Курстық жұмыс: Бюджет кодексі | Жергілікті бюджеттің мәні, кірістері мен шығыстары

Курстық жұмыс: Бюджет кодексі |  Жергілікті бюджеттің мәні, кірістері мен шығыстары

Мазмұны
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Жергілікті бюджет
2.Мемлекеттік шығын
3. Мемлекеттік бюджет
III. Қорытынды

Кіріспе
Жалпы мемлекеттік қаржылар.
Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы.
Қандай бір мемлекет болмасын оның қоғамдағы экономикалық қызметі ірілендірілген түрде мына функцияларға бөлінеді: - экономикалық дамудың қалыпты дамуына жәрдемдесетін құқықтық базаны қамтамасыз ету;
- монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау; - табыстар мен байлықты қайта бөлу; - экономиканы тұрақтандыру; - ресурстарды қайта бөлу; Аталған функциялардың іс-қимылы тікелей немесе жанама түрде “қар- жы” категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлық- тай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің соңғы үш функцияларында кө- рінеді. Мемлекеттік қаржылар мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен бірге сан алуан өзара байланыстарды қамти- тын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылмен байланысты.Мемлекеттік қаржылардың функциялары экономикалық категория болып табылатын жалпы қаржылардың функ- цияларына ұқсас болып келеді: бұл – бөлу мен бақылау функциялары. Мемлекеттік экономикалық мазмұны бірыңғай бола бермейді, олардың құрамында жеке оқшауланған буындар болады және олардың әрқайсы- сы өзгеше функцияларды атқарады. Республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет ететін және бюджетті, мемлекеттік несие, мемле- кеттік және муниципалдық кәсіпорындардың қаржыларын қамтиды. Аталған буындардың түрлі функционалдық арналымының арқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік,саяси процестердің үлкен спекто- рына,салалық және аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді. Егер қаржы қатынастарын топтастыру кезінде мемлекеттің экономика мен әлеуметтік процестерге басшылық жасау деңгейіне сүйенетін болсақ, онда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылардың құры- лымын мынадай түрде көрсетуге болады: Қ.Р-ң мемлекеттік қаржылары : а) республикалық
ә) жергілікті
Республикалық қаржылар : a) бюджет
ә) ресурстар

Жергілікті қаржылар : a) мемлекеттік несие
ә) кәсіпорындар қаржысы Мемлекеттік қаржылардың құрамында республикалық және жергілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік өзара байланыстар маңызды рөл атқарады. Бюджеттік қатынастар көмегімен мемлекеттік құрылымдар- дың қарамағында қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады. Түрлі деңгейлердің бюджеттері респуб- ликалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың респуб- ликалық және жергілікті органдары үшін тіршіліктің қаржы базасы бо- лып табылады. Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функциялар- ды орындау үшін республикалық бюджет қалыптастырылады. Оның ре- сурстары мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржылан- дыруға, республикалық функцияларды орындауға мүмкіндік береді.
Жергілікті бюджет.
Бюджеттік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе экономикалық процес- терді реттеу үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді, жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыруға, аумақтық инфрақұрылымды жасауға, еңбек ресур- старының ұдайы өсуі жөніндегі шығындарды қаржыландыруға жәрдем- деседі. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асы- руда зор роль атқарады.Мемлекеттік несиенің мазмұнын құрайтын ақ- шалай қатынастар мемлекеттік қаржылардың өзгеше бөлігі болып та- былады. Мемлекеттік несие қатынастары кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруға және оларды мем- лекеттік шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін билік органдарына уақытша беруге байланысты пайда болады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын мемлекеттің жұмылдыруы қаржы рыногында облигацияларды , қазынашылық міндеттемелерді жә- не мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа түрлерін сату арқылы жүзеге асады. Займдар мен қазынашылық ссудалар мемлекеттік несиенің бас- ты нысандары болып табылады. Мемлекеттік несие экономиканы ны- ғайтуда және оны қаржы жағынан сауықтыруда маңызды роль атқарады Мемлекеттік сектордың іс-әрекет етуі мемлекеттік меншіктің болуына негізделген. Меншікті жіктеу тұрғысынан мемлекеттік заңды ұйымдар- дың мүлкі және мемлекеттік қазына болып ажыратылады.Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі заңмен оқшауланған және мемлекеттік кәсіп- орындар мен ұйымдардың қаржысының іс-әрекет етуі үшін негіз бола- ды.
Мемлекттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып бө- лінеді. Республикалық қазына мыналарды қамтиды:
-республикалық бюджеттің қаражаттары;
-мемлекеттің алтын валюта қаражаттары;
-мемлекеттің меншік құқығының мүлкі;
-коммуналдық меншікке жататын оқшауланбаған мүлік .
Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі
“пайда” болып табылады.Онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
барлық жақтары неғұрлым толық бейнеледі. Сондықтан пайда өндіріс тиімділігін маңызды құндық көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Жергілікті қазына жергілікті бюджеттің қаражаттары мен коммуналды
меншікке жататын оқшауланбаған мүлікті қамтиды.

Мемлекеттік шығындар.
Мемлекеттік шығындар – бұл мемлекеттің іс-әрекет етуімен байла- нысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қо- ғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан-алуан қажеттілік- терін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлу және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттік шығындар -мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құ- ралы,оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірісте- рін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бө - лігі. Мемлекет шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мем- лекеттік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шы- ғындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеу- меттік, басқару, қорғаныс және т. б. функцияларымен тікелей байла- нысты. Мемлекеттің шығындары мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асатын мемлекеттің тікелей шығындары мен өндірістік жәнеөндірістік салалардың мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелер- дің шығындарынан тұрады.
Шаруашылық жүргізудің әртүрлі жүйесінде және типті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің ролі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отырғандықтан бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығындарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отыра- ды. Мемлеккеттік шығындарының құрамына мемлекеттік бюджеттің шығыстары, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығындары кіреді. Мем- лекеттік сектордың кәсіпорындары шығындарының құрамына мына-
лар кіреді:
- өндірістік, шаруашылық қызметпен байланысты шығындар;
- ұлғаймалы ұдайы өндіріске жұмсалатын шығындар;
- бюджетке төленетін төлемдер;
Басқа категориялардың арасында мемлекет шығындарының жайы мем- лекеттік меншіктің маңызы мен мемлекеттің қазіргі жағдайдағы ролі мен анықталады. Мемлекет шығындарының басым бөлігі қоғамдық та-уарды, игіліктерді және қызметтерді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығындарының ролін ай-қындайды.Бағыттары мен мақсаттары арналымы бойынша шығындар-дың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекеттік шығындардың жүйесін құрайды. Мемлекет шығындарының басым бөлігі мемлекеттің бюджет қорында болады. Мемлекет шығындарының бір бөлігі салық төлемдері,
займдардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттарымен жа- былады. Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін банктердің ұзақ мерзімді несиелері тартылады.
Мемлекет шығындары ішкі және сыртқы займдар есебінен жабыла- ды.Мемлекеттің шығындарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландару мен қаражаттары арқылы қол жетеді.Сондық- тан мемлекеттің шығындарын ұйымдастыру қағидаларының бірі жос- парлық болып табылады. Мемлекеттік шығындарын жоспарлаудың басты әдісі-теңгерімдік әдіс.
Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың мақсаты сипаты мем-лекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жеке- леген салаларын арақатыстарға жету, қаржылардың ең алдымен ғылы- ми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективті және прогресивті салаларға бөлу аса маңызды әлеуметтік порблемаларды ше-шу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің шығындарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды тікелей төлеуді талап етеді; бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.
Дамуды жоспарлар мен болжамдардың орындалуына қарай қаржы-ландыру қаржы ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге кезде бөлуді қажет етеді.
Ресурстарды пайдалануда үнем режимін сақтау- мемлекеттік шығын-дарды ұйымдастырудың маңызды қағидасы,ол ішкі резервтерді жұмыл-дыруға өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімде-рінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтүге, оларды ұтымды әрі құнды пайдалануға бағытталған.
Мемлекеттің шығындарын ұйымдастырудың қажетті қағидасы олар-ды жабудың бюджет, несие және меншікті көздерінің оңтайлы үйле-суі болып табылады.
Мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырудың көздеріндегі, ны-сандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.
Мемлекетттің шығындарын шектеудің (айырудың) аса маңызды крий- терийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттік шығындар экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:
. -материялдық өзгеріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығындар;
- қызметің өндірістік емес сферасындағы шығындар;
- үкіметтік резервтерді жасау шығындары;
Шығындардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен және ұлттық табысты жасаумен байланысты.
Мемлекет шығындарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өнді-рістік емес сфераға жұмсалатын шығындар ең алдымен білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым мен мәдениетті дамы-туға, қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағыт-талады. Мемлекет сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байла-нысты басқа шараларға жұмсайды.
Үшінші топтың мемлекеттік шығындары резервтерді жасау мен мо-лықтыруға жұмсалатын шығындар өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес сфералардың төтенше жағдайлар кезіндегі қажеттіліктерін қана-ғаттандыруға арналған.
Предметтік белгісі бойынша мемлекеттің шығындары экономикаға,
әлеуметтік-мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығындарға бөлінеді.
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығындары экономикалық аймақтар бойынша бөлінеді.
Салалық белгі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекет-тік шығындар өнеркәсіпке,құрылысқа, ауыл шаруашылығына, көлік пен байланысқа жұмсалатын шығындарға бөлінеді.
Мемлекеттік шығындарды қарражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты шаруашылық жүргізүдің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекет шығындарын қаржыланды-рудың екі әдісі болады:
1) Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыланды-ру;
2) Сметалық-бюджеттік қаржыландыру.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Жергілікті бюджеттің мәні кірістері мен шығыстары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар бюджет кодекс жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]