Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау

Мазмұны

Кіріспе
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін негіздеу

1.1. Қолдану саласын талдау.................................................................4
1.2. Кәсіпорын қызметінің сипаттамасы.............................................4
1.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар....................................5
1.4. Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар.....10
1.5. Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар.....10
1.6. Ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы..........................11

2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау

2.1. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі
принциптері...........................................................................................13
2.2. Басты ақпараттық көзі - бухгалтерлік есеп...............................17
2.3. Қаржы жағдайын талдаудағы міндеттемелер.............................20
2.4. Қаржылық жоспарлау, болжау.....................................................24
2.5. Кіріс және шығыс құжаттары.......................................................26

Қорытынды....................................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................32
Қосымшалар..................................................................................................33


1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін негіздеу

1.1.Қолдану саласын талдау

Кәсіпорын қаржысы жалпы қаржы жүйесі қатынастарының бір бөлімі және қаржы жүйесінің бөлімдері әртүрлі деңгейдегі бюджетпен, бюджеттен тыс қорлармен, сақтандыру т.б. бөлімдермен, сонымен қатар қаржынарығы қатынасушыларымен тығыз байланысты.
Кәсіпорынның бірден–бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды.

1.2 Кәсіпорын қызметінің сипаттамасы

Кәсіпорын – бұл өндіру үшін құралған дербес шаруашылық жүргізетін субъект, өндірілген өніміне иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен қалған пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі болуы керек.
Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:
 Кәсіпорын құрылтайшыларының материалдық және ақшалай жарнамасы;
 өнім, қызметтерден түскен түсімнен пайда;
 құнды қағаздар және олардан түскен пайда;
 инвестиция және бюджеттен дотация;
 қайырымдылық жарнама;
 мекемелер мен тұрғындардың көмегі;
 мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;
 мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу.
Кәсіпорынның негізгі ұйымдастыру функциялары:
 нормалау;
 күнделікті жоспарлау, еңбекті бөлу және кооперациялау;
 жұмыс орнын жоспарлау;
 еңбекке қолайлы жағдай жасау;
 дайын өнімді өткізу;
 рационализация (жаңашылдық).

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты

Ақпараттық жүйені тұрғызудың негізгі мақсаты – сұраушыларға кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпараттарды немесе мәліметтерді жинау, оларды өңдеу, сақтау және оларды қолдану саласы бойынша автоматтандыру.
1.3. Ақпараттық жүйе құрылымына қойылатын талаптар

Ақпарат жүйесі – ақпаратты жинаудың, өңдеу, бөлу және қолданудың әдістемелері мен құралдарының жиынтығы. Ақпарат жүйесі - өте кең ұғым. Құрамдық сипаты бойынша 2 үлкен бөлімнен тұрады.
1-кест
Программалық жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешенінің қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясын (атқарымын) жүзеге асыратын программалар жиынтығы. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы ПЖ және арнайы ПЖ.
Жалпы ПЖ – бұл кең көлемді пайдаланушыларға арналған, есептеу үрдісін ұйымдастыру мен ақпараттарды өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешуге бағытталған программалар жиынтығын құрайтын КБРТ-дағы ПЖ бөлімі. Жалпы ПЖ-ға мынадай негізгі компоненттер кіреді: операциялық жүйе, программалық өнім және сынақтық-тесттік программалар.
Арнайы ПЖ - КБРТ-дың әр түрлі атқарымдық қосалқы жүйелері үшін нақты мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған программалар.

2-кесте
Программалық жабдықталуына қойылатын талаптар:

1 Жалпы жүйелік программалық жабдықталуы Microsoft 2000, NT, XP
2 Офистік бағдарламасы Office 2002
3 Қолданбалы программалық ортасы Delphi 7 программалық ортасы
4 МББЖ Paradox, Oracle, Database Desktop
5 Көмекші программалар Драйвер, утилиталар, тексттік-кестелік редакторлар

