Курстық жұмыс: Экономика | Компанияның айналым капиталы
Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................................2
І Компанияның айналым капиталы.............................................................3
1.1 Айналым капиталының мәні және құрылымы...........................................3
1.2 Айналым капиталын тиімді пайдаланудың көрсеткіштері................10
ІІ Компанияның айналым капиталымен қамтамасыз етілуі.............21
2.1 Компанияның айналым капиталына қажеттілікті анықтау................21
2.2 Айналым капиталының қалыптасуының қайнар көздері......................26
ІІІ Қорытынды.......................................................................................................32
ІV Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................33
І Компанияның айналым капиталы
1.1 Айналым капиталының мәні және құрылымы
Өндірістік немесе басқа да коммерциялық қызметпен айналысатын кез-келген кәсіпорынның, негізгі және айналым капиталы түріндегі, мүлігі немесе активті капиталы болуы тиіс.
Айналым капиталы деген түсінік айналым құралдарға тең түсінік және қызметті іске асыруға қажетті шаруашылық субъекті мүлігінің бір бөлігі болып табылады.
Айналым капиталы – бір уақытта өндіріс процесіне де және өнімді сату процесіне де қатысатын шаруашылық қызметке қызмет көрсететін құралдар.
Кәсіпорынның айналым капиталының негізгі міндеті - өндіріс пен айналым процестерінің үздіксіздігін және ырғақтылығын қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның айналым капиталы өзінің қызметі немесе өндіріс процесіндегі ролі бойынша айналымдағы өндірістік қорларымен айналым қорына бөлінеді.
Айналымдағы өндірістік қорлар өндіріс сферасына қызмет көрсетеді. Оларға мыналар жатады:
- еңбек заттары (шикізат, материалдар, отын және т.б.);
- арзан бағалы және тез тозатын еңбек құралдары;
- аяқталмаған өндіріс;
- болашақ кезеңдердің шығыстары;
Сонымен , айналымдық өндірістік қорлар өзінің бастапқы формасын жоғалтып, өндірілген өнім құнына өзінің құнын толығымен аударады. Осының бәрі бір өндірістік циклде немесе айналымда жүреді.
Айналам қорлары өндіріс процесіне тікелей қатыспайды, олардың міндеті айналым процесін ресурстармен қамтамасыз ету, кәсіпорын қаражаты айналымына қызмет ету және өндіріс пен айналымның бірлігіне қол жеткізу. Айналым қорлары дайын өнім мен ақша қаражаттарынан тұрады.
Топтаудың белгілері
Айналым құралдары
Қызметтік міндет:
Айналымдық өндірістік қорлар (өндіріс сферасы)
Айналым қорлары
(айналым сферасы)
Өндірістегі ролі:
Запас түріндегі құралдар
Өндіріс құралдары
Дайын өнім
Ақша және дебиторлық қарыз
Іріленген элементтер
Еңбек заттары
Еңбек құрамы
Аяқ-талма-
ған
өнім
Болашақ
кезеңнің
шығыс-
тары
Дайын өнім
Тау-
ар-лар
Ақша
Жоспарлау дәрежесі
Мөлшерлі:
Мөлшерсіз:
Кәсіпорынның айналым капиталы құрамының сызбасы.
Өндірістік запастағы айналым құралдарға өндірістік процеске әлі түспеген және қоймадағы запастар түріндегі, еңбек заттары және құрамы болып табылатын , өндірістік заттық элементтер жатады. Өндірістік запастағы айналым құралдар айналымдық өндірістік қорлардың басым бөлігін құрайды.
Еңбек заттары құрамына мыналар кіреді:
- шикізат пен негізгі материалдар;
- Қосымша материалдар – отын, ыдыс тара және қораптау ыдыс материалдары, бөлшек заттар;
- сатып алынған жартылай фабрикаттар және жинақ бұйымдар.
Айналым қорлардың арнайы тобына арзан бағалы және тез тозатын заттар кіреді. Олар өздерінің экономикалық міндеті бойынша еңбек құралдары болып табылады және негізгі өндірістік қорлар құрамында есептелінуі тиіс, өйткені өндіріс процесінде бірнеше рет қатысып және өзінің бастапқы материалдық – заттық формасын бірдестен жоғалтпайды.
Аяқталмаған өнім - бұл өндіріс процесіне түскен, бірақ өнделудің барлық операцияларынан өтпеген еңбек заттары. Оларға аяқталмаған өндіріс өздері өндірген жартылай фабрикаттар жатады.
Болашақ кезеңдердің шығыстары осы жылы жаратылатын, бірақ болашақ жылдық өніміне жататын жаңа өнімді, жаңа технологияны дайындауға және игеруге кететін шығындар . Өндірістегі айналым қорлардың құрамында аяқталмаған өндіріс негізгі үлесін құрайды. Болашақ кезеңнің шығыстарының үлесі айналым өндірістік қорлардың бес пайызынан аспайды.
Айналым қорлардың негізгі бөлігін дайын өнім құрайды. Ол кәсіпорын қоймасындағы дайын өнім мен жіберілген тауарларға бөлінеді.
Жіберілген тауарларды келесі бағыттар бойынша қарастыруға болады:
- төлеу мерзімі әлі болмаған;
- төлеу мерзімі өтіп кеткен;
- сатып алушыда сақтауда жатқандар;
Соңғы екі топтағы жіберілген тауарларды кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалаудан көруге болады. Өйткені олар есептеулер мен келісім тәртібін бұзу нәтижесінде және сатып алушыда қаражаттың болмауы немесе анықталған ақаумен байланысты пайда болады. Айналым қорлардың осы тобының өсуін, қалайда болмасын, болдырмау керек. Өйткені олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын нашарлатады. Бұл айналым қаражаттарды қосымша қайта бөлуді талап етеді. Бұл өндірістік циклден түсіп қалған ақша қаражаттары мен уақытында түспеген түсімдер мен байланыста.
Айналым қорлардың екінші бөлігі - ақша қаражаттары мен дебиторлық қарыз.
Ақша қаражаттары, біріншіден қаржылық инструменттерде, несие банктік мекемелердегі шарттарды, құнды қағаздарды және екіншіден кәсіпорын кассасында болады.
Дебиторлық қарыз – есеп беруге міндетті адамдардың қарызы, салықты артық төлеген кездегі салық органдарының қарызы және аванс түрінде салынатын басқа да міндетті төлемдер.
Дебиторлық қарыз әрқашан айналымнан қаражаттарды бөліп алады. Бұл оларды тиімсіз пайдалануды білдіреді және кәсіпорынның қаржылық жағдайын нашарлатады.
Дебиторлық қарыздың айналым қорлардың құрамындағы үлесі айтарлықтай жоғары және шамамен 14%-ды құрайды.
Айналымдық құралдар құрамында ликвиттілік дәрежесі бойынша жылдам сатылатын және баяу сатылатын қаражаттары немесе активтерді бөледі.
Жылдам сатылатын активтерге қысқа мерзімді қаржы салымдары жатады- депозиттер, құнды қағаздар, сатып алынған және қайта сату үшін сатып алынған тауарлар мен мүлік, айқын дебиторлық қарыз, жіберілген бірақ мерзімінде төленбеген тауар.
Баяу сатылатын айналым қаражаттар жартылай фабрикаттар, бітпеген өндіріс қоймада сатылмай қалып кеткен тауарлар, күдікті қарыз.
Әр нақты кәсіпорындағы айналым құралдардың көлемі , олардың құрамы мен құрылымы өндірістік ұйымдастырушылық және экономикалық сипаттағы көптеген факторларға байланысты :
- өндірістің салалық ерекшеліктері мен қызметтің сипаты;
- өндірістік циклдың күрделілігі мен ұзақтығы;
- запастардың құны мен өндірістік процестегі олардың ролі;
- жеткізіп берудің шарттары мен ырғақтылығы;
- есеп жүргізудің тәртібі;
- өзара келісім міндеттерін орындау;
Айналым құралдардың көлемі мен құрылымының оптималды деңгейін анықтау және оны ұстап тұру үшін аталған факторларды ескерту айналым капиталды басқаруджың маңызды мақсаты болып табылады.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт – қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым қаражаттары -бұл өндірістік айналым қорларын құру пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Айналым қаражаттарының мәні- ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролі мен анықталады. Айналым қаражаттарының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің ара қатнасын атайды. Кәсіпорындардағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол , не бұл мезетін сипаттайды.
Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымнан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндірісінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражатының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.
Айналым қаражатының құрамы мен құрылымы
Кәсіпорындарда айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалы мен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.
Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым қаржыларын ұйымдастыру мыналардан тұрады: Айналым қаржыларын қажеттілігін анықтау және олардың құрамы мен құрылымын қалыптастырудың көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т.б.
Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын аспаптар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.
1.2 Айналым капиталын тиімді пайдаланудың көрсеткіштері
Кәсіпорынның жекеменщік айналым капиталының болуы, оның құрамы мен құрылымы, айналым жылдамдығы және оларды тиімді пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына және оның қаржылық нарықтағы тұрақтылығына ықпал етеді. Сонымен қатар мыналарға әсер етеді:
- төлем мүмкіндігіне, яғни өзінің міндеттемелерін өз уақытында жабу мүмкіндігіне;
- ликвиттілігіне-кез-келген уақытта қажетті шығыстарды көтеру мүмкіндігі;
- қаржылық ресурстарды болашақта әрі қарай шоғырландыру мүмкіндігіне.
Айналым капиталды тиімді пайдалану кәсіпорын жұмысының бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | ААҚ ТҰК Казхром экономикалык қызметін талдау
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы компаниялардың капитал құрылы
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның айналым қаражатын ұйымдастыру
» Курстық жұмыс: Менеджмент | АҚ КазМұнайГаз дың қаржылық жағдайына талдау
» Курстық жұмыс: Экономика | Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау
» Курстық жұмыс: Экономика | ААҚ ТҰК Казхром экономикалык қызметін талдау
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы компаниялардың капитал құрылы
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның айналым қаражатын ұйымдастыру
» Курстық жұмыс: Менеджмент | АҚ КазМұнайГаз дың қаржылық жағдайына талдау
» Курстық жұмыс: Экономика | Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау
Іздеп көріңіз: