Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте сақтау процесі
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................3
I Тарау Қалыпты және көру бұзылысы бар балалардың
зейінінің психофизиологиялық негіздері .
1.1 Қалыпты балалар зейіннің ерекшелігі.............................................7
1.2 Көруі бұзылған балалардың зейін ерекшелігі................................14
II Тарау Кіші мектеп жасындағы балалардың көру
бұзылысын зерттеу
2.1 Көруі бұзылған балалардың зейінінің қалыптасуы мен дамуы...21
2.2 Зерттеу әдістері.................................................................................25
Қорытынды ............................................................................................38
Әдебиеттер тізімі....................................................................................40
I Тарау Қалыпты және көру бұзылысы бар балалардың
зейінінің психофизиологиялық негіздері
1.1 Қалыпты балалар зейінінің ерекшелігі.
Зейін - арнайы бір уақытта, қандай да бір обьектке баланың іс-әрекетінің шоғырлану процесі.
Егерде зейін сыртқы ортадағы обьектке шоғырланса онда оны сыртқы зейін деп атайды, ал егерде субьективті әлемдегі обьекттерге бейнелеп, талқылап шоғырланса онда оны ішкі зейін деп атайды.
Зейінде өзіндік мазмұн болмағанымен таным процестерімен тығыз байланысты (қабылдау, есте сақтау, ойлау). Бірақ ол психикалық процестерге емес оның серпінді құрылымына қатысты. Жеке тұлға зейін қойған уақытта оның сана сезімі таңдаулы түрде обьектке бағытталаған және мақсатты түрде шоғырланады. Зейін нейрофизиологиялық механизімдерден таралған күрделі психофизиологиялық процесс.
Когнитивті процестерді зертеуде негізгі теориялық мәселе ретінде зейіннің механизімі мен заңдылығын зерттеу болып табылады.
Тәжірибе жүзінде зерттеулердің анықтауы бойынша зейіннің дамуы таным процестерінің, ерік жігердің және эмоционалды психикалық аймақтардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінінің қалыптасу деңгейі танымдық іс-әрекеттінің дамуына және білім алудың тиімділігінің дамуынак әсерін тигізеді және балалардың тек қарапайым әдіс арқылы оқытуды ғана емес сонымен қатар жаңа ақпараттық технологияларды жақсы қабылдай алады.
Ерте онтогенез дамуында тума немесе жүре пайда болған көрудің естудің төмен дәрежеде болуы зейіннің жетіспеушілігіне алып келеді.
Қазіргі таңдағы ғылымда зейіннің бұзылуы мен түзету мәселелерінің бірнеше аспектілері бар. Олар психолгия, психофизиология, нейрофармакалогия, нейрофизиолгия.
Зейін және оның түрлері. Зейіннің түрлері- зейін алды, ырықсыз, ырықты және зейінді ырықты түрде шоғырландыру.
Зейін алды - талдауыш жүйесіндегі сенсорлы ақпаратты нейродетекторлар арқылы өңдеуде санадан тыс автоматты түрдегі процесс. Ол ырықсыз зейіннің алдын алып көру арқылы бейнелердің қалыптасуларына негіз болады.
Ырықсыз зейін-генетикалық негіз, басқаша айтқанда жеке тұлғаға сыртқы обьекттермен жағдайларды әдейі ұғындыру сияқты, саналы түрдегі мақсатқа немесе субьектінің ынта-ықыласана қатысы жоқ, ол физиологиялық деңгейдегі бағытты рефлекс сияқты байқалады. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады.
- Сыртқы тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулар, түстер және т.б.) және сыртқы әсерлердің кеңістіктегі параметірлері.
- Жеке тұлға үшін өзекті қажетсінулерден пайда болған маңызды белгілердің бояуы.
- Тұлғаның бағытына қарай танымдық іс-әрекеті, қызығушылығы, эмоциясы.
Ырықсыз зейін сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты жылдам бағыт -бағдар алуына жеке тұлға өмірі үшін өте қажетті.
Ырықты зейін-адамның әрекетті саналы түрде мақсатқа бағытталған белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуы, ырықты зейін арқылы дамиды қойылған мақсатқа саналы түрде шоғырландыру, ырықты зейін арқылы өткен мен болашаққа бүрып реттеуге болатын психикалық процесс. Ол ұзақ уақыт есте сақтаған бейнелерді қайта жандандыруға қабілетті.
Ырықты зейін-балаға әр түрлі танымдық іс-әрекетте білім беруде өте маңызды роль атқарады. Ырықсыз зейін-бала алдында арнайы бір мақсат қойғанда ол вербальды емес түрдегі болсын мейлі сөйлеу көмегін қажет ететін тапсырмалар қойғанда болсын пайда болатын процесс. Тапсырма міндетті түрде түсінікті әр балаға ұнамды болуы шарт. Міне осындай жағдайда таңдаулы, тұрақты, қандайда бір обьекттерге, жағдайларға зейіні белсенді, баладан кейбір ерік жігерді қажет ететін ырықты зейін қалыптасады.
Кейінгі ырықты зейін- таңдаулы белсенділігі, тұлғаның қызығушылығына, маңыздылығына, іс-әрекеттің мақсаттылығына байланысты ырықты түрде зейінін шоғырландыру арқылы іс-әрекетінде қолдану.
Кейінгі ырықты зейін - ерік жігерді қажет ететін тек жалығу мен шаршаумен ғана шектеледі. Модальды ерекше түйсіну, көру, есту арқылы зейіннің түрі. Көру жүйесіндегі процестерде зейіннің таңдамалылығы 60 мс дан кейін қосылады ол есту мен самотосенсорлы жүйеде 20-30 мс дан кейін. Зейіннің жоғарғы түрі ырықты және постпройзвольды түрі іс-әрекетке қалыптасады. Балаларды белсенді әрекетке араластыруда ырықсыз зейін мен оның негізінде құрылған ырықты және постпройзвольды зейіннің дамуын жетілдіреді. Зейіннің түрлілігі оның әр түрлі қызмет атқаруында оларды әр түрлі онтогенезде қалыптасқан нейрофизиологиялық механизімдерді жетілдіреді.
Зейіннің мінездемесі - таңдамалылык, көлем, таралу, шоғырландыру, тұрақтылық, ауыстыру.
Таңдамалылық- сыртқы ортадағы жағдайларға және арнайы бір обьекттерге сана-сезімін тұрақтандыру, бұл дегеніміз сенсорлы, маторлы интеллектуалды белсенділік деңгейінің жоғарлауын білдіреді. Зейіннің таңдамалылығының ауқымы тар немесе кең болуы мүмкін.
Зейіннің көлемі - бір уақытта қабылдап отырған обьектілірдің саны (бейнеленген зат, геометриялық фигуралар, гүлдер, әріптер, сөздер, т.б.) обьектке байланысты және мәліметтердің ұйымдасқанына байланысты; қабылдау көлемі мен қысқа мерзімді есте сақтауға жақын. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінінің көлемі шектеулі олар есейе келе обьектілерді топтастыруға үйренгенде зейіннің көлеміде ұлғая бастайды.
Зейіннің таралуы - бір уақытта жылдам зейінді ауыстыруды талап етпейтін бірнеше тапсырмаларды орындай алу қабілеті. Мұндай зейіннің сапасы арнайы жаттығулар арқылы дамиды.
Зейіннің шоғырлануы - бір уақыт сыртқы әсерден тәуелсіз өз зейініңді қандай да бір обьектке немесе жағдайға шоғырландыру.
Обьектке немесе жағдайға өз зейініңді шоғырландыру деңгейі жоғары немесе төмен болуы мүмкін.
Зейіннің тұрақтылығы- бір обьектке немесе жағдайға өз зейініңді үзбей ұзақ шоғырландыру. Зейінді бір жерге тұрақтатып жинақтай алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді түрақтата алу үшін саналы әрекетке өзіңе күш жұмсай алудың басты бір белгісі болып табылады. Зейіннің тұрақтылығы арнайы бір обьектке қызығушылығына байланысты.
- Бір операциядан екіншісіне ауысуына уақыттың қажеттілігі.
- Бір операцияның орындалу жемісі; оның орындалу уақыты немесе көлемі.
- Арнайы бір операцияның орындалуындағы дәлдік.
Арнайы бір жаттығулар арқылы балабойындағы зейінін жылдам ауысу қабілетін дамытуға болады.
Жоғарыда айтылған мінездемелердің бәрі бір зейіннің қызметі. Зейінге берілген мінездемелердің жоғарғы қалыптасқан деңгейі оқыту-тәрбиелік процессте өте маңызды орын алады. Әсіресе бала бойында көру арқылы зейін, таңдамалылық зейіні, шоғырландыру, таралуы мен көлемі қажетті деңгейде дамыса баланың компьютерге оқыту өте жемісті болар еді. Көруі бұзылған балалар үшін кеңістікті бағдарлай алуын дамыту үшін ауысуы мен таралуына арналған зейін түрі өте маңызды.
Когнитивті процестер жүйесіндегі зейін. Зейін қабылдап отырған обьекттерге, қозғалыстарға, ойға шоғырлануы мүмкін. Осыған қарап отырып әр түрлі зейіннің түрлері-сенсорлы перцептивті, маторлы, ақыл-ой болып бөлінеді.
Зейін және қабылдау зейіннің психикалық қызметінің бағыты мен шоғырлануы сыртқы ортаны қабылдау тиімділігі. Көру арқылы зейін қабылдау аперцепциясымен байланысты. Кіші мектеп жасындағы балаларда зейіннің мазмұнын дамыту өте маңызды. Кіші мектеп жасындағы баланың бағдарлы зерттеу әрекетінің орындалуы үшін және осы кезеңдегі қабылдаудағы перцептивті қызметтің дамуы үшін үлкен роль атқарады. Көру арқылы зейіннің қалыптасуы баланың қабылдаудың белсенді түрлері мен қоршаған ортадағы өзіне маңызды қасиеттерді таңдамалылық қабілетін дамытады. Зейіннің қалыптасу деңгейіне, көру арқылы қабылдаудың дәлдігімен толықтығы тығыз байланысты. Зейін әлсіреген жағдайда сенсорлы перцептивті процесстің бұзылуы байқалады бұдан біз көру бейнелерінің қалыптасуында біршама өзгерістер байқалады.
Зейін және есте сақтау. Зерттеу тэжірибелерінде зейінді шоғырландырған жағдайда есте сақтау қабілеттің жоғарлағаны байқалады. Зейіннің жағдайы нәтижелі есте сақтауға өте маңызды әсері бар. Зейін арқылы есте сақтаудың нәтижелілігін зерттеді. Зерттелушіге сөздер мен әр түрлі түстермен салынған суреттер ұсынды. Ереже бойынша барлығын есте сақтау қажет болды. Есте сақтауға арналған ереже бойынша зерттелуші тек зейін қойған суреттерді есіне түсіре алады. Есте сақтау үшін суреттердің түсі, түрі немесе сөз ешқандай әсер берген жоқ.
Зейін және ойлау. Ішкі талдау үшін ойлау қызметі ұзақ мерзімді есте сақтаумен байланысты. Ойлау ментальды зейін процесімен тығыз байланысты, ақыл-ой әрекетінің бағдарламасын орындауын ішкі бақылау қызметі арқылы қадағалап отырады.
Зейіннің психологиялық теориясы. Когнитивті психологияда зейіннің әр түрлі теориясы бар. Зейіннің құрылымдық функциялар теориясына назар аударатын болсақ, зейін ақпаратты өңдейтін тазартқыш тәріздес ол сенсорлы жүйеге ақпараттар ағымы шектеу арқылы қорғайды. Теорияға сәйкес семантикалық ақпараттарды өңдеу ырықты зейін арқылы жүреді.
Кеш өңдеу теориясында маңызды семантикалық ақпаратты өңдеу автоматты түрде орындалады. Мотивацияның төмен болуынан зейіннің аз көлемімен ғана жұмыс істелінеді. Әртүрлі қызмет саласы әр түрлі зейін көлемін қажетсінеді.
Қазіргі кезеңдегі теорияда сенсорлы нышандарды интеграциялауда және белгілуде зейіннің таңдамалылығы жайлы теория ең жағымды. Бұл теория нейрофизиологиялық моделге сүйенеді. Осы нышандарға сүйене отырып бейнелі көру құрылымы қалыптасады.
Н.Н. Ланге, табиғи зейінді түсіну арқылы ең танымал деген ойларды талдай келе зейін тұжырымдамасымен теориясын қосып бірнеше топтарға бөлді.
1. Зейін қозғалушы бейімделудің нәтижесі ретінде. Мұнда адамдар ырықты түрде өз зейінін бір заттан екіншісіне ауыстыра алса онда зейін бұлшықеттердің қозғалысынсыз іске асыру мүмкін емес.
2. Зейін сана сезімнің көлемінің шектеулі болуының нәтижесі ретінде. Сана сезімнің көлемі деген мағынаны тарқатпас бұрын И. Герберт және У. Гамильтанның ойынша қарқындысы аз болжамды ығыстырып тастай алады.
3. Зейін эмоция нәтижесі ретінде. Бұл теория англиядағы психологтар ассоциация мүшелері арасында көптеген жақтастарын тапты. Мұнда жағдайдың эмоционалділігі зейінге әсер етеді дегеннанымға негізделген болатын. Мысалы Дж. Миляның мына ойы көпшілікке мэлім ол «Жағымды әсердің болуы ол оған деген аса зейін қою идеясымен тура» деген.
4. Зейін аперцепцияның нәтижесі. Индивидтің өмірлік тәжірибесінің нәтижесі.
5. Зейін жанның ерекше белсенді қабілеті тәріздес.
6. Зейін жүйке тітіркенулерінің қозғышы ретінде осы болжамға сүйенсек зейін орталық жүйке жүйесін қоздырулардың ұлғаюымен байланысты.
7. Жүйкенің әлсірсу теориясы. Зейіннің негізгі фактілерін түсіндіру арқылы физиологияның жүйке процесі келесі физиологиялық процесті тоқтатып тұрады немесе басып тастайды, осы арқылы сана сезімнің шоғырландыруы пайда болады.
Зейін теориясының ішіндегі кеңінен таңымал Т. Рибо теориясы онда эмоция мен оны тудыратын фактілермен тығыз байланысты. Әсіресе эмрция мен ырықты зейінмен байланысты екенін айтты. Рибоның ойынша зейіннің шоғырлануы эмоциялық жағдайлармен тығыз байланысты деген.
Рибоның ойынша зейін ағзаның физиологиялық және физикалық жағдайының өзгеруімен байланысып отырады. Бұл физиология тілімен айтқанда зейін өзіндік жағдайлары демалу, қозғалу және ырықты немесе ырықсыз реакцияларға қатысты.
Т. Рибоның теориясынан басқа өзгеде атағы жағынан келе түспейтін теориялары бар. Мысалы Д.Н. Узнадзенің ойынша зейін мақсат қойғыштықпен тығыз байланысты деп есептеген оның ойынша ішкі орнатулар зейіннің жағдайы деп ойлаған.
Зейін жайлы өте қызықты тұжырымдаманы П.Я. Галперин де ұсынған. Оның тұжырымдамасы төмендегідей:
1. Зейін бағдарлы-зерттеу әрекетінің және психологиялық әрекеттен құралған сәттердің бірі.
2. Зейіннің негізгі қызметі психолгиялық образдардың, әрекетердің мазмұнын бақылау. Әр адамның іс-әрекетінде бағдарлау, орныдау және бақылау бөлімдері бар. Аталғанның соңғысы зейін деп танылған.
3. Әрекетке қарағанда бақылау әрекеті немесе зейіннің арнайы нәтижелілігіне бағытталған.
4. Әрекет ақыл-ойға байланысты емес сонымен әрекет әрекетке тек ақыл-ойдікі ғана емес сонымен қатар қысқартылған жағдайда ғана зейіннің тәуелсіз әрекет ретінде байқалады.
5. Егер зейінді психикалық бақылау әрекеті ретінде қарастыратын болсақ, онда барлық зейіннің әрекеттері мейлі олар ырықты немесе ырықсыз болсын оларды жаңа ақыл-ой әрекетінің қалыптасу нәтижесі болып табылады.
6. Ырықты зейін алдын ала бағдарлама бойынша орындалатын зейіннің .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Психология | Қалыпты және көру бұзылысы бар балалардың зейінінің психофизиологиялық негіздері
» Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың зейін процесін арнайы психикалық әдістері
» Реферат: Биология | Балалардың физикалық дамуы
» Курстық жұмыс: Психология | Мектеп жасындағы көру қабілеті бұзылған балалар
» Курстық жұмыс: Педагогика | Арнайы педагогика
» Курстық жұмыс: Психология | Қалыпты және көру бұзылысы бар балалардың зейінінің психофизиологиялық негіздері
» Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың зейін процесін арнайы психикалық әдістері
» Реферат: Биология | Балалардың физикалық дамуы
» Курстық жұмыс: Психология | Мектеп жасындағы көру қабілеті бұзылған балалар
» Курстық жұмыс: Педагогика | Арнайы педагогика
Іздеп көріңіз: