Курстық жұмыс: Информатика | Жергілікті желіде чат бағдарламасы

Курстық жұмыс: Информатика |  Жергілікті желіде чат бағдарламасы

Мазмұны
Кіоіспе
1. Жергілікті желі
2. Жергілікті желінің қор көздерін қарап шығу
3. Өз компьютеріңіздің қор көздеріне желіде ортақ қатынас құруды қалай ұйымдастыруға болады?
4. Желілік басып шығарғышты ортақтастыру
5. Чаттар, форумдар
6. Локальді желілерге арналған чат жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі заманғы қоғам, тауарлар, қызметтер және еңбек нарығы көп жағынан алғанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) қарқынды дамуымен байланысты өзгерістермен сипатталады. Кәдімгі адам өміріндегі компьютердің қызметі екпінмен артып келеді. Компьютер қоғамдық өмірдің барлық дерлік: білім беру мен медицинада, телевизия және радиода, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және т.б. тиімді көмекші құрал бола алатын салаларында қолданылады. Бүгінде АКТ шағын кәсіпорындардың, дүкендердің, мекемелердің, жұмысқа орналастыру бюроларының, тіпті фермалардың да ажырамас жабдығына айналып отыр. Компьютерлік жүйелер көмегімен құжаттамалар жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер банктерімен қатынас қамтамасыз етіледі. Компьютерлер кең ауқымды өндірістік міндеттерді атқаруда қолданыс тауып, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады.
Осының бәрі ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт – азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр. Бұл – кез келген адам дербес компьютер, Windows амалдық жүйесі деген не екенін біліп, Microsoft Office дестесіндегі қосымшалармен (Word, Excel, PowerPoint) жұмыс істей алуы, Internet ғаламдық желісінің қызметтерін пайдалана білуі қажет деген сөз.
Мен осы жағадайды ескере отырып, жергілікті желіге арналған кішігірім чат жүйесін жасауға кірістім. Ол мынандай талаптарға сай болуы тиіс: көлемі жағынан кішігірім, көп командалар жоқ, яғни тек қажетті ғана командалар болады.
1. Жергілікті желі
Егер бір бөлмеде, ғимаратта немесе жақын орналасқан ғимараттар кешенінде пайдаланушылар қандай да бір мәселені бірігіп шешуге, мәліметтер алмасуға немесе ортақ мәліметтерді пайдалануға тиісті бірнеше компьютер бар болса, онда осы компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру орынды болады. Бірнеше мысал келтірелік:
• Егер Сіздің мекемеңіздің компьютерлері желіге қосылған болса, онда қызметкерлер арасындағы құжаттар алмасу көшіру немесе жылжыту амалына саяды.
• Компьютерлердің біріне басып шығарғыш қосылған болуы мүмкін, онда жергілікті желінің арқасында басқа компьютерлерді пайдаланушылар одан өз компьютерлеріндегі құжаттарды басып шығара алады. Жергілікті желі – бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылатын кабелдер (сондай-ақ телефон желісі немесе радиоарналар) арқылы өзара қосылған бірнеше компьютер тобы. Жұмыс үстелінде жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған Желілік орта қалтасының белгішесі көрініс табады.
Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін әрбір компьютерде желілік бейімдеуіш немесе желілік тақша орнатылған болуы тиіс. Компьютерлердің қазіргі заманға сай моделдерінде әдетте желілік бейімдеуіш аналық тақшаға бірге орнатылған болады. Содан кейін компьютерлерді кабелдермен жалғау керек. Компьютерлер арасында мәліметтер алмасу арнайы құрылғы – шоғырлауыш (немесе хаб) көмегімен жүзеге асырылады. Желідегі әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп те атайды. Әрбір жұмыс станциясының атауы бар және ол қандай да бір жұмыс тобына жатады. Компьютердің атын білу оны жергілікті желіде таба алу үшін қажет. Компьютердің аты мен жұмыс тобының атауын қарау үшін Менің компьютерім белгішесін тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірдің Сипаттар тармағын таңдап, ашылған терезеде Компьютердің атауы қосымшасына өту керек.
Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.
Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Internet – бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көпетеген мүмкіндіктер ұсынады. Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен жайы – URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекенжай бойынша тауып алуға болады. Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: http://www.атауы.үйшік. Веб-сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы – http://www.akorda.kz, ал ҚР Үкіметі сайтының мекенжайы – http://www.government.kz.). Үйшік Internet желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (.kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ua – Украина, .uk – Ұлыбритания, .fr – Франция және т.б.) немесе қызмет саласын (.com – коммерциялық ұйымдар, .org – коммерциялық емес ұйымдар үшін, .edu – білім беру қор көздеріне арналған, т.с.с.) білдіреді. Желі қатысушыларының ортақ пайдалануы үшін бөлінген компьютер сервер деп аталады. Провайдер — бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания.
Провайдер ретінде жекеменшік арнайы маманданған фирмалар да, ірі телефон компаниялары да қызмет істей алады. Әдетте провайдерлер біркелкі қызметтер жиынтығын ұсынады, бірақ олардың қызметі түріне және сапасына қарай ерекшеленетіндіктен, төлемақысы да әр түрлі болады. Өз қажетіңізге лайықты провайдерді таңдай отырып, бірнеше шартты ескерген абзал: Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы – уақыт бірлігінде модем арқылы өтетін ақпараттың биттер саны. Ұсынылатын жылдамдық провайдер жабдықтарының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.
Қосылым түрі. Коммутацияланатын желі бойынша модем арқылы қосылу – бұл Internet-ке қосылудың ең сенімді, бірақ ең баяу түрі. Қосылымның бұл түрі көптеген Internet-те жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз етеді, бірақ ақпараттың үлкен көлемін (дыбыстық файлдар, жан бітірілген сызбалық файлдар, бейне, интерактивті ойындар) жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін. Енді бір түрі – кабельді модем, DSL, жерсерігі арқылы кең жолақты қосылым болып табылады. Қосылымның бұндай түрі жоғарғы жылдамдықпен байланысуға мүмкіндік беріп, шынайы уақыт режімінде аудио және бейне файлдарын жеткізуді қамтамасыз етеді. Қызметтер құны осы аталған факторларға және Сіз пайдаланғыңыз келетін тарифтік жоспарға байланысты болады.
2. Жергілікті желінің қор көздерін қарап шығу
Желідегі қай қалталарға ортақ қатынас құруға болатынын қарау үшін Жұмыс үстеліндегі Желілік орта белгішесін екі рет шерту керек. Егер жұмыс үстелінде желілік орта белгішесі жоқ болса, Бастау – Желілік орта әрекеттер тізбегін орындаңыз. Ашылған терезеде сол жақта Жұмыс тобының компьютерлерінің көрінісі тармағын таңдаңыз. Терезенің оң жағында желідегі компьютерлердің атаулары бар белгішелер көрінеді. Таңдап алынған компьютердің қор көздерін қарап шығу үшін оның белгішесін екі рет шерту қажет. Желідегі компьютерді іздеу үшін мына әмірлерді қатарымен орындау қажет: Бастау – Іздеу – Компьютерлерді не адамдарды – Желідегі компьютерді. Іздеу жолына компьютердің атауын енгізу және Іздеу батырмасын басу керек.
Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді.
Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу.
Егер жалпы желіге бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтағы компьютерлер немесе жергілікті желілер біріктірсе, онда мұндай құрылымды таратылған немесе аймақтық желі деп атайды. Қазіргі кезде ірі компьютерлік желілер саны жүздеген мыңдармен есептеледі.
Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.
Жергілікті желінің физикалық негізі
Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін қажет: желі адаптері (желі картасы), ол кейде кеңейтілген еркін слотқа қойылады немесе аналық тақшамен (материнская плата) бірге болады және арнайы кабелді желіге қосатын орын (разъем) болуы шарт....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Жергілікті желіде чат бағдарламасы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар информатика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]