Курстық жұмыс: Информатика | Криптология ғылымы

Курстық жұмыс: Информатика | Криптология ғылымы

Мазмұны

1 Кіріспе..............................................................................................................2
1.1 Криптология ғылымының қалыптасуы.................................2


2 Ақпаратты қорғау......................................................................................7
2.1 Машиналық ақпараттың физикалық сақталуы.....................7
2.2 Программалық түрде ақпаратты қорғау................................7

3 Ақпаратты сақтаудың аппаратық түрлер.............................8

4 Қорытынды....................................................................................................15


Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................16


1.1 Криптология ғылымының қалыптасуы
Рим империясының құлауынан кейін Европада жағдай құлдырап кетті. Өркениеттің барлық жақсы жетістіктері, олармен бірге криптология да жоғалған. Тек орта ғасырдың соңына қарай криптография қайтадан қолданыла бастайды. Шифрлаудың ертедегі тәжірибелері қалпына келтіріледі және оларды ірі ғалымдар тобы әрі қарай дамытады.
Сол кездің қол шифрларында кестелер жиі қолданылады. Олардың көмегімен хабардағы әріптердің орнын ауыстырудың қарапайым шифрлауыш процедуралары жүзеге асырылады. Кілт ретінде кесте өлшемі, орын ауыстыруды көрсететін сөйлем немесе кестелердің арнайы ерекшелігі қолданылды. Жалғыздалған кілтсіз орын ауыстыру - ең қарапайым шифрлау әдістерінің бірі. Жалғыздалған орын ауыстыру шифрының алгоритмі сцитала шифрының алгоритміне ұқсас, тек қана ашық мәтін көлденең емес, кестеге тігінен жазылады. Шифрдың кілті ретінде кестенің өлшемі алынады. Мәселен, КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ КЕРЕК хабарын шифрлағаннан кейін КЬРЖЛІҒЕ ОЮЛҮЕҚАР МТІЙРОУЕ ПЕКЕДРКК шифрмәтіні алынады.
Шифрды күрделендіруі үшін кестенің бірінші қатарына кілттік сөз қосылады және кілт әріптерінің реттік нөмірлеріне сәйкес бағандардың орнын ауыстырады. Бұл шифрлау әдісі кілт бойынша жалғыздалған орын ауыстыру деп аталады. Мәселен, КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ КЕРЕК хабарын БҰРҚАСЫН кілтімен шифрлағаннан кейін ЛКЖЕРІЬҒ ЕОҮРЛҚЮА РМЙЕІОТУ ДПЕККРЕК шифрмәтіні алынады.
Қосымша жасырындылау үшін шифрланған хабарды қайтадан шифрлауға болады. Бұл тәсіл екі рет орын ауыстыру деп аталады. Бірінші кестеде бағандардың орындары ауыстырылады, ал екінші кестеде – қатарлардың орындары. Бірақ екі рет ауыстыру шифры кез келген өлшемді шифрлау кестесі жеңіл оқылатын шифрдың өте әлсіз түрі болып саналады.
Орта ғасыр ғалымдары қатарлар және бағандар (және әрбір диагональ) бойынша саналған сандардың сомасы бір мәнге тең болып келген квадраттардың сиқыршылық күші бар есептеген. Олар осындай сиқырлы квадраттарды деректерді шифрлау үшін пайдаланған. АҚПАРАТ ҚОРҒАУ мәтінін 4х4 сиқырлы квадратпен шифрлау нәтижесінде ААРРҚ ОПАҚУ ҒАЫТТ шифрмәтіні алынған. Бір қарағанда сиқырлы квадраттар саны өте аз сияқты. Бірақ олардың саны квадрат өлшемі артуымен өте жылдам өседі. Мәселен, 3х3 өлшемді кестеде бір сиқырлы квадрат бар, 4х4 өлшемді кестеде - 880, 5х5 өлшемді кестеде - 25000. Кілттердің мүмкін болатын барлық варианттарын жеңіл сұрыптап шығуға болатындықтан бұл шифрлау алгоритмін сәтті деп айтуға болмайды. Бірақ үлкен өлшемді сиқырлы квадраттардың барлық кілттерін қолмен есептеу шығу, әрине, өте қиын.
Орта ғасырларда сауданың кеңінен дамуы ерекше шифрларды талап етті. Мысалы, келу датасын немесе тауар бағасын керекті адамдарға білдіру үшін көпестер пайдалана алатындай өте қарапайым және ыңғайлы шифрлар қажет болды. Кілттік сөз негізінде құрылған мұндай қарапайым шифрлар цифрларды әріптерге ауыстыру деп аталады. Шынында, бұлар – кодалар (шифрлар емес), бірақ бір кезде белгісіз кодалау кестесімен қолданылған кода өз қасиеттері бойынша шифрға ұқсас болады. Саудагерлер алдын ала әріптері цифрларға сәйкес келетін ортақ кілттік сөзді қолдануға келіскен. Мәселен, МАДӘНКЕПІЛ кілті үшін 0 цифры М әрпін білдіреді, 1 цифры А әрпін білдіреді, 2 цифры Д әрпін білдіреді және тағысын тағыда. Абонент ДӘМЕЛІ КЕЛЕДІ хабарын алып оны 23/06/98 КЕЛЕДІ деп түсінеді.
Гронсфельд шифры (1734 жылы бельгиялық Хосе де Бронкхор, граф де Гронсфельд жасаған) Цезарь шифрының өзгертілген бір түрі болып келеді. Бұл алгоритмде ығыстыру аралығы тұрақты сан арқылы емес, кілт (гамма) арқылы беріледі. Шифрмәтін құру үшін ашық мәтін әрпісінің орнына әліпбидің кілт цифрына жылжытылған әрпі таңдап алынады. Мәселен, ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ мәтіні 2718 кілті арқылы ФРІ НЭЗЖП ИҰМБ болып шифрланады. Осындай шифрлау тәсілі қысқа периодтық гамма деп те аталады. Гронсфельд шифрының (мысалы, шифрқұжаттың мәтінін басқа әліпби әріптерімен жазу, әр түрлі кілттермен екі рет шифрлау сияқты) бірнеше түрі бар.
Бұл шифрлардан басқа көбінесе қарапайым ауыстыру шифры қолданылған. Мұнда хабардың әрбір әрпі шифрдың оған сәйкес әрпімен ауыстырылады. Мұндай шифр қарапайым кода болып келеді және шифрқұжаттың ұзындығы 20-30 әріп болғанда оны ашу мүмкіндігі пайда болады, ал 100 артық символы бар мәтін өте қарапайым есеп болып табылады.
Күрделі ауыстыру шифрлары көпәліпбилік деп аталады, себебі негізгі хабардың әрбір символын шифрлау үшін өзінің қарапайым ауыстыру шифры қолданылады. Көпәліпбилік ауыстыру шифрын итальян ғалымы Леон Батист Альберти (1404-1472) ұсынған. Оның 1466 жылы жазылған “Шифр туралы трактат” кітабы криптология саласындағы (араб қолжазбаларын есептемегенде) әлемдегі бірінші ғылыми еңбек болып саналады. Бұл кітапта әр түрлі шифрлау тәсілдері қарастырылған. Олардың ішінде ашық мәтінді кейбір қосалқы мәтінде жасыру әдісі де бар. Криптологиядағы Альбертидің негізгі жетістігі - шифрқұжаттың ашуға беріктілігін арттыруға мүмкіндік берген көпәліпбилік ауыстыру шифрын ойлап табу. Ол шифрдан басқа оны жүзеге асыруға арналған айналатын доңғалақтардан тұратын құрылғыны (шифрлайтын тегерішті) толық сипаттап берген. Шифрлау алгоритмінің мәні кілтке сәйкес бірнеше ауыстыруды қолдану болып табылады. Кейінірек Альберти қайта шифрлау кодасын ойлап тапты. Мұндай шифр Еуропа елдерінде тек 400 жыл өткен соң ғана қолданыла басталған.
Бұл шифрды (кейде Виженер кестесі деп аталатын) шифрлау кестесімен сипаттауға болады. Блез Виженер (1523-1596) - криптографиялық жүйелерді дамытқан және жетілдірген француз дипломаты. Виженер кестесінің әрбір қатары бос орын символымен толтырылған әліпбиге арналған Ю. Цезарь шифры сияқты ауыстыру шифрының біреуіне сай келеді. Ақпарат шифрлау үшін ашық мәтіннің әрбір әрібінің астына кілттің әріптері жазылады. Одан кейін ашық мәтіннің әрпіне сәйкес келетін бағанмен кілттің әрпіне сәйкес келетін қатардың қиылысындағы символ табылады. Мұндай операция хабар мен кілт символдарының ASCII кодаларын белгілі бір модуль бойынша қосу болып табылады. Мәселен, ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН мәтінін ЖЕРҰЙЫҚ кілті көмегімен шифрлағанда МЙХЯОИҮЖНРЭЩҢҚУ мәтіні алынады. Виженер шифры 400 жыл бойы кері шифрланбайтын шифр деп саналған, сондықтан әскери шифр ретінде кеңінен қолданылған. Шифрдың осы түрі біздің күндерімізге дейін жеткен. Егер кесте неғұрлым күрделі болса (егер оны жиірек алмастырып тұрса, мәселен, бір сөзден екінші сөзге көшкен сайын), онда шифр соғұрлым сенімді болады. Бірақ мұндай күрделі кестелерді ЭЕМ-де құрастырған жөн. Көпәліпбилік қол шифры үшін тек кілттің ұзындығы мен күрделігіне сену керек. Вижинер кестесін жасырын сақтаудың қажеттігі жоқ болғандықтан шифрлау және кері шифрлау оңайланады.
1518 жылы Германияда баспадан криптография жайында бірінші кітап шықты. Иоганнес Трисемус өзінің “Полиграфия” деп аталатын кітабында бірталай шифрлар жайында мәлімет келтірген. Олардың біреуінде ол көпәліпбилік ауыстыру идеясын одан әрі дамытады. Сонымен қатар ол осы трактатта бірінші болып кездейсоқ ретте әліпбимен толтырылған шифрлауыш кестелерді қолдануды жүйелі түрде сипаттаған. Өлшемі 6х7 кестені қолдана отырып АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ мәтінін БҮРКІТ кілтінің көмегімен шифрлағаннан кейін ЖПЦЖГЖЕЕҮАПХГҚЖШ шифрмәтіні алынған. Шифрлау бір-бір әріп бойынша жүргізілетін болғандықтан мұндай кестелік шифрлар монограммалы шифрлар деп аталады. Трисемус бірінші болып бір уақытта екі-екі әріптен шифрлауға болатынын байқаған. Мұндай шифрлар биграммалы деп аталады. Ең белгілі биграммалы шифрдың мысалы ретінде Плейфер шифрын келтіруге болады. Бұл шифрды Ұлыбритания бірінші дүниежүзілік соғыста қолданған. Биграммалар арқылы шифрлау шифрлардың ашуға беріктілігін күшейтті.
1553 жылы Италияда “Белазо синьордың шифры” деген кітап шыққан. Ол “құпиясөз” (password) деп аталатын сөз немесе сөздер тобын қолдануды ұсынады. Олар ашық мәтіннің үстіне немесе астына жазылады. Құпиясөздің әрпі ашық мәтін әрпіне қолданылатын ауыстырудың нөмірін білдіреді.
1563 жылы итальяндық Джованни Порта “Құпия түрде хат алысу туралы” деп аталатын кітабында әріптер жұбын ауыстыруға негізіделген биграммалы шифрдың сипаттамасын келтірген.
Шамамен сол жылдары итальян математигі және философы Джераломо Кардано криптография жайында бірнеше кітап жазған және трафареттер әдісін сипаттап берген. Мысалы, 22-суретте 4х4 торымен шифрлау үрдісі көрсетілген. ЕГЕМЕН_ҚАЗАҚТАН мәтінін шифрлаған соң ЕСЕА ТНЗГ АЕА_ МҚҚН шифрмәтіні алынған. Мұндай торлардың саны олардың өлшеміне байланысты тез өседі: 2х2 торы жалғыз, 4х4 торы 256, ал 6х6 өлшемді торлардың саны жүз мыңнан асады. Тор тәріздес шифрлар жеңіл ашылатын болғандықтан олар дербес шифр түрінде қолданылмайды. Бірақ олар өте ыңғайлы және тәжірибе жүзінде ауыстыру шифрларын күшейту үшін ұзақ уақыт қолданылған.
XV-XVIII ғасырларда математикада криптографияда шифрларды талдау және кері шифрлау үшін қолданылатын аппарат негіздері жасалған. Шифрлаудың негізгі құралы ретінде кодалар пайдаланатын болды. Сонымен, XVIII ғасырдың басында криптография дербес ғылым түрінде қалыптасты. Кәсиби криптологтар барына және шифрлардың дипломатия мен әскери істе тұрақты қолдануына қарамастан, бәрі-бір, криптология осы шақта аяғына нық тұрған жоқ еді және онымен тек кейбір дарынды жеке адамдар ғана шұғылданған.
Биграммалы шифр (Плейфер, Playfair) көмегімен шифрлау үшін алдымен ашық мәтін биграммаларға (әріптер жұбына) бөлінеді, одан кейін кілтке сәйкес шифркесте толтырылады және белгілі бір ереже бойынша шифрмәтін қалыптастырылады. БҮРКІТ кілтінен алынған шифркестенің көмегімен БАҒДАРҒЫЛАУЫШТАР мәтінін шифрлағанда ҮБДЕБКВЭІНОЯЯЕБК шифрмәтіні алынған.
1894 жылы ағылшын Чарльз Уитстон “қос квадрат” деп аталатын биграммалармен шифрлаудың жаңа әдісін тапты. Бұл оқиға криптогрфиядағы жаңа бір кезеңнің ашылуы болып саналады. Полибий әдісінен айырмашылы - “қос квадратта” бір уақытта көлденең орналасқан екі кесте қолданылады, ал шифрлау Плейфер шифрындағы сияқты биграммалар арқылы жүргізіледі. Мәселен, БҮГІН ЖАҢБЫРЛЫ КҮН хабарын қазақ әліпбиінің сиволдары кездейсоқ орналасқан екі кестенің көмегімен шифрлағанда ІЧЕФСЕУЭИУШЕИАРЙУР шифр¬мәтіні алынған.
Биграммалар арқылы шифрлау ашуға беріктілігі өте жоғары және қарапайым шифр берді, ал бұл сол уақыт үшін ірі табыс еді. Қос квадрат шифрын бұзып-ашу көп еңбекті және хабар ұзындығы отыз қатардан кем болмауды талап етті.
Шифрларды талдау мен жасауда математикалық әдістер баяғыдан бері қолданылса да тек XX ғасырдың қырқыншы жылдарында қолданбалы математика дамуында болған сапалы серпіліс қана криптографияны ғылым ретінде қарауға мүмкіндік берді.
Криптографияның осы кезеңі тарихының аяқталуы математик Элвуд Шеннон атымен байланысты. Ол математикалық әдістермен шифрлаудың сенімділігін зерттеген. Осы зерттеулердің нәтижесі: символдардың кездейсоқ тізбегі ешқандай мәнді алып жүрмейді, ал ақпараттанудың криптологиямен байланысы шифрқұжаттың, кілттің және хабардың табылған статистикалық қасиеттерін хабарды кері шифрлау (яғни хабардың нақты мазмұнын табу) үшін қолдануға мүмкіндік береді.
Криптографияның дамуына ықпалын тигізген теориялық жаңалықтар америкалық инженер К.Шеннонның “Құпия жүйелердегі байланыс теориясы” деп аталатын жұмысында және радиотехник-ғалым В. A. Котельниковтың “Автоматты түрде шифрлаудың негізгі қағида-лары” деген жұмысында берілген болатын. Осы жұмыстарда шифр жүйесінің кері шифрланбауына қажетті және жеткілікті шарттар тұжы¬рым¬далған және дәлелденген болатын. Оларға сәйкес, дұшпанның шифрмәтінге ие болуы қолданылатын кілттердің ықтималдық¬тарын өзгертпейді. Сонымен қатар мыналар анықталған: кері шифрланбайтын жалғыз-ақ шифр – ашық мәтінді сондай ұзындығы бар кездейсоқ кілт арқылы шифрлайтын (бір реттік пайдаланылатын таспа деп аталатын) шифр. Бірақ мұндай абсолютті берік шифрды қолдану өте қымбатқа түседі.
Түрлендіру арқылы ақпаратты қорғау мәселесімен криптология (Грекше – құпия ғылым (сөз) деген мағынаны білдіреді) айналысады.
Криптология екі бағытқа жіктеледі.
1. Криптография
2. Криптоталдау
Бұл екі бағыттың мақсаты бір-біріне қарама-қарсы.
Криптография – құпия жазу – ақпаратты заңсыз пайдаланушылардан қорғау мақсатымен оны түрлендіру әдістері жайындағы ғылым, ақпаратты оның мазмұнын жасыру мақсатында түрлендіру тәсілдерін іздеп, зерттеумен айналысады. Өзге адамдардан ақпараттың құпиясын сақтап қалу криптографияның негізгі мақсаты болып табылады. Ақпаратпен заңсыз таныспақшы болған осындай адамдарды қаскөйлер (қаскүнемдер), жолдан ұстап қалушылар деп атайды.
Криптография ақпаратты түрлендірудің математикалық әдістерін іздеумен және зерттеумен шұғылданады. Криптография ақпаратты оқу (бұрынғы қалпына келтіру) тек оның кілтін білген кезде ғана мүмкін болатындай етіп түрлендіреді.
Қазіргі кездегі криптографияны 4 ірі классқа жіктейді:
1. Симметриялық криптожүйелер
2. Ашық кілтті криптожүйелер
3. Электронды-цифрлық қолтаңбалар жүйелері
4. Кілттерді басқару жүйелері

Криптографиялық әдістерді қолданудың негізгі бағыттары мыналар: жасырын ақпаратты байланыс арналары (мысалы, электрондық пошта) арқылы тасымалдау, жіберілген хабарлардың шынайылығын анықтау, ақпаратты - (құжаттарды, дерекқорларды) шифрланған түрде тасымалдағыштарда сақтау.

Криптоталдау – кілтті білмей-ақ, ақпарат шифрын ашу мүмкіндіктерін зерттейді. Криптожүйеге сәтті жүргізілген криптоаналитикалық зерттеулер негізінде хабардың бастапқы ашық мәтінімен қатар оның кілтін де ашуға мүмкін болады. Криптоаналитикалық шифрланған хабарды, немесе кілтті, немесе екеуін де оқуға мүмкіндік беретін криптожүйенің осал жерлерін іздеумен шұғылданады.
Шифрлау алгоритмі, сондай-ақ, алуан түрлі кілттердің, ашық және шифрланған мәтіндердің жиынтығын криптожүйе деп атайды.
Кілт (key) – ақпаратты шифрлау және кері шифрлау, сондай-ақ, оған қол қою үшін арналған цифрлық код. Ол барлық мүмкін варианттардан криптографиялық түрлендіру алгоритмі үшін тек бір вариантты таңдауды қамтамасыз етеді. Кілттің ортақ, жеке меншік және құпия деп аталатын түрлері болады.
Шифр (cipher) – бақылаушыда (жолдан алушыда) мәлімет (құпия ашу кілті) болмаған жағдайда, ашық ақпаратты бастапқы қалпына келтіре алмайтындай етіп түрлендіру үшін қолданылатын шартты белгілер тізбегі
Криптоберіктілік шифрдың негізгі сипаттамасы болып табылады. Ол кілті белгісіз жағдайда шифрдың кері шифрлауға (яғни криптоталдауға) беріктігін анықтайды. Әдетте бұл сипаттама шифрды ашу үшін керек уақыт мөлшерін анықтайды.
Криптографиялық жүйе (криптожүйе) – шифрлау алгоритмі, сондай-ақ, алуан түрлі кілттердің, ашық және шифрланған мәтіндердің жиынтығы.
Криптографиялық алгоритм (шифр немесе шифрлау алгоритмі) деп шифрлау және кері шифрлау үшін қолданылатын математикалық функцияны атайды. Егер дәлірек айтсақ мұндай функция екеу: біреу шифрлау үшін, ал екіншісі – кері шифрлау үшін қолданылады.
Криптографияда K әрібімен белгіленетін кілт қолданылады. Кілт (key) – ақпаратты шифрлау және кері шифрлау, сондай-ақ, оған қол қою үшін арналған цифрлық кода. Ол барлық мүмкін варианттардан криптографиялық түрлендіру алгоритмі үшін тек бір вариантты таңдауды қамтамасыз етеді. Кілттің ортақ, жеке меншік және құпия деп аталатын түрлері болады.
Шифрлау E функциясы да, кері шифрлау D функциясы осы кілтке тәуелді болады: ЕK(Р) = С, DK(C) = P.
Сонда мына тепе-тендік әділ болады: DK(ЕK(Р)) = Р.
Бұл жерде, Р (plaintext) - ашық мәтін, ал C (ciplertext) - E функциясы мен K кілті арқылы шифрланған мәтін (шифромәтін).
2 Ақпаратты қорғау
Ақпаратты қорғаудың беріктігі келесі факторларға тікелей байланысты:
-қорғау методына
- кеткен шығынға,
-автоматты өңдеуге,
-ақпаратты қолданушылардың есептеу техникасының көптігіне
-қолданған көппрогрпммалы режимгежәне оған кеткен уақытқа
Ал негізгі ақпараттың кетуіне құжаттардың тікелей ұрлануы,құжаттың есте сақталуы немесе көшірмесі,санкцияланбаған түрде ақпарат сақталған құрылғыға қатынау.Аппаратысақтау – бұл техникалық құрылғылар арқылы ақпаратты өңдеу.Аппараты қорғауға : дербес компьютер және ақпаратты қорғауға арналған комплекстік құрылғылар.

2.1 Машиналық ақпараттың физикалық сақталуы

Аппаратық қорғауға электроны,элоектроны-механикалық,электронды оптикалық аппараттар жэатады.Солрдың ішінде:
- арнаулы регистрлер,оларда ақпараты сақтаудың ревизиттері,парольдары,идентификаторлық кодтар жазылады немесе сақталады
- кода генераторы,онда автоматты түрде идентификаторлдық кодаларды генерациялайды
- жеке адамның даусын өлшегіш құрылғылар оны идентификациялау мақсатында
- арнайы биттер,олар ОЗУ сақталады және онда ақпарат жазылады
- өткізгішті үзу құрылғылары,ақпаратты шифрлау үшін\криптографиялық әдіспен\


2.2 Программалық түрде ақпаратты қорғау
Программалық қамтама – бұл компьютердің ақпаратты өңдеде жүзеге асады.Ол қай командамен ақпараттаөңдеуге, орналстыруға,қорғауға байланысты болады. Оларғ арнайы программалар жатады.Осы әдіс өте кең таралған, өйткені ол басқаларға қарағанда жылдамрақбәрі тез, копьютердің кең көлемде таралуына байланысты.Қарапайым вирустың өзі де ақпараттың бұзылуына әсері
3 Ақпаратты сақтаудың аппаратық түрлер

Шорох-1жүйесінде 3 тәуелсіз дыбысбоғаттағыш сигнал генерациясы бар, ал Шорох-2 құрылғысында 1 тәуелсіз дыбысбоғаттағыш сигнал генерациясы бар.Кішкене өлшеміне қарамастан өте қуатты бұл құрылғы,оған себеп қазіргі заманғы базалық элементтері .Өте жоғары дәрежедегі икемділік пен дұрыс қолданған жағдайда қауіпсіз сөйлесу мүмкіндігі. Шорох-1 құрылғы жүйесін қолданған кезде оның боғаттауышын қазіргі технологиялармен де төмендетуге болмайды. Боғаттауыш – ол сөйлескен кезде тыңдаушыға сөз орнына белгісіз бір дыбыстардың естілуі.

Шорох-1 Шорох-2

КВП-6 КВП-2 КВП-7

1-сурет
Аппараттық ерекшеліктері:
Сигнал түрі:белгілі бір тығыздықтағы белгісіз дыбыстар шығарады.
Генерациялайтын диапазонының жиілігі:175-5600Гц
Бессызықты октавтық зорайтқыш,оны сызық бойынша туралауға мүмкіндігі +-20дБ
Боғаттаушы сигналмен реттелудің 40 дБ төмен еместігі
Акустикалық және виброакустикалық кедергілердің тәуелсіз реттеу мүмкіндігі.
Қолданатын вибротүрлендіргіштер:КВП-2,КВП-6,КВП-8,КВП-7
Әсер ету кеңістігінің оқшауланған қалыңдығы: 0,25-6м дейін
Әйнектк әсер ету қалыңдығы :4-мм – 1,5м дейін
Әр каналға қосымша бірмезгілде вибротүрлендіргіштер жалғана алады.

Максималды қосындылау қуаты:
Шорох-1 - 57 Вт
Шорох-2 -19Вт

Габариттері:
Шорох1: 340\300\140мм салмағы 12кг
Шорох2: 280\270120мм салмағы 6кг

Вибротүрлендіргіштер габариттері:
КВП-2 40\40\30мм салмағы 250г
КВП-6 50\50\39мм салмағы 550г
КВП-7 30\30\10мм салмағы 20г
КВП-8 40\40\16мм салмағы 300г


Қашықтықтан басқаруы бар құрылғыла:

Бұл құрылғының жұмыс істеу мақсаты шорох-1 және шорох-2 виброаккустикалық құрылғыларына қосымша гшва-3 және гшва-1 блоктарының жалғануы.Құрылғы аты : Шорох-ДУ .Құрылымы негізгі базалық блок және көмекші гшва-1немесе гшва-3 және кішкентай дербес басқар
2-сурет
Техникалық сипаттамасы
Кез келген электр құрылғыларымен жұмыс істеу мүмкіндігі \жұмыс істеу жиілігі 220в,50гц\
Коммутациялы қуаты: 1100вт
Радио каналының жұмыс істеу аумағы 15м
Қоректенуі базалық блок үшін :220в,50гц
Дербес басқару құрылғыс
SEL SP-51/a виброакустикалы боғаттауыштың жүйесі

Бұл құрылғы ақпараттың бөлмеден аккустикалық және виброаккустикалық каналдар арқылы шығып кетпеуге арналған құрылғы.Шүмдық сигналы Госстехкомиссиясының нормаларына сәйкес келеді. Құрылғы қаскүнемнің 1-нші дәрежелі бөлмедегі ақпараттың дуал арқылынемесе әйнек,су құбыры,вентеляция жүйесі, лазерлік микрофондар арқылы тыңдауға мүмкіндік бермейді.Генераторға жалғанған вибросәлелендіргіші алдын ала ойластырылған құрылыс конструкциясының ішіне орналастырылады.Бұл құрылғыны қосқан кезде блгілі бір жағымсыз дыбыс шығарып тұрады.Бұл дыбыс жай құлаққа естілмейді, ол қаскүнем құрылғысына ғана естіліп ақпаратты тыңдай алмауыны кедергі жасай отырып тұғаға қауіпсіздікті жоғарғы дәрежеде сақтайды.Ал дыбыс жлдарының тамбурлеріне аккустикалық зорайтқыштар қолданылады және ол генераторға жалғанады.Құрылғы алдын ала программалық қамтамасыз етілген шағынпроцессор арқылы жұмыс істеиді және өшкен кезде алғашқы параметрлері сақталады.Өте жоғары дәрежеде герметикалық қорғанылған.Құрылғы Госстехкомисияның .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Криптология ғылымы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Информатика курстық жұмыстар, Криптология ғылымы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]