әрекетінің ішкі дәлелдеріне үйлес болуына тырысуы керек. Олай болмаған жағдайда тәрбиелік жұмыстағы мұндай салақтық жасөспірімдердің көңіл күйін төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін. Мәселен, түрлі құбылыстарды түсіну мен бағалаудың арасында байланыстың әлсіздігінен көп ретте жасөспірімдердің іс-әрекеттерінде келіспеушілік туындайды. Бала бойында өз еркінің болмауы да осы тұста байқалады. Осындай себептерден жасөспірімдердің мінез-құлқында тұйықтық пайда болады.
Бұл жастағы жасөспірімдердің тәрбиесіндегі тағы бір салғырттық олардың жауапсыздығы болып табылады, сонымен қатар жасөспірімдер өздеріне сенімсіз қарайды, өйткені ол өзі енетін әлеуметтік қатынастардың проблемасын ақырына дейін түсінбейді. Сондықтан жасөспірімдердің әлеуметтік әрекеттерін дамытудың, оларды қолдаудың және бағалаудың мәні аса зор.
Егер отбасында және ұжымда жасөспірімдер әрекеттерінің онды жақтары қолдау тауып, бағаланатын болса, онда олар түрлі ортада болғанда өзіне деген сенімге ие болады. Өзіне сенімі жоқ жасөспірімдердің ақыл-ойының даму дәрежесі қаншалықты жоғары болса да, айналадағы дүниені ұғынуда оларда ауытқушылық байқалады.
Жасөспірімдер тәрбиесінде кездесетін кемшіліктердің тағы бір түрі — қоғамда өзінің толық бағалы еместігін сөзінуі. Жасөспірімдердің әлеуметтік санасының жеткіліксіздігі қоғамдық мінез-құлықты бұзуға әкелетінін тәжірибе көрсетуде. Сондықтан олар өз құрбыларының ішіндегі әлеуметтік топтардың ықпалына тез түседі. Ендеше, тәрбиеші топтың қызметіне ерекше көңіл аударуы және олардың іс-әрекеттеріндегі дұрыс және бұрыс сәттерді байқай білуі керек. Психологтар әдетте мұндай топтарда түрліше психологиялық таңқаларлық жайлар - психикалық индукция, конформизм (айналадағылардың пікірлеріне бағыныштылық) сенімі, еліктеу байқалатынын, сондықтан жасөспірімдер өмірде «көпті көргендерге көбірек еліктейтінін және олардың қылықтарын сол қалпында қайталайтынын айтады. Өмірде жасөспірімдерге шағын топтар ауадай қажет. Мұндай ортада олардың міндеттері мен құқығы тең болады, проблеманы түсінбеушілік өзінен-өзі шешіледі. Мұндай топтар жеке бастың сапасын қалыптастыруға және басқалармен өзара қарым-қатынасты анықтауға ықпал етеді. Сол себепті тәрбиеші бұл проблемаларға ерекше көңіл бөлуі керек.
Жасөспірімдердің тәрбиесінде жыныстық дамуға байланысты психологиялық өзгерістер ерекше ескерілуі керек. Жыныстық жетілу кезеңінде ер балалар мен қыздардың дене құрылысында өзгерістер пайда болатыны байқалады. Жыныстық өзгешеліктер себебінен ер балалар мен қыздарда өмір жолы мен мамандық таңдауда өмірге түрліше бейімділік пайда болады. Олардың арасындағы қарым-қатынастар нәтижесінде өзіне деген сенімі дамиды. Жыныстық жетілу кезеңінде өзіне-өзі баға беру өзгереді, есейеді, соған сәйкес үлкендерге деген қарым-қатынас өзгереді. Жыныстық даму үрдісінде жасөспірімде құндылықтарды қайтадан бағалау пайда болады.
Тәрбиедегі қиындықтардың бірі оқушылардың отбасындағы жағдайы мен жай-күйі болып табылады. Кейбір отбасында жасөспірімдерге еркіндік беріліп, үлкен жауаптылық тапсырылады, кейбір отбасында керісінше, жасөспірімдерге жас балаларға қарағандай қатаң бақылау жасайды, оларды өзіне деген сенімінен айырады. Жасөспірімдер бір-бірімен араласқанда.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мұғалімнің жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жүргізу
» Курстық жұмыс: Педагогика | ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІ
» Курстық жұмыс: Педагогика | Жоғары сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
» Қалыптастырушы бағалау (ФО): Биология (10 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Жоғары сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар педагогика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]