Ұйымдастырушылық жабдықтау - жүйені құрудағы мақсаттар мен бағыттарын айқындаудағы ақпарат жүйесінің маңызды ішкі жүйесі болып табылады. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Оның құрамында төрт топты атап көрсетсе болады.
Бірінші топ құру және фунционалдау үрдісінде маңызды әдістемелік құжаттарды қамтиды:
 ақпараттық жүйені құрудағы жалпы басқару әдістемелері;
 типтік жобалар шешімі;
 кәсіпорынды алдын ала тексерудегі жобалау және өткізудегі әдістемелік материалдары;
 құжаттаманы құру және іске қосу сұрақтарының әдістемелік материалдары.
Екінші компоненті ақпарттық жүйені жобалауға және ақпараттық жүйені функционалдануында керекті тиімді құралдардың жиынтығынан тұрады.
Үшінші компонент тексеру кезінде алынатын техникалық құжаттама болып табылады. Жүйені жобалау мен енгізу: техника-экономикалық негіздеме, техникалық тапсырыс, техникалық және іскерлік жобалар мен құжаттар.
Ұйымдастырушылық жабдықтаудың төртінші компоненті «Іскер». Онда жүйенің басты құрастырушыларды және функионалдық бөлімінің мамандарының тізімі берілген.
Құқықтық жабдықтау ішкі жүйесі ақпараттық жүйені енгізу және эксплуатацияға беруге арналған, ол жерде заңнамалық актілерді, құжаттарды қалыпқа келтіру, сақтау, өтпелі және нәтижелік жүйе ақпаратында қайта түзету.
Жүйені тұрғызу барысында құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен атқарушының келісім-шарты, жүйені тұрғызушылар арасындағы құжаттар кіреді. Ал, жобаны енгізу кезінде оған мынадай құжаттар жатады: жасалып жатқан жүйе деңгейінің мінездемесі, ақпарат жүйесі бөлімдерінің құқығы, ақпаратты өңдеудегі жеке құжаттардың құқықтық орындамасы, техникалық құралдарды қолдану кезіндегі қолданушылардың құқықтық қатынасы.
Қазіргі уақытта қызметтердің барлық түрі (лицензиялануы тиіс қызметтер) Қазақстан Республикасының «Лицензиялану туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Техникалық жабдықтау – бұл рейтингті талдаудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу барысында қолданылатын техникалық құралдар кешені.
Басқарудың ақпараттық үрдісі жеке амалдар мен олардың кешендерінің орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Барлық амалдарды үш сатыға топтауға болады: ақпараттарды қабылдау, түрлендіру және тұтыну.
Бірінші сатысы экономикалық объектілердің қызмет үрдісі кезінде пайда болатын бастапқы ақпаратты жинақтау және тіркеу операцияларының тобынан тұрады.
Ақпараттарды түрлендіру операцияларының тобы (екінші саты) ақпараттартың мағыналарын, нысандарын, құрылымдарын кеңістік және уақыт бойынша өзгертуге бағытталған.
Үшінші саты басқару шешімдерін қабылдау үшін және басқарудың ақпараттық үрдісін жалғастыру үшін тұтынылатын мәні бар операциялар тобын біріктіреді.

3-кесте
Техникалық конфигурациясына қойылатын талаптар:

№ Түрі Көрсеткіші, мәні
1 Компьютердің қуаттылығы 2400 Ггц
2 Жедел жадының көлемі 512 Мб
3 Қатты жадының көлемі 40 Гб
4 Дисковод Қажет
5 CD – ROM Қажет
6 Микропроцессор Pentium (R) 4 CPU
7 Модем қажет емес
8 Файлдық жүйесі NTFS
9 Монитор түс беру сапасы 32 бит
10 Монитордың экрандық рұқсаттамасы 1152 нүкте 864 нүктеге
11 Видеокарта 128 Мб

Технологиялық жабдықталуы – ақпараттық технологиялар және олардың ішінен нақты есептерді шешуге арналған ең қолайлысын таңдау әдістерінің жиынтығы.
Математикалық жабдықталуы – ең озық есептеу техникасының көмегімен кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттарын өңдеу және есептерді шешуге арналған математикалық әдістердің, үлгілер мен алгоритмдердің жиынтығы. Математикалық жабдықтау экономикалық моделін, блок-схемасын, алгоритмін құрып программалау жобасын жасаймын. Жабдықтау белгілі бір нақты міндеттерді шешуді қамтамасыз ету керек және міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-нің қызметін басқарып, оның орындалуын бақылап отырады.
АЖ-нің математикалық қамтамасыздандыруына қойылатын жалпы талаптар болып мыналар табылады:
- аса тәжірибелі математикалық әдістермен алгоритмдерді пайдалану;
- қолданбалы бағдарламалар пакеттермен берілетін, типтік әдістерді, алгоритмдерді, модельдер мен мүмкіндіктерді максималды пайдалану;
- пайдаланылатын математикалық әдістер техникалық және бағдарламалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеруі қажет, орын алатын жадының көлемі мен шешу уақыты бойынша минималды мәндерге ие болуы тиіс;
- алгоритмдерді көрсетудің кез келген пішімі рұқсат етіледі: формулалық, кестелік, блок-схема, сөздік бейнелеу және тағы басқалар.
ЭАЖ математикалық жабдықтауға келесі талаптар қойылады:
1) қолайлы математикалық әдістер мен алгоритмдерді пайдалану;
2) қосымша программалар пакеті беретін үлгі әдістермен алгоритмдерді максималды пайдарану;
3) алгоритмнің кез келген түрі кіргізіледі: формулалық, кестелік, блок-схемалық және т.б;
Математикалық жабдықтау келесі жалпы талаптарға сай келу қажет:
• ақпаратты іздеу нақты кілттерінің мәні жоқ болу қажет;
• қолданылмалы қосымша программалы пакетке енгізілетін стандартты іздеу және есептеу процедураларын максималды пайдалану;
• программаның орындалу жолын бақылауды қамтамасыз ету;

