Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖОСПАРЛАУ МЕН ТАЛДАУ
Мазмұны
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ МЕН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау негіздері .............................5
1.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi ..10
2 «ФУДМАСТЕР» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ......................................................................17
2.1 «ФудМастер» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы..............................................17
2.2 «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық жағдайына талдау..............................19
3. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖОСПАРЛАУ МЕН ТАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ........................................................................26
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен жоспарлауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары ...................................................................26
3.2 «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық жағдайын жақсарту шаралары..........37
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................42
1 КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ МЕН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау негіздері
Қазіргі жағдайда кәсіпорынның қаржысын жоспарлау саясатының негізгі нысаны - бизнес жоспар. Қазіргі кезде бизнес – жоспарлаудың қызметтері мынадай нысанда орындалады:
- бизнес стратегиясы мен оның даму концепциясын құру құралы;
- шаруашылық қызметтің жаңа бағытын бағалау құралы;
- несие тарту құралы;
- сыбайлас тарту құралы.
Бірінші функция мәні кәсіпкерлік қызметтің жаңа бағыттарын сату болып табылады. Екінші функция мәні - кәсіпорын шаруашылық қызметін бақылау мен талдауда бизнес – жоспарды қолдану. Үшінші қызметінде бизнес – жоспар кәсіпорынның несие қабілетін бағалаушы болады. Банкте несие беру үшін негізгі фактор болып бизнес – жоспар табылады. Банк кәсіпорындардан кепіл түріндегі қамтамасыз етуді емес, дұрыс жасалған бизнес – жоспар сүрайды. Төртінші қызметін орындауда кәсіпкерліктің жаңа түріне сыбайлас тарту
Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлаудың негізі болып салық сомаларын амортизациялық шығындарының, табыс болжамын, капиталды меншік және қарыздыққа бөлу, бағалы қағаздарды шығару, несие алу мерзімдерін таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін капиталды қажетсінуді анықтау.
Қысқа мерзімді қаржылық жоспарлау жоспарлық қаржылық көрсеткіштерді қысқа мерзімге ( жыл, квартал, ай) есептеуді білдіреді. Қаржыларды жоспарлау басқа қызмет түрлері сияқты өз міндеттері мен мақсатына ие.
Қаржыларды жоспарлау мақсаты болып ақшалай қаражаттардың түсу мөлшері мен олардың жоспарлы кезінде шығарылуын анықтау табылады.
Жоспарлаудың міндеттері:
- шаруашылық процесті қажет ақша қаржыларымен қамтамасыз ету;
- бюджет, банк, сақтандыру органдары және тағы басқа шаруашылық субъектілері мен қаржылық қатынас орнату. Бұл қаржылық қатынастар түскен ақша мөлшерімен және берілген ақша көлемімен (салық, несие пайызы, сақтандыру салымдары)өлшенеді;
- капиталды біріккен кәсіпкерлікке, бағалы қағаздарға салудың тиімді жолдарын анықтау;
- ақша қаражатын құру мен пайдалануға бақылау сату;
- ақша қаражатын үнемдеп қолдану есебінен табысты үлкейту.
Қаржылық жоспарлаудың маңызды мезеті жоспарлау стратегиясын анықтау болып табылады. Қаржылық жоспарлаудың стратегиясы табыс көздерінің, ақша түсу көздерінің, қаржылық жоспарды құрудың негізгі бағыттарын білдіреді.
Шаруашылық субъектісі (кәсіпорын) әртүрлі өндірістер, бөлімтар, қорлар, қызметтер (жөндеу), бөлімдер (қаржы, бухгалтерия) лаборатория, дүкен және тағы басқа бөлім мүшелерден тұратын жүйе болып табылады.
Аталған бөлімшелердің табыс алуындағы орны түрлі екені анық. Мысалы, шаруашылық субъектісі бухгалтериясыз болмайды, бірақ бухгалтериядан табыс әкелуді талап етуге лаборатория жөндеу қызметінен де мұны сұрауға келмейді.
