Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Кредиторлық қарыздар есебі

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Кредиторлық қарыздар есебі

Мазмұны

Кіріспе.
І. Негізгі бөлім.
1.1. Салық міндеттемесінің есебі.
1.2. Дивиденттер бойынша есеп айырысу есебі.
1.3. Болашақ кезеңнің табыстарының есебі.
1.4.Есептеу мен Басқа да кредиторлық қарыздармен есептеулер есебі.

Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.


1.1.Салық міндеттемесінің есебі.

Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.
2001жылғы 12маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы», (өзгертулермен және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 63 бюджетпен есеп айырысу бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге: 631 «Төленетін ағымдағы табыс салығы», 632 «Кейінге қалдырыған табыс салығы», 633 «Қосылған құн салығы», 634 «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» шоттары кіреді.
Корпоративтік табыс салығының салынатын негізгі объектісі салық салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жылдық табыс жиынтығы мен шегерімнің (тұрақты мекемелер арқылы қызметін жүзеге асырмайтын, резидент еместерді қоспағанда) арасындағы айырмасы арқылы анықтайды:

Салық салынатын = Жылдық табыс - шегерімдер.
табыс жиынтығы

Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өнемідер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына (алғанына) жататын ақшалай немесе басқа да қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түрінде шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден түсетін кірістерге: өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан түсетін кірістер; ғимараттарды, қонрдырғыларды сату кезінде құнының өсуінен сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты олардың құндарына түзеулерді есепке алу барысында түскен кірістер; басқа да сатудан түскен тыс кіріс, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс; дивиденттер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жалға беруден түсетін кірістер; роялти; мемлекеттен және басқа да заңды тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіптік қызметтен немесе оның қызметін шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен кірістер және т.б. жатады.
Салық төлеушілер жылдың табысының жиынтығынан сыналарды шығарып тастау керек:
- дивиденттер, ҚР заңды тұлға резиденттерінен алынған бұрындары төлем көзінен ұсталғандары;
- кәсіпорынның меншігіндегі акциясының құны, олардың номиналдық құнынан артқан деңгейі, яғни эмитенттердің орналастыру кезінде және меншікті акциясын сатқан кезінде алынған табыстары;
- әртүрлі апатты төтенше жағдайына, душар болған жағдайда, гуманитарлық көмек ретінде алынған мүліктердің құны, егер де олар арналымы бойынша пайдаланылса;
- зейнетақыны қамтамасыз ету туралы ҚР заңына сәйкес алынған инвестициондық табыстары.
Заңды тұлғалардың жылдық табысының жиынтығынан оны алуға байланысты барлық шығындар кемітіледі, соның ішінде табыс салығы салынатын еңбек ақы бойынша шығындарды да, яғни қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге шығарылған шығындар, сондай-ақ Қазақстан респуубликасының заңдарымен реттелетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және арнайы қорларға салынған шығындар.
Жылдық табыс жиынтыяғының келесі шегерімдер жасалады.
Қызмет бабымен іс-сапарға кеткен шығындары және өкілеттік шығыстары Қазақстан республикасының Үкімет белгілеген нормалар шегеріледі:
- іс-сапарға жіберілген жеріне дейін кеткен нақты жолымен байланысты шығындары, сондай-аө броньға жасалған шығындары жатады;
- шетелдік іс-сапарда жүрген кезіндегі тәулік шығындары Қазақстан республикасының үкіметінің белгіленген норма шегінде беріледі.
Алынған сыйақы бойынша шегерім келесі деңгейде жасалынады: Сыйақы қатарына алынған несие мүліктер, дисконттар мен депозиттер жатады.
- несиелер бойынша, оның ішінде қаржылық лизинг бойынша да, депозиттер, сондай-ақ мүліктерде теңгемен алынса, ондай Қазақстан республикасының Ұлттық банкісі бекіткен қайта қаржыландыратын 1,5-ке еселенген ресми мөлшерлемесі бойынша шығарылған сомасы шегінде шегеріледі, ао ол шетел валютасында берілген болса, онда ол Лонданның банкаралық рыногының 2-ге еселенген мөлшерлемесі (ставкасы) бойынша шығарылған соманың шегінде шегерілуге тиіс.
Жоғарыда шектеулермен қоса, несиенің максималды марапаттау сомасы да шегерімге жатады:
Заңды тұлға- Төлем көзінен ұсталатын
Резиденттеріне Төлеу көзінен табыс салығының
төлейтін, марапттау = ұсталынған х мөлшерлемесі (15%)
және шегерімге марапаттау Корпоративтік салығының
жатқызуға болатын сомасы мөлшерлемесі (30% )

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және Лондонның банкааралық рыногының депозиттері, бағалы қағаз қарыздарды, мүліктерді, сондай-ақ несиені рәсімдеу кезіндегі мөлшерлемесі пайдаланады.
Келісім шартқа сәйкес несие үшін марапттау сомасын есептеу кезінде қалқып жүретін мөлшерлемесі және сол мәміленің нақты жасалған күніндегі мөлшерлемесі есепке алынады.
Жер қойнауындағы салықтар.
Мұндай арнайы салықтардың қатарына:
1. Үстеме пайдаға салынатын салық;
2. Жер қойнауына салынатын арнаулы төлемдер:
2.1. Бонустар (қол қойылған және коммерциялық
2.2. Роялтилер;
3. Өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі жатады.

Үстеме пайдаға салынатын салық. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық онда жасалатын контрактының мазмұнына байланысты болып келеді, сондықтан оны шартты түрде екі модельге бөлуге болады.
біріншісі – Салық Кодексі белгілеген міндетті төлемдерімен қоса салықтың барлық түрін төлеуді қарастырады;
екіншісі – тек Қазақстан Республикасының үлесінде жер қойнауына тиеселі міндетті төлемдерімен қоса барлық салықтарды төлеуді қарастырады, тек шикі мұнай өнімдеріне төленетін акцизтерді, үстеме пайдаға салынатын салықты, жер салығын, мүлік салығын қоспағанда.
Үстеме пайдаға салынатын салық, пайданың ішкі нормасының салықтық кезеңнің соңына жеткен деңгейінен есептелінеді, ол келесі мөлшерлемеде болады
Пайданың ішкі нормасы
(ПІН), % Үстеме пайдаға салынатын салықтың мөлшерлемесі (ставкасы)
20-дан кем немесе оған тең 6
20-дан артық, бірақ 22-ден кем немесе оған тең 4
22-ден артық, бірақ 24-тен кем немесе оған тең 8
24-тен артық, бірақ 26-ден кем немесе оған тең 12
26-дан артық, бірақ 28-ден кем немесе оған тең 18
28-ден артық, бірақ 30-дан кем немесе оған тең 24
30-дан артық 30

Бонустар. Жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленген төлемдері болып табылады және жерді пайдалануға жасаған келісім-шарттар белгіленген мөлшерлемесі мен тәртіп бойынша ақша түрінде төленеді. Жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке шарттарын негізге ала отырып, бонустардың мына төмендегі түрлерін төлейді: қол қою бонусы; коммерциялық табу бонусы.
Қол қою бонусы жер қойнауын пайдаланушылардың заңда белгіленген тәртіпке сай келісім-шарт жасау кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыру құқығын беру үшін бір жолғы тіркелген төлемі болып табылады. Қол қою бонустарының бастапқы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе өкілетті органдары белгілейді, не тендер өткізудің шарттары бойынша белгіленеді. Қол қою бонусының түпкілікті мөлшері жер қойнауын пайдалану үшін берілетін кен орындарының экономикалық құндылығына қарай келісім-шарт негізінде белгіленеді. Қол қою бонусын төлеу мерзімі тараптардың келісім-шартымен немесе келісімімен белгіленеді, бірақ келісім-шарт жасалған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі керек.
Коммерциялық табу бонусы тіркелген төлем болып табылады және оны келісім-шарт аумағындағы әрбір коммерциялық табыс табу үшін жер қойнауын пайдаланушылар төлейді. Коммерциялық табу бонусы бұдан былайғы өндіру процесі көзделмеген пайдалы қазбалардың кен орындарына барлауды жүргізуге арналған келісім –шарттары бойынша төленбейді. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеитін. Коммерциялық табу бонусының мөлшері салық салынатын объектісінің, төлем есептелінетін базасының және мөлшерлемесінің негізінде анықталады.
Салық салынатын объектісі Төлем есептелінетін базасы Бонустың мөлшерлемесі
Мемлекеттік органдарының осы мақсат үшін өкілеттілігі бекіткен пайдалы қазбалардың орнынан алынатын көлемі. Алынатын пайдалы қазбалардың бекітілген көлемінің құны. Төлем жүзеге асатын күніне сәйкес алынатын запастардың биржалық бағасынан шығатын құны. Коммерциялық табу бонусының мөлшерлемесі алынатын запастардың құны сәйкес, пайыздық мөлшерлемесінде белгіленеді, бірақ олардың мөлшері 0,1% кемболмауы тиіс.


Роялти. Роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша жеке-жеке төлейді.Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарда роялтиді, әдетте, ақшалай түрде төлеу белгіленеді.Келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыру барысында, тараптардың қосымша келісім негізінде роялтиді төлеудің ақшалай түрі белгіленген мерзімде ақшалай түріне балама төлем жасауына, яғни заттай нысанында төлеуіне болады, бірақ ол уақытша сипатта болады.
Пайдалы қазбаларды жүзеге асырып жатқан және жер қойнауынан апатты минералды қоспаларын алушылар да салық төлеуші болып табылады.Роялтидің деңгейі салық салынатын объектісіне, салық базасына және мөлшерлемесіне бйаланысты анықталады.
Салық салынатын объектісі Төлем есептелінетін базасы Роялтидің мөлшерлемесі
Пайдалы қазбаның өндірілген көлемі немесе пайдалы қазбадан алынған бірінші тауарлы өнімнің көлемі Пайдалы қазбаның құны Роялтидің мөлшерлемесін контр-актіде белгілейді, ол бүкіл қазба байлықтың түрі бойынша жасалған экономикалық жобасының негізінде есептелінеді, бірақ бұл арада пайдалы қазбалардың жалпы таралған түрі мен жер астындағы сулары есепке алынбайды.Роялтидің мөлшерлемесі 0,5 –тен кем болмауы керек.

Роялти көмірқышқылы қалқып жүретін шкаласы бойынша пайыздық мөлшерлемесі белгіленеді, яғни өндірілетін өнім көлеміне тәуелді анықталады, ал ол кезде мына екі әдістің бірін пайдаланады:
- контрактіде қаралған қызметінің барлық кезеңінде өндірілетін көмірқышқылдық көлемінен алынады;
- контракт бойынша әрбір жылда өндірілетін өнімнің көлемінен алынады.
Алтын, қола, күміс т.б. қымбат металлдар мен тастарды өндірген кезде роялтидің тұрақты мөошерлемесі алынады. Жер астындағы суларға роялти төленбейді.
Өнімді бөлу туралы контрактісі. Бұл жерде мынадай шарттар қаралады:
- бөлуге жататын өнімнің жалпы көлемі;
- Қазақстан республикасының үлесі және жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы өнімінің анықтау;
- Контракты бойынша орындалған жұмысқа кеткен шығынды өтеу үшін жер қойнауын пайдаланушыларға меншігі ретінде берілетін өнімнің үлесін анықтау;
- Алынған үлестің ақшалай эквивалентін өнімнің құнын және бағасын белгілеу.
Жер қойнауын пайдаланушылардың үлесі жалпы өндірілген қазба байлықтың 80%-тен аспауы керек. Өтілетін гығынның құрамына:
- контракт күшіне енгенге дейінгі жер қойнауын пайдаланушылардың нақты жұмсаған шығындары енеді, яғни жобаның техникалық-экономикалық негіздеу, әзірлеу, дайындау шығындары; осы жобамен байланысты іздестіру, бағалау, барлау жұмыстары.
- Контракт күшіне енгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушылардың жұмсаған шығындары жатқызыла бастайды, бұл осы контракт мерзімінің аяқталған уақытына қарай дейін созылады.
Компенсациялық өнімнің есебінен өтелмейтін шығындардың қатарына:
- жер қойнауын пайдаланушылардың компенсациясы ретінде алған өнімді сатумен байланысты шығыстары;ъ
- шаруашылық-қаржылық қызметін аудит жасаумен байланысты шығыстары;
- экскурсияға және саяхат жасауға кеткен шығындары;
- соттың ісін қарауымен байланысты шығындары;ъ
- қарыз қаражаттарын пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық төлемдері;
- кез келген мемлекеттік пайдаланушылардан айыппұл мен өсімдер;
- контракті қызметіне жатпайтын басқа да шығындар......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Кредиторлық қарыздар есебі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Бухгалтерлік есеп курстық жұмыстар, Кредиторлық қарыздар есебі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]