Курстық жұмыс: Психология | Жеке тұлғаның дамуы жайлы педагог – психологтардың көзқарастары
Мазмұны
І. КіріспеІІ. Негізгі бөлім
1.Жеке тұлғаның дамуы жайлы педагог – психологтардың көзқарастары
2 Тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие тұлғаның дамуындағы күрделі процестер
3 Белсенділік оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қоғамның ғылыми-техникалық, әлеуметтік – экономиклық дамуы өскелең, ұрпақтың интеллектуалдық, білімділік, жеке тұлғаны қабілеттерін жетілдіре түсуді талап етуде Елбасы Н.Ә.назарбаев өзінің Қазақстан халықына жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, халық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айыпты; «Біз өзіміздің заманаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осынақындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесі турғымыз келетін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін оның білуге және ұғынуға тиіспіз».
Жеке тұлғаның ақыл ойын, танымдық үрдістерін жетірдірудің, әлеуметтендіру, адамгершілік, интеллектуалдық мәдение дамуының жоғары деңгейінің және кәсіби, біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие бере отырып жан – жақты қалыптасқан саналы азамат қалыптастыру бүгінде біздің басты бағытымыз.
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой – тұжырымдардағы ізгілік идеялары, еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, өлең шығармашылық әлемуетінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Енді осы идеяларды дамыту үшін лекцияның алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлға бойында жан – жақтылық пен саналық, шығармашылық ой – мазмұнылық қалыптасуы, дарындылық біртұтас ой жүйесін қалыптасуы, сонымен қатар ерік – жігер қасиеттерімен бірге батылдыққа, тапқырлыққа, тез бағдарлауға, алғыр, зерек және сергек болуына көп септігін тигізе отырып бүгінгі таңда ең бастымы сапалы азамат қалыптастыру.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар әрине ертеден зерттеліп келген тұқымқуалаушылық, орта тәрбие, бірақ тұлға мұнымен тұрақтанып қана қойған жоқ дамыды. Қоғам дамыды, мұнымен қатарласа тұлға дамыды. Жаңа идеялар пайда бола бастады, бірте – бірте іс - әрекетке ұласып ол жүзеге асты. Я.А.Каменский «Ұлы дидактика», деген еңбегінде тұлға дамуындағы дидактикалық ойындардың орны орасан зор екендігінің маңызын алып түсіндірді. Яғни дидактикалық ойындарды тұлға қалыптастыруда кеңінен пайдалана отырып оқытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушылардың яғни әрбір жеке тұлғаның танымдық белсенділік арттыруға үлкен жол ашады.
Әр түрлі іс - әрекеттік, дидактикалық ойындарға материалды таңдап алу кезінде мына жайттарды есепке алу керек:
- ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері
- белгілі көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы,
- ақыл – ой іс - әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.
1.Жеке тұлғаның дамуы жайлы педагог – психологтардың көзқарастары
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа деиін әр түрлі пікірлер мен теориялар әдебиеттерде орын алып келді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын - ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылықты немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Сондықтан олардың пікірлері ойынша біреулер бағындырушы, ал екінші біреулер бағынушы болып туатын сияқты.
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі — преформистер. Преформизм — XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің организмінде болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан қағынан артуы деп қарастырады.
Көптеген ғалымдар жеке адамның дамуында тұқым қуалаушылық факторын жетекші роль атқарады деп таниды. Америка психологы Эдуард Торндайк (1874-1949) баланың дамуын геналарға байланысты, бала геналардың ерекше батереясы, ондағы «гена саймандары» өзгермейді, олар баланың дене қасиеттерін, ақыл — ой ерекшеліктерін және қабілетін белгілейді, деп өз ойын дәлелдейді. Ол адам санасы да өзінің шыққан тегіне байланысты деп тұжырымдайды.
Америка философы, педагогы Джон Дьюи (1858-1952) өзінің даму теориясын баладан туа пайда болған инстинкт және қабілеттерімен дәлелдейді. Дьюидің пікірі бойынша, адамда туысымен - ақ дайын талаптар мен қабілеттер және эмоциялар болады. Сондықтан Дьюи адам табиғатын тәрбие арқылы өзгерту мүмкін емес дейді. Австрия дәрігері Зигмунд Фрей адам мінез - құлқының қозғаушы күштері оның биологиялық тегіне байланысты деп түсіндіреді.
