Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Көмекші мектепте сөз құрамын оқыту

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Көмекші мектепте сөз құрамын оқыту

Мазмұны

І. Жалпы білім беру мектебінде сөз құрамын оқыту
1.1 Түбір
1.2. Түбірлес сөздер
1.3. Жұрнақ-жалғау
1.4. Қосымша
II. Көмекші мектепте сөз құрамын оқыту
2.1.Түбір
2.2. Түбірлес сөздер
2.3 Қосымша
2.4. Жұрнақ
2.5 Күрделі сөздер
III. Көмекші мектеп оқушыларының «сөз құрамы» тақырыбы
бойынша қателерінің түрлері.
3.1. Зерттеу әдістемесі
3.2. Зерттеу нәтижесі
IV. Көмекші мектеп оқушылардың «сөз құрамы» бойынша
түзету жұмыстары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.


СӨЗ. СӨЗ ҚҰРАМЫ.
Оқушылар бұл тақырыпты оқып-үйрену барысында сөздердің қалай жазылатыны туралы аздап қана теориялық білім алып шығады. Балалардың жай ғана, дұрыс жазуға үйренуі, жазу дағдысын қалыптастыруға себеп болады.
Сөз құрамын оқыту негізінде балалардың дауыссыз, дауысты дыбыстарды, түбір, тағы басқаларды дұрыс жазу дағдылары қалыптасады.
Сөз құрамын оқытуға арналған тақырыптар 5-7 сыныптар бағдарламасында оқу уақытының 75 сағатын алады.
Әрбір сыныпта өткен жылда өтілген материал қайталанып, тек аз ғана жаңа білім көлемі қосылады. Мысалға, 7 сыныпта - «Күрделі сөздерді жай жазу» болса, 5 сыныпта осы тақырып кішкене ғана өзгертіліп, күрделеніп беріледі.
Көмекші мектепте қазақ тілін оқыту бағдарламасы бойынша, «Сөз құрамы» 5-сыныптан басталады.
5-сыныпта «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша: түбір және қосымша. Бұл екеуінің бір бірінен айырмашылығы. Қосымшаның жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінуі. Әрқайсысының өзіндік белгілері. Жұрнақ, жаңа сөз жасайтыны, оның түрлері. Жалғау, жұрнақтар арқылы сөздерді өзгертуге жаттықтыру.
Жұрнақ, жалғаулардың жазылуы. Қосымшалардың емлесі. Дауыссыз, дауысты дыбыстардың түбір сөздерде жазылуы.
Осы жерде айта кететін нәрсе, 5сыныпта: түбір, қосымшамен бірге түбірлес сөзді де өту керек. Сонда-ғана бала түбір мен түбірлес сөзді салыстыра отырып, олардың айырмашылығын түсінеді.
5-сыныпта, жоғарыда айтылғандарды, яғни, түбір және түбірлес сөздер, қосымшалар емлесі. Қосымша жалғанғанда түбір сөздің өзгермеуі, қосымшалардың сөздегі соңғы буынмен үндесіп жалғасуы, тақырыптарын қайталап, жаңа тақырып, күрделі сөз туралы түсінік беру. Біріккен сөз. Біріккен сөздің жиі кездесетін түрлері. Мәтіннен біріккен сөздерді тапқызу. Кісі аттарын білдіретін біріккен сөздер және олардың емлесі. Жер-су және үй жануарларының аттарын білдіретін біріккен сөздер, олардың емлесі.
8-сыныпта: Түбір сөз. Қосымша, жалғау, жұрнақ. Туынды сөз. Туынды сөз жасайтын жұрнақтар. Түбір сөз бен туынды сөзді салыстыру, олардың айырмашылығы тақырыптарын қайталап, жаңа қос сөздер туралы жалпы түсінік, анықтамасы, емлесі. Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған қос сөздер, олардың емлесі. Әр түрлі сөздерден жасалған қос сөздер, олардың емлесі.
7-сыныпта, қайталауға: Түбірлес сөздер. Әр түрлі сөз таптарына жататын түбірлес сөздер, оларды құрамына қарай талдау. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы да қатаң болып келетіні. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң немесе үнді болса, оған жалғанған қосымшаның бірінші дыбысы да ұяң не үнді болып өзгеруі.
Ал, жаңа тақырып етіп: Қысқарған сөздер туралы жалпы түсінік. Сөздердің бірінші әріптерінен қысқарған сөздер. Олардың емлесі. Алдыңғы сөздің басқы буынымен келесі сөздердің бірінші әріптерін сақтап қысқарған сөздер. Бұлардың емлесі. Мәтіннен қысқарған сөздерді тапқызу тақырыптарын өту керек.
9-сыныпта: Сөз құрамын талдау. Қосымшалардың емлесі. Қосымша жалғанғанда, сөздегі соңғы буынның үндесіп жалғануы, кейбір сөздердің соңғы дыбысының өзгеруі немесе түсіп қалуы.
Күрделі сөздерді: біріккен сөздер, қысқарған сөздер, қос сөздерді қайталау керек.
«Сөз құрамын» оқыту үрдісінде, оқушылар сөз бөліктері жайлы түсініктерге ие болып, сөз қоры молаяды және байланыстырып сөйлеуі дамиды.
Жалпылау- талқылау жұмыстарын өткізу әдеттері қалыптасып, қазақ орфографиясының морфологиялық қағидасын тәжірибелі ұғынады.
Көмекші мектептерде «Сөз құрамын» тәжірибелік оқыту төмендегідей жүйеде жүргізіледі. Тәжірибелік жаттығулар жасау арқылы керекті белгі түсініктерін үғыну, белгілі бір түсініктермен танысу, терминдер енгізу, түсініктерді бекіту.
Мұғалім бұл тақырып бойынша сабаққа даярланғанда, алдымен жаттығуларды орындаудың жүйелі жолымен оқушыларға «түбір», «жұрнақ», «қосымша» түсініктерін ұғындырып, осы жай теориялық білімдерін, орфографиялық дағдыларын қалыптастыруда пайдалану керек.
Сөз. Көмекші мектептің 2-4 сыныптарда тәжірибелік жаттыгуларды орындау барысында әр түрлі сөздерді (заттың атын, қимылын, түсін, тағы басқаны білдіретін) өтеді. 5-сыныптан бастап грамматика мен емленің негіздері жүйелі түрде оқытыла бастайды. Өтілетін негізгі тақырыптар-«Сөз құрамы».
Сөз құрамы. Сөз құрамын, сөздің жаңа мағына беретін бөлшектерін (жалғау, жұрнақ) оқыту. Оқушылардың белсенді және енжар сөздік қорын байытуға бағытталған жаттығулар орфографиялық нормаларын меңгерту жұмыстарымен тығыз байланысты жүргізілуі тиіс. Осы кезеңде айтылуы ұқсас сөздерді де оқытады.
«Сөз құрамы» тақырыбы бойынша оқушылардың білім және әдет-дағдыларының көлемі төмендегі сызбада көрсетілген.
«Сөз құрамы» тақырыбын оқыту.
Сынып Жылдағы сағат саны Жұмыс мазмұны
5 35 Түбір және түбірлес сөздер. Қосымша, жұрнақ. Жұрнақтар көмегімен сөздер құрауға жаттығулар.
6 15 Түбірлес сөздер. Түбір, жұрнақ және қосымша. Жұрнақтар арқылы сөз құрау.
7 15 Түбір, жұрнақ, қосымша. Күрделі сөздер. Күрделі сөздерді жазудағы қарапайым ережелер.
8 15 Түбірлес сөздер: әртүрлі сөз бөліктеріне жататын түбірлес сөздерді таңдау, құрамы бойынша талдау.
9 5 Сөз құрамын талдау. Күрделі сөздер. Күрделі сөздердің құрылысы. Күрделі біріккен сөздер. Қысқарған сөздер.

«Сөз құрамы» такырыбы бойынша білім және дағдылар көлемі.
Тақырып Сынып Білім Дағды
Түбір және
түбірлес сөздер 5-7 Түбір - туыстық
сөздердің жалпы
бөлігі. Туыстық сөздер
- мазмұны бойынша
жақын, жалпы бөлігі
бар сөздер. Туыстық
сөздерді түбірлес деп
те атайды. Қиыншылықтар. Сөз
түбірін табу. Түбірлес
сөздерді құрау. Түбірді
анықтау, оның не үшін
түбір екенін дәлелдеу.
Түбірлес сөздерді
салыстыру және сөз
түбірін анықтау. Түбірлес сгодердің анықтамасы. Бір түбірден туған сөздерді таныту.

Қосымша 5-7 Қосымша сөздің
өзгеріп түратын бөлігі.
Қосымша бір сөзді
екінші сөзбен
байланыстыру
қызметін атқарады. Сөздерді өзгерту және
қосымшаны табу.
Сөйлемде сөздерді
байланыстыру. Сұраққа
байланысты сөз
қосымшасын өзгерту. Түбір және қосымша айырмашылығы. Қосымшаның жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінуі. Қосымшалардың емлесі.
Қосымша жалғанғанда түбір сөздің өзгермеуі,
қосымшалардың сөздегі соңғы буынмен үндесіп жалғасу
Жұрнақ 5-7 Жұрнақ - сөз бөлігі,
түбірден кейін,
қосымша алдынан
келеді. Сөзге жаңа
мағына береді.
Жұрнақтар көмегімен жаңа сөздер құралады. Сөзде жұрнақты табу.
Сөзге жұрнақтың қандай
маңызы барлығын
анықтау. Жұрнақ
көмегімен сөз құрау.
Жұрнақ пен жалғаудың өзіндік белгілері. Жұрнақ, жаңа сөз жасайтыны, оның түрлері. Жалғаудың сөз бен сөзді
байланыстыратыны. Жалғау, жұрнақтар арқылы сөздерді өзгертуге жаттықтыру. Жұрнақ, жалғаудың жазылуы.

Сөз түбірінде
қатаң және ұяң
дауыссыздардың
дұрыс жазылуы. 5-9 Қатаң және ұяң дауыссыздардың дұрыс жазылуын тексеру үшін, тексеру сөзін дұрыс таңдау керек. Қатаң және ұяң дауыссыздарды анықтау. Тексеру сөзін таңдау. Түбірінде қатаң және үяң дауыссыздар бар сөздерді дұрыс жазу. Дауыссыз, дауысты дыбыстардың түбір сөздерде жазылуы.
Күрделі сөздер 7-9 Түбір сөздердің қосылуынан пайда болған сөздер, күрделі сөздер деп аталады. Берілген түбірлерден күрделі сөз құрау. Түбірді табу. Күрделі сөз екенін түсіндіру. Біріккен сөздердің жиі кездесетін түрлері. Мәтіннен біріккен сөздерді тапқызу. Кісі аттарын білдіретін біріккен сөздер және олардың емлесі. Жер-су және үй жануарларының атын білдіретін біріккен сөздер, олардың емлесі.
Күрделі сөздерді жазудағы қарапайым ерекшеліктер 7-9
Күрделі
қысқарған
сөздер 9 Бірнеше сөздерден тұратын атаулар қысқартылып айтылады. Бұларды қысқарған сөздер дейді. М:
педагогикалық кеңес -педкеңес. Қысқарған сөздер бірінші сөз бөлігі мен екінші сөзді тұтас қосқаннан жасаланады. М: медколледж, облмәслихат, ұжымшар. Сондай-ақ қысқарған сөздер, сөздердің бас әріптерінен немесе бірінші буындарынан құралады. М: АҚШ, ТМД, АлМУ. Қысқартылған сөздерді айту. Қысқарған сөздерді құрау. Сөз тіркестерін қысқарған сөздерен ауыстыру. Қысқарған сөздерді құрамына қарай талдау. Қысқарған сөздерді толық түрінде жазу, айту.


Грамматикалық жаттығуларды орындау үрдісі бойынша, 4 сыныпта оқушылар туыстық сөздермен танысады, олардың қасиеттерін біліп, түбір сөзді бөліп алуға үйренеді: бұл алғашқы білім яғни сөз құрамын меңгерудегі өзек болып табылады.
Түбір. Түбірлес сөздерді өткенде бұл тақырыпта мұғалім, ең алдымен, оқушыларға түбірлес сөздердің өзара мағыналық байланысын түсіндіруге зейін аудару керек.
Кейіннен туыстық сөздерді бөліп, «түбір», «түбірлес сөздер» түсініктерін ұғындыру.
Бұл жұмыс әдістемесі төмендегідей:
1.Түбірлес сөздерден сөйлемдер берілді.
1) Ойыншы ойын көрсетті.
2) Балаларға ойыншық сатып алдым.
3) Ойыншықты ойна.
Оқушылар мағынасына қарай, жақын сөздерді айтады, бір баған етіп жазады.
Ойыншы
Ойын
Ойыншық
Ойна
2. Мұғалім осы сөздердің ортақ бөлігі, түбірді белгілеуге тапсырма береді (түбірдің графикалық белгісін еске түсіру.)
3. Оқушылар сұраққа жауап береді: Түбір деген не?
(Мағынасы жақын сөздердің ортақ бөлігі).
4.Оқулықтағы қорытындыны оқу: «Туыстық сөздердің ортақ бөлігі түбір
деп аталады». Бұл жерде, туыстық сөздер - бұл, мағынасы жақын, сондай-ақ түбірлес сөздер деп те аталады.
«Түбірлес», «туыстық», «түбір» деген терминдерді терең түсіндіру үшін, олардың лексикалық мағынасын айқындау қажет: «түбірлес» - «бір түбір», «туыстық» - «жақын», «түбір» - ортақ бөлік, сөз түбірсіз болмайды. Бекіту үшін, сөз түбірін табуға жаттығулар орындалады.
Оқушылардың ойлау әрекетін басқара отырып, мұғалім өз түбірін табуға жоспар (алгоритм) ұсынуға болады.
Сөз түбірін табу үшін:
1. Туыстық сөздерді таңдап алыңдар (2-3).
2. Бұл сөздерді мағынасы және құрылымы бойынша салыстыр.
3. Түбірді айырып ал, белгіле.
4. Неге осы бөліктің түбір екенін түсіндір (суат, сушы, сусын).

Мұндай жүргізілген жұмыс, оқушылардың ақырындап сөз түбірін анықтауын қалыптастырады.
«Сөз құрамы» тақырыбына үлгі ретінде сабақ үзінділерінен ұсынамыз. 5 сынып.
Тақырыбы: Түбірлес сөздер.
Мақсаты: Туыстық сөздер туралы түсініктерін тереңдету, «түбірлес» түсінігін ұғындыру.
Көрнекіліктер: «Туыстық сөздер» сызба, «Күз», «Бақтағы, егістіктегі күздік жұмыстар» тақырыбына суреттер, түбірдің графикалық бейнесі бар топтама.
Сабақ жоспары.
1.Тақырып бойынша негізгі жұмысқа даярлық, үй тапсырмасын тексеруден
басталады.
-«Біл» сөзін қалай жаздық?
-«Біл» сөзіне магынасына қарай жақын сөздерді атаңдар, жазыңдар /2-3/ туыстық сөздер (біл, білім, білгіш, білгір) т.б.
2.Туыстық сөздермен сөз тіркестерін таңдау. Олармен сөйлем құрастыру.
Су, сусын, сулық, сулы жер, сусынды ал, сушы жері;
Туыстық сөздердің лексикалық мағынасы анықталған кейін, олардың ортақ бөлігі айқындалып, графикалық белгісімен белгіленеді. Қорыту жасаланады: «Туыстық сөздер - бұл, мағынасына қарай жақын сөздер. Туыстық сөздердің ортақ бөлігі түбір деп аталады. Туыстық сөздерді түбірлес сөздер деп атасақ та болады».
3.Түбірлес сөздерді табуға, түбірді анықтауға берілген жаттығулар.
А) Берілген сөз тіркестері мен суретке қарап сөйлем құрау (сурет бойынша әңгіме құрастыруға даярлық).
Ә) Түбірлес сөздерді жазу, түбірді белгілеу.
Жапырақтар сарғайды.
Сарғалдақ ашылды.
Ортаның бәрі сарғыш. - Түбірлес сөздер, қандай түбір сөзден құралған? (Сары).
4.Оқулықпен жұмыс. Түбірді табуға жаттығулар орындау. Ережелермен......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Көмекші мектепте сөз құрамын оқыту жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Казак тили курстық жұмыстар, Көмекші мектепте сөз құрамын оқыту

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]