Курстық жұмыс: Зейнетақы жүйесі туралы заң | Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

Курстық жұмыс: Зейнетақы жүйесі туралы заң | Жинақтаушы  зейнетақы    жүйесі

Мазмұны
Кіріспе
1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негіздері
1.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ұғым.
1.2 Қазакстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы жүйесін ендірудегі қабылданған модель.
1.3 Зейнетақы жүйесінің басынан көшіріп отырған қиындықтары.
2 Нарықтық қатынастар жағдайындағы жинақтаушыпиаппппрпрнщйщтьтьо
3
зейнетақы жүйесі.
2.1 Нарықтық қатынастар жағдайында зейнетақымен қамтамассыздандыру.
2.2 Зейнетақы жүйесі экономикапрроның жеорлоке саласы ретінде.
2.3 Зейнетақы активі.
3 Зейнетақы нарығының жағдайы.
3.1 2004 Зейнетақы нарығының жағдайы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республиканың егемендік алуымен әлеуметтік мәселе жөнінен әр-түрлі туындай бастады. Осы әр-түрлі мәселенің ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі алдынғы орынға шықты. өйткені зейнеткерлер қамқорлықты қорғауды қажет ететін тұлғалардың алдынғы қатарына жатады сол 1990 жылдардың басты кезендерінде зейнеткерлерге зейнетақы төлемдері ретінде төлейтін қаражаттардың болмауы олардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына әкелді. Зейнетақымен қамтамассыз ете алмау мәселесі келесі себептерге байланысты болды:
1 мемлекетте қарттардын көбеюі
2 зейнетақы жарналарын есепке ал ып отыратын арнайы үйымның болмауы.
3 өз бетімінен жүмыс істеп жатқан тұлғаларға деген бақылаудын болмауы
4 Бюджеттік емес қорлардың қолдануындағы бақылаудың болмауы
5 әрбір облыстын жағдайын есепке алмай жергілікті бюджеттен ақша төлеудің мүмкіндігінің болуы және т.б.
1998 жылдың 1 қантарынан бастап зейнетақы нарығында күрделі өзгерістер пайда болуы негізінде 1997 жылдың 20 маусымында жарық көрген Қазакстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамассыз ету туралы заң жатыр. 1998 жылдын 1 қантарына дейінгі зейнетке шыққан тұлғалар және еңбек етуші тұлғалар, олар зейнетақы төлеу орталықтары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болды. Ал 1998 жылдың 1 қаңтарынан бері қарай еңбек етерлі тұлғалар өздерінің жеке зейнетақы шоттарын ашып, қаражат жинақтау мүмкіндігіне ие болды.
Активтер басқаратын компанияның жұмысы дұрыс көрсетілмей жатыр деп агенттік зейнетақы қорына айтса, онда қор басқа компанияны тандауына болады. Зейнетақының белгілі бір бөлігі депозит түрінде болады. Ал, көп бөлігі бағалы қағаздарға салынады. Көбінесе мемлекет бағалы қағаздарды сатып алуға жүмсалады, қандайда компанияның банкроттыққа үшырауынан тек 10 % -ды жоғалтады. Ал, 90 % қолда қалады.
1.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы түсінік
Зейнетақы реформасының байы мақсаты-экономикалық тұрақтылықты ескеріп тұратын қаржылық жағынан тұрақты және әділетті жүйені қүру. Осы мақсатқа жету үшін Қазақстан Чили мемлекетінің моделін негіз етіп алды.
1997 жылы үкімет зейнетақы жүйесің реформалау басталды, оның басты мақсаты әлеуметтік (салидарная) жүйеден жинақтаушы жүйеге біртіндеп көшу болып табылады.
1998 жылы “Зейнетақы жүйесі туралы” заң қабылданды. Бұл заң бойынша зейнетақы жүйесі 2-ге бөлінеді:
1 Ынтымақтастық
2 Жинақтаушы
Зейнетақы дегеніміз- орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Ыңтымақтастық жүйенін құрамына әлеуметтік салықтар және республикалық бюджетке түсетін басқа да салымдар жатады. Ал, жинақтаушы жүйенің қүрамына әрбір азаматтың еңбек ақысының 10 % , мен еркін салымдар кіреді. Жинақтаушы жүйеге көшу ұзақ уақытты қажет етеді, сондықтан біздін жағдайда толығымен бұл жүйеге көшу 2040 жылға дейін жалғасады. Жинақтаушы жүйеге көшкен кезде мемлекет толығымен зейнеткерлердің зейнетақыларын алатынына уәде береді.
Сонымен қоса мемлекет зейнетақы жүйесінің субектілерін үнемі қадағалаумен айналысады. Олар: жинақтаушы зейнетақы қорлары, банк-кастадиан және зейнетақы активтерін басқаратын үйымдар.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары- мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары.
Банк-кастодиан – клинттердін сеніп тапсырған бағалы қағаздарымен ақша қаражаттарын жауапкершілікпен сақтау және есепке алу жөнінде қызымет көрсететін банк.
Жинақтаушы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания - мемлекеттік емес зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры – салымшылардын міндеті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен зейнетақы төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөнінде қызметті жүзеге асыратын және оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банкілердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңды түлға.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры - салымшылардын міндеті және ерікті зейнетақы жарналарын жинауды және алушыларға зейнетақы төлеуді, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөнінде қызметті және осы заңда белгіленген тәртіппен оларды зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания арқылы инвестициялайды асыратың заңды түлға.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлері :
1 Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) ашық
2) корпоротивтік болуы мүмкін.
2 Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жүмыс істейтін және түратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
3 Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары сол кордың құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды түлғалардың алушы-қызметкерлері үшін құрылады.
4 Алушынын заңды тұлғамен – акционермен еңбек шартын бұзуы Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорымен Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы шартын бұзу үшін негіз болды .
Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары, міндеттері және қызыметін жүзеге асыру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының
1) зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға
2) өзінің қызыметі үшін комиссиялық сыйақылар алуға
3) зейнетақы шартының ережелеріне сәйкес өзгеде қүқықтарды жүзеге асыруға қүқығы бар.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары
1) алушыларға Қазакстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен зейнетақы төлеуге
2) Жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруға
3) Салымшы мен алушыға кемінде жылына бір рет, сондай-ақ оның сүрау салуы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай күйі туралы ақпарат беруге
4) Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай күйі туралы ақпараттың қүпиялығын қамтамассыз етуге
5) Қазакстан Республикасының зандарына сәйкес зейнетақы заңдарымен зейнетақы шартынын ережелерін бұзғаны үшін жауап беруге
6) Алушынын қарызы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударуға
7) Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниямен (мемлекеттiк бiр жинақтаушы қорын қоспағанда) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға
8) Бір, үш, бес, он күнтүзбелік жылғы стандарттық уақыт кезендеріндегі өз қызметі туралы статистикалық және өзге де ақпаратты жариялауға міндетті, бұл орайда жинақтаушы зейнетақы қорларына салымдар бойынша табыстарға кепілдікті немесе уәдені қамтитын ақпаратты жариялауға жол берілмейді
9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамассыз етуге
10) Қазакстан Республикасының зандарына сәйкес басқа да міндеттерді атқаруға міндетті.
1.2 Қазакстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы жүйесін ендірудегі қабылданған модель.
2002 жылы 12 мамырда “Қазакстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін реформалау концепциясына ” 5 жыл толды. Бұл зейнетақы жүйесінін стратегиялық бағыттарын анықтап , Қазақстан азаматтарының зейнетақымен қамтамассыздандыру жүйесін реформалаудың басы болды.
Әрине, халықтын қартаю мәселесі және оларды зейнетақымен қамтамассыздандыру біздін жас мемлекетіміз үшін көкейтестілік, сондықтан Қазақстан, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, 20 ғасырдын аяғында сапалы жаңа зейнетақымен қамтамассыздандыру жүйесіне көшті-жеке жинақтаушы және арнайы сипатты жүйелерге Қазақстандағы зейнетақы реформасы 20 ғасырдын 80 жылдын басында Чилиде жүрген реформаға ұқсас “Чилидағы зейнетақы ғажабы ” туралы бүл елде жүргізілген зейнетақы реформасы жүргүзілгеннен 14 жыл өткен соң айта бастады. 1995 жылы 21 зейнетақы қоры жүмыс істеді, қордағы жалпы сома 23,0 млрд. доллар мемлекеттің жалпы ішкі өнімнің жартысын қүрады. Егер Чилидін мысалына ілесуіне керек, зейнетақы жүйесін реформалауда “Қазакстандық ғажап” жайлы айту әлі ерте: ол үшін әлі 10 жылдай уақыт керек. Негізінен Қазакстандық зейнетақы жүйесі 40 жылға негізделген, яғни ағымдағы ғасырдың 30 жылдын аяғына дейін.
2002 жылдын басында Қазакстанның жана зейнетақы жүйесінде 15 жинақтаушы зейнетақы қорлары қызмет жасады және олрдың қорлары қызмет жасады және олардын қорлары 1,2 млрд. доллар, яғни мемлекеттін жалпы ішкі өнімнің 5,5% қүрады. Олай болса, Қазакстанға, 1995 жылғы Чилидің стандартына жету үшін алғашқы 10 жылдықта зейнетақы қорларының санын тағы 6-ға арттыру керек және де зейнетақы активтерін жыл сайын орташа шамамен 2,0 млрд. доллар өсіру керек.
1995 жылы Чилидің жалпы ішкі өнім 50,0 млрд, доллар құрада, ал Қазакстанға бұл дәрежеге жету үшін 10 жыл бойы жалпы ішкі өнімге тұрақты 8-9 % қосымша алу керек, бұкіл біздін қатан экономикалық жағдайында қиынға түседі. Дөрері санауымыз бойынша, ең оптимистік болжам, егер Қазакстанға әр жыл сайын жалпы ішкі өнім-5 % арттыра алса, онда 2011 жылдын сонында 36,0-37,0 млрд. доллар жетеді. Бірақ бұл шаманын жартысын зейнетақы активтері құрайды дегенге сенушілік аз, мүмкін, жалпы ішкі өнім-20 % зейнетақы активтері құрайтын шығар, онда бұл 7,5-8,0 млрд. доллар соманы құрайды. Себебі қарқынды дамып жатқан Қазакстанның банк жүйесіне жалпы ішкі өнімнің-20 % қүру үшін 10 жыл қажет болды.
Қазакстан және Чили арасында үқсастық өте көп. Бұл елдердін халық саны бірдей, табиғи ресурстарына бай, әсіресе түсті метал рудасы, экономика ресурсынның негізін тау-кең өндірісі қүрайды. Бірақ бүған қарамастан, Қазакстан және Чилидін көптеген әлеуметтік- экономикалық айырмашылықтары зейнетақы жүйесін қүруға үлкен әсер етті. Мысалы, 80 жылдардын басында Чили түрғындарынын 85 % қалаларда түрды, яғни бүл мемлекеттін урбанизация көрсеткіші өте үлкен. Бұл кезде Қазакстанның қалаларындағы тұрғындар халықтын тек жартысын қүраған .
80 жылдарда экономикалық өсу кезені зейнетақы реформасымен сай келді де қысқа уақыт мерзімінде зейнетақы жүйесіне қажетті активтер жиналыды.
Чили зейнетақы реформасының 1-ші жылында экономикалық өсуден өтіп жатқан. реформасының 1-ші 10 жылдығында жылдық , жалпы ішкі өнім орташа шамамен 7 % -ке өсті. Бұл кезде сонымен қатар Чилидін қор нарығы кенейіп жатты. Осы фактілер арқылы Чилидін зейнетақы қорларына үлкен табыс алғандары түсініледі. 1981-1995 жылдар аралығында жыл сайынғы зейнетақы активтеріне түсеті табыс, инфляцияны ескергенде 13 % -ті құрады.
Зейнетақы реформасынын 1-ші жылы экономиканың құлдырауы байқалды. Халықтын жартысын ауыл түрғындары қүрады, ал ауыл шаруашылығы 90 жылдары құлдырады. Өндіріс кәсіпорындары өз жүмыстарын тоқтатты немесе банкроттыққа үшырады. Халықтын жүмысқа жарамды түрғындары жүмыссыз жүрді. Мемлекеттін зейнеткерлер алдындағы қарызы қиын қыстау болды қор нарығы мүлдем жоқ еді. Осындай қиындықтар кезінде Қазакстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің қалыптасуын бастады.
Чили Латын Америкасы елдерінің ішінде бірінші болып 20 ғасырдын 20 жылдын ағымдағы табыстарда зейнетақына төлейтын мемлекеттік жүйені қолданды. Қызмет етіп жүрген 52 қор арасындағы ұқсастық, олардың барлығы бөліп алу қағидасы бойынша жүмыс істеді. Яғни, жұмыссыздардың зейнетақы жүмыс істеп жүргендердің салымдарынына төленді және жүйенін қызметі мемлекеттегі актив және пассив жүмысшылардын қатынасына байланысты болды.
Чили мен Қазакстанның зейнетақы жүйелерінің басты айырмашылығы, Чилидің әлеуметтік қамтамасыздандыру қорларында жұмысшылардың салымдарына учет жүргізілді, яғни ағымдағы зейнетақы төлемдері мен болашаққа салынатын салымдар арасында тікелей байланыс болған. Ал, Қазақстандың қорларда салымдарға учет жүргізіледі. Сондықтан салымдар мен төленетін зейнетақы арасында байланыс болмады. Осылайша, Чили мен біздін мемлекеттің кассаларын байланыстыруға болмайды, себебі олар қызметтері жағынан бір-бірінен еркшеленеді.
Жарты ғасыр өмір сүрген Чилидің жүйесі келесідей кемшіліктерге ие болды: әрбір салада зейнетақынын түрлі мөлшерлері тағайындалады, бюрократизм кең дамыды, зейнетақыны саяси тағайындау мөлшерлері салымдардың жоғарлауына әкелді. Сондықтан мемлекеттін барлық шығындарының 28 % -ін мемлекет тарапынан әлеуметтік және зейнетақымен қамтамассыздандыруды қаржыландыруды қүрайды. Сонымен қатар мемлекет қажетті қаржыларының жоқтығына қарамастан арнайы пособияларды берді. Осыған байланысты Чили мемлекеті зейнетақы салымдарынын мөлшерін үлкейтуге мәжбүр болды, осы себептен халық зейнетақылық салымдардан бас тарта бастады және т.с.с.
1981 жылдын мамырында экономика түрақты сатыға көтерілген кейін және мемлекттін қаржысы өскенең кейін, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің реформасы заңға 1980 жылы қабылданған сай жасалды. Мемлекеттік зейнетақымен қамтамассыздандыру жүйесі міндетті жекеге ауыстырылды
Жаңа Қазакстанның зейнетақы жүйесі, жинақтаушы деп аталғанымен де, арнайы жекені білдіреді. Чилиге қарағанда, бүл жерде басынан бастап жеке зейнетақы жүйесі қалыптасты, Қазақстанда жеке жинақтаушы жүйемен қоса ескі ниеттілік жүйесі де қызмет етіп жатыр.
Осылайша, Чилидағы зейнетақы реформасы 10 жылдай дайындалды. Қоғам жаңа зейнетақы жүйесін қабылдауға дайын болғанда және экономика өскен кезде Чили үкіметі зейнетақы қабылдауға реформасын жасауға кірісті. Макроэкономиканың көз қарасынан, Чилимен салыстырғанда, 1997-1998 жылдары басталған Қазақстандық зейнетақы реформасы үшін біздін елде экономикалық және әлеуметтік түрақтылық бар болды. Әрине, 5 жылдан кейін реформаны талқылау жеңілдірек, бірақ сол кезде зейнетақы жүйесіне көшу дүрыс шешім болған. Егер Чили зейнетақы рефармасына 10 жыл дайындалса, онда біздің жағдайда дайындық бірнеше айда ғана алды. Бұл факт Қазақстандағы зейнетақы реформасының белсенді дайындалғаның дәлелдейді. Бірақ кейбір чиновниктердің ойынша, зейнетақы жүйесінің басты мәні мемлекеттік емес зейнетақы қорының пайда болуы. Ол көптеген нарық қатысушыларымен дүрыс қабылданбады. Осылайша, қазіргі кездегі Рессейде ендіріліп жатқан сызба бойынша жоспарланды, яғни еркін мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамассыздандыру негізінде. Мүмкін, еркін зейнетақы жүйесін ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Зейнетақы туралы заңы | Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негіздері
» Курстық жұмыс: Зейнетақы туралы заңы| Жинақтаушы зейнетақы жүйесі
» Курстық жұмыс: Зейнетақы заңы | Қазақстан Републикасының зейнетақы жүйесінің алдындағы тұрған қиындықтары және оларды шешу
» Курстық жұмыс: Зейнетақы жүйесі туралы заңы | Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің алдындағы тұрған қиындықтары және оларды шешу жолдары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Републикасының зейнетақы қорларының инвестициялық қызметіне талдау

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Жинақтаушы зейнетақы жүйесі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар зейнетакы жуйеси туралы зан жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]