Курстық жұмыс: Салық кодексі | Жеңілдіктер негізіндегі әлеуметтік салықты есептеу

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Жеңілдіктер негізіндегі әлеуметтік салықты есептеу

Мазмұны
Кіріспе
1–бөлім. Жеңілдіктер негізіндегі әлеуметтік салықтың экономикалық мәні
1.1 Әлеуметтік салықтың экономикалық мәні .................................................
1.1. Салықтың мәні, қызметтері
2-бөлім. Жеңілдіктер негізіндегі әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі
2.1 Әлеуметтік салық төлеушілері..................................................................
2.2 Әлеуметтік салық салу объектісі .............................................................
2.3 Әлеуметтік салық ставкалары...................................................................
2.4 Құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі
2.5 Әлеуметтік салық бойынша рәсімдеу әдісі ........................................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................

Кіріспе
Әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының Салық жүйесінде 1999 жылы пайда болғаннан бері елеулі өзгерістер әкелді. Оньң ставкалары да және қолданылатын тәсілі де өзгеріске көп ұшырады. Соңғы әлеуметтік салық бойынша байқаулы өзгерістер 2002 жылдың 23 қараша «Заң шығарушы актілердегі салық салу бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы» Қазақстан Республикасының заңымен енгізілді.
Әлеуметтік салық өзімен салық салудьң маңызды түрін керсетеді. Ол өзімен бюджеттен тысқары 3 төлемді:
1) Әлеуметтік сақтандыру;
2) Медициналық мідетті сақтандыру;
3) Елдімекен жұмыс бастылығын айырбастап, бухгалтерлерге салыкты есептеуге және осыған орай келісілген есепттілікті есептеуді жеңілдетіп, салық орган қызметтерінің салықты дұрыс және уақытылы төлеудің бақылауын жеңілдетті.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті салықтар мен төлемдер Салық кодексінде және басқа да басылымдарда айқын жазылу тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындаудьң, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Салық - қазіргі уақытта барлық мемлекеттерге тірек, яғни ең негізгі бюджетке түсетін, бюджетті, мемлекетті ұстап тұратын басты кездері болып табылады. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу - бугінгі күннің басты назарында.
Салық салынатын база жасау жөінндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп артылады. Казіргі колданып журген Салык кодексі тікелей ықпал ететін заң күшіне әлі де толық ие емес.
Әлеуметтік салықты енгізген кезеннен бастап, оны баскару салық органдарының қолына өтті. Төлем төлеу жұмыс берушілердің 3 мемлекеттік бюджеттен тысқары фондысы қосылып, бір әлеуметтік салыққа айналуы мемлекеттік бақылаушылардың, санын азайтып, жұмыс берушілердің осыған байланысты төлемді есептеу және төлеу кұжаттары кеміді.
Әлеуметтік салық өзінің қарапайымды болғанымен осы салықты есептеу кезінде көптеген қиыншылықтарға кез боламыз. Осы қиыншылықтар әлеуметтік салық салу обьектсін анықтаған кезде бухгалтерлер әр тоқсан сайын кай жерден болмасын қателіктерге ұшырайды. Іс жүзінде әр түрлі пікірге тап боламыз, яғни салық кодексіндегі әлеуметтік салық салу обьекттері ережесінің негізінде әлеуметтік салық салу обьектсіне жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін шығындары жатады. Осы курстық жұмысымда әр тоқсан сайын бухгалтерлер тоқсан тапсыратын әлеуметтік салықтағы кай жерден, кай себептермен, неге деген сұрақтарға жауап табу, осы сұрақтарды қарастыруға, сұрақтарды шешуге тырысамын.
1–бөлім. Жеңілдіктер негізіндегі әлеуметтік салықтың экономикалық мәні 1.1 Әлеуметтік салықтың экономикалық мәні
Салықтың қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу - бүгінгі күннің басты назарында. Салықтан жалтарғаның, халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну киын емес.
Салықтардың, толық көлемде, уақытылы аударылуы және алынуы бюджет қорының толығуын айқындайтын фактор болып табылады.
Бүгін Қазақстан Республикасы нарық жолында жүргенде, салықтың мәні өте зор. Салық төлемдерінің бюджетке толық көлемде түсуінің алуан әдістерін қолданып, қадағаланбайынша енді - енді құқықтық мемлекет болуға бағдар ұстап отырған еліміздің бұл бағытта табысты қадамын қамтамасыз ету мүмкін емес. Демек, әлеуметтік - экономикалық дамуға әр кез дем беріп, кан жүгіртіп отыратын бюджеттің тізілімінде ірілі – кішілігіне қарамастан, барлық салық төлеушілердің мән - маңызы мен рөлі өте үлкен.
Қазақстан Республикасының, Салық Кодексі: Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндеттері төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастары реттейді. Сонымен салық, дегеніміз ол - мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген белгілі бір мөлшерде жүргізілетін қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
1.2 Салықтың мәні, қызметтері
Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде кұрылатын мемлекет бюджеттің кірісіне қарай, мелекеттің кәсіпкерлікпен айналасуының және әлеуметтік - кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшелерін заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың, кәсіпкерлік белсенділігі, төлем кабілеті бар сұраным көлемі реттеледі.
Салық саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықтардың, тізімі бірнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңілдіктер мен томдарды алып жатады.
Әкімшілік - әміршілік жүйе жағдайындағы экономикада салық адам мүддесі үшін қызмет көрсетеді. Ол халақты үкімет алдында тұқыртып ұстаудың, құралына айналды. Ал нарық қатынастары дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын толтыруға кызмет ете түседі. Содан да болар, Америкада іскер адамның екі туған күні бар деп есептеледі біріншісі - өзнің туған күні және екіншісі - оның салық инспекторымен есеп айырысқан күні.
Экономикалық мазмұны жағынан салықтар - бұл заңды белгіленген ретпен тұрғындардан, кәсіпорындар мен мекемелерден алынатын міндетті төлемдер жүйесі. Табыстардың әртүрлі нысандарының салық көздері мыналар болып табылады: пайда, процент, жалақы, дивиденд, рента, т.б. Салықтардың мәжбүр ету сипатынан баска ерекше қасиеті - олардың алым-салықты өндіріп алу ретімен төленген сомасының мөлшелері мен салық төлеушілердің мемлекеттен алатын кызметтерінің құнының арасындағы сәйкессіздік болып табылады. Салық салудың мынандай негізгі принциптері бар:
Салықтардың Фискальдық кызметі - мемлекеттің салық саясаты тұтқаларының көмегімен нарық, конъюнктурасының жағдайына әсер етуде, экономикалық, өсуді тұрақтандыру және ынталандыруға тырысуында тұр. Бір сөзбен айтқанда, салық, түсімі арқылы алынатын қаражаттар, мемлекеттің саяси-шаруашылық, қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады.
Салық, қаражаттары ең алдымен ғылыми - техникалық прогресті ынтыландыру, прогрессивті технология мен өнім түрлерін игеру, экономикада құрымдылық өзгерістер жасау, табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру, әлеуметтік саланың объектілерін ұстау үшін белсенді түрде пайдаланылады. Мысалы, 1981 жылы рейгандық, әкімшілік жаңа өндіріс салаларын инвестициядан (өндіріске ұзақ мерзімді капитал жұмасу) түскен табыстарға салынатын салықтарды азайтты. Ол кәсіпкерлердің өндіріске қаржы бөлуді ұлғайтуына, еңбек өнімділігін арттыруына және потенциалды жалпы ұлттық өнімді көбейтуге түрткі болды.
Салықтың қайта бөлу қызметі - салық механизмі арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің едәуір бөлігін жұмылдыруда тұр. Батыста және біздің мемлекеттік бюджет арқылы жалпы ұлттық өнімнің 30%-тен 50%-ке дейінгісі кайта белгіленеді. Салық түсімі есебінен мемлекет әскери бағдарламаларды қаржыландырады. Бұдан басқа, айтарлықтай қаржы ағарту саласына, зейнетақымен камтуға жұмсалады. Қаржының бұндай мақсаттарға жұмсалуы, әлеуметтік саладағы мезгіл - мезгіл шиеленісп тұратын қайшылықтарда басуға, азаматтардың барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге салықтар экономиканы жанама түрде реттейтін маңызды құралдардың бірі болып табылады. Осы максатта салықтар көбінесе дағдарыстық құбылыстарды тезірек жоюға, нарық клнъюнктурасын әсер, экономика тұрақтандыруда пайдаланылады.
2-бөлім. Жеңілдіктер негізіндегі әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі
2.1 Әлеуметтік салық төлеушілері
Кірспеде айтып кеткендей әлеуметтік салық өзінің карапайымды болғанымен осы салықты есептеу кезінде көптеген киыншылыктарга кез боламыз. Осы қиыншылыктар әлеуметтік салық салу обьектісін аныктаған кезде іс жүзінде әр түрлі пікірге тап боламыз, ягни салык кодексіндегі элеуметтік салык салу обьектілері ережесінің негзінде әлеуметтік салық салу обьектісіне жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін шығындары жатады.
Осы ереженің негізінде әлеуметтік салық салу объектсіне жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін шығындары жатады. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңға сәйкес "қызметкер - жумыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша тікелей жұмыс атқаратын жеке тұлга". Демек, жумыс берушінің шығындарына әлеуметтік салық салуға арналған біріші белгі - олар сонымен еңбек қатынастарында тұрған және жеке еңбек шарты бойынша жұмыс атқаратын жеке тұлғаға, яғни қызметкерге төленуге, ал төлемдер қызметкер болып табылмайтын, осы салықты салу объектісіне жатпайтын жеке тұлғаларға төленуге тиіс. Бұл орайда жұмыс берушінің кызметкерге жұмсалған кез келген шығындары "қызметкердің табысы" болып табылады: есептелген жалақы, әлеуметтік немесе материалдық игіліктер беру, материалдық пайда түрінде алынған сомалар, яғни қызметкер үшін тікелей немесе жанама еңбекке ақы төлеу түріндегі табыстар болып табылатын жұмыс берушінің барлық шығындары. Мұндай төлемдер немесе шығындар үшін негіз - салық агент - жұмыс беруші мен жеке тұлғаның, қызметкердің арасындағы еңбек шартының болуы.
Жеке еңбек шарты - бұл қызметкер мен жұмыс берушінің, арасында жазбаша түрде жасалатын екіжақты келісім, ол бойынша қызметкер белгілі бір........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Жеңілдіктер негізіндегі әлеуметтік салықты есептеу курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар салык кодекси жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]