Курстық жұмыс: Жер туралы заң | Жерге меншік құқығының жалпы сипаттамасы
Мазмұны
Кіріспе 3-4Жерге меншік құқығының жалпы сипаттамасы 5-24
1.1. Жерге меншік құқығының түсінігі, белгілері және түрлері 5-14
1.2 Жерге меншік құқығының объектісі 15-17
1.3 Жерге меншік құқығының субъектісі 18-24
ІІ. Қазақстан республикасының жерге меншік құқығының жүзеге асырылуы 25-39
2.1. Жерге меншік құқығын жүзеге асыру 25-30
2.2. Жерге меншік құқықтық мәселелері туралы және шетел мемлекеттерінің Заңына қысқаша шолу. 30-38
Қорытынды 39-40
Қолданылған әдебиеттер тізімі 41-42
КІРІСПЕ
Жер мемлекет меншігі және заңда белгіленген негіздерде шарттар мен шектерде ол жер меншікте болуы мүмкін.
Жерді адам өміріндегі тіршіліктің оның әлеуметтік және экономикалық барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдалану объектісі жерсіз әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерді жүзеге асыру мүмкін емес.
Жер – табиғи жаратылыс кеңістігі, планета, тіршілік ортасы ретінде экология құқығының объектісі.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Ата заңымыз бұл ретте жерді алдымен табиғат ресурсы деп қарайды. Табиғи байлыққа жерге мемлекет тарапынан әртүрлі меншікке жол беріледі.
Азаматтық айналымның үнемі қозғалыста болып күрделенуі осы жер қатынасына да әсер етуде. Оған Конституцияда қағидаға жатқызған жердің тек қана мемлекет меншігінде болуы қазіргі таңда маңызы ескіре бастады өйткені учаскелердің жеке меншікте болуы және Парламентте қаралып жатқан Қазақстан Республикасының жер кодексінің жобасына сәйкес ауыл-шаруашылық мақсаттағы жерлердің жеке меншікке берілуі айғақ.
Жер тек қана мемлекет меншігі болып қалуы, жердің азаматтық айналымнан шығарылуы, ауылшарушылығында жерді пайдаланудың үстемділігі жоспарлы және ұтымды пайдалану қағидалар туралы көзқарастар көп айтылған.
Жұмыстың жаңалығының бірі бұл жоғарыда айтылған көзқарасқа керісінше қазіргі таңда ауыл-шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншікті көздемейтін заңдар аграрлық секторда нарықтық қатынастың дамуын тежейтін фактордың біріне айналды және ол ең бастысы жерге тұтынушылық қатынас үрдісін күшейіп, сондай-ақ оны иесіздік жағдайға келтірді. Жерді пайдаланудың уақытша сипаты жер пайдаланушыларды жердің жақсарттылуына және оны сақтауға толық көлемде ынта туғызбайды, сондай-ақ жердің нақты “қожайынының” қалыптасуына жәрдемдеспейді .
“Жерді ұтымды пайдаланудың мемлекеттік шаралары Қазақстан
Республикасының жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың 1994-1995 жылдарға және 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасында қаралған”2. Жер өзінің табиғи күштілігімен және функционалды түрде эстетикалық, экологиялық мәдени кең көлемді мақсатта матариалдық зат ретінде бағаланады. Бұл факторлар күрделі құқықтың режимде жерді қорғауды қолдануын белгілейді.
Жер табиғи объектілердің ішіндегі ең негізгілердің бірі болғандықтан жеке адамның денсаулығы мен өмірі, сондай-ақ тіршілігі жермен тығыз байланыста сондықтан жер заңдарының міндетіне қарай жердің табиғи болмысын сақтау, әрі жақсарту және оның жүзеге асыру механизмдерінің де тиісінше қаралуы жөн толар еді.
1. Жерге меншік құқығының жалпы сипатамасы.
1.1. Жерге меншік құқығының түсінігі, белгілері және түрлері.
Жалпы жерге меншіктің заттық құқық ретінде пайда болуы Орта Азияда қалыптасқан - жерге құқық ретіндегі меншік құқығы феодалдық мұсылман құқығының шариғат немесе хадис нормалармен реттелініп отырған. Жерге меншік сияқты заттық құқықтар азаматтық құқықтың обьектілер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 195-бабының 1 тармағында меншік құқықтарымен қатар заттық құқықтар мына төмендегідей:
1. Жерді пайдалану құқығы;
2. Шаруашылық жүргізу құқығы;
3. Оралымды басқару құқығы жөне басқа да заттық құқықтар жатады.
ЖТЗ-ң 7-бабына сәйкес пайдаланушылар азаматтардың белгілі бір үйлер мен ғимараттарға шаруашылық жүргізу жедел басқару түріндегі заттық құқықтары болатын болса, онда осындай заттық құқықтар сол үйлер мен ғимараттар арқылы оның жер пайдалану құқығына да өтеді. Меншікті конституциялык норма тұрғысынан қарастыратын болсақ меншік міндет жүктейді, оны пайдалану, сонымен қатар, қоғам игілігше қызмет етуге тиіс. Ал, меншік заттық құқық жерге аймақтық меншік иесі ретіндегі мемлекет алдында жерге заңың құқықтарға жерді нысаналы түрде дұрыс пайдалану жерді эрозияға басқа да экологаялық апатқа келтіретін келеңсіз іс әрекеттерден қорғау мемлекеттік қоғамдық сұраныстарға байланысты жер учаскесін қайтару заңға сәйкес басқа да өздерімен теңдес жерге заттық құқықтар алдында қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс міндеттер жұктелген.
Жерге меншіктің заттық құқығы тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер қатынастары туралы заңдарына енуге жол ашқан, 1990 жылы 28 ақпанда қабылданған "КСРО және Одақтас республиканың жер туралы" зандар қабылдайды. Осы заңмен "Жер учаскесін өмір" бойына мұраға қалдырып иелену құқықтың енгізілуі Қазақстан Респуликасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1994 жылы 24 қантарда "Жер қатынастарының кейбір мәселелерін реттеу туралы" сол жылы 5 сәуірде "Жер қатынастарын одан ары жетілдіру туралы" - заң кұші бар Жарлықтарын мемлекет өміріне келтіреді3.
Осы құжаттардың 5 сәуірдегі 94 жылғы "Жер қатынастарын одан ары жетілдіру туралы" Жарлығын орындау мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының жер учаскелерін өмір бойы мұраға қалдырып иелену құқысын пайдалану құқығынан немесе жалға алу құқығынан сатып алу-сату тәртібін, бекіту туралы Министрлер Кабинетінің 94 жылы 14 маусымдағы № 625 қаулысы4 мемлекет өмірінде Рим құқығы бойынша эмфитевзис терминіне негіздеген жерге заттық құқығын бекітілуі. Осы қаулының 2 тармағы бойынша "Ауыл шаруашылық мақсатына арналмаған, жылжымайтын мүлікті соның ішінде құрылысы бітпеген объектілерді жекешелендірген азамат немесе заңды тұлға бір уақытта алынған мұлік орналасқан жер учаскесін пайдалану құқығың немесе жалға алу құқығың Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 94 жылы 9 наурыздағы № 250 қаулысымен бекітілген тәртіппен бір мезгілде сатып алады делінген осы қаулыда көрсетілген тәртіп бойынша жер учаскесіне мақсатты шектеулі міндеттемелік заттық құқық бар деп айтылған.
Жерге заттық - біреудің жеріне құрылыс салу арқылы іске асырылады. Жер учаскесін жалға алу арқылы жалға алушы есебінен құрылыс салынып сол салынған құрылыс арқылы жер учаскесін бастапқы жалға алу міндеттемелік құқығынан заттық құқықттың туындап заңдастырылу әдісі болып табылады. "Жер бастапқы, ал оған салынған құрылыстар соңғы жерге бағынышты деген ұғымды ескере отырып халықтың тәсіліне сүйеніп, жер учаскесіне салынған құрылыстың заттық құқығы заңды деп бекіту тәсілі болып табылса, осы тәсілмен жерге заттық құқықтарды қорғау жалпы затқа мүлікке меншік құқығын қорғау талаптарына сәйкес іске асырылады.
Меншік деп — негізінен заттық құқық деген ұғымды береді, қоғамдағы заттық қарым-қатынас меншіктің ішінде меншік құқығының негізі.
Жерге меншік құқығы деп - меншік иесінің өзіне тиесілі жерді иемденуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар.
Жеке немесе заңды тұлға өз меншігіндегі затқа және заттық құқығы бар жер учаскесіне ғана занда бекітілген деңгейде өз билігін жүргізе алады. Яғни, өз меншігіндегі затты немесе жер учаскесінің заттық құқығын екінші бір жаққа (жеке немесе заңды тұлғаларға) сатуға, мұраға қалдыруға, сыйға тартуға, айырбас жасауға, ақшалай несие қарыз алу үшін кепілдікке салуға уақытында иеленіп, пайдалану үшін жалға беруге құқығы бар. Меншік өзіне тиесілі үш негізде жұзеге асырылады.
Бірінші - "иелену құқығы, затты мұлікті немесе заттық құқығы бар жер учаскесін сатып алу, сыйға тарту, мұраға қалдыру кепідікке ұстау, жалға алу жолымен иеленеді. Екінші, затты мұлікті немесе заттық құқығы бар жер учаскесін пайдаланып оның пайдалы өнімін кұн көріс көзіне жаратып одан әрі пайдалану. Үшінші, билік ету құқығы затты, мүліктің немесе заттың құқығы бар жер учаскесін сату, айырбас жасау, сыйға тарту және шаруашылыққа қажетсіз болғанда иелену, пайдалану жерге меншік құқығы осы негіздер арқылы жұзеге асырылады. Мемлекеттің жер меншік иесі реттеуші құқықтарын заңда белгіленген өз құзыретін сәйкес уәкілді мемлекеттік органдар жүзеге асырады".5
Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану, яғни қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік, субъектілері мен объектілері меншік иелерінің өз құқықтарын жұзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. Жер және оның қойнауы су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дұниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Сонымен қатар, заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мұмкін деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы Жер туралы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасынын әрбір азаматы жер пайдаланудың құқығына ие болады. Ал, осы құқықты жүзеге асыру белгілі құқықтық әрекеттері орындап, жерді иеленген немесе жалға алып пайдалану болады делінген. Мысалы: "Жерге меншік құқығын мемлекеттік басқару қызметіне байланысты профессор Ә.Стамқұлов былай: дейді: В земельном праве, есть вопросы, которые не входят в рамки по полномочии владения, пользованияи распоряжения к ним относятся, определение,
Целевое назначение земли, учет земель, земельный кадастр земельный мониторинг, землеустройсво, контроль и установление ответственности за нарушение земельного законодательства. Все эти управленческие земельные отношения осуществляются специальными государственными органами в соответствиі законами Республики Казахстан".
Н.Н.Краснов жер құқығына ие болу ұшін жер оның пайдалануында болуы қажет деген пікір айтқан6.
Меншік - жердің пайдалы өнімі зат немесе мұлік ретінде заттық құқық, яғни өндірістік ұғым.
Меншік — жердің пайдалы өнімі зат немесе мұлік ретінде заттық құқық, яғни өндірістік ұғым. Осы өндірістік ұғым арқылы жерге заттық құқық қана заңдастырылады. Сондықтан да олар зат немесе мұлік емес, тек қана жер учаскелеріне белгілі заң нормаларымен бекітілген азаматтық айналымга тұсетін заттық құқығына бар.
Жер мемлекет меншігі болғандықтан мемлекеттің жерге меншік құқығын қорғау қажетгілігі туады. Ол жер пайдаланушылардың пайдалануында болады. Соған орай мемлекеттің жерге меншік құқығын, жер пайдаланушылардың жер пайдалану құқығын қорғау заң жүзінде жүзеге асырылатын шаралар жүйесі — олар мемлекеттің жерге меншік құқығын жәй жер пайдаланушылардың жер пайдалану құқығын қорғауға бағытталған.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттер көбінесе жердің жеке меншігінде немесе тұрақты және уақытша пайдалануына байланысты туындайды. Бұл құқықтар мен міндеттер жерді мақсатты пайдалану түрлеріне тұрақты немес уақытша пайдалануына қарай әртұрлі болып белгіленуі мұмкін.
Жер учаскелері және ондағы аталған объектілерді шетелдіктердің жеке меншігінде болуы туралы Жер заңында арнаулы бап немесе ескерту жоқ. Бірақ, олардың шетелдіктердің меншігінде болуына мынадай заң нормалары бар:
Қазақстан Республикасының І995 жылғы Конституциясында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР-сы азаматтары ұшін белгіленген құқықтар мен міндеттерге ие болады. Бұл заңда шетелдіктердің тұрақты немесе уақытша тұратындығына байланысты құқықтар мен міндеттерге ие болу шарты айтылмайды. Тек конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеші көзделмесе.
Егер ЖТЗ-мен және басқа заң актілерімен өзгеше көзделмесе жер учаскесінің меншік пен мемлекеттік органдардың қандай да болсын рұқсатынсыз, өз қалауы бойынша жер учаскесін иемдену пайдалану және билік ету құқығын жұзеге асырады. Ол заңдарды тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасауға, жер учаскесін уағдаластық баға бойынша сатуға, шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық қорына жарна ретінде енгізуге, кепілдікке беруге сыйлауға және мұра етіп қалдыруға құқылы. Жер учаскесіне меншік құқығы басқа адамға мәміле жасалған сәттегі барлық ауыртпашылықтармен қоса беріледі. Жер учаскесін меншік иесі уақытша пайдалану туралы шарттың негізінде жер учаскесін уақытша пайдалануға беруге құқылы. Ондай жағдайда жерді жалға беру жалдау шарты (жалға ....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Жер туралы заң | Жерге меншік құқығы
» Реферат: Құқық | Меншік құқығы туралы түсінік
» Курстық жұмыс: Меншік құқығы | Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық бойынша меншіктің нысандары мен түрлері
» Курстық жұмыс: Құқық | Қазақстан Республикасында меншік құқығы
» Курстық жұмыс: Жер туралы заң | Жерге меншік құқығы
» Реферат: Құқық | Меншік құқығы туралы түсінік
» Курстық жұмыс: Меншік құқығы | Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық бойынша меншіктің нысандары мен түрлері
» Курстық жұмыс: Құқық | Қазақстан Республикасында меншік құқығы
Іздеп көріңіз: