Курстық жұмыс: Салық құқығы | ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ ОБЪЕКТІСІ
Мазмұны
КІРІСПЕ................................................................................................................. 3Бірінші бөлім ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ ОБЪЕКТІСІ: ТӨЛЕМ
КӨЗІНЕН САЛЫҚ САЛЫНБАЙТЫН ТАБЫСТАРДЫҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасуы және жеке табыс салығының пайда болу тарихы.......................4
1.2 Жеке табыс салығының салық жүйесіндегі ерекшеліктері ........................7
1.3 Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар және оларға салық салу ерекшеліктері ...................................16
1.4 Шет елдердің жеке табыс cалығының салыќ салудағы ерекшеліктері.....19
Екінші бөлім ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН САЛЫҚ САЛЫНБАЙТЫН
ТАБЫСТАРҒА САЛЫҚТАРДЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ РӘСІМДЕУ ӘДІСТЕРІ
2.1 Төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға жеке табыс салығының ставкасы мен салық жеңілдіктері .....................................27
2.2 Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар салығының салық есептілігі ................................30
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................33
КIРIСПЕ
Салық өркениет үшiн төленетiн төлем. Оның қандай тұрiнен болмасын жалтаруға бермеу – бүгiнгi күннiң басты назарында. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызы тәсiлi ретiнде орын алып, оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгi әлеуметтiк және экономикалық саясаттың жетiстiктерiне әкеледi. Нарықтың экономикалы елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарды қалыптастыруда басты роль атқарады да, экономиканы басқаруды күштi стимулдық құралы болып келедi, әсiресе олар ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетуге, антинфляциялық және құрылымдық саясатты жұзеге асыруды белсендi орын алады. Сондықтан да салықтарды төлеу төлеушiлер үшiн онша қызықты iс болып келмегенiмен јте қажеттi де маңызды iс болып табылады.
Елімізде жүргізілген экономикалық реформалар банк ісінің дамуында жаңа белесін айқындап берді. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі- елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі», яғни Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты, банктің даму болашағы мен басқа несие институттардың елімізде қызмет атқара алуы ерекше көкейтесті мәселе туындады . Салықтың мәнi мынада: салық, салық төлеушiге мемлекет тарапынан көрсетiлген қызмет көрсетуiнен түскен пайдаға пропорционалды болуы тиiс. Екiншiден салықтың мәнi салық табыс мјлшерiне байланысты. Мемлекет салықтардың экономикасы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетiк ретiнде пайдаланады. Сонымен салықтардың қажеттiлiгiн қоғамдық дамудың жағдайына байланысты анықталып отырады.
Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде: жеке табыс салығының объектісі салық салынбайтын табыстардың экономикалық мәні онда: Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасуы және жеке табыс салығының пайда болу тарихы мен жеке табыс салығының салық жүйесіндегі ерекшеліктері, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар және оларға салық салу ерекшеліктері, шет елдердің жеке табыс cалығының салыќ салудағы ерекшеліктері, ал екінші бөлімінде төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға салықтарды есептеу және рәсімдеу әдістерінде: төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға жеке табыс салығының ставкасы мен салық жеңілдіктері, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар салығының салық есептілігі қаралды.
Бірінші бөлім ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ ОБЪЕКТІСІ: ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН САЛЫҚ САЛЫНБАЙТЫН ТАБЫСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасуы және жеке табыс салығының пайда болу тарихы
Салық прототиптері адам қоғамын басқаруда алғашқы ұйымдардың түрлерімен бірге қалыптасты. В. Пушкарева салық салудың дамуын
3 кезеңге бөліп көрсетті. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар. 1 кезде ежелгі дүние мен орта ғасырдың шаруашылық жүйесі құрамына енгізетін салық салудың даму кезеңі дамымағандықтан деңгейі мен кездейсоқ сипатымен ерекшеленеді. Бұл кезеңде қалыптасу жағдайында болатын салықтар мен олардың механизмі пайда болды. Салықтың пайда болуын алғашқы мемлекеттік құрылымдардың пайда болуымен сәйкестендіреді.
Себебі: тауар өндірісінің, мемлекеттік аппараттың пайда болуы. Алғашқы кезде салықтар натуралды түрге ие жүйесіз төлемдерді білдіреді. мемлекеттік құралдарды басқарумен қамтамасыз ету қажеттілігі салық салуды пайда болуына негіз болды. Қоласатынғылар салықты өніммен, әскер жабдықтарымен төледі. Рим империясында және Афинада бейбітшілік кезде салықтар болмаған. Ал олардық пайда болуы әскери соғыс кезеңін енуімен байланысты болды. Тауар-ақша қатынастарды дамуы, бекітуімен қатар салықтар бірте-бірте ерекше ақшалай түрге ие бола бастады. Егер алғашында салықтар мемлекеттік ақшалай қажетіні негізгі табыс көзі болып табылады. Ежелгі дүниені міндетті төлемдері алшақтан түрде қазіргі салықтарды ескертеді. Нақты айтқанда бұл казіргі салықтар болды.
Кавказ салықтар салыққа өтуді өтпелі қадамын құрады. Алғашқы ұйымдастырылған салық жүйелеріні бірі болып Ежелгі Римнің салық жүйесі болып табылады. Рим мемлекетіні дамуыны алғашқы кезеңдерінде салық механизмдері әскери іс-әрекеттерді қаржыландыру үшін қолданылды. Рим азаматтары табысына және жанұялық жағдайына қарай салықпен салынып отырды. Салық соммаларыны есептелуі арнайы тұлғалармен жүргізіледі. Б.э.д. 4-3 ғасырларда салық жүйесі дамуыны жалпы мемлекеттік және жергілікті (коммуналды) салықтарды пайда болу жағдайына алып келді.
Бірақ бұл кезеңде бірыңғай салық жүйесі болмады не арнайы жерлердің салықпен салынуы мемлекеттік әскери шара бойынша апаратын ісімен байланыстырады. Әскерде жетістерге үлесін қосқан орталық жерлердіқ салықтары төмендетілді немесе мүддем жойылып отырды. Римнің мемлекеттік институттарының дамуы император Октавиан салы реформаларын жүргізуге алып келді. Нәтижесінде «трибуттар» атты бірыңғай ақшалай салық пайда болды және оны алынуы арнайы құрылан қаржылық мекемелерді бақылауында болды /1/.
Рим империясыны өзінде салықтар тек фискальді қызмет ана емес, сонымен қатар техникалық реттеуші және экономикалық қатынастарды реттеуші қызметін атқарды. Жалпы салықтық төлемдерді саны 200- ден астам болды. Кейінгі салық жүйелерді қалыптасу өзгертілген түрде Ежелгі дүниені жүйесін қайталады. Салық салу объектілерін анықтау, салықтық төлемдерді түрлерін енгізу жолдары бізді күнімізге дейін сақталанын айтып кету қажет. Ежелгі Рим мен Қазақстан Республикасыны салық жүйелерін салыстыратын болсақ, онда бірнеше салықтарды түрлері ұқсас болып табылады. 16-17 ғасырларда Еуропада дамыған салық жүйесі болмады.
17 ғасыр соңында, 18 ғасыр басында салық салу жүйесіні дамуыны 2- ші кезеңі басталды. Бұл кезенде өз құрамына тікелей және жанама салықтарды енгізетін алашқы салық жүйелері қалыптасты. Ерекше орында табысқа салынатын салық, акция және жан басына салынатын салық болды. Еуропалық елдерде демократиялық процестерді дамуы өз көрінісін салықты егізу туралы сұрақтарында тапты. Англияда 1215 жылы «Еркіндіктіқ ұлы партиясында» салықтар тек қана ұлт келісімімен енгізіледі деп бекітілді /2/.
Францияда парламент бюджетпен салықтарды тек 1791 жылдары Ұлы Франция революциясынан кейін бекіте бастады. Мемлекет салық салуды дамуымен бір мезетте салық салуды ғылыми теориясы қалыптаса бастады. Оны негізін салушы шотландық экономист және философ Адам Смит «Табиат пен халық байланысы себептеріні зерттеу» атты өзіні еңбегінде (1776 ж.) салық салу принциптерін ұсынды, салық төлеушілерге түсінік берді, мемлекеттік қаржы жүйесіндегі оларды орнын көрсетті /2/. Жалпы көрністе салық даму жүйесіні 3-ші кезеңі өз тарихын ХІХ ғасырда бастады және салық саныны төмендеуімен, оларды алынуындаы құқыққа зор маңыз берілетінімен ерекше.
Қаржылық ғылым дамуымен қатар салық салуды проблемалары, әдістемелері пайда бола бастады. Экономикалық мектептер мен қаржылық теорияларды біреуінде фискалитет сұрақтарын айналып өтпеді. ХІХ ғасырды екінші жартысында көптеген мемлекеттер ғылыми пікірлерді тәжіребиде қолдануа қадам жасады. В. Пушкарева айтқандай қаржылық ғылымдарды негізгі буынын салық реформалары құрады, олар І- ші Дүние жүзілік соғыстан кейін жүргізіліп салық салуды ғылыми принциптерімен негізделді. Осы уақытта қазіргі салық жүйелерді құрылымы қалыптасты. Мұнда тікелей салықтар және прогрессивті жеке табыс салық алғашқы орына ие бола бастады.
Бұл мақсатқа жету бірнеше кезеңнен тұрды. Салықтарды жинақтармен басқа да төлемдерді бекітілген тәртіппен алынуы салық жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасуын келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1) 1994-1995 жылдар 1-ші этап
2) 1996-1998 жылдар 2-ші жаңа салық жүйесінің қалыптасуы.
1-ші этапта 1994-1995 жылдардың салық жүйесіне базалық негіз құрайтын салық кодексіні өнделіп, іске қосылуы жүрді.
1995 жылды сәуір айында жақа салық заңдылығын қабылдамаса бұрын Қазақстан Республикасында жағдай күрделі болды. Кәсіпорын өндірісіні көпшілігі мүлдем жұмыс істемейді, ал 60% -ке үзілістермен жұмыс істеп тұрды. Тізімде 12 ірі кәсіпорын банкрот қауіпінде болды. Елде қанша салық бар екенінін ешкім білмеді: біреулері 43 түрі бар десе (сонық ішінде 16 түрі — мемлекеттік, 10 түрі — міндетті жергілікті, 17 түрі есепті жергілікті), екіншілері 47 салық түрі бар деді (олара қосымша қора аударымдарды 8 түрі). Өкімет жақ салық кодексін қабылдауда алдымен төмендегілерді мақсат етіп қойды:
1. Қайшылықтарды жеңілдету, жою.
2. Қазақстан Республикасында салық кодексіні бір жайлы.
Салық санын 40-45 %-а, ал азаматтарды табысынан салықты 40% - ға төмендету, салық ставкілерді анықтау қаралып отыр. Ең маңыздысы — жас тиімсіз салық түрлерін енгізбеу. Қазақстан Республикасыны Үкіметі, Қаржы Министрлігі, басқада мемлекеттік құрылымдарды тапсырысы бойынша «Салық туралы кодекс» бойынша жас бірнеше баламалы жобалар әделді. Әдеушілер, алымдар пікірі бойынша «үкіметтік жобаларды» принциптері төмендегідей:
1. әділеттілігі
2. экономикалық бейтараптылығы
3. қарапайымдылығы
4. салық ставкілеріне сәйкестігі.
Салық салуды прогрессивті-регрессивті түрлері қаралады, салықтық қатынастар тәжірибемен бекітілді. 1995 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасында жаңа салық кодексі әрекет етуде. Бұл кодекс құқықтық параметрлерге негізделген, мемлекет мүдделеріне сай келеді, нарықтық қатынастарда экономика бейімделуге мүмкіндік береді.
Салық қатынастарда жаңа механизмдердің іске қосылуы қазіргі нарық реформасының қысқа тарихындағы маңызды беті болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық қызметі 1991 жылы құрылды. Бұл салық қызметі салық заңдылығын бақылауда болашақта жетілдіру мақсатында құрылды. 1995 жыл 1-ші бесжылдықта маңызды революциялық жыл болды. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің реформалануы жобалар өткізу жылы болды. 1995 жыл салық саясатында «қопарылыс жылы» болды, салық жүйесі өзгеріске үшырады.
Салық салудағы өзгерістер экономикалық жағдайға байланысты болды. 1995 жылдың қаңтарында барлық салық және төлемдер бойынша жетіспеушілік соммасы 4,8 млрд теңгеге өсті. Бірақ 1 шілдеден бастап салық базасын кеңейтуге, стратегияны және тактиканы нақтылауға мүмкіндік туды. Салық кодексінің механизмін жүзеге асыру іске қосыла бастады. Бірақ оның тәжірибеге енуі бірте-бірте жүргізілуі мүмкін. Сондықтан 1996 жылдың басында салық қызметі Президент жарлығының 4 жобасын, Үкіметтік бекітулердің 18 жобасын, салық реформасы дамуына бағытталған 10 құрал әзірленді, жылдық жиынтық табысқа түсінік пайда болды, негізгі құралдарды амортизациялық аударым тәртібі жеңілдетілді, өндірушілер, кәсіпорындар, қаржы және агроном мамандары тұрақты іс-әрекет жасауға мүмкіндік алды: кәсіпкерлікпен байланысты шығындарды бес жылға дейін созуға рұқсат етілді. Салық ұйымдарының маңызды мәселесі бұл салық салу режимінің өзгерісіне байланысты инвестицияларды экономикалық зоналарға бағыттау, оларды құру, кеңейту. Мысалы, өз іс-әрекетін сондай территорияда жүзеге асыратын заңның әр тұлғаға салықтық жетілдетілген ставкасы 20% қолданылады. 1996 жылы 2 рет салық салуды болдырмау жөнінде ТМД елдерімен 2 жақты салық конвенциясын өткізу жүмыстары жалғастырылды /4/.
1.2 Жеке табыс салығының салық жүйесіндегі ерекшеліктері
Жеке табыс салығының ерекшелігі-бұл салыќ төлеуші жеке тұлға түрінде бекітілуі. Ќазіргі салыќ заңдылығында жалпы ќабылданған салыќ тәжірибесіне сүйене отырып жаңадан ќұруға бағытталған іс-шаралар жүргізілді.
Бұл жеке табыс салығының шетелдік терминологиясын ќолдануға негіз болды. Жеке табыс салығының жалпы ќұрылымы 2 кестеде көрсетілген:
Жеке табыс салығының ќұрылымы
Жеке табыс салығы
Төлеушілер Салыќ салу объектілері
Резидент жеке тұлғалар
Резидент емес жеке түлғалар Төлем көзінен салыќ салынатын табыс
Арнайы салыќ режимін ќолданатын салыќ агенті Төлем салыќ көзінен салынбайтын табыс
Резидент —заңды тұлға түріндегі үлесі мен акцияларды өткізуден түскен жеке тұлғалар табысына салыќ салу (2006 жыл 1 ќаңтарға дейін әрекет етуші заң бойынша) /12/.
Салыќ салудың жалпы принциптері: ќатысу үлесі —акционерлік ќоғамнан басќа консорциум, бірлесіп ќұрылған ұйымдардағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктерімен үлестік ќатысуы.
Салыќ кодексінің 12 бабына сәйкес жеке тұлғаның бағалы ќағаздарды сатумен және заңды тұлға ретінде үлестік ќатысулардан алынатын табысына тек инфлядияға түзетілген осындай сатудан алынған ќұн өсімі.
Мұңда көрсетілген табыс жеке тұлғаның мүліктік табысына жатады. Резидент —заңды тұлға ретіндегі үлестік ќатысу мен бағалы ќағаздарды сатудағы ќұн өсімінен алынған табысќа салыќ салынады.
Акция сатудан алынған жеке тұлғалардың табысына салыќ салу және тұлғаның салыќ салынатын табысына жабыќ акционерлік ќоғамның акциясын сатудан алынған ќұн өсімі жатады. Ашыќ акционерлік ќоғамның акциясын сатудан алынған табыс жиынтыќ жылдыќ табыстан шегерілуге тиіс, яғни 1 салыќ салудың жалпы приндиптері: ќатысу үлесі-акционерлік ќоғамның құрылымынан басќа консордиум, бірлесіп ќұрылған ұйымдардағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктерімен үлестік ќатысуы. Салыќ кодексінің 12 бабына сәйкес жеке тұлғаның бағалы ќағаздарды сатумен және заңды тұлға ретінде үлестік ќатысулардан алынатын табысына тек инфляцияға түзетілген осындай сатудан алынған ќұн өсімі. Мұнда көрсетілген табыс жеке тұлғаның мүліктік табысына жатады. Резидент-заңды тұлға ретінде үлестік ќатысу мен бағалы ќағаздарды сатудағы ќұн өсімінен алынған табысќа салыќ салынады табыс салығымен салынбайды. Мысалы: жеке тұлға ашыќ акционерлік ќоғамнан ќұны 70. 000 теңге акция иемденіп алады.
Кейін бұл тұлға осы акцияларды 100.000 теңге көлеміңде өсім алады.
Бұл өсім жеке тұлғалардың салыќ салынатын табысына жатпайды, себебі бұл табыс ашыќ акционерлік ќоғамнан акция иемдену нәтижесінде пайда болды. Мысалы: жеке тұлға жабыќ акционерлік ќоғамға бұрын 60.000 теңгеге иемденіп алған акцияларын 120.000 теңге бойынша сатады. ¤ткізу мерзіміне инфляция деңгейі 1.1 -ді ќұрады. инфляцияға түзетілген акция ќұны 66.000 теңгені ќұрады (60.000 * 1.1) . Осыған сәйкес жеке тұлғаның салыќ салынатын табысына 54.000 теңгені ќұрайтын ќұн өсімінің соммасы енгізіледі (120.000-66.000) .Резидент емес заңды тұлғаның ашыќ акционерлік ќоғам акцияларын өткізуден алынған табысы төлем көзінен салыќ салынуға жатпайды. Мысал: резидент емес заңды тұлға Ќазаќстандыќ ашыќ акционерлік ќоғамның акциясын жалпы 1.000.000 соммаға иемденіп алады. Кейін осы резидент емес тұлға осы акцияларды 1.500.000 теңге бойынша өткізеді. 500.000 теңге көлеміндегі табысќа төлем көзінен салыќ салынбайды. Резидент емес жеке тұлғаның жабыќ акционерлік ќоғамның акцияларын өткізуден алған табысына төлем көзінен салық салынуға жатады. Резидент заңды тұлға ретіңде ќатысудан алған үлесін өткізулен алған табысќа 15 % -тік ставка бойынша салыќ салынады. Ќатысу үлесі дегеніміз- акционерлік ұйымдарды ќоспағанда, ќұрылған ұйымдар мен консорциумдардағы ќатысу үлесі табылады. Жабыќ акционерлік ќоғамның акцияларын өткізуден алған табысќа 15 %-тік ставка ќолданылмайды. Резидент емес жеке тұлғаның жабыќ акционерлік ќоғамның акцияларын өткізуден алған салыќ салынатын табысына төлем көзінен 20 %-тік ставка бойынша салыќ салынады. Жеке тұлғаға басќа жеке тұлғадан мұра немесе сый арќылы келген мұлік ќұны табыс салығы мен салынудан босатылады. Акциялар мүлік болып табылғандыќтан, олардың жеке тұлғаға басќа жеке тұлғадан мұра немесе сый арќылы келген ќұнына табыс салығы салынбайды.
Жеке тұлғалардың ќатысу үлесін өткізуден алған табысына салыќ салу. Резидент заңды тұлға ретіңде жеке тұлғаның ќатысу үлесін өткізуден алған табысына төлем көзінен 15 % -тік ставка бойынша салыќ салынады. Мұнда салыќ салынатын табыс дегеніміз ќатысу үлесін өткізуден алған және ќатысушының жарғылыќ капиталға енгізген, инфляцияға түзетілген жеке мүлкі ќұны арасындағы оң айырма. Мысал: жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жеке тұлға ќатысу үлесін 2.000.000 теңге бойынша өткізеді. Осы серіктестікке жеке тұлғаның жарғылыќ капиталға енгізген салымы 500.000 теңгені ќұрады. 1.1 инфляцияның шартты деңгейіне түзетілген жеке тұлғаның жарғылыќ капиталға салымы 550.000 теңгені ќұрады ( 500.000 * 1.1 ). Нәтижесінде жеке тұлғаның салыќ салынатын табысы 1.450.000 теңгені ќұрады ( 2.000.000 - 550.000 ) , ал төлем көзінен салыќ 217. 000 теңгеге тең (1.450.000 * 15%). Осыған сәйкес жеке тұлға таза табысты 1. 782.500 теңге көлемінде алады ( 2.000.000-217.500).
Резидент жеке тұлға резидент заңды тұлға ретінде ќатысу үлесін өткізуден алған табысы төлем көзінен салыќ салуға жатады. Ќатысу үлесі жеке тұлға үшін мүлігі болып табылады. Сондыќтан жеке тұлғаның басќа жеке тұлғадан мұра немесе сый арќылы алынған ќатысу үлесінің ќұнына салыќ салынады.
Жеке табыс салығының ерекшелігі - бұл салыќ төлеушіні жеке тұлға түрінде бекітілуі. Ќазіргі салыќ заңдылығында жалпы ќабылданған салыќ тәжірибесіне сүйене отырып, салыќтарды жаңадан ќұруға бағытталған іс-шаралар жүргізілді. Бұл жеке табыс салығының шетелдік терминологиясын ќолдануға негіз болды.
Жеке тұлға ағымдағы салыќ кезеңінде аяќталатын кез келген үздіксіз 12 айлыќ кезеңде кемінде 183 күн тізбелік күн Ќазаќстан Республикасында болса, ол ағымдағы салыќ кезеңі үшін тұраќты болатын жеке тұлға деп танылады. Егер ағымдағы салыќ кезеңінде және өткен 2 салыќ кезеңінде Республикада болған күндердің санына мьшадай:
- ағымдағы салыќ кезеңінде болған күндердің санына —1;
- өткен 1-ші салыќ кезеңінде болған күндердің санына-1/3;
- өткен 2-ші салыќ кезеңіндегі болған күндердің санына- 1/6 коэффиценттерін әрбір салыќ кезеңіне ќолдана отырып аныќталған күндердің саны кемінде 183 күн тізбелік күн болған жеке тұлғада ағымдағы салыќ кезеңі үшін тұраќты болатын жеке тұлға деп танылады. Егер жеке тұлға салыќтыќ ағымды кезеңде Республикада 30 күн тізбелік күннен аз тұрған болса, онда мұндай жеке тұлға тұраќты болатын адам деп танылмайды.
Егер жеке тұлға Республикада болуы аяќталатын жылдан кейінгі жылда резидент болмаса, онда тұлға Республикада болатын соңғы күнінен кейінгі кезең үшін резидент емес деп танылады.Мынадай шарттар бір мезгілде орындалған жағдайда:
1) жеке тұлға Республиканың азаматы болса немесе оның тұруға рұќсаты (ыќтияқаты) болса;
2) жеке тұлғаның отбасы және жаќын туыстары осы Республикада тұрса;
3) кез келген уаќытта жеке тұлғаның тұруы және оның отбасы мүшелерінің жеке меншік ќұќығындағы немесе өзге де негіздерде тәсілі жылжымайтын мүлкі осы Республикада бар болса, онда жеке тұлғаның өмірлік мүдделерінің орталығы осы Республикада орныќќан деп ќарастырылады. Ќазаќстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, Республиканың азаматтығына ќабылдау туралы өтініш........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Салық құқығы | Жеке табыс салығы
» Курстық жұмыс: Салық құқығы | Жеке табыс салығы
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасының нарықтық әконамикада салық жүйесінің дамуы
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Шетел тұлғаларына салық салу
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Салық құқығы | Жеке табыс салығы
» Курстық жұмыс: Салық құқығы | Жеке табыс салығы
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасының нарықтық әконамикада салық жүйесінің дамуы
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Шетел тұлғаларына салық салу
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктері
Іздеп көріңіз: