Курстық жұмыс: Экономика | Кәспорынның кірістері мен шығыстары жалпы түсім мен пайда
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................
1 Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің табыстары және оларды талдау
1.1 Табыс ұғымы және нарық жағдайында табыстың ролі
1.2 Табыстылықты талдау маңызы, міндеттері
және ақпарат көздері.............................................................................................
1.3 Табыстылықтың көрсеткіштері және оларды талдау..................................
2 Кәспорынның кірістері мен шығыстары, жалпы түсім мен пайда
2.1 Кәсіпорын қызметінде кірістер мен шығыстардың басты
қайнар көздері........................................................................................................
2.2 Кәсіпорынның өндірістік шығындарын төмендетудің
негізгі бағыттары...................................................................................................
3 Жалпы кәсіпорынның кірісі мен шығысының айырмашылығы
3.1 Шығындар және аралық тұтынудың құрамы түсінігі..................................
3.2 Пайда және шығын есебі................................................................................
Қорытынды............................................................................................................
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі.......................................................................
1 Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің табыстары және оларды талдау
1.1 Табыс ұғымы және нарық жағдайында табыстың ролі
Табыс — кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы. Таза табыс экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда табыс экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза табысын қамтиды.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші табыс түсімі болып табылады. Табыс дегеніміз — тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, табыс — бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын кызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі — қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, табыс құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанша бұйым тек жумсалган шығынды ғана өтеп, ешқандай табыс келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не?
Шынында да, кәсіпорын қорлануының мөлшері неге байланысты? Егер белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған онім өндіруді арттырып, оның сапасын жаңсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шығыны азайтылса, табыс мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырды деген сөз.
Табыс баланстық және есептеулік болып болінеді. Жалпы баланстық табыс мынадан құралады:
• тауарлы өнімдерді сатудан түскен табыс;
• тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдсрден және қызмет көрсетуден түскен табыс немесе зиян;
• сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен табыс немесе зияндар.
Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.
Есептеулік табыс — бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық табыс.
Табыс жоспары бағалар мсн келісім-шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар не-гізіғтде жасалады. ІІайда көлемін анықтау тікелей ессптеу немете талдау әдістерімен жүргізіледі. Табысты тікелей есептеу әдісімен аныктау - өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.
Табыс белгілі бір нысандарды орындайды.
Біріншіден, кәсіпорын ңызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды.
Екіншіден, табыс ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементтері болып табылады.
Үшіншіден, табыс бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден-бір көзі. Ол бюджетке салык түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға табысланады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді
Кәсіпорынның табысы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық табысиың жиынтық деңгейі — кәсіпорынның жалпы табысы. Жалпы табыстың негізгі жиынтық элементтері болатындар:
• өнімді сатудағы, қызмет атқарудан, қызмет көрсетудсн түсетін табыс;
• негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін табыс;
• өткізуден тыс операциялардыд қаржы нәтижелері.
Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты:
өнім бағасы жәнс оны өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы — сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.
Табысты үлестіру объектісі косіпорынның баланстық табысы болып табылады. Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Табысты үлестіру заңдылығы — салық және басқа да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі. Табысты үлестірудің бағытын анықтау, кәсіпорынның қарауында қалатып, құрылым статьясын пайдалану кәсіпорынның құзіретіне жатады.
Табысты үлестірудің принциптері:
- кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған табысты шаруашылық субъөктісі ретінде мемлекет пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;
- мемлекет алған табыстың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес.
- Салықтың құрамы жәнө алымы, оларды өсептеудің және бюджст жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;
- салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын табыс мөлшері өнім көлемінің артуы жәнс өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек;
- кәсіпорынның қарауында қалатьга табыс өуелі кәсіпорынныц одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға багытталады, ал қалган бөлігі тек тұтынуга кетеді.
- Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық табыс екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі — кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі — тұтынуға пайдаланатын табыс үлесін сипаттайды. Сонымен, тутынуға бағытталған барлық табысты толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған табыс қалдығының үлкен маңызы бар және алдагы жылдардағы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады.
Бөлінбеген табыс кең мағынада табыс ретінде түтынуға пайдаланған және еткен жылдардағы табысланбаған табыс кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.
Кәсіпорындарда табысты үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді. Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:
• кәсіпорынның тапқан табысының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы;
• кәсіпорынның тапқан табысының сатылған өнімнің озіндік құнына қатысы.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады, Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы Шетелдік арнаулы әдебиеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықталады:
Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бұл есеп-тік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы". Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық, салынғанға дейінгі дағдылы қызметте алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайларданалынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.
Бұны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы – директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіиорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды:
нені, қалай және кім үшін өндіру керек. Табыс табу кез келгеи кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты больш қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл приицип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мезімдік несиелерімен жабылуы мүмкін. Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыс-тылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Ол тек екі қызмет атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші, қоғамның, кәсіпорын ұжымының, және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды, Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы керсеткіштері қолданылады.
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы кәрсеткіштеріне .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Кірістер мен шығыстар есебі
» Курстық жұмыс: Экономика | Банктердің шығыстары мен кірістері
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ ның қаржылық есептілігінң негізінде кәсіпорынның қаржылық жай күйін бағалау
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның табыстылығы және оның талдау міндеттері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.
» Курстық жұмыс: Экономика | Кірістер мен шығыстар есебі
» Курстық жұмыс: Экономика | Банктердің шығыстары мен кірістері
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ ның қаржылық есептілігінң негізінде кәсіпорынның қаржылық жай күйін бағалау
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның табыстылығы және оның талдау міндеттері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.
Іздеп көріңіз: