Курстық жұмыс: Экономика | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік бағыттар

Курстық жұмыс: Экономика | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік бағыттар

Мазмұны
Кіріспе....................................................5-6
І Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік бағыттар…………..........……7-18
1.1 Макроэкономикалық тепе-теңдік: жиынтық сұраныс түсінігі мен қисығы..........................................7-8
1.2 Классикалық және кейнстік жиынтық ұсыныс.......................................8-11
1.3 Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігі. Кейнс үлгісіндегі табыстар мен шығындар теориясы........11-18
ІІ Ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік…………….19-26
2.1 Ақша нарығындағы ақша ұсынысы және ақша мультипликаторы......19-23
2.2 Ақша сұраныстың классикалық және кейнстік теориялары.........................23-26
ІІІ AD-AS және IS-LM үлгілерінің бір-бірімен өзара байланысы……27-38
3.1 IS-LM үлгісінің теңдеуі және негізгі айнымалылары. IS және LM қисықтары...................27-35
3.2 Жиынтық сұраныс қисығы. Бағаның тұрақты деңгейінде AD- AS және IS- LM үлгісіндегі экономикалық саясат........36-38
Қорытынды…………………………………………………………………......39
Пайдаланған әдебиеттер …………………………………………………...…41

Кіріспе
Макроэкономикалық талдаудың негізгі мақсаты жалпыэкономикалық тепе-теңдік жүйесінің пайда болу жағдайын табу. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің мәнін, маңызын ашу жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты категорияларын талдау қажет.Жиынтық сұраныс-(AD)- (aggregate demand)-бұл қазіргі кезде баға деңгейі кезінде (тұтынушылық, инвестициялық сұраным, мемлекет тарапынан сұраным, таза экспорт) көрсетуге болатын тауарлар мен қызметтердің жалпы көлеміне сұраным.Жиынтық ұсыныс (AS)- қалыптасқан баға деңгейімен сәйкес өндіріліп және ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы саны.Классикалық мектептің экономистері нарықтық жүйе ұзақ мерзімді кезеңде экономикадағы ресурстарды толық пайдалануды қамтамасыз етеді деп пайымдаған болатын.Оның өзіне аңда санда туып қалатын сәйкессіздіктер рыноктың автоматты түрде өзін-өзі реттеу негізінде шешіледі. Соның арқасында, ең соңында, жұмыспен толық қамтамасыз етілу нәтижесінде экономикада өндірістің тиісті деңгейіне қол жетеді. 30 жылдардың тәжірибесі классиктердің баға және жалақы, әсіресе қысқа мерзімді кезеңде, болар-болмас өзгереді деген ойлардың дұрыстығына күшті күдік тудырды. Шындығында да, ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында-ақ монополиялар мен кәсіподақтардың, ең аз жалақы туралы заңнаманың және басқа факторлардың болуы баға мен жалақының сырғымалылығын тоқтатуға қол жеткізді. Кейнсиандық модель баға мен жалақы, әсіресе қысқамерзімді кезеңде ұсыным өз сұранысын тудырады деген ережесін де жоққа шығарды. Кейнс, кері себепті- салдарлы байланыс-жиынтық сұраныс ұсынысты тудырады дегеннің болатындығына сендірді. Егер жиынтық сұраныс жетімсіз болса, онда өндіріс көлемі жұмыспен толық қамтамасыз етілген жағдайдағы әлуетті сұранысқа тең болмайды. Икемсіз баға кезінде экономика жұмыссыздықтың жоғары деңгейінде ұзақ уақыт бойы тоқырау жағдайында болады. Бұл модельден шығатын қорытынды-мемлекет сұранымды ынталандыруға бағытталған белсенді макроэкономикалық саясаты жүргізе отырып, экономиканың дағдарыстан шығуына ықпал етуге тиіс. Кейнс, өзін-өзі реттейтін рычагтарды іске қосудағы бағаның, жалақының, пайыздық ставканың оралымдығының теріске шығарды. Тепе-теңдікке тек жоспарлы шығын ұлттық өнімге теңескенде ғана қол жеткізуге болады деген пайымдаудан барып Кейнсиандық модельдегі игілік рыногындағы тепе-теңдік жағдай анықталады. Кейнстің есептеуінше бай елдерде адамдар өздерінің табыстарының барлық қомақты бөлігін жинақтауға бейімдеу келеді, бірақ жинақтаудың барлығы инвестицияға айналмайды. Алайда, барлық пайдалы жобалар жүзеге асырылып, төмен табысты болып қалады. Демек, экономикалық өсуге орай мемлекет инвестицияны ынталандыру керек.
Макроэкономикалық тепе-теңдік- бұл ұлттық экономиканың байлығы, оған өзара байланыстылықтағы экономикалық процестің баланс беруі мен пропорционалдығы тән.
Экономиканың қысқа мерзімдік тербелістерінің құру үшін, ең алдымен оның классикалық үлгіден несімен ерекшеленетіндігін шешу керек. Макроэкономистердің көпшілігінің ойы бойынша, экономика дамуының қысқа және ұзақ мерзімдік кезеңдеріндегі сипаты, түпкілікті өзгешеліктері бағалардың әр түрлі динамикасына байланысты болады. Ұзақ мерзімдік кезеңде бағалар сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне әсер етеді. Ал қысқа мерзімдік кезеңде көп тауарлардың бағалары белгілі бір деңгейде тұрақты болып табылады. Бағалардың әр түрлі болуы экономика саясатының нәтижесі уақытқа байланысты болатынын көрсетеді.
Қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік кезеңдердегі экономикалық дамудың ерекшелігін анықтау үшін, ақша саясатындағы өзгерістер қалай өзгеретіндігін қарастырайық. Мысалы: Ұлттық банк ақша ұсынысын 5% -ға қысқарды деп ұйғарайық. Ұзақ мерзімдік кезеңді сипаттайтын классикалық үлгіге сәйкес, ақша ұсынысының көлемі нақты нақты көрсеткіштерге емес, атаулы көрсеткіштерге өз әсерін тигізеді. Бұндай көзқарас классикалық дихтомия ретінде белгілі. Сондықтан ақаш ұсынысының ұзақ мерзімдік кезеңде 5% -ға қысқаруына әкеледі, ал осы кезеңде еңбекақы, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады. Қысқа мерзім кезеңдегі көп тауарлар бағасы ақша саясатындағы өзгерістерге әсер етпейді.
Ақша ұсынысының азаюы фирмалардың төлейтін жалақысын төмендетуге, дүкендердің сатып отырған тауарларға деген бағаларды қайта қарастыруға, пошта арқылы сауда жасайтын фирмаларға-жаңа катологтар шығаруға, ал барлық мейрамханалар үшін – жаңа меню жасауға деген мәжбүрлікті туғызбайды. Керісінше, бағалардың көп түрлі мәнсіз өзгерістерге ұшырайды. Бұл бағаны икемсіз деп атауға болады. Бағаның осындай болуынан ақша сұранысының қысқа мерзімінде өзгеруінің нәтижесі ұзақ мерзімінен ерекше.
Экономикалық тербелістер үлгісі қысқа мерзімдегі бағаның икемсіз болғанын ескеруі керек. Ақша ұсынысының өзгерісіне сәйкес бағалардың өзгермейтіндігіне, классикалық дихтомия принциптерінің сақталмайтындығына көз жеткіземіз.
Егер баға икемсіз болса, онда өнім көлемі классикалық үлгі анықтайтын деңгейден ауытқуы мүмкін. Классикалық үлгіде өндірілген өнім саны еңбектің және капиталдың жұмсалуына және қолда бар техника мен технологияларға тәуелді. Бағаның икемсіз болуы шешуші рөл атқарады, классикалық үлгіде бағаның өзгеруі сұраныс өлшемінің ұсыныс көлеміне деген тұрақты теңдікті қамтамасыз етеді. Бірақ егер баға икемсіз болмаса, өндіріс көлемі тауарға деген сұранысқа тәуелді. Сұраныс, өз кезегінде ақша-несие, салық-бюджет саясаттарына және басқа да факторларға тәуелді. Сонымен, бағаның икемді болмауы ақша және бюджет саясаттарын экономиканы тұрақтандыру үшін пайдалануға негіз болады.
І Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік бағыттар
1.1 Макроэкономикалық тепе-теңдік : жиынтық сұраныс түсінігі мен қисығы
Жиынтық сұраныс дегеніміз- сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік. Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық сұраныс қисығы әрбір берілген баға деңгейінде сатып алатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер санын көрсетеді. Біз жиынтық сұраныстың сандық ақша теориясының базасында қарапайым теңдеу құра аламыз.MV=PY мұнда М-ақша ұсынысы, V- ақша айналымының жылдамдығы; Р-баға деңгейі;Y- өндірілген өнім және көрсететін қызмет саны. Ақша ұсынысының бұл теңдеуі өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал ол өз кезегінде баға деңгейіне және өндірілген өнім санына тәуелді. Сандық ақша теориясының теңдеуі ақша қаражаттарының сұранысы мен ұсыныс көрсеткіштері түрінде нақты көрсетілуі мүмкін. М/Р=(М/Р)d = kY Мұнда: к=1/ V
Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы М/Р=(М/Р)d сұранысқа тең және сұраныс өндірілген өнім Y санына пропорционалды екенін көрсетеді
1-сурет. Жиынтық сұраныс қисығы
Ақша ұсынысы тұрақты болғанымен Р баға деңгейі мен өндірілген өнім Y саны арасындағы тәуелділік теріс екендігін сандық ақша теориясының теңдеуінен көреміз (1-сурет). Р және Y әр түрлі мәндерінің байланысы келтірілген, олар сандық теорияны белгілі бір тұрақты ақша ұсынысы теңдеуін қанағаттандырады. Бұл қисық сұраныс қисығы деп аталады. Жиынтық сұраныс қисығы төмен оңға қарай бағытталған. Әрбір берілген ақша ұсынысының деңгейіне (PV) өнім шығару көлемінің белгілі бір мәні сейкес келеді. Егер Р баға деңгейі көтерілсе, V өнім шығару көлемі қысқаруы керек. Р және V арасындағы кері тәуелділік механизмін анықтау үшін, ақша ұсынысы және жалпы шығарылған тауарлар мен қызметтер көлемінің арасындағы тәуелділікті қарастыруға болады. Ақша айналымы жылдамдығы тұрақты болғандықтан, шығарылған тауарлар мен қызметтердің ақшалай көлемі ақша ұсынысының мөлшерімен анықталады. Баға деңгейі көтерілгенде тауар мен қызмет көрсету көп мөлшерде ақша қажеттігі туындайды, сондықтан сатып алынатын тауарлар мен қызметтер саны азаяды.
Ақша нарығындағы сұраныс мен ұсынысты талдау да осыны көрсетеді. Өндіріс көлемі өскен сайын жасалатын мәмілелер саны да көбейеді, демек М/Р нақты сипатында ақшаның көп қоры қажет. Тұрақты ақша ұсынысы кезінде ақша қаражаттарының қоры нақты күйінде ең төменгі баға деңгейі қойылатын жағдайда ғана өсуі мүмкін. Және керісінше, ең төменгі баға деңгейіне ақша қаражаттарының көп қорлары сәйкес келеді, ақша көлемінің өсуі жалпы үлкен сомаға мәмілелер жасауға көмектеседі, яғни өнім өндіру көлемін ұлғайтуға көмектесі.
Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы- жиынтық сұраныс қисығының графигі өнім көлемінің белгілі бір мәніне сәйкес келеді. Басқа сөзбен айтқанда, бұл графикте белгіленген М мәніне сәйкес келетін Р және Y мүмкін болатын үйлесулер жиыны да өзгереді, яғни жиынтық сұраныс қисығы қозғалады. Осындай қозғалысты тудыратын кейбір жағдайларды анықтайық. Біріншіден, Ұлттық банк ақша ұсынысын қысқартқанда не болатынын қарастырайық.(MV=PY) сандық теориясының теңдеуі ақша ұсынысының қысқаруы өнім шығару көлемі құнының РY нақты түрінде пропорционалды қысқаруына әкелетінін көрсетеді. Сондықтан да әрбір баға деңгейіне сәйкес келетін өндірілген өнімнің саны азаяды, солға қарай жылжиды (2-сурет)
2-сурет.Жиынтық сұраныс қисығы 3-сурет. Жиынтық сұраныс қисығы солға қарай қозғалады оңға қарай қозғалады
Енді Ұлттық банк ақша ұсынысын жоғарлатқан жағдайда не болатынын қарастырайық. Сандық теория теңдеуіне сай РY жоғарлайды. Сондықтан әрбір баға деңгейіне үлкен өнім шығару көлемі сай келеді, ал кез-келген өндірілген өнім санына сәйкес неғұрлым жоғары баға деңгейі 3- суретте көрсетілгендей, жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды.Ақша көлемінің өзгеруі жиынтық сұраныс тербелісінің жалғыз себебі болмайды. Егер ақша ұсынысы тұрақты болып қала берсе де, жиынтық сұраныс қисығы ақша айналысының жылдамдығы өзгеруінен де жылжуы мүмкін. Ол туралы толығырақ білу үшін, оның жылжуын тудыратын себептерді қарастырамыз.