Прагматиктік педагогика апологеттері және осы уақыттағы түрлі философиялық ағымдар экзистенциализм, неотомизм т.б. жоғарыда айтылған көзқарастарды қуаттай келіп, адамды әлеуметтік жағдайдан бөліп жеке қарастырады. Экзистенциализм жеке адамның дамуын, оның өзін - өзі жетілдіруі, бұған әлеуметтік ортаның қатысы жоқ деп түсіндірсе, ал неотомизм даму процесін діни идеалистік тұрғыдан, демек, құдай жаратқан адам жанының дамуы діни тәрбиенің ықпалымен аяқталады деп сендіреді.
Сонымен, жоғарыда аталған және басқа да философтар мен педагогтар жеке адамның дамуы мен қалыптасуындағы қоғамның ролін теріске шығарады.
Адамның жан - жақты дамуының әлеуметтік жағдайларға тәуелді екендігін XVI және XVII ғ.ғ. алғашқы рет байқаған гуманистер социалиялшылдар Томас Мор және Томмазо Кампанелла. Мор жеке адамды дамытудың негізі — жалпыға бірдей және міндетті оқу, оқуды ана тілінде жүргізу, балаларға ғылымның әр түрлі салаларынан теориялық білім беру, оны еңбекпен ұштастыру болады деп өзінің бұл пікірін «Утопия» кітабында сипаттайды. Кампанелла адам баласының дамуы, жарасымды қалыптасуы, оның бақытты өмір сүруіне байланысты, сондықтан тәрбие процесінде балалардың ақыл - ойын, қабілетін дамыту үшін игілікті, қажетті жағдайлар жасау керек деді.
XIX ғасырдың басында қиялшыл социализмнің ілімін жасаушылар Ш.Фурье, Роберт Оуэн және Сен - Симон балаларды Жан - жақты қабілетті дамыту, яғни, оларды біліммен қаруландыру, өмірге, еңбекке даярлау тәрбиеге байланысты деп түсінді. Олар капиталистік қоғамды, ондағы тәрбие жүйесін батыл сынап, жеке адамның жан - жақты дамуына толық жағдай жасау үшін, халыққа білім және тәрбие арқылы таптық коғамды бейбітшілік жолмен жаңа қоғамға айналдыруды арман етті.
Алғашқы гуманистер және социал - қиялшылдар адамды жан - жақты, жарасымды етіп дамыту өндіріс құралдары мен жабдықтарына жеке меншіктік және адамды — адам қанау жойылғанда ғана қамтамасыз етіледі деп тұжырымдады.
Жеке адамды жан - жақты дамыту және тәрбиелеу жайлы мәселелерді ең алғашқы рет ғылыми тұрғыдан дәлелдеген К.Маркс, Ф. Энгельс болды. Олар қоғамның даму заңдарын ашып, адам баласының прогресс жолымен алға басуының мақсаты бақытты өмір сүріп, жан - жақты дамуына игілікті жағдай жасайтын жаңа қоғамды орнату керек деген қорытындыға келді.
Даму—жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді. Баланың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен қасиеттер пайда болады.
Мектеп балаларға терең және сапалы білім береді. Оларды жоғары идеялық, адамгершілік көзқарас рухында тәрбиелеп, жан - жақты жетілдіреді, осының нәтижесінде балаларда Отанға сүйіспеншілік, адал ниетпен оқып, еңбек ету, ұжымдық сияқты болымды қасиеттер қалыптасады.
Даму және тәрбие процесінде түрлі өзгерістер болып отырады. Баланың организмі бүкіл өмірінде әр түрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Оларға организмнің өсіп - жетілуі, ақыл - ойының дамуы, мінез-құлқының қалыптасуы жатады. Осындай өзгерістердің барлығы табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбие мен озін - өзі тәрбиелеудің ықпал етуіне байланысты. Әлеуметтік орта мен тәрбие балаға әр түрлі дәрежеде әсер етеді. Өйткені, баланың сыртқы әсерді қабылдауы, оның ішкі сезіміне, санасына байланысты. Сондықтан қабылдау процесіңце баланың санасында ішкі қайшылық туады. Бұл дамудың қозғаушы күші.
И.П.Павловтың ілімі бойынша, даму—ішкі нерв жүйесі қызметінің және сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі.
Педагогика баланың дамуына өте нәзік, күрделі диалектикалық процесс деп қарастырады. Даму процестерінің қозғаушы күштері — ішкі қайшылық күресі. Даму процесінің сан өзгерістері сапа өзгерістеріне ауысып отырады. Мысалы, баланың даму процесінде мынадай зандылықтарды байқауға болады: алғашқы кезеңде бала тілінің дамуы, оның, түсіне білуіне және сөйлеу білуіне, сөздік қорына байланысты. Әрине, тілдің дамуы осымен аяқталып қалмайды, ол жетіле түседі. Сексеннен астам сөздерді меңгергеннен кейін баланың айналадағы адамдармен қарым - қатынасы кеңейіп, олардың сұрақтары мен сөздеріне түсіне бастайды. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім сияқты психикалық процестерінде бірте - бірте өзгерістер пайда болады. Осының нәтижесінде баланың ақыл - ойы дамудың жаңа кезеңіне көшеді.
Даму — әр уақытта бірыңғай тұтас процесс. Оның кейбір ерекшеліктерін атап көрсетуге болады. Организмнің дамуы ең алдымен мүшелердің өсіп жетілуіне байланысты. Ал, әр түрлі мүшелер (бастың көлемі, көкірек шеңбері, қол - аяқ және т.б.) бір қалыпты өсіп жетілмейді. Өйткені, организмнің өсу қарқыны тұрақты емес. Сондықтан өсудің тездеу кезеңдері баяулау кезеңдерінен кейін немесе керісінше байқалып отырады. Мысалы, жыныс мүшесінің жехілу кезеңінде осу күшейеді; соңынан баяулай бастайды.
Баланың жоғары нерв қызметінің дамуы бас миының үлкен жарты шарлары қабығының талдау және синтездеу қызметінің жетілуіне байланысты. Ми қабығының талдау және синтездеу әрекеті қабылдау мен естің, қиял мен ойлаудың т.б. негізгі механизмі болады. Осы нерв процестері (талдау, синтез) арқылы бала озінің мінез - құлқы мен қылығын табиғи және әлеуметтік ортамен сәйкестендіру жолдарын іздестіреді. Жеке адам мен ортаның қатынасын реттеуде екінші сигналдық система зор рөл атқарады. Жоғары нерв қызметі екі сигнаддық системаға байланысты И.П.Павловтың айтуы бойынша тері, көз, құлақ т.б. сезу мүшелері арқылы түйсіну, қабылдау, елестету жануарлар мен адамға ортақ — бірінші сигналдык системаға, сөз, ойлау адам баласына ғана тән, екінші сигналдық системаға жатады. Заттар мен құбылыстардан тікелей алынатын сигналдарды алмастыратын сөз. Сондықтан И.П.Павлов сөзді сигналдардың сигналы деп атады. Екінші сигналдық система ойлау мен сөйлеудің физиологиялық негізі. Сонымен бірге екінші сигналдық система бірінші системамен өзара әрекеттесіп, ойлау іс - әрекеті және бақылаумен, ес және сезіммен тікелей байланысты қызметтердің де физиологиялық негізі болады.
Бала организмі мен нерв жүйесінің даму негізінде, оның психикалық қызметінің (түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау, тіл, зейін, сезім т.б.) дамуы жетіле түседі. Психикалық қызметтің негізгі механизмі мидың үлкен жарты шарлар қабытының әрекеті болады. Психиканы айналадағы объективтік шындықтың біздің нерв жүдемізде бейнеленуі дейміз.
Баланың әрбір даму кезеңінде жетекші іс - әрекеті болады. Мұндай іс-әрекеті өзінің мақсаттары, мотивтері және орындалу тәсілдерімен сигитталады. Жетекші іс - әрекеті — өсуші индивидтің мұқтаждарын қанағаггандыру мен таным немесе психикалық процестерін қалыптастыруға бағытталған іс - әрекеті.
Таным іс - әрекеттерінің процесінде жаңа мотивтер (ықылас, тілек және т.б.) туады, баланың түсінігі мен үғымы, білімі мен тәжірибесі артады, ойлау операциясы да (талдау, синтез, салыстыру, абстракциялау, жинақтау, классификация) жетіле түседі. Оқу мен тәрбие процесінде бала өйлау операциясы арқылы өбъективтік шындықтың құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының бай тәжірибесін үйреніп, игеруге талаптанады. Әрине, бала өз бетінше жаңалық ашпайды, ол мұғалімнің тәрбиешінің көмегімен белгілі, зерттелген ғылыми мәліметтерді бағдарлама, оқулық және баска да әдебиеттер арқылы қабылдап, меңгереді.
Ойлау әрекеті негізінде мектеп жасындағы балалардың дүниеге көзқарасы қалыптаса бастайды, нақты ойлаудан (кіші мектеп жасындағы балаларға тән, (абстракті ойлауға) жоғары сынып оқушылары көшеді. Сөйтіп, олардың ой - өрісі кеңиді.
Таным психикалық процестерінің (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері де (қабілет, бейімділік, мінез) қалыптаса бастайды. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық, бақылағыштық, білуге құмарлық, тапқырлық, ізденімпаздық сияқты болымды жақтары да жетіле түседі.
Іс - әрекеті процесінде әр түрлі қиыншылықтарды жеңу үшін жеке адамда шешімділік, өзін ұстай білу, батылдық, табандылық, төзімділік сияқты ерік қасиеттері пайда болады. Ал ерік дегеніміз - адамның белгілі бір мақсатқа ұмтылуы мен белсенді қимылы.
Отан соғысы жылдары (1941-1945) халқымызға үлгі мыңдаған, жүз мыңдаған совет азаматтарының (генерал Д.М.Карбышев, қазақ қыздары М.Мәметова, Ә.Молдағүлова, татар жазушысы Мұса Жәлиль, фузин партизаны Фере Мсулишвили т. б.) өшпес есімі тарихта мәңгілік болып қалды. Олар Отан үшін соғыста, фашистер лагерінде асқан ерлік, төзімділік, шешімділік, табандылық көрсеткен халық батырлары. Совет Армиясының генералы, әскери ғылымдардың докторы Дмитрий Михайлович Карбышевті 1941 жылы ауыр жаралы, ессіз қалыпта Гитлер әскері тұтқынға алды. Неміс генералдары Германия фашистері үшін қызмет етсеңіз барлық жағдайды жасаймыз деп Карбышевке айлашарғы әрекет жасады, жалған уәде берді. Бірақ, батыр генерал фашистерге сөзбен соққы беріп, олардың ұсыныстарын қабылдаудан бас тартты. Неміс фашистері Д. М. Карбышевті. бірнеше жыл концентрациялық лагерьде ұстап, айуандықпен азап көрсетті. 1945 жылы ақпан айының 18 - күнінің орасан суық түнінде Маутхаузен концлагерінің қорасында өзінің көзқарасынан қайтпаған 64 жастағы совет генералы Д.М, Карбышевті фашист қанішерлері қыс айында ұстіне суық су құйып, қатырып өлтірді. Карбышев секілді көптеген жауынгерлер тұтқында да үлкен ерліктің үлгісін, табандылық және төзімділік қасиеттерін көрсетті. Шешімділік деп өз ойын тез қорытып, адамның бірден шешім қабылдауын айтады. Табандылық дегеніміз адамның қандай қиыншылық кездессе де қажымай жеңіп, өзін - өзі билей білу, соның нәтижесінде негізгі мақсатына жетуі болып табылады.
Отанымыздың өндіріс саласындағы, ауьш шаруашылығындағы, ғылым мен техника, әдебиет пен өнер майдандарындағы еңбек ерлері, жаңалық ашып отырған адамдар — жоғары моральдық қасиеттері қалыптасқан еңбеккерлер. Бұлардың моральдық қасиеттерін іс - әрекеттерінің нәтижелерінен байқауға болады.
Жеке адамның психикалық дамуы - бұл оның іс - әрекеті мен мінез-құлқындағы саналылығының өсіп жетілуі. Сананыңдамуы мен адамның қоршаған дүниені жете түсінуін, яғни, оның табиғи, әлеуметтік ортаға көзқарасы мен қатынасын айтады. Ал сана дегеніміз — объективтік шындықтыл бейнеленуінің жоғары формасы.
Сана адамның іс - әрекеті барысында пайда болады. Еңбек және қоғамдық қатынастың нәтижесінде адам өзіне және өзінің іс- әрекетіне қоршаған ортаға жете түсшеді. Оның сана - сезімі дамиды. Дамудың нәтижесінде адамның сыртқы көріністері байқалады. Оларға өзін - озі бақылау мен бағалау, намыс, өз қадірін сезу, өздігінен жетілуге талаптану т.б. жатады. Сана - сезімнің осындай сыртқы көріністерін мұгалім оқыту және тәрбие беру ісінде психология мәліметтеріне суйеніп, еске алып отыруы қажет. Өйткені, сана мен өзіндік сананың дамуы қоғамдық қатынастардын жүйесіндегі (үйелменде балалар тәрбие және білім алатын мекемелерде, өндіріс орындарында т.б.) адам баласының белгілі орын алып тәрбиеленіп, өсіп - жетілуінің қажетті шартты жағдайларының бірі.
Сонымен, жеке адамның дамуы дегеніміз — оның нерв жүйесіндегі функционалдық мүмкіншіліктерінің, пихикалық процестерінің, адамгершілік қасиеттерінің, білімінің, көзқарастарының, оқу қабілетінің адам баласы жасаған материалдық және рухани байлықты игерудің және сол байлықты келешекте жасаудың даму тарихы.
2 Тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие тұлғаның дамуындағы күрделі процестер
Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта, тәрбие т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата - анамен биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулер баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине, бұл кездейсоқ нәрсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалау арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, алғашқы биологиялық қажеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикалық қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшіліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай.
Соңғы жылдары әдебиет беттеріндегі генеалогиялық жене статистикалық деректерге қарағанда ата - аналарды және олардың балаларын ұрпақ бойынша зерттеудің кейбір нәтижелері тұқым қуалау себептеріне байланысты ұқсастықтардың болатындығын көрсетеді. Мысалы, атақты ұлы композитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпағы 300 жылдың бойында 20 - дан астам музыканттар берді. Әрине, бұны бір жағынан үйелмен мүшелеріндегі табиғи мүмкіншіліктердің болуына, ал екінші жағынан Бах үйелменіндегі музыкалық дәстүрге, арнаулы музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.
Баланың орталық нерв жүйесіндегі туа біткен ерекшеліктерін жоққа шығаруға болмайды. Ғылыми деректерге қарағанда, ми және сезім органдарының құрылысы мен функцияларындағы кейбір айқын ерекшеліктер әр түрлі арнайы қабілеттердің себепшісі. Мысалы, музыкаға дарынды адамдардың миының қатпарларындағы ерекше цитоархитектоникалық аймақтарында нерв клеткаларының жақсы дамығандығы байқалған. Ал музыка дыбысын ажырата алмайтын адамның самай бөлігінде мұндай нерв клеткаларының топтануы болмайды. Әрине, бұдан жеке адамның музыкаға қабілеті тіптен дамымай қалады деген ұғым тумайды. Өйткені, адамның музыканы есту қабілетінің нашар болуы, оның фонетиканы игеріп кетуіне теріс әсер етпейді. Сондықтан әр түрлі қабілеттерінің компоненттерін белгілеп, олардың қайсысы нышан арқылы дамиды, ал қайсысы іс-әрекеттерінің нақты тәсілдері мен арнайы жаттықтыру жұмыстары арқылы қалыптасады. Міне, осы жағын еске алып анықтаған жөн. Себебі қабілеттер дамуының әлеуметтік заңдылықтарын адамның генетикалық фондысынан ажыратып алып қарастыру ешқандай ақылға сыймайды.
Тұқым қуалаушылық жайлы ғылымды генетика деп атайды. Тұқым қуалаушылықты таратушы клеткалар ядросының дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) мен белоктан туратын хромосомдары болады. Хромосомдардың өте уақ бөлшектері геналар ұрпаққа ата - аналардың жыныс клеткалары арқылы беріледі.
Адамда туа бітетін қасиеттер (шартсыз рефлекстердің фондысы — денені тік ұстап журу, тілдің дамуы, ойлануға, еңбек етуге қабілеттілік, музыкаға бейімділік, тағы да басқа іс - әрекеттері) нышан түрінде болады. Организмнің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің, демек қабілеттің дамуына қажетті табиғи мүмкіншіліктерді нышан дейміз, Нышан өздігінен дамымайды, оны қозғау және дамыту тәрбиеге, әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Педагогика нәсілдік дене қасиеттері мен нышандардың ықпалын жоққа шығармайды, бірақ оларды жеке адамның дамуына шешуші фактор деп есептемейді.
Кейбір ғалымдар жеке адамның дамуы мен қалыптасуын тұқым қуалаушылыққа байланысты, ал адамның жоғары қабілеттерін және талантын таңдаулылардың жоғары нәсілдік улесі деп қарастырады.
Орта адамның дамуы - күрделі процесс. Адамның дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта – бұл түрлі табиғат .......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Психология | ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ТӘРБИЕСІ
» Курстық жұмыс: Психология | Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуында іс - әрекеттің және қарым қатынастың алатын орны
» Курстық жұмыс: Психология | Мектепте жеке тұлғаның қалыптасуы
» Курстық жұмыс: Педагогика | Балалар ұжымының қалыптасуы мен дамуы
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектептегі тәрбие жұмысын жетілдіруде оқушылар ұжымын диагностикалау
» Курстық жұмыс: Психология | ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ТӘРБИЕСІ
» Курстық жұмыс: Психология | Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуында іс - әрекеттің және қарым қатынастың алатын орны
» Курстық жұмыс: Психология | Мектепте жеке тұлғаның қалыптасуы
» Курстық жұмыс: Педагогика | Балалар ұжымының қалыптасуы мен дамуы
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектептегі тәрбие жұмысын жетілдіруде оқушылар ұжымын диагностикалау
Іздеп көріңіз: