Курстық жұмыс: География | Көлік географиясы

Курстық жұмыс: География | Көлік географиясы

Мазмұны

Кіріспе.........................................................................................................................3
ІІ.Көлік геграфиясы.................................................................................................4
І.1Авомобиль кешені........................................................................................4
І.2 Шаруашылық салаларында автомобиль салаларын пайдалану..............7
ІІ.Қазақстанда машнна жасаукешені.
ІІ.1 Машина жасаудың экономикадағы ролі......................................................8
ІІ.2 Машина жасаудың қалыптасуы мен дамуы.............................................. 11
ІІ.3 Орналасу факторлары мен географиясы....................................................15
ІІІ.Қорытынды .......................................................................................................16
IV.Әдебиеттер..........................................................................................................18


І. Көлік геграфиясы.
І.2Авомобиль кешені.

Көліктік тораптар дегеніміз — көліктің бірнеше түрі тоғысып, олар өзара жұк аямасатын пункттер.
Көлікгің жұмыс нәтижесін жүк айналымьшан білуге болады, оны тонна-километрмен өлшейді.
Жүк айналымы дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір қашықтыққа тасымалдайтын жүк мөлшері.
Көлік түрлерінің, оларды жасай және пайдалануға жұмсалған шығындары, яғни тасымалдың өзіндік құны бойынша бір-бірінен айырмашылықгары бар. Темір жол, тас жол, жүз мыңдаған тонна құбыр кететін кұбыр жолын салу өте қымбатқа түседі. Өзен, теңіз, әуе жолдары едәуір арзан.
Көліктің еңбекті көп кажет ететін түрлері-автомобиль және өуе келігі, еңбекті аздау кажет ететіндері - кұбыр, өзен, теңіз, темір жол көліктері. Жүкті тікелей алушыға жеткізу мүмкіндігінің маңызы зор. Өзен және теңіз көлігі арқылы жүкті тікелей баратьш жеріне жеткізу мүмкін емес, өйткені ол жер портган бірнеше шақырым қашықтықта орналасуы мүмкін. Жүкті түсіріп, темір жол вагонына қайта тиеу қымбатқа түседі. Автомобиль көлігі жүкті кайта тиеусіз, бірден какпадан-какпаға жеткізе алады.
Көліктің климат жағдайларына қарамай, жыл бойы үзліссіз жұмыс істеуінің
маңызы хор. Су көлігінің маусымдық сипаты бар. Жүк айналымның кұрылымы экономикалық аудандардың мамандануына, шикізат және отын базасының орналасуына, ауданда өндеуші өнеркәсіптің дамуына байланысты. Экономикалық ауданньщ әрбір типіне жүк айналымының өзіндік құрылымы сәйкес келеді, ал көліктің қандай түрінің басым қолданылуы ауданның географиялық орнына байланысты. Мәселен, кен өндіру, кара металлургия мен
ауыр машина жасау өнеркәсібі күшті дамыған көмірлі-металлурлық қдрағанды ауданындағы жүк айналымы құрылымында тас көмір, қара металдар басым орын алады. Жүк негізінен темір жолмен тасымалданады. Мұндай ауданның көлік балансында ішке тасымалдаудан гөрі сыртқа тасмалдау көбірек.
Автомобиль көлігі — қазір басты катынас құралы. Автомашиналар икемді әрі жүйрік болғандықган ең түпкірдегі аудандарға оңай бара алады, сонымен қатар олар үнемді әрі жақын жерге жүк тасуға ыңғайлы.
Республикада жақсы жабдықгалған автомобиль жолдары желісі бар. Олардың коп бөлігі қатқыл табанды жолдар, Оңтүстік және Шығыс Казақстанда орналасқан. Бұл жерлерден Орта Азия елдеріне карай шығыс аудандарды (Алматы, Сарыөзек, Қорғас, Аягөз-Бақгы, Жаңғызтөбе- Зайсан) қамтамасыз ететін автомобиль жолдары (Алматы- Бішкек- Шымкент-Ташкент) етеді.
Шығыс Қазақстанада "Шығыс шеңбері" Кеңді Алтайдың өнеркәсіп
орталықгарын (Өскемен~Алтай~Самар—Көкпекті—Георгиевка—Өскемен)
байланыстырады. Оның Көкпектіден Зайсан казаншұңқырына баратын тармағы бар. Әрбір облыс орталығынан аудан, ауылдарға автобус катынайтын көптеген жеңіл тапті жолдар салынған. Жолдардың сапасы, әсіресе Солтүстік Қазақстан аудандарында,оларды жыл бойы пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Казақстанда тас жол, кара жол желісі канша жиі болғанымен, олардың 10%~ы ғана қатқыл табанды, бұл автомобилъ көлігінің калыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмайды. Кыршық тасты жолдар- катқыл табанды жолдардың басым типі.
Халық жиі қоныстанған Іле Алатауьшың етегімен өтетін Алматы-Шелек-Нарынқол (Райымбек) даңғыл жолының рөлі күшті. Маңызы жағынан Карағанды—Теміртау—Астана, Семей—Павлодар~Омбы, Атырау—Орал жолдарын бөліп атауға болады.
Тасымал көлемі жағынан автомобиль көлігі републикада бірінші орын алады. Бұл салада темір жол көлігіндей емес, ірі тораптар түзілді. Бұлар — Алматы, Өскемен, Карағанды, Астана, Семей, Крстанай, Ақтөбе.
Казақстанда дүние жүзілік бес негізгі автокөліктік (коридор) жол қатынасы қалыптаскан, жалпы ұзындығы 7,6 мың шақырым. Ташкент-Шьшкент-Тараз— Бішкек—Алматы-Харгос;
Шымкент—Қызылорда—Ақгөбе—Орал—Самара;
Алматы-Карағанды—Астана-Қостанай—Екатеринбург-Петропавл;
Астрахань-Атырау-Ақтау;
Омбы-Павлодар—Семей-Майкапшағай;
2001-2005 жьшғы Республиканың автомобиль жолдарын дамьпу жоспары бойынша бюджеттен 244 млрд. теңге бөлінсе 16,5 мың шақырым жол және 289 көпір салынбақ, ал 194 млрд теңге каржы бөлінсе 14,5 мың шақырым жол және 141 көпір салыпбақшы 2001 жылы автокөлік кұрылысына бюджеттен төмендегідей каржы бөлінген:
- Кызыл-Әскер-Киров- 1,9 млрд.теңге (14 км)
- Астананың солтүстік бөлігі — 1,85 млрд.теңге (14 км)
- Орал өзеніндегі көпір — 330 млн.теңге
- Астана-Борабай жолы — 3,4 млн.теңге (260 км)
- Лениногор (ШҚО) —Ресей шекарасына дейін—1000 млн теңге (62 км).
- Сороковая-Павловка—26 млн теңге (12 км).
Катты жамылғысы бар автомобиль жолының ұзындығы 115 мың шақырым.Автомобиль көлігінің жұмысын жақсартудың маңызды бағыты -республика жолдарының бүкіл желісін катқыл табанды жолға айналдырып, жақсартылған магастральды автомобиль жолдарын салу.Автомобиль көлігі бұл көліктің басты міндеті — республиканың бүкіл көлік желісін біртұтас жүйеге біріктіру, жүктерді ұсақ дайындаушылардан көліктің магистральді түрлеріне және кері бағытта жеткізу. Бір мезгілде көп жүкті немесе жолаушыларды жақын аралыққа жеткізу қажет болатын жағдайларда автомобильдерді пайдалану ерекше пайдал.



І.2 Шаруашылық салаларында автомобиль салаларын пайдалану.
Қазақстандағы тас жолдар мен жақсартылған қара жолдардың жалпы ұзындығы 94 мың шақырымнан асады. Оның 83 мың шақырымдайы қатқыл табанды жол. Мұндай қатқыл табанды автомобиль жолы Батыс Европаның кез келген ірі мемлекетің территориясын түрлі бағытта қиып өткен болар еді, бірақ кең-байтақ территориясы бар Қазақстан үшін ол әлі де жеткіліксіз болып отыр. Сондықтан қолайлы жблдар салу жұмысы бүкіл республика бойында жыл сайын жүргізіліп келеді, алайда олардың басым бөлігі әзірше Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысыңда салынуда.
Республикадағы аса ұзын және қолайлы автомобиль жолдарының бірі оңтүстік-шығыстағы үш облыстың территориясымен өтіп. Алматыны Қырғызстанның астанасы Бішкек арқылы Жамбыл мен Шымкент және одан әрі Ташкентпен жалғастырады, Қазақстанның келесі автомобиль жолы Алматыдан солтүстікке —-Семей мен Өскеменге қарай бағытталып, одан Жаркентке, Талдықорған мен Текеліге қарай тармақталады. Жаңғызтөбе темір жол станциясының маңында бұл жол "Шығыс шеңбері" деп аталатын автомобиль жолымен жалғасады, ол Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарын және Семей облысының бірнеше аудандарын аралап өтеді.
Алматы — Шелек — Нарынқол, Қарағанды — Қарқаралы, Орал — Атырау, Қостанай — Арқалық, К,арағанды — Жезқазеан автомобиль жолдары республикаиың көлік байланыснңда үлкен рел атқарады. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде республиканың солтүстігінде шалғай аудандардын астығын тасу үшін жақсартылган кара жолдар мен асфальт төселген жолдардын көп тармақты желісі жасалды, ал Маңғастау түбегіндегі мұнай кен орнын игеруге байланысты Ақтау қаласын жұмыс істеп тұрған барлық мұнай кәсіпшіліктерімен байланыстыратын тамаша асфальт жолдар салынған. Солтүстік Қазакстандағы АҚМОЛА— Костанай, Ақмола —Көкшетау, Петропавл — Қостанай автомобиль жолдары облыс орталықтарын өзара байланыстырады.
Транпорттың басқа түрлерінен Қазақстанда мұнай, мұнай өнімдері мен табиғи газ тасмалданатын құбырлар едәуір дамыған. Екібастүздағы электр станциларынан электр энергиясын берілуіне байланысты электродық транспорттың маңызы тез өсіп келеді.
ІІ.Қазақстанда машнна жасаукешені.
ІІ.1 Машина жасаудың экономикадағы ролі.
Машина жасау - көптеген өндірісті қамтитын кешенді сала. Елдердің әрқайсысы өзінің күшін машина жасау өнімдерінід белгілі бір түрлерін шығаруға жұмсап, осы арщдлы мемлекетаралық-аумақтық еңбек бөлінісне қатысады. Осыдан келіп, өнеркәсіптің кез келген саласынан гөрі машина жасау саласында өндірісті ұйымдастырудың мамандандыру мен кооперативтендіру түрлері кеңінен дамыған. Сондықтан сабақтас салалармен жасалған байланыстарды бұзудың кез келген түрі кәсіпорынның тоқтап қалуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Алғашқыды салынған кейбір кәсіпорындар, негізінен, Ұлы Отан соғысы кезінде майдан төңірегіндегі аудандардан көшірілген зауыттар Қазақстанның қалаларына орналастырылып, машина жасау өнеркәсібі дами бастады. Мысалы, 1941 жылы Луганск Паровоз жасау зауыты жабдықтары көшіріліп әкеліп, соньщ негізінде Алматы ауыр мащина жасау зауыты салынған. Мәскеу, Воронеж, Харьков т.б қалалардан көшірілген зауыттар (Шымкент қаласындағы пресс-автомат зазпыты, Петропавл изоляциялық материалдар зауыты) Ақмола насос зауыттарына негіз болды. Тың игеруге байланысты Акмола ауыл шаруашылығы машина жасау зауыты, Павлодар трактор зауытының құрылыстары салынды да, 1968 жылы конвейерден ең алғашқы трактор шықты. 1970жылы топырақты эрозиядан қорғайтын машиналар мен кұраддар өндіруге мамандандырылған қазақ ауыл шаруашылығы машиналары зауыты іске қосылды. Соңғы жылдары Қазақстанда электротехникалық машина жасау бағыты жақсы дамып келеді. Қазір Алматыда электротехникалық және электромеханикалық зауыттар бар. Қарағанды қаласында шахта құрал-жабдықтарын шығаратын зауыт, Кентау қаласында экскаватор зауыты, Петропаволда атқарушы механизм зауыттары жұмыс істейді.

Алдағы уақытта Қазақстан машина жасау өнеркәсібінің кұрылымыңда турбина, двиштель және көлік машиналарын жасау, сонымен қатар станок-аспап және прибор жасау мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісіне арналған машиналар өнеркәсібі, дәл машина жасау салалары одан әрі өркендетіліп жетілдіруі тиіс. Қазір көптеген шетеддермен бірлескен кәсіпорындар салынуда. Шетеддердің озық технологиясын пайдалана отырып, салынған кәеіпорындар өнімдері соңғы 1-2 жыл ішінде кеңінен танымал бола бастады. Мысалы, Белорусьтан алынған бөлшектерден Алматыдағы радиотехникалық зауыт «Горизонт» теледидарын кұрастырды. Өскемен кдласыңда «Нива» автомобилі шығарылады. Қазақстан Республикасының «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының зауыттарында мұнай, газ құрал-жабдықтарының жаңа түрлерін шығару қолға алынды. Қазір отандық кәсіпорындар арнаулы техниканың, материалдардың және қосалқы бөлшектердің 150-ден астам түрін шығаруды игерді. Мұнай, газ құрал-жабдықтарын шығару үлесі «Мұнаймашта» 92%-ды, Петропавл ауыр машина жасау зауытында 63%-ды, Алматы ауыр машина жасау зауытында 38%-ды, Өскемен арматура зауытында 41 %-ды кұрап отыр.
Машжна жасаудың экономикадағы рөлі. Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның құрамына үш топқа біріктірілген ондаған салалар кіреді:
1) машина жасау (машиналар мен құрал-жабдық шығару);
2) металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, маши-
налар мен құрал-жабдыктарды жөндеу;
3) «кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл
балқыту).
4) Жалпы өнім шығаруда машина жасау көшенінің үлес салмағы.
Машина жасау кешенінің маңызы - оның шаруашылықты әр түрлі ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Ауылшаруашылық | ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒЫДАЙЫНА ТАЛДАУ
» Курстық жұмыс: Тарих | Қазақстан мен Эстония қарым қатынастары
» Курстық жұмыс: География | Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қоғамдық өндіріс және кәсіпорынның өндірістік құрылымы
» Курстық жұмыс: Тарих | Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым қатынастар

Іздеп көріңіз:
курстык Көлік геграфиясы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар География курстық жұмыстар, Көлік геграфиясы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]