Курстық жұмыс: Банк ісі | Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі

Курстық жұмыс: Банк ісі | Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі

Мазмұны
Кіріспе
• Курстық жұмыс тақырыбы...........................................................3
• Курстық жұмыс мақсаты..............................................................3
• Курстық жұмыс құрылымы..........................................................3
1 – ТАРАУ. Теориялық бөлім
1.1. Қолдану саласына талдау.....................................................................4
1) Несие және несие қатынастарының пайда болуына сипаттама... ...........................................5
2) Осы қызметті жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар...................8
1.2. « Жеке тұлғаға несие берудің» ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты..................................................10
1.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар..................................10
1) Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар...................11
2) Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын талаптар..................12
1.4. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы...................18
2 – ТАРАУ. Негізгі бөлім
2.1. Несиенің қызметтері және несие берудің формалары мен түрлері....................................................19
2.2. Кіріс ақпараты......................................................................................20
2.3. Шығыс ақпараты..................................................................................21
Қорытынды............................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................27
Қосымшалар..........................................................................................28

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы - «Жеке тұлғаға несие берудің» ақпараттық жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты –несие беру жүйесінің мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі несие жүйесін жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
• Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
• «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;
• «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау;
• Курстық жұмысымың құрылымы .
Жалпы курстық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, яғни несие жүйесінің түсінігі кіргізіледі. Бұл бөлімде жеке тұлғаларға несиелік операциялар бойынша қызмет көрсетудің ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.
Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша жасалған жобалық шешімдер қарастырылған.
Бұл бөлімде «Жеке тұлғаларға несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» міндеттерін қою қарастырылған, онда осы міндеттің сипаттамасы берілген, кіріс және шығыс ақпараты берілген. Міндеттеме қаулысынан кейін машина сыртындағы ақпараттық база сипатталған. Машинадан тыс ақпараттық базасында кодтау жүйесі және сыныптауда қолданылытын ақпараттық модель қарастырылған. Машина ішіндегі міндеттер кешенін тарату әр қайсысы сәйкесінше кестелерде келтірілген құрылымдық сипаттамалық мәліметтер базасының тізімі берілген. Бұл бөлімде ақпарат жүйесіне математикалық, программалық қамтамасыздандыруына сипаттама берілген.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде ақпарат жүйесін құру шығындарын бағалау есептеледі.
1 – ТАРАУ. Теориялық бөлім
Қолдану саласына талдау
Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие – есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие – қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуы мен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие жүйесі несие – қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.
Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай – ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және сол сияқты көптеген операциялар өтеді.
Несие жүйесінің мен ел экономикасындағы ролі біраз көрсеткіштермен; атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемклкрдің негізгі және айнымалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және тағы басқалармен сипатталады. Мысалы әр бір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезеңге және қоғамдық – экономикалық формацияның өзіне тән несие жүйесінің құрылымы болады. Мысалы, ХХ ғасырдың 20- жылдарынан 90 – жылдардың бас жағына дейін КСРО – да жосарлы – орталықтанған экономикаға сай келетін қатаң орталықтанған несие жүйесі құрылды.
Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен дүние жүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді. Оған дәлел, ол елде ақша капиталының орташа алғанда ¾ бөлігінің несие жүйесі арқылы өтуі.
Қызметінің сипаттамасы
Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы
Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүлік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық (ростовщический) несие деп аталды.
Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер – көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал қарыздар – ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкерлернесиеніағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, ал билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс - әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім ақының деңгейінің өте жоғарылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді шаруашылығын жабуға мәжбүр етті. Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21 проценттен 43 процентке дейін көтеруге, ал кейбір жағдайларда 100-200% - ке жеткізуге рұқсат етілді. Дегенмен, өсімқорлық несие капиталисттік өндіріс әдісінің пайда болуына алғы жағдайлар жасады, яғни ескі өндіріс әдістерін ыдыратып, жаңа әдістің пайда болуына негіз дайындады. Сөйтіп несиенің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болып, капиталистік тауарлы өндіріс тұсындадамуының жоғары сатысына жетті.
Ал капиталистік несие капиталистік өндіріс әдісінен туындап, қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді. Сондықтан капиталистік несиенің өсімқорлық несиеденелеулі ерекшеліктері бар:
Біріншіден, қарыздар бойынша. өсімқорлық несие алушылар – ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар, ал капиталистік несиені, негізінен, өнеркәсіп және сауда капиталистері алады.
Екіншіден, қарызға берген ақшаны пайдалану әдісі бойынша. өсімқорлық несие бойынша қарызға берген ақша несие берушіге ғана капитал ретінде өсім ақы түсіреді, капиталистік несиені, керісінше, несие беруші де, қарыздар да капитал ретінде қосымша құн алу үшін жұмсайды.
Үшіншіден, экономикалық маңызы бойынша. өсімқорлық несие өндірістің құлдырауына тіресе, кпиталистік несие бір жағынан өндірістің өсуіне, ал екінші жағынан капиталистік нарық шаруашылығы қайшылықтарының шиеленісуіне жағдай жасайды.
Төртіншіден, өсім ақының шығу көзіне байланысты. Кпиталистік несие үшін өсім ақының көзі – жалданушы жұмысшының тапқан қосымша құны, өсімқорлық несие үшін өсім ақының көзі – құлдардың, шаруалардың және ұсақ өнім өндірушілердің қосымша еңбегі.
Бесіншіден, өсім ақының деңгейі бойынша. өсімқорлық несие үшін өсім ақыны өтеуге барлық қосымша өнім, тіпті қажетті өнімнің де бір бөлігі жұмсалды, капиталистік несие үшін өсім ақы төлеуге орташа пайданың тек бір бөлігі кетеді.
Сонымен, қарыз капиталы деген капиталист – меншік иесінің жұмыс істеуші капиталдың қайталама айналымына қарызға берген және жалдамалы еңбекті қанау негізінде өсім ақы түсіретін ақшалы каптал. өсімқорлық капитал капитализмге дейінгі өндірістік қатынастарды білдірсе, қарыз капиталы – капиталистік өндірістік қатынастардың көрінісі. Ол өнеркәсіп капиталының қайталама айналымының негізіде пайда болды.
Несие ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс – несие қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы қажет; екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады. Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы. Бірақ несиенің пайда болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен емес, өнімдерді бір – біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек. Себебі тауарлар қолдан – қолға өтетін айырбас процесі – несие қатынастарының тйындайтын көрінісі.
1.1. 3) Осы қызметті жүзеге асырушы тұлғалар
және ұйымдық құрылымдар
Несие беру қызметтері жүзеге асырушылар заңды немесе жеке тұлғалар және экономиканың әр түрлі секторында қызмет ететін көп қызметті мекемелер, корпорациялар, акционерлік компаниялар, орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының қаржылық мекемелері, коммерциялық емес ұйымдар, сондай – ақ басқа да үкіметтік ұйымдар болып табылады. Несие беруді жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар төмендегі сызба нұсқада көрсетілген:
1-кесте
1. 3. «Несие беру операциялар бойынша қызмет көрсету» АЖ-сіне қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл қолданушыларға олардың сұраныстарына сәйкес түрде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және жеткізу үшін арналған. АЖ бағдарламалық құралдар кешенінен шешілетін есептерді өзіне қосады. Қолданушы үшін жүйе ыңғайлы және жақсы интерфейске және санкцияланбаған әрекеттерден қорғауға ие болуы қажет.
Банктік жүйеде ақпарат конфиденциальды және құпия болып табылады, сондықтан бүтіндей бүкіл жүйе жүйенің сапалы сипаттамаларын жақсартумен және қол жеткізуді шектеу жолымен санкцияланбаған қол жеткізу мен әртүрлі тоқтамдардан қорғалумен қамтамасыз етілуі тиіс.
АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық-уақыттық байланыстардың тұрақты тәртібі және элементтер мен ішкі жүйе бөлімдерінің арасындағы қатынасы, ішкі жүйенің атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы.
АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы бөлімі – бұл есептердің және есептер комплексінің немесе ішкі жүйелерінің жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды.
Есеп – бұл автоматтандырылған функциялардың бөлігі, ақырғы немесе орта аралық қорытындының нақты формада көрсетілуі (құжат, хабарлама және т.б.).
Ақпараттық қамтамасыздандыру мінездемесі
2 – кесте
Элементтері Мінездеме
Ақпараттық технология Барлық ақпараттар МБ түрінде сақталады
МБ түрі Реляционды
Жіктеу жүйесі Иерархиялық, фасеттік кодтау жүйелері
Кодтау жүйелері Нөмірленген, реттелген және жүйелі
Қорғау Парольдердің жүйесі АЖ-мен жұмыс істегенде, өшіп қалған сәтте, бұрыңғы қалпына келу мүмкіншілігін береді.
Бағдарламалық қамтамасыздандыру мінездемесі
3 – кесте
Түрі Мінездеме
Жалпы Операциялық жүйе: Microsoft Windows ХР, Office XP
Арнайы Borland Delphi 7.0
Техникалық қамтамасыздандыру мінездемесі
4 - кесте
Техникалық құрал атауы
Физикалық модуль Мінездеме
ДЭЕМ – Intel Pentium 4 Материнская плата
Процессор
ОЗУ
Video card
Монитор
Клавиатура
Мышь ATX Pentium 4
Intel, 1800 MHz
256 Mb
64 Mb
SVGA, 1280x1024
102 клавишті
2 кнопкалық
Принтер Принтер HP LaserJet 1100
Сканер Сканер HP Sсan Jet 3200 C
1.3. 1)Несиелер есебінің ақпараттық жүйесінің құрылымына қойылатын талаптар
АЖ құрылымы - жүйешіктердің функционалдық міндеті мен олардың сыртқы ортамен өзара әрекетін анықтайтын, оның жеке жүйешіктері мен элементтері арасындағы қатынастар мен ішкі кеңістіктік – уақыттық байланыстардың салыстырмалы орнықты реті.
Есептер тізімі, олардың міндеті, кіріс және шығыс ақпарат, сондай-ақ, қолданушы төмендегі кестеде келтірілген:
« Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» АЖ-сіндегі есептер тізімі.
5– кесте
Есептің атауы Мінде Кірістік ақпарат Шығыстық ақпарат Қолда-нушы
1 2 3 4 5
1.Салымшылар-дың портфелін жүргізу Несиелер туралы толық ақпаратты клиенттерге беру Салымшы-лардың келісім шарты
Несиелік портфельдің күйі туралы есеп беру Клиент
2.Салымшылар-дың жазбасы Клиентке оның бөлімшелері жөніндегі қажетті ақпаратты беру Куәлік Жазба Клиент
ЭАЖ-ні түсінудегі есеп – бұл нақты формаға соңғы немесе аралықтық нәтижемен сипатталатын, автоматтандырылған функцияның бөлігі.
Экономикалық есептердің келесідей ерекшеліктерін көрсетуге болады:
 жоғары алгоритмдеу;
 иерархиялық, яғни ішкі жүйелеріне, блоктарға кіруі;
 шешімнің бір қалыптығы;
 шешімге белгілі бір уақыттың болуы;
 типтік алгоритм шешімінің мүмкіндігі және жалпыламалығы;
 жүйенің шығу-кіру тапсырмаларының құрылымы және үлкен көлемі;

1.2. 2 ) Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету АЖ-нің ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстар деп – материалдық ресурстар ретінде жүретін және қандай да бір форма үшін құндылықты білдіретін, мәліметтердің жиынтығын атайды. Оларға сыртқы жадыда сақталатын мәліметтердің негізгі және көмекші масивтері, және кірістік құжаттар жатады.
Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамсыз ету бөлігі қажет, ол мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан, математикалық жабдықтаудан, программалық ақпараттық және ұйымдастырушы жабдықтаудан.
Программалық және математикалық жабдықтау машиналық программалар жиынтығын, алгоритмдерді, экономика-математикалық әдістерді және модельдерді қосады.
Ақпараттық жабдықтау ақпараттық ресурстарды құрайды (кіру, уақытаралық және шығу тапсырмалары), олардың ену құралдары.
Ұйымдастырушы жабдықтау АЖ жоспарлау әдісі және құралы ұйымдастырушы жабдықтауға кіреді.
Өңделетін жүйеге келесі талаптар қойылуы қажет:
• ЭАЖ функциялық мүмкіндіктері лизинг мамандары дайындайтын негізгі операцияларды автоматты режимде орындау;
• Жүйелік программалық жабдықтау нақты уақытта жұмысқа еркіндік беру және кіру/шығу, оқу, жазу, баспаға шығару операцияларын жүргізуге мүмкіндік беруі;
• Қосымша программалы құралдар мәліметтер базасымен байланысты қамтамасыз ету керек;
• ЭАЖ басқару оңай және көрсетілмелі болуы қажет;
• Жүйені аппараттық өткізу қолайлы арзан болу керек;
Жоғарыдағы талаптарды жүзеге асыру қарапайым және тиімді автоматты жүйе құруға септігін тигізеді. Бұл жүйе қызметкерлердің еңбек өнімділігн арттыруғабөлшек сауда бөлімінің өткізу мүмкіндігін жоғарылатуға, клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылатады.
....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Информатика | Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Банк рейтингін анықтаудың ақпараттық жүйесін жобалау
» Курстық жұмыс: Экономика | Асем-ай Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің баскару жұмысының ақпараттық жүйесі
» Сабақ жоспары (ұмж): Ақпараттық қауіпсіздік (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар банк ісі жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]