Жоспарлаудың болмауы оларды төмендегідей жағдайға алып келеді:
• болашақтағы мақсаттарын түсінбеушілік;
• ағымдағы әрекеттер келешектегі әрекеттермен қандай жағдайда үзілмейтін шаруашылық үрдісі ретінде қарауды білмеушілік;
• қысқа мерзімдік мүдделерді басшылыққа алып шаруашылық әлемінде бағыттан адасу және болып жатқан оқиғалардың жалпы мәнін түсінбеу;
• нарықтың негізгі талаптарын анықтай алмау;
• басқа нарық қызметіне қатысушылармен салыстырғанда әлсіз ұстанымда болу.
Жоспарлау кәсіпорынның айналыста жоғары көрсеткіштерге жеткізетін экономикалық табысы, пайда түсімі және басқа әсерлі қаржылай көрсеткіштерге жеткізеді деу артық та болар еді. Кейбір мамандар жоспарлауды сондай-ақ өзара тәуелді етіп көрсетуге тырысады. Дегенмен ары қарай жеке болжамдармен іс алға жылжымайды. Қайта тәжірибе көрсеткендей кәсіпорынның жоғары табысы мен тез өркендеуі жай түрде жоспарлауға ғана байланысты емес, кәсіпкерлік дарын мен кәсіпорын басшылығының дұрыс шешім қабылдауына көбірек байланысты сонымен қатар, көптеген кәсіпорындар, соның ішінде қазақстандық кәсіпорындар, жоспарлауды өзінің даму кезеңінің қалыпты кезеңі басталғанда, қол жеткен табыстарын бекіту кезеңінде проблемалалар пайда бола бастағанда, нағыз өсу кезеңі өткеннен кейін қолдана бастайды. Қазақстандық кәсіпорындар үшін жоспарлауды қолданудың 2 түрін көрсетуге болады: [7, 98 б.]
1. Жаңадан пайда болған жеке меншік кәсіпорындар. Капитал жинақталуының даму үрдісі осы нысандар қызметінің шиеленісуі мен көбеюіне алып келеді, ал сонымен қатар қазіргі замандағы нарық шаруашылығындағы жоспарлау түрлерінде қажеттілікті тудыратын басқа факторлардың пайда болуына алып келеді.
Осы саладағы жоспарлауды қолдануға байланысты басты проблема – бизнес “бай болудың көзі” деген пікірде қалыптасқан жай жасалынған жоспарға сенбеу, осыдан барып болашаққа деген жеткіліксіз назар аудару қалыптасады. Осыған қарамастан көптеген жеке меншік кәсіпорындар жоспарлау бөлімшелерін, ең болмағанда жоспарлаушы лауазымын ендірді.
2. Мемлекеттік және бұрынғы мемлекеттік, қазіргі кезде жеке меншіктегі кәсіпорындар. Бұлар үшін жоспарлау қызметі дәстүрлі болып табылады. Дегенмен олардың жоспарлау тәжірибесі негізінде экономиканы орталықтан басқару кезеңіне жатады. Осыдан барып бұл кәсіпорындарда жоспарлау екінші дәрежелі сипат алды, жоспарлау қызметі орталықтандырылған және салалық сипат алды, осыған байланысты дұрыс талдау мен алдын-ала анықтау, нарықтық және командалық экономикадағы жоспарлауды салыстырып талдау туралы осы бөлімнің 6 параграфынан қараңыздар. Сондықтан бірінші тұрпаттағы ұйымдардағыдай, мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындарға ішкі кәсіпорындық жоспарлау тәжірибесін қайта ендіру қажет.
5 жылдық жоспарды жасау циклі Жылдық жоспарды жасау цик
Сурет-1 – Кәсіпорынның жоспарлау сызбасы
1 суретте көрсетілгендей ұйымдардағы жоспарлау үрдісі үздіксіз жыл бойына жалғасады. Жоспарлаудың негізгі екі бөлігі жылдың әр түрлі кезеңінде орындалады: стратегиялық жоспар қаржы жылының әдеттегідей I - II тоқсандарында жүргізіледі, қалған уақытта жедел жоспарлау орындалады. Жедел жоспар алғашқы жылдағы әрекеттерге арналған 5 жылдық жоспардың мазмұнын анықтайды. Жоспарлау үрдісі үзіліссіз және екі 5 жылдық жоспар аралығында үзіліс болмау үшін көптеген ұйымдар өтпелі жоспар деп аталатын жоспар құрастырады. Ауыспалы жоспарда ағымдағы жылмен қоса әр кезде жаңа жыл қосылады (2003-2008 жылдарға арналған жоспарда 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы жаңа бес жылдықты айқындайтын 2001 жыл барысы бойынша 2007 жыл қосылады). Мұнымен қатар нарықтық жағдайдағы өткен технологиялардың, саясаттың, өткен (2007 жыл) жылдағы ұйымдардың ішкі факторларының өзгерістері есепке алынады және жаңадан жасалған жоспарға қажетті өзгерістер енгізіледі. [11, 85 б.]
Кейбір жағдайларда стратегиялық жоспармен қоса жедел жоспарлардың бірге орындалуы да кездеседі. Мұндай тәжірибеде басты жетіспеушілік - бұл тиімді жоспарлауға кедергі болу шешімдердің жеделділігіне байланысты стратегиялық жоспарлау проблемаларына басымдылығын бастайды және кәсіпорын өз қызметіндегі негізгі бағытын жоғалтады. Егер үрдістің мазмұны мен реттілігі анықталған болса, күнтізбелік реттілігін жоспарлау үрдісімен сызба жасалынған болса, ұйым үшін пайдалы болып табылады. Бұл сызбалар әр түрлі түрде болуы мүмкін: диаграмма, кесте, кестелік тізбелер, кесте-пирамида және тағы басқа кез келген жағдайда мұндай сызбалар ұйымға көмектеседі: [10, 76 б.]
- жалпы жоспарлау үрдісін түсінікті етеді;
- оны бір жүйеге ендіреді және үрдіс кезеңдерін жылдың әр түрлі мерзімі бойынша бөледі;
- жоспарлау үрдісінің әрбір кезеңінің орындалуы туралы бақылау үрдісін ұйымдастырады.
Жоспарлаудың ұйымдастырылған құрылымдары жоспарлау үрдісінде төмендегілер қатысады:
- біріншіден, ұйымдардың жоғарғы басшылығы;
- екіншіден, жоспарлаушылар командасы;
- үшіншіден, бөлімшелердің басшылары мен мамандары.
Бұрында көрсетілгендей ұйымның барлық қызметкерлері жоспарды талқылау мен құрастыруға қатысқан кезде бұл жағдай ойдағыдай болып саналады. Жоспарлау қызметіне қатысушылар арасындағы міндеттемелер қалай бөлінеді?
Жоғарғы басшылық жоспарлау үрдісінің архитекторы болып табылады. Жоспарлаудың реттілігі мен оның негізгі сатыларын анықтайды. Жоғарғы менеджмент жоспарлау үрдісін ұйымның әрбір қызметкерінің түсінікті және анық болатындай жасауы керек, ол оған өзінің барлық қызметкерлерін толық қатыстыра білу керек.
Жоғарғы басшылықтың басқа қызметі кәсіпорынның стратегиясын әзірлеу мен стратегияны жоспарлау бойынша шешім қабылдауында болып табылады. Кәсіпорын басшылығы оның дамуының жалпы мақсаттарын және оған дәл жеткізудің негізгі тәсілдерін айқындайды. Стратегияны әзірлеу жоғарғы менеджменттен аналитикалық бейімділік пен көлемді ойлауды талап етеді.
Орташа және төмен топ басшылығы, сонымен қатар бөлімшелер мамандары жедел жоспарларды әзірлеумен айналысады. Мамандардың міндетіне сонымен қатар ұйымдардың ішкі және сыртқы ортасына талдау жасау, болжам құрастыру кіреді. Бөлімше басшылары мен штат қызметкерлері ұйымдар үшін ұсынылған ұқсас стратегияларды бағалауда бірігеді.
Жоспарлау қызметі кәсіпорынның стратегиясын әзірлеуге қатысады, оның негізгі мақсаттарын түсіндіреді. Дегенмен кеңес беруші ретінде бұл қызметті жоспарлаушылар іске асырады. Кейде стратегиялық негізгі мәселелерді жоспарлаушы мен жоғарғы басқарушы жеке әңгімелесу арқылы талқылайды. Стратегияларды бекітуге байланысты қорытынды шешімді жоғарғы басшылық қабылдайды. [12, 281 б.]
Табысты жоспарлау қаржылық жоспарлаудың қосымша бөлігі. Ол
кәсіпорын қызметінің барлық түрлері бойынша жеке жүргізіледі. Жеке жоспарлау қызметінің әр түрлі түрінен табыс есептеу және салық салу жоспарды дайындау үрдісінде табыс көлеміне әсер ететін барлық факторлар есепке алынады және қаржылық нәтиже әр түрлі басқарушылық шешімдерді қабылдаудан шығады.
Тұрақты дамушы экономика жағдайында табысты жоспарлау үш жылдан бес жылға дейінгі кезеңде жүзеге асырылады.
Шаруашылықтың болжамды жағдайында және тұрақты баға кезінде ағымдағы жоспарлау бір жыл ішінде жүзеге асырылады. Түрақсыз экономикалық және саясаттық жағдай кезінде жоспарлау қысқа мерзімді кезеңде орындалуы мүмкін — тоқсан, жарты жыл.
Жоспарлау объектісі болып баланстық табыс элементі табылады, бірінші кезекте өнімді өткізуден, жұмысты атқарудан, қызмет көрсетуден табыс, табыстың есеп беру негізгі сатудан болжамды және көлемін көрсетеді. Бұл өндірістік бағдарлама және қордың сату көлемімен тәуелдігіне байланысты.
Дегенмен, бұл көлем өндірістік қуаттылықтарымен шектеледі. Бұл жағдайда олар жоспарлау үшін жіберуші нүкте болып табылады. Сату көлемін анықтаудан кейін бекітілген келісім негізінде өндірістік бағдарламалар жасалады. Өндірістік бағдарлама өткізуден жоспарлы көлемінен және соңғы жоспарлы кезеңде қоймадағы дайын өнім қорының көлемінен тәуелді. Бұл жағдайда аяқталмаған өндіріс қалдығының өзгерісін есепке алу қажет. Өз кезегінде бағдарлама материалдарда қажеттілік есебі үшін негіз болып табылады. Материалдарды сатып алудағы қажеттілік бастапқы жоспарлы кезеңде қоймадағы қор есебімен, сонымен қоса кезеңце қалдық есебімен анықталады.
1.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында корпорациялардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл корпорациялардың тәуелсiздiкке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншiк иелерi, жұмысшылар, коммерциялық серiктестер және басқа конрагенттер алдында өзiнiң өндiрiстiк-кәсiпкерлiк қызметiнiң нәтижелерi үшiн толық жауапкершiлiкте болуымен байланысты. Нарықтағы кәсiпорынның өмiршеңдiгiнiң кепiлi мен жай-күйiнiң орнықтылығының негiзi оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркiн орын алмастыра отырып қолданып, тиiмдi пайдалану жолымен өнiмдi өндiрумен сатудың үздiксiз процесiн қамтамасыз ете алатын өзiнiң қаржы ресурстарының жағдайын көрсетедi.
Кәсiпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау объективтi, ғылыми негiзделген және үйлесiмдi ұйымдастыра отырып басқару, өндiiрстiк, әсiресе қаржылық шешiмдер қабылдау үшiн оның қаржылық жағдайын талдау керек.
Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау жөнiндегi сұрақтарды қарастырмас бұрын, “қаржылық жағдай” дегенiмiз не соны анықтап алайық. Соңғы жылдары шығарылған әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлi түсiндiрiледi. Бұл туралы профессор А.Д.Шеремет “Кәсiпорынның қаржы жағдайы қаржыны тарату, пайдалану, ұйымдастыру және оны қалыптастыру көздерiмен сипатталады” деп айтқан. Ал профессор Н.А.Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: “Кәсiпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсiпорынның қаржылық жағдайы кәсiпорынның қалыпты өндiрiстiк, коммерциялық және басқа да қызмет түрлерi үшiн қажеттi қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлуiмен және оларды мақсатқа сай тиiмдi тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектiлерiмен қаржылық қарым қатынаста болу, төлеу қабiлеттiлiгi және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсiпорынның уақтылы төлеу мүмкiндiгi оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетедi.
Осы жоғарыдағы аталған ұғымдарды топтастыра келе коппорацияның қаржы жағдайына келесiдей анықтама беруге болады: Кәсiпорынның қаржы жағдайы осы кәсiпорынның белгiлi бiр кезеңдегi қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметiн үздiксiз жүргiзуi мен өзiнiң қаржы мiндеттемелерiн уақтылы өтеу үшiн қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлуiн көрсетедi. /8, 103 б/
Ал кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы ненi бiлдiредi? Ол өз қаражаттарын шебер пайдалану қабiлеттiлiгi, жұмыс процесiнде үздiксiздiгiн қамтамасыз ететiн қаржының жеткiлiктi болуы. Қаржылық тұрақтылық өз кезегiнде меншiктiк және қарыз қаражаттарының тиiмдi байланысы болып табылады.
Бұл ұғымды А.Д.Шеремет пен Р.С.Сейфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша “Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл әрдайым төлем қабiлеттiлiгiн кепiлдендiретiн кәсiпорынның белгiлi бiр шоттар жағдайы” деп атайды.
Жалпы атйқанда кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелдiктiң мүмкiн болатын деңгейiнде төлем қабiлеттiлiгi мен несиеге қабiлеттiлiгiн сақтай отырып, табысты өсiсу негiзiнде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсiпорынның дамуын көрсететiн қаржы ресурстарының жағдайы болып табылады.
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайын анықтағанда оған көптеген факторлар әсер етедi, оларды В.М.Радионова және М.А.Федотова келесiдей түрлерге жiктейдi:
• Пайда болу орнына байланысты – iшкi және сыртқы;
• Нәтижесiнiң маңыздылығына байланысты – негiзгi және негiзгi емес;
• Құрылысы бойынша – қарапайым және күрделi;
• әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Мұндағы iшкi факторлар кәсiпорынның өзiнiң жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсiпорын еркiне бағынышты емес. Кәсiпорынның қаржыылқ тұрақтылығына әсер ететiн мынадай iшкi факторларды аатп көрсетуге болады:
• кәсiпорынның салалық топқа бөлiнуi;
• шығарылған өнiмнiң немесе көрсетiлге нқызметтiң құрылымы және оның жалпы төлем қабiлеттiлiгi бар сұраныстағы үлесi;
• төленген жарғылық капиталдың мөлшерi;
• шығындардың көлемi, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
• кәсiпорынды басқару тиiмдiлiгi, яғни қаржы менеджментiе тиiмдi ұйымдастыру;
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргiзудiң экономикалық жағдайының әсерi, қоғамда үстемдiк етушi техника мен технология, төлем қабiлетi бар сұраныс және тұтынушылыр табысының деңгейi; Қазақстан Республикасыынң салық және ақша-несие саясаты, кәсiпорынның қаржылық қызметiн бақылау жөнiндегi заң актiлерi, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсiпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерiмен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етедi. Сондықтан да серiктестермен реттелген iскерлiк қатынаста болу – корпорацияның жақсы қаржылық жағдайының бiрден-бiр шарты болып табылады. /6, 129 б/
Осылайша, қаржылық жағдай кәсiпорынның бәсекеге қабiлеттiлiк және оның iскерлiк қарым-қатынастағы потенциялын анықтайды, кәсiпорынынң өзiнiң және оның серiктестерiнiң қаржылық және басқа да қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары да бар болып келедi. Кәсiпорын бағасын талдаудың ең жақсы тәсiлi, бұл – талдау; ол кәсiпорынның даму бағытын бақылауға, қаржылық саясатты iске асыруды және шаруашылық .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Нарықтық экономика | «Болат» өндірістік кооперативінің қаржы нәтижелерін талдау
» Курстық жұмыс: Менеджмент | АҚ КазМұнайГаз дың қаржылық жағдайына талдау
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ ның қаржылық есептілігінң негізінде кәсіпорынның қаржылық жай күйін бағалау
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау
» Курстық жұмыс: Экономика | ФУДМАСТЕР КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАМДАУ
» Курстық жұмыс: Нарықтық экономика | «Болат» өндірістік кооперативінің қаржы нәтижелерін талдау
» Курстық жұмыс: Менеджмент | АҚ КазМұнайГаз дың қаржылық жағдайына талдау
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ ның қаржылық есептілігінң негізінде кәсіпорынның қаржылық жай күйін бағалау
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау
» Курстық жұмыс: Экономика | ФУДМАСТЕР КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАМДАУ
Іздеп көріңіз: