Курстық жұмыс: География | Кіші Алматы өзені СЭС тен 164 км жоғары бекетінің гидрологиялық сипаттамаларын есептеу

Курстық жұмыс: География | Кіші Алматы өзені СЭС тен 164 км жоғары бекетінің гидрологиялық сипаттамаларын есептеу

Мазмұны

Кіріспе
1. Кіші Алматы өзенінің қысқаша физико-географиялық сипаттамасы ....................................................................................
1.1 Климаты............................................................................................
2. Ағындыны қалыптастыратын факторлар......................................
2.1 Өзендердің гидрографиясы мен су режимі ..................................
2.2 Жамылғы беттің атқаратын рөлі..................................................
2.3 Гидрогеологиялық жағдайы...........................................................
3 Өзен ағындысын есептеу..............................................................
3.1 Гидрологиялық деректер жеткілікті болған жағдайда ағындыны есептеу...........................................................................
3.2 Бақылау қатары аз (10-20 жыл) болған жағдайда қалыпты ағындыны есептеу....................................................................…...
3.3 Бақылау қатары жетікілікті болған жағдайда орташа жылдық су өтімінің қамтамасыздық қисығын тұрғызу..............................
3.4 Өзеннің ең жоғарғы ағындысын есепте........................................
3.5 Өзеннің ең төменгі ағындысын есептеу.......................................
Қорытынды.......................................................................................
Қолданылған әдебиет тізімі


1 КІШІ АЛМАТЫ ӨЗЕНІНІҢ ҚЫСҚАША ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Географияалық ориаласуы
Қарастырып отырған Іле Алатауының солтүстік бөлігі шығысында Шелек өзені бойындағы тау етегінен басталып батысында Шамалған өзеніне дейін 100-180 км-ге созылыңқы, ал ені – 50-70 км-ді қамтиды. Аймақтың солтүстік бөлігі Қапшағай бөгенімен шектеледі де, жалпы ауданы шамамен 6 мың км2-ты құрайды. Бұл аймақ пайда болуы жағынан алғанда Іле Алатауының дамуымен тығыз байланысты, рельефі өте күрделі және Іле тауортасы ойпаты түбінен (қазіргі Қапшағай бөгенінің түбі) 4-4,5 мың м-ге биіктей отырып ендік бағытқа созылған. Ең жоғарғы биік шыңдары орталық бөлігінде орналасқан, әрі Талғар тауы торабы деп аталады (ең биік нүктесі Талғар шыңы – 5017 м абс.). Бұл тау жотасының батыс және шығыс шеткі бөліктері төмендеп, батысында Кіндіктас үстүрті түріндегі массивке, ал шығысында Сарытау, Боқай, Қараш және т.б. орташа тау сілемдеріне бөлінеді. Іле Алатауы анық байқалатын зональді құрылымға ие. Тау жүйесі ағынды қалыптасатын зонаға жатады, мұнда Іле Алатауының солтүстік беткейінің су ресурстары қалыптасады.
Зерттеліп отырған тау алды-жазықтық аймақ тау жүйесінен мұнда келіп түсетін су ресурсының таралу зонасы болып табылады және ауылшаруашылық қажетіне жақсы игерілген. Аудан егін шаруашылығына климаты жағынан да және топырағымен де қолайлы болып келген. Су ресурстарының қалыптасу жағдайына және олардың өзара қатынасу сипатына байланысты Іле Алатауының солтүстік беткейі және тауалды-жазықтық ауданын үш зонаға бөлуге болады.
1. Су ресурстарының қалыптасу зонасы – жартасты палеозойлық жыныстардан құралған және аймақ өзендерінің негізгі қоректену обылысы болып табылады.
2. Ысырынды конус зонасы – өзендердің біріккен ысырынды конустарынан құралған және өзендердің беттік ағындысының, ирригациялық және метеорлық сулардың қарқынды жұтылуы орын алатын зона болып табылады.
3. Ұсақ дәнді суды нашар өткізетін төменгі төрттік шөгінділерден құралған және жер асты суларының шығу зонасы болып табылатын тауалды еңіс жазықтық.
Қолдағы бар әдебиеттерге талдау жасау нәтижесі қарастырып отырған аймақтың су ресурстарының тасымалдануы беттік және жер асты суларымен өзера тығыз байланысты екенін көрсетеді. Бұл байланыстылық беттік ағындының қоректену жағдайымен және жер асты суының гидрографиялық желіге жақын жатуымен, негізгі су өткізгіш қабаттардың суды өз бойына сіңіруі мен суды өткізуімен, суды нашар өткізетін жыныстардың кездесуімен, тектоникалық жарықтардың (жарықтық бұзылыстар) орын алуымен түсіндіріледі. Мұндай қасиеттер өз кезегінде тау жыныстарының генетикалық табиғатына (литологиялық құрамына) тәуелді және рельеф түзетін факторлармен анықталады. Іле Алатауының қазіргі кездегі рельефінің пайда болуына еңбектеріне келісімді жаңа тектоникалық қозғалыстар анықтаушы рөл атқарған. Қоректену мен ағынды өз кезегінде өзендердің рельеф түзуші әрекетіне тікелей әсерін тигізеді. Ал қоректену ең алдымен әр географиялық зонаның климаттық факторларымен және су циклімен байланысты.
Жоғарыда мазмұндалғаннан туатыны өзеннің қалыптасу зонасынан ойпаттың төменгі бөлігіне (эрозия базисі) қозғалуы кезінде ағындының тасымалдануын анықтайтын факторларға мыналар жатады:
1. Ағындыны қалыптастыратын факторлар.
2. Төсеніш беттің атқаратын рөлі.
Төменде бұл факторлардың әрқайсысын жеке қарастырамыз.

1.2 Килматы

Қарастырып отырған аумақтық климатын және оның жекелеген сипаттамаларын зерттеумен әртүрлі кезеңдерде метеоролог, географ, топырақтану және басқа мамандар айналысты. Аумақтың климаттық жағдайының қорытынды тұжырымдары жұмыстарда келтірілген.
Іле Алатауы материктің ішіне сұғына еніп орналасқан және мұнда солтүстік, солтүстік-батыс және полярлық, тропиктік және арктикалық ауа массалары енеді. Полярлық ауа массасы жиі қайталанады, ал арктикалық масса сирек келеді. Қыс мезгілінде аумақта сібір антициклоны басым болып келеді. Көктемде Атлантика, Жерорта және Қара теңізідерінен келетін циклондар мен ылғалы мол ауа массалары жиірек байқалады, әрі жылдық жауын шашының көп мөлшерін әкеледі. Жазда жылы тропиктік ауа жиі енеді және олар көбнесе аңызақ тудырады.
Атмосфераның жалпы циркуляциясымен бірге жазықтық бөлікте буланған ылғалды тауға тасымалдайтын және мұнда конденсацияға ұшырайтын жергілікті таулық-аңғарлық циркуляция да орын алады. Жалпы зерттеліп отырған аумақтың климаты тым континентальді, құрғақ, шөлейт, ал таулық бөлігінде қоңыржай. Жазықтыққа ыстық жаз, жұмсақ жылымық болып келетін және жылдам суынатын қыс, ауа температурасынның үлкен жылдық және тәуліктік амплитудасы тән. Аумақтың климаттық жағдайына атмосфералық жауын-шашын мен ауа температурасы басты рөл атқарады.
Атмосфералық жауын-шашынның қарастырып отырған аймақтың жекелеген аудандары бойынша таралуы бірыңғай емес. Жауын-шашынның түсуі гипсометриялық және геоморфологиялық жағдайлардың өзгеруінен орын алатын анық зональді сипатта болып келеді. Мұнда жылына 300-750 мм жауын – шашын түседі, оның көп мөлшері жылдың жылы мезгіліне сәйкес келеді.
Жауын-шашынның таралуына биіктік зоналдылықпен бірге ендік зоналдылық та жақсы байқалады. Олардың көп мөлшері аумақтың биік Талғар жоталарымен қоршалған орталық бөлігіне (Үлкен және Кіші Алматы, Талғар, Есік өзендері алаптары) түседі. Талғар тау жотасы баръерімен жабылған аумақтың шығыс аудандарының ылғалдануы төмен болып келеді. Мысалы, шамамен бір гипсографиялық биіктікте орналасқан Алматы, ГМО МС (батысында) және Малыбай МС-тарында (шығыс шетінде) жауын-шашын мөлшері 629 және 216 мм. Яғни Талғар тау торабы қоршаған аумақтан биік орналасуымен барлық уақытта суық болып қалып, өзіне атмосфералық ылғалды сорады және оны мұздықтарды конденсацияға ұшыратады.
Ысырынды конустардың тауалды шлейфінде қыс мезгілі қоңыржай салқын, қарлы; жазы жазықтыққа қарағанда салқындау, әдетте жаңбырлы болып келеді.
Тауға көтерілу барысында 1800 – 2500 м биіктікте жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ге дейін және одан да жоғары өседі, ал одан арғы биіктіктерде оның шамасы біршама кемиді .
Қар жамылғысының режиміне жергілікті жердің биіктігі және беткейлер экспозициясы елеулі әсерін тигізеді. Аласа таулы зонаның солтүстік экспозицияларында қар жамылғысы қарашаның ортасында – желтоқсанның басында, ал оңтүстік экспозицияларында қар жамылғысы қарашаның наурыздың екінші-үшінші онкүндігінде бұзылады.
Сонымен, тұрақты қар жамылғысы орнайтын кезең биіктік зоналдылыққа тәуелді: егер Іле өзені аңғарында ол 60-90 күнге созылса, ал аласа таулы зонада ол шамамен жылына 120 күнге созылады. Қар жамылғысының биіктігі де әртүрлі: жазықтықта және тауалды жолағында оның биіктігі 10-30 см шегінде болып келеді, максиал мәндері 40-60 см-ге жетуі мүмкін. Қардағы су қоры да жердің биіктеуімен және экспозицияның оңтүстіктен солтүстікке өзгеруімен өседі. 456 м абс. Биіктікте (Қапшағай) қардағы максимал су қоры 78 мм-ді, 1000 м-де – 50-100 мм-ді құрайды.
Аймақтың ауа температурасының өзгеруінің негізгі заңдығына оның жергілікті жер биіктігінің өсуімен бірге төмендеуі, сондай-ақ 1400-1600 м биіктіктерде қыс мезгілінде температуралық инверсияның орнауы жатады.
Жыл ішінде ауа температурасының биіктік бойымен сондай-ақ жергілікті жердің ені бойынша өзгеру сипатталады. Орташа жылдық ауа температурасы жазықтықта 8-9оС-тан 3000 м биіктікте (Мыңжылқы МС) минус 2,4оС-қа дейін, ал мұздық зонасында ол минус 8-10оС-қа дейін төмендейді. Теріс таңбалы орташа айлық ауа температурасы жазықтықта 3-4 айға созылса, ал биік тауларда – 7 және одан көп айларға созылады. Ең суық ай қаңтар, ең ыстық ай – шілде
Қарастырып отырған аумақта тәуліктік ауа температурасының өзгеруінің үлкен амплитудалы болып келуі тән. Мұндай жағдай жартасты беттерде ылғалдың конденсацияға ұшырауын тудырады, конденсацияланған ылғал тас жарықтарымен ағып, таудағы жер асты суларының қорын толтырады. Мұндай конденсация И.С. Соседов және Л.Н. Филатов мәліметтері бойынша (1969) Іле Алатауында негізінен жазда жүреді, дегенмен жалпы алғанда булану шамасы конденсациядан жоғары болып келеді.
Аумақ ауасының ылғалдылығы ауа температурасымен, жауын-шашын мөлшерімен, булану шамасымен және циркуляциялық процестердің сипатымен анықталады. Жергілікті жердің биіктеуімен бірге орташа жылдық абсолюттік ылғалдылық 456 м биіктікте (Қапшағай) 7,3 мб-дан 3017 м биіктікте (Мыңжылқы МС) 3,4 мб-ға дейін төмендейді. Ауа ылғалдылығы тапшылығының орташа жылдық мәні 456 м биіктікте 9,2 мб-дан 3017 м биіктікте 2,6 мб-ға дейін кем
2 АҒЫНДЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ФАКТОРЛ
2.1 Өзендердің гидрографиясы мен су режимі.

Қарастырып отырған аумақтың беттік сулары аймақтың жер асты суларының қалыптасуына маңызды және елеулі рөл атқарады және шығу тегімен (гидравликалық) соңғысымен тығыз байланысты. Бұл ағынды сулар Қапшағай бөгенінің сол салалары болып табылады. Іле Алатауының солтүстік беткейінің қалыптасу зонасында қарқынды эрозияға ұшыраған өзендер – типтік тау өзендері, олардың бойлық профилі жақсы анықталмаған. Тауалды жазықтығына шыққанннан кейін олардың суы азайып, ал ағысы тынышталады. Регион өзендері ағындысының қалыптасуы және су режимі жөніндегі зерттулер В.Л Шульц (1949, 1963) О.П. Щеглова (1960), З.Т. Беркалиев (1964), А.Ф. Литовченко (1963, 1971), Ю.Б. Виноградова (1967, 1976), Л.А. Емельянова және т.б. жұмыстарында қарастырылған.
Өзендердің су режимі негізінен климаттық жағдайлармен, атап айтқанда жауын-шашынның режимі мен мөлшерімен, ауа температурасының таралуымен, буланумен, өзендердің қоректену көздерінің қатынасымен, рельеф сипаттарымен, сондай-ақ өзен алабтарының гидрогеологиялық және басқа ерекшеліктерімен анықталады. Ағындының құралуының негізгі бір факторы алап рельефі болып табылады және ең алдымен ол жергілікті жердің абсолюттік биіктігі. Су жинау алабының абсолюттік биіктігінің өзгеруімен бірге климат және төсеніш беттің факторлары өзгереді, яғни өзеннің қоректену жағдайы өзгереді. Сонымен қатар өзендердің қоректенуінде биік таулы аудандарда мұздықтар, мәңгілік қарлар елеулі рөл атқарады, ал орта таулық және тауалды белдемдерінде маусымдық қар жамылғысының, сұйық жауын-шашынның және жер асты суларының рөлі елеулі өседі.
Аумақ өзендері бастауларының биіктік орындарымен, қоректену көзінің типіне және су өтімінің режимі бойынша келесі келесі топтарға бөлінеді:
1. Қар-мұздықпен қоректенетін таулық типті өзендер (Талғар, Есік, Үлкен және Кіші Алматы, Шелек, Түрген, Қаскелең, Ақсай және басқ.).
2. Қармен және бұлақ көздерімен қоректенетін тауалды өзендері (Қотырбұлақ, Қайназар, Рахат, Белбұлақ және басқ.) .
3. Бұлақ көздерінен, қарасулардан және ысырынды конустарының шеткі бөліктерінен қоректенетін өзендер (Сұлтан-қарасу, Саз-Талғар, Қарасу, Леп және басқ).
Таулық типті өзендер бастауын 3000 м-ден жоғары биіктітіктерден бастайды және аралас қоректенеді. Көктемгі су тасуы қардың әр биіктік зоналарда еруіне байланысты созылыңқы (наурыз-мамыр). Жазғы су тасуының маусымның басынан басталып тамыздың аяғына дейін созылуы мұздықтардың еруінен орын алады. Н.Н. Пальгов мәліметтері бойынша
3000 м биіктік зонасында ағындының 50 – 90%-ын мұздықтардан еріген су береді.
Биіктіктің кемуімен және су жинау алаптарының аудандарының өсуімен бірге жер асты суымен қоректену үлесі өседі. Таудан шығар кезінде өзендердің мұздықтармен қоректену үлесі 7-29%-ды құрайды, қалған үлесі жаңбырмен, қармен және жер асты суымен қоректенуге тиесілі. Алматы селағындары станцияларының мәліметтері бойынша Кіші Алматы алабындағы Кімасар өзенінің вегетациялық кезеңдегі жер асты суымен қоректену үлесі 56-дан 86%-ға дейін өзгереді. Ал межень кезеңінде (судың сабасына түскен кезеңі) жер асты сулары өзендердің негізгі қоректену көзі болып табылады. [Литовиченко А.Ф 1963]
Тауалды типті өзендер ортатаулық зонадан басталады және оларды негізінен жер асты сулары қоректендіреді, олардың ұзындықтары 15-20 км болып келеді. Олардың орташа жылдық су өтімі 1,0 м3/с-ке дейін. Су тасуы кезңінде мұндай типті өзендер олардың алаптарында борпылдақ материалдардың кең таралуынан өте көп мөлшерде жүзбе материалдарды тасиды. Бұл өзендер қардың еруі кезінде суының төмендігімен және қысқа тасқындармен ерекшеленеді. Олардың көпшілігі тау етегінде ысырынды конустарда жоғалады.
Жазықтықтық типті өзендер (қарасу) жер асты суларының шығатын жерлерінде пайда болады, көбінесе бұлақтан қоректенеді, әрі оған қар және жаңбыр қосылады. Қарасулардың режимі жыл бойы тұрақты.
Тауалды-жазықтық аумақта жауын-шашын аз түседі, әрі жоғары ауа температурасына байланысты булану көп мөлшерде жүреді. Сондықтан ысырынды конустарда борпылдақ шөгінділердің көп таралуынан өзендер жазықтыққа шыққаннан кейін сулары грунтқа сіңуімен және булануға жұмсалумен таяздана береді. Ағындының көп бөлігі егіндік алқапты суаруға алынады. Сол себепті ірі өзендердің өздері де әр жылы суын Қапшағай бөгеніне жеткізе бермейді.

Кесте 1 - Іле Алатауының солтүстік беткейінің негізгі өзендерінің гидрографиялық сипаттамалары

Өзен Ұзындығы, км Су жинау алабының ауданы, км2 Өзеннің құламасы м Су өтімі, м3/с
Таудан шығарда сағада
Шелек 240 5349 3449 32,5 30,5
Түрген 104 929 3423 6,88 4,10
Есік 110 1140 3144 4,82 3,00
Талғар 108 648 3478 10,8 5,40
Қаскелең 153 4170 3369 3,90 15,2
Үлкен Алматы 80 461 2963 4,73 2,30
Кіші Алматы 108 1240 3379 2,26 2,60
Ақсай 66 570 2758 1,85 2,60
Шамалған 72 553 3059 1,60 1,40





2.2 Жамылғы беттің атқаратын рөлі

Аумақтың геологиялық құрылымы күрделі және әртекті болып келеді. Ең ерте пайда болған жыныстар жасы бойынша протерозойға (бұдан 550 млн жыл бұрын) жатады. Олар тау жотасының өстік зонасында кішігірім учаскелерінде тараған. Жасырақ – полезойлық шөгінділердің пайда болуына құмды-сланецті жыныстар, әктастар, конгломераттар, құмдар, алевролиттер және т.б. жатады. Сонымен қатар магмалық жыныстар – порфориттер, сондай-ақ граниттер және гранодиориттер мен сиениттер тараған.
Кайнозойлық жас жыныстар тек борпылдақ немесе нашар цементтелген кесек жыныстар түрінде болып келеді. Кайнозойлық шөгінділер қызыл түсті саздан, ұсақ қиыршықтас-жұмыртасты конгломераттардан және төрттік кезеңдік қойтасты-жұмыртастардан құралған. Аты аталған кайнозойлық шөгінділердің ішінде біз ең жасы – төрттік антропогендік кезеңнің шөгінділерін қарастырамыз, өйткені олар зерттеліп отырған аумақ бетін түгелдей алып жатыр. Олар б.э.д. бір миллион жыл ішінде пайда болған және шығу тегі бойынша өзендік, мұздықтық және эолдық болып ажыратылады. Олар ірі қойтасты-жұмыртастар, мұздықтық қойтастар, құмды-сазды шөгінділер және лёсс түріндегі жыныстар түрінде болып келеді. Мұндай антропогендік шөгінділер тек биік таулы рельефте, қуатты тау өзендері, мұздықтары бар және қарқынды тау түзілу қозғалысы жүретін жерлерде түзілуі мүмкін. Аймақтың рельефі, антропогендік шөгінділері және аумақта жиі болып тұратын жер сілкінулер Жер тарихының соңғы этапында және қазіргі уақытта қарастырып отырған аймақта ірі тектоникалық қозғалыстың жүріп жатырғандығын көрсетеді. Г.М. Медоев (1951), В.Ф Шлыгина (1965), (1972) және басқа авторлардың зерттеулері бойынша қатпарлы-тау Іле Алатауы ұзақтығы 12 млн жылға созылған жаңа тектоникалық қозғалыс деп аталатын Жер тарихының соңғы этапында пайда болды, бірақ қарқынды тау қалыптасуы антропогендік кезеңде бір млн жыл ішінде жүрді.
Неотектоникалық қозғалыс нәтижесінде қарастырып отырған аймақ жарық сызығы бойымен бірқалыпты емес көтерілуі және төмен түсуі жүріп отыратын екі облысқа бөлінген. Көтерілуі байқалып отырған ауданға Іле Алатауының биік жоталы бөлігін, төмен түсуі байқалатын облысқа – тауалды иілу (прогиб) зонасын жатқызуға болады. Төмен түсу облысы полезойлық фундамент (региональдік су өткізбейтін қабат) жер бетінен 1000 – 1200 м -ден (Түрген – Шелек өзендерінің аралығы) 3500 метрге дейін ( Алматы иілімі) тереңдікке түскен тау етегі зонасын қоса қамтиды. Мұндай өте үлкен қазаншұңқырлар кайнозойлық борпылдақ ірі сынықты аллювиальді-пролювиальді шөгінділердің қуатты қабаттарымен жабылған, олар жер асты суларының негізгі коллекторлары қызметін атқарады. М.Ж. Жандаев және басқа авторлардың картометриялық зертеулері бойынша Ақсеңгір тауы етегінің батыс бөлігінің инверсиялық көтерілуіне байланысты Қаскелең өзенінің арнасының шығысқа ауытқуы, ал Алматы ойысының қарқынды төмен түсуінен Есік, Талғар өзендеріні батысқа ауытқуы байқалады .
Төрттік шөгінділерді Іле ойысы үшін жіктеу схемасын Н.Г. Кассин ұсынды, ол геоморфологиялық деңгейлердің Тянь-Шанның үш рет мұздануымен байланыстылығы туралы ой тастады. Кейінірек төрттік шөгінділердің геологиялық-литологиялық құрылымы көптеген авторлардың ірі масштабтық геологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық карталарын жасау процесінде оқылды. Олардың зерттеулеріне сәйкес зерттеліп отырған аумақтың төрттік шөгінділерінің геология-литологиялық құрылымы жайнда жалпы түрде түсінік алынды.
Шөгінділердің стратиграфиялық бөлінуі климаттық, гидрогеологиялық және ортотектоникалық жағдайлардың өзгеруімен байланысты седиментациялаудың аймақтық режимдеріне негізделген. Олардың ішіндегі ең байырғылары қойтасты-жұмыртастар және құмдар қабаттарынан тұратын төменгі төрттік шөгінділер болып табылады. Жазықтықта таудан ұзаған сайын қойтасты-жұмыртастар ұсақ жұмыртастар мен құмдармен ауысады. Ойыстың өстік бөлігінде төменгі төрттік шөгінділер көптеген ұңғымалармен ашылған, бірақ олардың жасы барлық жерде дәлелденбеген. Жекелеген учаскелере бұл шөгінділер тығыздауыштармен нығыздалған. Олардың максимал қуаты 160 м, минимал қуаты 1015 м (Николаевка кенті тұсында).
Қойтасты-жұмыртасты ысырынды конустарын лёсс түріндегі саздар және орта төрттік жастағы лёсс қабаты көмкерген. Тауалды шлейфінде олар ертедегі ысырынды конустардың тар жолақ қалдық-террасасы түрінде сақталған. Саз қабаттарының қуаты Алматы учаскесінде 120 м-ге , Талғар, Түрген өзендері өзендері алабында 25-30 м-ге дейін құбылады. Жазықтықта орта төрттік аллювиальді-пролювиальді шөгінділер Қаскелең өзенінің шығысына қарай қазіргі кез өзендерінің су айрықтарын құрай отырып, жайылма үстілік террасалардың екінші кешенін құрайды.
Бұл жыныстардың литологиялық құрамы әртекті. Олардың ішінде құмдауыт-сазды (Кіші Алматы – Талғар, Түрген – Шелек) және құмды-жұмыртасты (Шелек ысырынды конусы) шөгінділер тараған.
Жоғарғы төтрттік аллювиальді-пролювиальді шөгінділер жазықтықта қазіргі гидрографиялық желінің төменгі терраса кешенін құра отырып қазіргі рельефтің ойыстау жерлерін қалыптастырады. Жоғарғы төрттік шөгінділердің қуаты, әдетте, 20-30 м-ден аспайды. Аллювиальді-пролювиальді шөгінділер беткі жағынан қуаты бірнеше метр болатын лёсс түріндегі саздармен жабылған.
Қазіргі кезеңдік шөгінділер барлық жерлерде тараған және өзендердің сағалық учаскелерін құрайды, мұнда олар жұмыртасты линзалары бар тұнбалы құмдар, құмды саздар, сазды құмдар түрінде тараған. Бұл ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Кіші Алматы өзені СЭС тен 164 км жоғары бекетінің гидрологиялық сипаттамаларын есептеу жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар География курстық жұмыстар, Кіші Алматы өзені СЭС тен 164 км жоғары бекетінің гидрологиялық сипаттамаларын есептеу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]