1.2 Классикалық және кейнстік жиынтық ұсыныс
Жиынтық ұсыныс- бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілген қызметтер мөлшерін көрсетеді. Бұл қатынастың түрі біздің уақыт аралығының қай жерінде өз көңілімізді аударатындығымызға тәуелді. Сондықтан жиынтық ұсыныс қисығының екі түрін ажырата білу қажет: ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныстар.Ұзақ мерзімдік кезінде экономиканың функциясы классикалық үлгімен сипатталады, жиынтық ұсыныс қисығы соның негізінде, өндірілген өнімнің, көлемнің, еңбектің және классикалық теория бойынша тұрғызылады,
-өнім өндіру көлемі тек қана қолданылатын факторлар санына, яғни капиал мен еңбекке, технологияға байланысты, ал баға деңгейінде байланысты емес;
- өндіріс факторы мен технологиядағы өзгерістер баяу болады;
- экономикадағы барлық өндіріс факторлары қолданылады, яғни өнім шығару көлемі әлуетті өнім көлеміне тең;
- баға және атаулы еңбекақы икемді және олардың өзгеруі нарықтағы теңдікті қамтамасыз етіп отырады.
Классикалық үлгі негізінде өнім шығару көлемі баға деңгейіне тәуелді емес.Сондықтан 4-суретте көрсетілгендей жиынтық ұсыныс қисығы тік сызық болып табылады.Жиынтық сұраныс қисығының жиынтық ұсыныстың тік қисығымен қиылысу нүктесі баға деңгейін анықтайды.
Егер жиынтық ұсыныс тік болса, онда жиынтық сұранысының өзгерісі бағаға әсер етеді, өндіріс көлеміне әсер етпейді. 5-суретте көрсетілгендей жиынтық сұраныс қисығы төменге қарай ығысады. Экономикада жиынтық сұраныс пен ұсыныс қисықтары қиылысуының ескі нүктесінің жаңа нүктесінен ауысу жағдайы болады. Е1,Е2 нүктелеріндегі жиынтық ұсыныс қисығы тік болғандықтан, жиынтық сұраныс қисығының жылжуы баға деңгейінің өзгеруіне әкеледі.
4-сурет. Жиынтық ұсыныстың
ұзақ мерзімдік қисығы
5-сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі
жиынтық сұраныстың өзгеруі
Жиынтық ұсыныстың тік қисығы өндірілген өнім санының жиынтық ұсынысқа тәуелді еместігін көрсететіндіктен, классикалық дихтомия талабын қанағаттандырады, демек ақша ұсынысына да тәуелді емес. Өндірілген өнімнің саны сәйкес түрде өндіріс деңгейі деп аталады. Егер жұмыспен толық қамтылған жағдайындағы өндірілген өнім көлемі болса немесе шығарылған өнім көлемі өндірісте жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кезінде өндірілсе,онда бұл экономика ресурстарының толық пайдаланылғаны кезіндегі өндіріс деңгейі.Қысқа мерзімдік кезең: жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен берілген Классикалық үлгі және жиынтық ұсыныстың тік қисығы тек ұзақ мерзімдік талдауға ғана қолданылады. Қысқа мерзімдік кезеңде кейбір тауарларға деген бағалар икемсіз болады және сондықтан олар сұраныстың өзгеруіне бейімделмеген. Бағалардың икемсіз болуына байланысты қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы тік түзу болмайды. Барлық фирмалар алдын ала тауарға деген бағасымен каталогтар шығарады, демек жаңа каталогтар шығару шығындары белгілі бір мөлшерде маңызды деп ұйғарайық. Сондықтан барлық баға бұрынғы деңгейде қалады. Фирмалар белгілі баға деңгейі бойынша өзінің өніміне деген сатып алушылардың сұранысын қанағаттандыруға тырысады. Олар керекті өнім санын өндіру үшін керекті жұмысшыларды жалдайды. Бағалар деңгейі өзгермейтіндіктен, оны 6- суретте графикте жиынтық ұсынысының көлденең қисығымен суреттеуге болады.
6-сурет.Қысқа мерзімдік кезеңдегі жиынтық ұсыныс қисығы
Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныс қисығының және көлденең жиынтық ұсыныс қисығының қиылысу нүктесі экономикалық тепе-теңдік нүктесі болып табылады. Енді жиынтық сұраныс мөлшерінің өзгеруі өнім шығару көлеміне әсер етеді. Мысалы, егер Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтса, жиынтық сұраныс қисығы 7-суретте көрсетілгендей, солға қарай жылжиды. Экономикада жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисығының қиылысу нүктесінің ескі Е1 нүктесінен жаңа Е2 нүктесіне ауысуы болады. Баға деңгейі өзгермейтіндіктен, жиынтық сұраныстың өзгеруі өнім шығару көлемінің төмендеуін тудырады.
7-сурет. Қысқа мерзімдік кезеңде
жиынтық сұраныс қисығының ығысуы
Табыс, өнім шығару
8-сурет. Ұзақ мерзімдік тепе-теңдік
Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық ұсыныстың қысқаруы кезінде өндіріс көлемі қысқаруының себебі бағаның жаңа жағдайларға сай келмеуінде. Жиынтық сұраныстың құлдырауынан фирмалар баға өте жоғары болса да, оларды тұрақты қалдыруға тырысады. Өнім тарату көлемі қысқаруының есесінен фирмалар өнім шығаруды және толық жұмыспен қамтамасыз етуді қысқартуға мәжбүр болады.Қысқа мерзімдік тербелістерден ұзақ мерзімдік кезеңге дейін талдау.Ұзақ мерзімдік кезеңде баға икемді, жиынтық ұсыныс қисығы тік және жиынтық сұраныс өзгерісі тек қана баға деңгейіне әсер етеді. Сөйтіп жиынтық сұраныс өзгерісі уақыттың әр кезеңінде бірдей емес. Жиынтық сұраныс қысқаруының міндетті және ұзақ мерзімді қорытындыларын бақылайық. 8-суретте көрсетілгендей, экономиканы талдаудың алғашқы кезеңінде ұзақ мерзімдік тепе-теңдік қалыптасты делік. Осы суретте үш қисық келтірілген: жиынтық сұраныс қисығы, жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдік қисығы және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы. Ұзақ мерзімдік кезеңде тепе-теңдік жиынтық сұраныстың ұзақ мерзімдік жиынтық ұсыныспен қиылысу нүктесінде өзгереді. Сондықтан, экономика ұзақ мерзімдік тепе-теңдік жағдайда орналасқанда, қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы да 9- суретте көрсетілгендей осы нүкте арқылы өтуі керек.
Енді, Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтады және жиынтық сұраныс қисығы солға қарай жылжиды деп ұйғарайық. Қысқа мерзімдік кезеңде бұл А нүктесінен В нүктесіне ауысуға алып келеді. Өнім шығару көлемі және толық жұмыспен қамтамасыз етілуі өздерінің табиғи деңгейінен төмендейді, бұл рецессияның туындағанын көрсетеді. Одан кейін сұраныстың құлдырауына жауап ретінде еңбекақы мен баға төмендейді. Баға деңгейінің ақырындап төмендеуінен экономика да жиынтық ұсыныс қисығы бойымен С нүктесіне дейін, ұзақ мерзімдік тепе –теңдіктің жаңа нүктесіне дейін төмендейді.
9-сурет. Жиынтық сұраныстың қысқаруы
Ұзақ мерзімдік тепе-теңдіктің жаңа нүктесінде (С) өнім шығару көлемі және жұмыспен толық қамтамасыз етілуі өзінің табиғи деңгейіне қайтадан келеді, бірақ бұл нүктеге бұрынғы ескі ұзақ мерзімдік тепе-теңдіктің нүктесіне қарағанда (А нүктесі) бағаның ең төменгі деңгейі сейкес келеді.
1.3 Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігі. Кейнс үлгісіндегі табыстар мен шығындар теориясы
Тауарлар және игіліктер нпарығындағы тепе-теңдік жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі бар. Бірінші кейде ол макроэкономикада неоклассикалық көзқарас деп аталады-баға нарықтарындағы тепе-теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданады. Мұнда «баға» деп тауарлар мен игіліктер....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік бағыттар курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]