Лингвистикалық жабдықтау – бұл ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін пайдаланатын тілдік, құралдардың, ғылыми-техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелірінің жиынтығы.
Лингвистикалық жабдықтауға мыналар жатады:
1) ақпараттық базаның құрылымын бейнелейтін ақпараттық тіл;
2) мәліметтерді басқару және айла-шарғы жасау тілі;
3)Ақпараттық жүйені жобалау және жобалауды автоматтандыру жүйесінің тіл құралдары;
Бағдарламалардың көптеген пакеттері бағдарламалаудың бірдей тіліне ие. Мұны бағдарламалау тілін таңдауда ескеру қажет. Бағдарлама-ларды құру мен жүргізудің қарапайымдылығы болжалуы тиіс. Бағдарла-малармен жұмыс кезінде мәліметтерді орнатуды, ұйымдастыру мен көрсетуді қамтамасыз ететін, мәліметтер анықтамалары мен сөздіктер жүйесі алдын-ала қарастырылуы керек.

Эргономикалық жабдықтау – жұмыстың әр түрлі сатысындағы адамның жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне дұрыс жағдайлар жасау және сонымен бірге оны игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы. КБРТАЖ-нің эргономикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:
 жұмыс орындарында, ақпараттық үлгілерге және жұмыскерлер құрамына эргономикалық сараптауды қалыптастыруды қамтамасыз ететін құжаттар пакеті; бұл талаптарды іске асырудың мақсатқа сай тәсілдерін таңдау; оларды іске асыру деңгейінің эргономикалық сараптамасын жүзеге асыру;
 жұмыскердерді даярлау деңгейіне және іріктеу жүйесіне қойылатын талаптарды негізге ала отырып тұжырымдауды қамтамасыз ететін әдістер, оқу-әдістемелік құжаттар және даярлаудың техникалық құралдар кешені.

Ақпараттық жабдықтау – КҚЖТАЖ-де қолданылатын техникалық-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттар ауқымының үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы.
Шешім қабылдаудың тиімділігі айналымдағы ақпараттың толықтығына, сапасына, сенімділігіне және жеделдігіне байланысты:
 басқару жүйесінде болатын үрдістерді объективті бейнелеу;
 практикалық нысаналылықтың болуы, яғни АЖ-ды жобалауда шешілетін мәселелерді ескере отырып атқарылуы қажет;
 тікелей бақылау және өлшеу үрдістерінде алынбайтын есепті-талдамалы ақпараттардың болуын қамтамасыз етеді;
 басқаруды ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде ақпаратты пайдаланудағы коэфициентті көтеру;
 ақпарат жүйелерінің барлық түрінің ақпараттық сиымдылығын қамтамасыз ету.
Ақпаратты жабдықтауды жобалау – бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс:
 ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін жасау;
 ақпаратты сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйесін құру;
 ақпарат көлемдері мен ағындарын анықтау;
 деректер базасының құрылымы мен құрамын анықтау;
 деректер базасын бақылау және түзету тәсілдерін таңдау;
 тұтынушылардың сұраныс тілі мен деректердің сипаттамсын сәйкестендіру.
Осыған байланысты ақпараттық жабдықтауды, ақпараттық базаны құрудың құралдары мен әдістерінің жиынтығы ретінде қарастырып анықтауға болады. Ақпаратпен жабдықтау машинадан тыс және машина ішіндегі база болып бөлінеді. Сыртқы машиналық база деген бұл басқару функцияларды жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құжаттар, заңдар және анықтамалар. Ішкі машиналық ақпараттық база кіріс және шығыс құжаттарынан тұрады.

1.4.Ақпараттық жабдықтау ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстар - жүйені тұрғызуға қажетті материалдық шикізат және ол Қаржылық Қадағалау департаментіне өте қажетті мәліметтер жиынтығы. Бұған негізінен капитал жеткіліктігі, активтердің сапасы, менеджмент, табыстылық, өтімділік және сезімталдық жатады.
Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамaсыз ету бөлігі қажет, ол мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан, математикалық жабдықтаудан, программалық ақпараттық және ұйымдастырушы жабдықтаудан.
Программалық және математикалық жабдықтау машиналық программалар жиынтығын, алгоритмдерді, экономика-математикалық әдістерді және модельдерді қосады.
Ақпараттық жабдықтау ақпараттық ресурстарды құрайды (кіру, уақытаралық және шығу тапсырмалары), олардың ену құралдары.
Ұйымдастырушы жабдықтау АЖ жоспарлау әдісі және құралы ұйымдастырушы жабдықтауға кіреді.

1.5. Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі жүйелеріне қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады. Оның құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық, ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.

КҚЖТАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтау.

КҚЖТАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтауға мыналар кіреді:
 Рейтингті талдау ақпарат ұғымы, оның сыныптамасы және құрылымы;....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ ның қаржылық есептілігінң негізінде кәсіпорынның қаржылық жай күйін бағалау
» Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның өндірістік шығындары есебінің ақпараттық жүйесі
» Курстық жұмыс: Экономика | Асем-ай Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің баскару жұмысының ақпараттық жүйесі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Халық банкінің депозиттер есебінің ақпараттық жүйесі

Іздеп көріңіз:
курстык Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]