Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару жүйесі
Мазмұны
І. Кәсіпкерлік қызмет өндіріс факторы ретінде.
ІІ. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдану.
ІІІ. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару жүйесі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер .....
І. Кәсіпкерлік қызмет өндіріс факторы ретінде
Кәсіпкерлік - бұл меншік формасына тәуелсіз, азаматтар мен заңды тұлғалардың, таза кірісті, тауарларға деген сұранысты өз атынан, өз тәуекелі мен өзінің мүліктік жауапкершілігі арқылы қанағаттандыру жолымен алуға бағытталған белсенді қызметі.
«Кәсіпкерлік» пен «нарық» өзара тығыз байланысты. Нарықтық экономиканың жалпы да қысқа анықтамасы «еркін кәсіпкерлік экономика» деген ұғымды білдіреді.
Шынында да нарық кәсіп иесі мен ортасын, ал кәсіпкерлік нарық қатынасының сипаттамасын көрсетеді. Кәсіпкерлік – азаматтардың өз атынан, өз тәуекеліне, өз мүлік жауапкершілігіне, яғни пайда мен жеке кіріс алуға бағытталған тәуелсіз қызметін керсетеді.
Мемлекеттік заң кәсіпкерлікке шаруашылық қызметтің барлық түрін, сонымен қатар коммерциялық-делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, кеңес берушілік қызметтерді, құнды қағаздар операцияларын жүзеге асыруға рұқсат береді. Кәсіпкерліктің алғашқы формасы жеке және ұжымдық кәсіпкерлердің қызметі.
Жоғарыда келтірілген анықтамалар жеке табыс пен пайда табудағы кәсіпкерліктің басты қасиеті мен белгісі болып табылады.
Кәсіпкерліктің негізгі қасиеті іс жүргізудің жеңіске жеткізер қызметінің икемді де ыңғайлы жаңа түрлерін үздіксіз іздестіру, яғни өнімді, технологияны, тауарды, тұтынушылар ортасын, бағаны экономикалық әрекет ортасындағы өзгерістерге сәйкес өзгертеді. Кәсіпкер үшін тыныштықта тұрып қалу жат қылық. Өз атына сәйкес ол іске асырылатын қызмет пайдасының көп болуына, кем дегенде пайданың төмендемеуіне жағдай жасауы керек.
Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз – үздіксіз жаңалау ісі.
Кәсіпкерлік қызметтің сипаты. Кәсіпкерлікті алдын-ала белгісіз, бұлыңғыр жағдайда, тәуекелмен жүргізуге тура келеді. Бұл ұтылу қорқынышын туғызады. Дегенмен есеппен жұмыс істеген кәсіпкер нәтижелі жетістікке жетеді. Алайда кәсіпкер мемлекеттің бақылауымен жұмыс істейді.
Кәсіпкер арқылы кәсіпкерлік қызмет анықтамасы толық сипатталады.
Бекітілген заң бойынша Қазақстан Республикасының барлық азаматы заңды негізде бекітілгендей еңбекке қабілетті деп шешілсе, кәсіпкер немесе кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алады.
Жеке кәсіпкерлікпен қатар ұжымдық кәсіпкерлікке де рұқсат етіледі. Ұжымдық кәсіпкерлікке заңды түрде мүліктік негізделген азаматтар тобы жатады.
Кәсіпкерліктің арнайы мәртебесі жеке мекеме ретінде қатысушыға беріледі.
Кәсіпкер уақыт факторын есепке алу керек. Келісім жасау мерзімі қысқа болған сайын кәсіпкер үшін оның тиімділігі соғұрлым жоғары болады. Бірақ та ол тұтынушыға зиянын тигізбеу керек.
Кәсіпкерлік қызметтің мәні олар атқаратын қызмет арқылы ашылады:
- кәсіпкер – пайда алу мақсатында өндіріс факторларын тауар мен қызмет өндірудің біріңғай процесіне қосу ұсынысын қарастырады;
- кәсіпкер - фирма қызметінің сипатын көрсететін, фирманың іс-әрекетінің стратегиясын анықтаушы және оны жеңіске жеткізу жауапкершілігін өзіне алатын өндірісті ұйымдастырушы;
- кәсіпкер - коммерциялық негізде жаңа өнімді, жаңа технологияны, қызметті ұйымдастырудың жаңа тәсілін енгізуші жаңашыл;
- кәсіпкер - тәуекелден қорықпайтын және кәсіптік мақсатқа жетуге ұмтылатын адам;
Бұл қызметтерді жетістікпен атқару үшін адам белгілі қабілеттерге: белсенділікке, өз бетінше ойлау қабілетіне, шешім қабылдай білу қабілетіне, мақсатқа жету жолында шыдамдылыққа, ұйымдастыру және ұжымды игеру қабілетіне ие болуы керек.
Кәсіпкерлік қызметтің жалпы құрылымы мен оның түрлері. Кәсіпкерлік өзінің негізгі белгілерімен, қасиеттерімен қатар кәсіпкерлік қызметтің технологиясын жүзеге асырушы тәсіл де болып табылады. Оған істі жүзеге асыру белгілі бір бағыттағы тәртіппен жүргізілетін тізбектілік, өзара байланыс тән. Кәсіпкерлік экономикалық қызметке ерекше қасиет бере отырып басқарады.
Кәсіпкерліктің кәсіпкерлікке тән барлық түрінде көрінетін жалпы белгілерінің типті құрылымын қарастырып көрейік. Былайша айтқанда кәсіпкер қызметінің бірыңғай құрылымын.
Соңғы нәтижесінде кәсіпкерді белгілі бір тұтынушыларға әртүрлі қызмет көрсету және тауарға деген сұранысын тудыра отырып тауар (Т) сату арқылы ақшалай түсім (Ат) алуға шақырады. Сонымен қатар бұл жерде тауар мен қызмет кең шеңберде ұғындырылады. Бұның бәрі тұтынушының мұқтажы, сондықтан да ол ғимарат, құрылыс, үй, меншіктік бағалы заттар, тұтыну тауары, мәлімет, интелектуалды өнім, ақша, валюта, бағалы қағаздар, тұтыну, құрылыс және басқалай жұмыс түрлері мен қызметтері үшін ақша төлеуге әзір, яғни кәсіпкер соңғы өнім ретінде кез-келген тауарды өткізеді.
Бірақ тауарды өткізу үшін алдымен тауар болуы керек. Сондықтан да кәсіпкер алдымен тауарды алады немесе өзі өндіреді. Сонан соң тұтынушыға сату үшін оның қозғалысын жүзеге асырады.
Тұтынушыға тауар мен қызметті өткізу процесін жүзеге асыру үшін кәсіпкер кәсіпкерлік қызметтің керекті факторларын енгізуге, өндіріс жабдықтары мен тауар айналымына көңіл аударуы керек.
Нәтижесінде кәсіпкерліктің қисынды құрылымы төмендегі тізбек түрінде болады:
Аф – Ф – Т – Ат.
Кәсіпкер ақшаға (Аф) фактор (Ф) сатып алып, оны тауарға (Т) айналдырады және тауар мен қызметті сата отырып ақшалай түсім (Ат) алады. Осы процесті жүзеге асыра отырып ол ақшалай түсімнің (Ат) әр түрлі факторларды алуға кететін (Аф) ақшадан жоғары болуын қадағалайды.
Кәсіпкерлік қызметтің технологиясы төмендегіше құрылады. Барлық келісім-шарт белгілі уақыт тәртібінде жасалуы керек, келісім-шарттың жалпы ұзақтығы оның тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Кәсіпкерлік қызметтің жалпы типті технологиялық құрылымын одан әрі жетілдіру үшін қызмет түрінің әр түрін жеке-жеке қарастыру керек. Бұл үшін істердің ыңғайлы дұрыс жолдарын таңдай білу керек.
Кәсіпкерлік қызметтің кіріс және пайда әкелетін қызмет түрлеріне салық салынады және кәсіпкер бюджетке міндетті түрде төленетін телем түрлерін төлеуге міндетті. Егер кәсіпкер заңды тұлға ретінде кәсіпорын құратын болса, онда ол Салық Заңына сәйкес салық төлейді. Заңды тұлға ретінде тіркелмеген кәсіпкер азаматтарға кіріс салығы салынады.
Жалдамалы еңбекті тартпай ашылған кәсіпкерлік қызмет жеке еңбек қызметі ретінде, ал жалдамалы еңбекті тартушылар - кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік қызмет көлемі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
1) жеке кәсіпкерлік: бір адамның немесе оның жанұясының кез келген саналы еңбегі;
2) ұжымдық кәсіпкерлік.
Қызмет сипаты бойынша кәсіпкерліктің бірнеше формасы бар:
1) коммерциялық емес - баю мақсатында өнімді сатумен байланыссыз (қайрымдылық қызметі);
2) коммерциялық кәсіпкерлік - кіріс әкелетін іс. Еңбектің осы түрін кәсіпкерлік деп атайды.
Кәсіпкерлік – пайда әкелетін экономикалық қызмет Қызмет түрінің сипаты мен маңызына қарай отырып кәсіпкерлік келесі түрлерге бөлінеді:
- өндірістік кәсіпкерлік;
- коммерциялық кәсіпкерлік;
- қаржылық кәсіпкерлік.
Экономикалық қызмет жалпыға бірдей төрт типке бөлінеді:
- өндіріс;
- алмастыру;
- бөлу;
- тұтыну.
Өндірістік кәсіпкерлік өндірісте, коммерциялық кәсіпкерлік тауар мен қызметті тұтынуда, ал қаржылық кәсіпкерлік баға алмастыру мен ақша айналымында таралған. Өндірістік кәсіпкерлік деп есептеп, сонан соң коммерциялық және қаржылық кәсіпкерлікпен тізбекті аяқтаймыз. Сонда да қазіргі жағдайда кәсіпкерлер қызметтің қаймағын тезірек алып, коммерциялық саудадағы делдалдық салада көп пайда табуға тырысуда.
Өндірістік кәсіпкерліктің негізгі шеңбері: өндірістік мекемелер мен ұйымдар; коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі шеңбері: сауда ұйымдары мен тауар биржалары; қаржылық кәсіпкерліктің негізгі шеңбері: қаржылық-коммерциялық банктер мен қор биржалары.
Кәсіпкерлердің міндеттері мен мақсаттары. Кәсіпкердің мақсаты - белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асыруға қажетті жағдай. Мақсатты анықтаған кезде ең алдымен үш мақсатты элементті анықтайды:
1. Мақсаттың мазмұны;
2. Мақсаттың көлемі;
3. Мақсаттың уақыт факторы;
Өндірістік кәсіпкерліктің мақсаты екі сипатта болады. Өндірілген өнімді сата отырып пайда түсіру. Оны мүмкіндігінше көбейту - кәсіпкерліктің тікелей мақсаты. Бірақ пайданы сұранысқа ие болған, тұтынушыларға керекті өнімді өндіру арқылы ғана алуға болады. Сондықтан да кәсіпорын бір мезгілде басқа мақсатты да алдына қою керек. Ол – тұтынушылардың қажеттілігін жоғарғы дәрежеде толығымен қамтамасыз ету.
Басты мақсаты пайда түсіру болатын кәсіпорындар «коммерциялық» деп аталады. Құрылған коммерциялық кәсіпорындардың нақты мақсаттары мен тапсырмалары оларды құру туралы құқылық құжаттарда тіркеледі («Кәсіпорын жарғысы», «Құрылтайшылар жарғысы» және т.б).
Кәсіпкерліктің маңызды мақсаттарының ішіндегі ең маңыздысы – тауар және қызмет өндірісі, кірісіті көбейту, кәсіпті дамыту.
Өндіріс сферасындағы кәсіпкердің басты мақсаты - өнімге (жұмыс, қызмет) деген сұранысты табу және қалыптастыру, сұранысты өнім (жұмыс, қызмет) өндіру жолымен қанағаттандыру және осы өнімдерді (жұмыс, қызмет) тиімді сату.
«Жеке кәсіпкерді демеу және қорғау туралы» заңда кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың міндеттері қарастырылады.
Кәсіпкерлер еңбек заңына сәйкес азаматтарды жұмысқа қабылдаған кезде олармен еңбек шартын немесе келісім-шартын жасаулары керек. Келісімнің қай формасын таңдаса да өз жұмысшыларымен еңбек қатынасын жазбаша жасаулары керек. Ал жұмысшылар жұмысқа қабылданған кезде жазбаша жүргізілетінін білулері керек, болмаса басқаша жағдайда олар өздерінің құқығын дұрыс пайдалана алмайды.
Еңбек ұжымының талабы бойынша жеке кәсіпкер «ұжымдық келісім» заңына сәйкес ұжымдық келісім жасауы керек, сонымен қатар өзінің жұмысшыларының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын қорғау мақсатында кәсіподаққа біріккісі келсе оған кедергі жасамауы керек. Бір мекемеде бірнеше кәсіподақтың болуы мүмкін.
Заң бойынша кәсіпкер жұмысқа қабылданған жұмысшыларына еңбекақы төлеуді ұйымдастыруға міндетті, яғни ол жұмысшыларына ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде еңбекақы төлеуі қажет.
Егер еңбекақы төлеуге ақшасы болмаса ше? Бұндай жағдайда сақтық қорын пайдалануға болады, ал егер де сақтық қоры да болмаса онда кәсіпкер өзін банкрот деп жариялап, жұмысшыларын жұмыстан босатуы керек.
Арнайы құрылған тарату төралқасының шешімімен жабылған мекеме мүлкін сатып жұмысшыларьшен есеп айырысуға тиісті.
Кәсіпкердің ең басты міндеті – мемлекет алдында салық және басқа да қаржы міндеттемелерін толық орындау.
Бұл есептерді кәсіпкерлердің өздері жасайды да салық инспекциясына тексеруге, бақылауға ұсынады және есептелген соманы сәйкес шоттарға аударады.
Кәсіпкерлер экологиялық қауіпсіздікті, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария мен гигиенаны сақтауға да міндетті. Сонымен қатар ол қазіргі жағдай мен нормаға сай жасалуы керек.
Қажетті нормативті құжаттарды білмеймін деуге болмайды, бұл істе оны алу кәсіпкердің жұмысы, ал нормативті актіні сақтау міндеті. Кәсіпорынның қызмет істеу сферасы бойынша заңға сәйкес рұқсат құжатын алуға міндетті.
Кәсіпорынның ішкі және сыртқы орталары, кәсіпкерліктің формалары
Кәсіпорындар (фирма) дербес субъект болып есептеледі, ол ең алдымен экономикалық шешімдерді қабылдаудағы еркіндікті көрсетеді. Бірақ кәсіпорын қызметіне қатысты кез-келген шешім ішкі және сыртқы ортаның нәтижелерін есепке ала отырып жасалады. Фирманың ішкі ортасы - кәсіпорынның қызметінің барлық құрамын қамтитын өзінің экономикасы: өндірістік процестер, өнімді өткізу, қаржылық, материалдық және кадрлық қамтамасыздық, басқару жүйесі. Фирманың сыртқы ортасы - бұл кәсіпорынның ұлттық шаруашылықтың бөлігі ретінде қызмет атқаратын экономикалық, құқықтық және әлеуметтік ортасы. Кәсіпорынның сыртқы ортасы схема түрінде келесіше сипатталады.
Ұлттық шаруашылықтың кәсіпкерлік секторы экономикалық талдау мақсатында бірқатар маңызды белгілерге байланысты.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Кәсіпкерлік | Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдану
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпкершілік шаруашылық әдіс ретінде және оның негізгі түрлері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу және даму
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпкерліктің мәні формалары және бағыттары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту
» Курстық жұмыс: Кәсіпкерлік | Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдану
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпкершілік шаруашылық әдіс ретінде және оның негізгі түрлері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу және даму
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпкерліктің мәні формалары және бағыттары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту
Іздеп көріңіз: