Курстық жұмыс: Ақпараттық жүйе | Кітап қорын есепке алу және өңдеу процесіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың алатын орны

Курстық жұмыс: Ақпараттық жүйе | Кітап қорын есепке алу және өңдеу процесіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың алатын орны

Мазмұны

К І Р І С П Е ....................................................................................................3
І-тарау Кітапхана жүйесіндегі кітап қорының
жалпы мәселелері.......................................................................................... 9
1.1 Кітапхана қорын толықтырудың негізгі жолдары.......................... 9
1.2 Кітапхана қорын есептеудің түрі мен формасы..................................19
1.3 Кітапхана қорына келіп түскен құжаттарды есепке алу...................24

ІІ- тарау Кітап қорын есепке алу және өңдеу процесіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың алатын орны
2.1 Кітап қорын есепке алу және өңдеу процессі жаңа кезеңде...........31
2.2. Ауылдық кітапхана қорының Өзегі....................................................43
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................58


I-тарау Кітапхана жүйесіндегі кітап қорының жалпы
мәселелері
1.1. Кітапхана қорын толықтырудың негізгі жолдары
Жалпы «кітап қорын толықтыру» деген түсінік кітапханалық жұмыс барысына ХХ ғасырдың басында күшке ене бастады. Кітап қорын толықтыру ісі дегеніміз-оқырмандардың қызығушылығына қарай, талап-тілектеріне сай әрдайым кітап қорын толықтырып отыратын жұмыстың түрін атаймыз.
Толықтырудың үш түрін белгілеуге болады:
- ағымды - осы жылғы шығарылып отырған құндылықтармен кітапхана қорын толықтырып отыру;
-өткенді шолатын - жетіспейтін әдебиеттерді өткен жылдардан алып, толықтырып отыру;
- қайта толықтыру - қордан ескірген, сұранымы мүлдем жоқ әдебиеттерді тазалап отыру.
Толықтырудың ең маңызды түрі - ағымды. Осы жұмысты қолданып отырған кітапханалар жаңа әдебиеттер түсімі жағынан 80-90 пайыздық көрсеткішті көрсетіп отыр. Өйткені бұл тиімді. Ағымдағы толықтыру барысында кітапханалар ағымдағы және перспективті библиографиялық құралдарды қолданады. Себебі, бұл құралдар кітапханашыға баспагерлік жоспарларда қандай өзгерістер мен жаңалықтар болып жатқандығы жайлы мәліметтер береді. Осы баспалардың негізінде кітапханашы – тікелеу баспадардың өзінен алғашқы тапсырыстарды бере алады. Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінде: кітап қорын толықтырудың тақырыптық-типологиялық және шұғыл жоспары каталогтармен жүргізілетін жұмыстардың даму жоспары, каталогтар жүйесі туралы ереже, жеке каталогтар туралы ереже, кітапханалық-библиографиялық жіктеу кестелерінің жұмысқа пайдаланытын данасы, баспа шығармаларына библиографиялық сипаттама жазу бойынша әдістемелік шешімдердің картотекасы, кітап қорын толықтыруға көмек көрсететін картотека, сондай-ақ кітап қорын толықтыру мәселесі бойынша әдебиеттер мен нұсқау - әдістемелік құжаттарды ұйымдастыруға қажетті ақпараттық-библиографиялық құжаттар жүйесінің мемлекеттік стандарттары, қажетті сөздіктер, анықтамалар болуы әбден қажет. Қазіргі таңда ұлттық әдебиеттер депозитарлық қорын құрастыру басты мәселелердің бірі болып отыр. Осының нәтижесінде облыстық әмбебап ғылыми кітапханаларда ғылым мен білімнің сауалдарын қамтамасыз ететін депозитарлық әдебиет қорларын ұйымдастыру жүргізілуде.*
Жалпы ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қорын толықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Республика кітапханаларында қазақ тіліндегі әдебиеттерді пайдалану мен толықтыру мәселелері жөніндегі зерттеу қорытындыларын өндіру жоспары» туралы анықтама жазылған. Онда облыстық ғылыми әмбебап кітапханаларды кітап қорының пайдаланылуы мен жалпы жағдайы толық айтылған. Материалдардың барлығы қазақ тіліндегі әдебиеттердің пайдаланылуы мен толықтырылуы туралы белгілі бір дәрежеде жан-жақты мәліметтер берді.

*Қазақстан көпшілік кітапханасына арналған кітап қоры өзегі-құраст. Б.Шаймерденова;ред.А.Қ.Маметова.- Алматы, ҚРҰК.-1993.-65б.
Осы уақыт аралығында кітапхана қызметінде қандай өзгерістер болды, қазақ оқырмандарын өз ана тіліндегі кітаптармен қамтамасыз ету, пайдалану дәрежесі өсті ме? Күрделі және кішігірім кітапханалар үшін міндетті дана-МД- ауадай қажет. Ол міндетті түрде әр баспадан шығарылып отырған басылымнан тираждың бөлігін көрсетеді. Көлемдік жағынан МД жалпықоғамдық, республикалық және жергілікті болып үшке бөлінеді. Кітапханаларға ұсынылу жағынан-ақылы және ақысыз, қатыстылығы жағынан - ведомстволық және ішінара ведомстволық, хронологиялық сипаты бойынша - локалды мақсатпен құрылған үздіксіз және уақытша іс-әрекет, толықтығы жағынан - толық және бөлшекті, белгіленуі бойынша - жалпы оның мақсаты. Осы қағидалардан құрылған түсінік МД сипатын аша отырып, елдегі міндетті дана жүйесінің толық мәтінді құрылуына себеп болады*.
Соңғы 10 жылдық уақыт мерзім ішіндегі кітапханалардан жиналған мәліметтер кітапханалардың кітап қорларының грампластинкалармен, магнитофонды ленталармен, кассеталақ дауысты жазбалармен, фильмдермен, диафильмдермен, диапозитивтермен - яғни аудиовизуалды материалдармен қамтамасыз етіліп жатқандығы мәлім болды. Аудиовизуалды материалдардың тақырыптары әртүрлі, музыкалық жазулардан тартып құжаттар мен фактілерге дейін. Кітапханалар мұндай құндылықтармен өз қорларын 30-жылдардан тартып толықтыра бастады. Және де ХХ ғасырдың екінші жартысында тұтынушылардың жаңа талаптары мен сұраныстарына орай аудиовизуалды материалдарды көбірек иемдену процесі өсті.

* Павлова В. Как получить местный обязательный экземпляр//Библиотека.-1999.- №2.-С.29-30
Кітап қорын толықтырудың маңызды бір сұрақтарының келесі бағыты - кітаптардың бағасы. Кітап қорының толық мәтінді толықтырылуы да кітаптардың бағасына байланысты болады.
Кітап қорларының құрылуы, сақталуы мен пайдалануы келесі жүйелер арқылы анықталады:
-біріншіден, кітап қорлары адамзаттың сауаттылығының өркендеуіндегі кез-келген сала бойынша алғашқы ғылыми ақпарат тәрізді;
-екіншіден, барлық типтегі кітапханалар ынтымақтастықтардағы кітап қорларының толықтырылуын талап етеді.
Кітап қорларын құрудағы, сақталуы мен пайдалануында көптеген нәтижелі жұмыстар жүргізіліп отырса да қорлармен жұмыс жүргізудің әдістері мен формалары әрдайым жаңа тапсырыстар мен қызметтерді қажет етеді.
Қазақ және басқа тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Мәдениет, ақпарат министрлігі және оның жергілікті ұйымдары, кітапханалардың кітап қорын қазақ тіліндегі әдебиеттермен барынша дерлік толықтыруға ерекше көңіл бөлуді қолға алды. Қорытындылау барысында республика кітапханаларындағы кітап қорын қазақ тіліндегі әдебиеттермен толықтыру және оны пайдалану біршама жақсарды.
Жаңа түскен әдебиеттердің қазақ тіліндегі ара салмағына талдау жасасақ: Республикадағы жергілікті ұлт өкілдері басым орналасқан облыстарда қорға түскен жалпы жаңа әдебиеттердің жоғарғы көрсеткіштері Қызылорда –58,7 %, Жамбылда-47,9%, Атырауда-47,2 %, Оңтүстік Қазақстанда-60%, Алматы-41,8%, Ақтөбеде-47%, Талдықорғанда-30,0%, ал ең төменгі көрсеткіштер Қостанайда-13,0%, Қарағандыда-17,0 %.
Дегенмен ең төменгі көрсеткіштердің сақталуы кітапхана қызметкерлерінің баспа өнімдеріне деген сұраныстарының жеткіліксіздігі.
Кітапхана өзі қызмет көрсететін мекемелердің сұранымдарымен, олардың даму бағыттарымен танысу арқылы оқырмандардың өскелең талаптарына сай, келешекте өндірістік мәселеге қажет болатын кітаптарды алуды жоспарға енгізеді. Жоспар жасау басқа кітапханалардың қорын зерттеп, кітап қорын толықтыруды солармен үйлестіру ісі де кітап қорын толықтырудың дұрыс жоспарын жасауға көмектеседі.
Бүгінгі күні кітап қорын толықтырудағы бұрынғы көзқарасты мүлде өзгерту, уақыт ағымына сай адамгершілік қасиеттермен қатар түрлі көзқарастағы әдебиеттермен тең толықтыру оқырман талабынан туындап отырғандығы бәрімізге мәлім. Соңғы уақытта дінге деген қызығушылық артып, діни әдебиеттер қорын қалыптастыру арқылы діни сауаттылықты жетілдіру, дінді насихаттау шаралары қолға алынды.
Осындай мәселелерден әрбір кітапхана қорына ерекше өзіндік көзқараспен қарап, қор құрамын күнделікті зерттеу арқылы мазмұны терең, сан-салалы әдебиеттермен толықтыру мақсаты туындайды. Қалада 100-ден аса көпшілік кітапханалар бір торапқа біріктірілген. Оқырмандар ақпараттық материалға тапсырыс, сұраныс немесе мерзімін ұзарту тағы да басқа жұмыстарды бір жерден пайдалана алады. Бірнеше орталықтандарылған кітапханалар жүйесі бар, олардың кітап қоры, жабдықтары бір орталықтан толықтырылады, каталог жұмыс процестреді де бір орталықтан атқарылады, бұл кітапханашылар жұмысын жеңілдетеді. Көптеген кітапханаларда үлкендер мен балаларға қызмет көрсетіледі.Бүгінде Интернет желісі барлық елде таралған, бірақ қажетті ақпаратты бүкіләлемдік желіден іздеп табуға мүмкіндік жасауда кітапханалардың ролі маңызды.
Кез-келген кітапханалардың кітап қоры кездейсоқ кітаптардың жиынтығы емес, ол кітапхананың алдына қойған мәселелерін шешуге әсер ететтін, ойластырылып, жинақталған арнаулы қоры болып саналады. Сондықтан кітапханада кітапхана қорын оқырмандар талптарына сай жоспарлы, ғылыми тұрғыда толықтыруға арналған жоспар жасалынады. Оны жасамас бұрын кітапхаханның меңгерушісі алдын-ала бірнеше дайындық жұмыстарын жүргізеді. Ең алдымен тұрғын санын анықтап алады.
Кітапхана өзі қызмет көрсететін мекемелердің сұранымдарымен, олардың даму бағыттарымен танысу арқылы оқырмандардың өскелең талаптарына сай, келешекте өндірістік мәселеге қажет болатын кітаптарды алуды жоспарға енгізеді. Жоспар жасау басқа кітапханалардың қорын зерттеп, кітап қорын толықтыруды солармен үйлестіру ісі де кітап қорын толықтырудың дұрыс жоспарын жасауға көмектеседі.
Жоспардың мынадай түрлерін атап кетуге болады: кітап қорын толықтырудың тақырыптық жоспары; кітап қорын толықтырудың оперативтік жспары және келешекке жасалған жоспар.
Тақырыптық жоспар дегеніміз кітап қорын нақты деректерге сүйене отырып, дұрыс толықтырудың негізгі бағдарламасы болып саналады. Онда кітапхана қорына алынатын басылым түрлері және әр тақырып бойынша кітаптардың шамамен алынған данасы көрсетіледі. Сондай-ақ басқа кітапханалар қорын толықтыруды өзара үйлестіру, сирек сұралатын кітаптарды кітапханаралық абонемент арқылы алдыру сияқты мәселелер бұл жоспарда өз шешімдерін табады.
Тақырыптық жоспар бірнеше жылдарға жасалады. Ол кітапхана қызмет көрсетіп отырған тұрғындар сұраныстарына енген өзгерістерге байланысты, сондай-ақ кітапхана оқырмандарының назарын аударатын жаңа тақырыптардың пайда болуына қарай, баяу өзгеріп отырады.
Бір ғана қызметкері бар кішігірім кітапханалар тақырыптық жоспар жасамай-ақ, кітап қорын толықтырудың саласын анықтап алса да болады. Мұнда да тақырыптық жоспар жасағандағыдай жергілікті кеңестік ұйымдармен, бас мамандармен кеңесе отырып жасау керек және олардың көмегімен шаруашылықтың даму бағытын оның күнделікті және болашақтағы жоспарлармен, міндеттемелермен танысып алу қажет.
Егер кітапхана қызмет ететін ықшам уадандарда кішігірім өнеркәсіп мекемелері орналасқан болса, онда оның шығаратын өнімдерінің түрін, қолданылатын құрал-жабдықтарын жұмысшылардың өндірістік мамандықтарын ескеру қажет болады. Осы жинақталған деректерге сүйене отырып, облыстық кітапхана жіберген үлгі бойынша жасалған кітап қорын толықтыру саласы кіттапхана қорларына жіберіледі.
Кітап қорын толықтыруды ұйымдастыру мәселелері кітапхананың жылдық жоспарының тиісті бөлімінде беріледі-мұны оперативтік жоспар деп те атайды. Онда кітап қорының қай бөлімдерін баса толықтыру қажеттігі, қай бөлімін зерттеп білу керектігі, баспалардың тақырыптық жоспары бойынша алдын-ала тапсырыс беру тәсілі және кітап қорын толықтыруға көмекші карточкалар жасалып, оған енгізілетін өзгерістерді анықтау мәселелері көрсетіледі.
Жоспарға кітап қорын толықтырудың шамамен алынған сан көрсеткіштері енгізіледі. Сан көрсеткіші бір жылға бөлінген қаржы мөлшері мен кітаптың орташа бағасы бойынша есептелініп шығарылады.
Кітап қорын негізінен кітапхана - кітап дүкен, мемлекеттік тапсырыс арқылы толықтыратын болғандықтан бөлінген қаржының ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Жылжымайтын мүліктер агентігі
» Курстық жұмыс: Медицина | Хирургия бөлімінің» қосымшасын құру және деректер қорымен жұмыс істеу
» Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Кітапхана бөлімінің Мәліметтер Базасын құру(ұйымдастыру)
» Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйес
» Курстық жұмыс: Экономика | Кафедрада жасалатын оқу жоспары есептеу жұмысын автоматтандыру

Іздеп көріңіз:
курстык Кітап қорын есепке алу және өңдеу процесіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың алатын орны жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Акпараттык жуйе курстық жұмыстар, Кітап қорын есепке алу және өңдеу процесіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың алатын орны

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]