Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІ МЕН ТАБЫСТЫЛЫҒЫ

Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІ МЕН ТАБЫСТЫЛЫҒЫ

Мазмұны

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІ МЕН ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1 Кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері 4
1.2 Экономикалық рентабельділік көрсеткіштері 9

2 «ҚАЗАҚМЫС» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДА РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІНІҢ РӨЛІ 12
2.1. «Қазақмыс» АҚ-ның жалпы сипаттамасы 12
2.2. «Қазақмыс» АҚ-ның рентабельділігін және іскерлік белсенділігін талдау 21

3 РЕНТАБЕЛЬДІЛІКТІ ЖӘНЕ ТАБЫСТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ РЕТІНДЕ 26
3.1 Кәсіпорынның рентабельділігі мен іскерлік белсенділігін арттыру қаржылық тұрақтылықтың маңызды факторлары 26
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын арттыру 28

ҚОРЫТЫНДЫ 30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

А ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ 32
Ә ҚОСЫМШАСЫ БІРІКТІРІЛГЕН БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС. 33
Б ҚОСЫМШАСЫ. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ БІРІКТІРІЛГЕН ЕСЕП 34
В ҚОСЫМШАСЫ. ПАЙДАЛАР МЕН ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ БІРІКТІРІЛГЕН ЕСЕП 36
Г ҚОСЫМШАСЫ. КАПИТАЛДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ БІРІКТІРІЛГЕН ЕСЕП 37


1 КӘСІПОРЫННЫҢ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІ МЕН ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері


Табыс — төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен ңатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді. [1,102-б.]



1-сурет. Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру

Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «Табыс» үғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады. Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру жолдары 1-суретте көрсетілген.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.
Жиі ңолданылатын «таза табыс» үғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.
Экономикалық теорияда табыс деп тқрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына занды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты -бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:
- Жалпы табыс (ЖТ) – бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.
- Орта табыс (ОТ) - жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу (К)мөлшеріне бөлу (К)
(1)
- Шекті табыс (ІПТ) — бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі
(2)
Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді. [2,87-б.]
Кәсіпорын өз өнімін шығара отырып, ол үшін ақшалай түсім алып отырады. Бірақ та бұл пайда табуды білдірмейді. Қаржылық нәтижелерді шығару үшін түсімді өнімді өндіру мен оны әрі қарай сатуға кеткен шығындармен, яғни өнімнің өзіндік құнымен сәйкестендіріліп қою кажет. Кәсіпорын пайда табады:
- егер түсім өзіндік кұннан жоғары болса;
- егер түсім өзіндік құнға тең болса, тек өнім өндіру мен оны әрі карай сатуға кеткен шығындарды өтесе;
- ал, егер шығындар түсімнен жоғары болса, кәсіпорын шығынға ұшырайды, яғни қиын қаржылық жағдайға, банкротка әкелетін жағымсыз қаржылық нәтижелерді көрсетеді.
Пайда - дегеніміз кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің қорытынды қаржьлық нәтижесі, жалпылай түрде, өнім бағасы мен өнімнің өзіндік құны арасындағы өзгешілікті көрсетсе, кәсіпорын тұрғысынан өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімді өткізудің өзіндік құны арасындағы өзгешелікті көрсетті.
Экономикалык категория ретіндегі пайда кәсіпкерлік қызметі процесіндегі материалды өндіріс аясында кұрылған таза табысты көрсетеді. Кәсіпорын деңгейіндегі таза табысты пайда формасында болады. Кәсіпкерлік қызметтің басты нәтижесі ретіндегі пайда кәсіпорынның, жұмыскерлерінің және толықтай мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Пайда нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде бірқатар маңызды функцияларды атқарады:
Кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіші болып пайда табылады, осыдан тиімді қызметтің пайдалылық факторларын көруге болады.
Пайда ынталандырушы қызмет атқарады, ол меншікті капиталдың өсуінің басты кезі болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайындағы капитал иелері мен менеджлерлер, пайда көлеміне бағыттала отырып, кәсіпорынның болашақ дамуына жүргізілетін дивиденттік және инвестициялық саясаты жөніндегі шешімдер қабылдай алады. Нарықтық экономикадағы пайда - шығарылатын өнім мен өндірістік қорлардың жаңару көзі мен козғаушы күші болып табылады. ¥жым мүшелері үшін пайда әлеуметтік игіліктің көзі болып табылады. Дивиденттерге төленетін төлемдер, салықтар, сонымен қатар, басқада төлемдерден кейінгі кәсіпорындарда қалдық ретінде калатын пайданың есебінен материалды сыйақылау жүргізіледі, жұмыскерлерге әлеуметтік женілдіктер және т.с.с. беріледі. [3,121-б.]
Пайда түрлі деңгейлі бюждеттік кірістердің құрылуының кезі. Ол бюджетке салық түрінде, сонымен қатар, экономикалық санкция түрінде түсуі мүмкін және бюджеттен шығатын нақты түрлі максаттарға қолданылады. Осындай сипаттағы кәсіпорын пайдасы - оның әлеуметтік жэне экономикалык дамуының негізгі факторы. Сондықтан да кәсіпорынға пайда әкелетін механизмді анықтау аса маңызды.
Жалпы пайда - сатылған өнімінң толык өндірістік өзіндік құны және тауарларды (қызметтер мен жүмыстар) сатудан түскен түсімдері арасындағы айырмашылыгы ретінде анықталады.
Таза пайда (бөлінбеген пайда) - кәсіпорынның иелігінде болатын төтенше шығыстар мен кірістердің сальдосы есебімен анықталады.
Еңбек ұжымы еңбекақының жоғарылауына, пайданың өсуіне, қазіргі бәсекелік жағдайда өндірістің кеңеюіне, кәсіпорын жұмыскерлерінің өмірлік деңгейлерінің, жағдайларының жақсаруына әрқашан қызығушылықтарын танытады. Осыдан пайда мен жалпы табыстың массасы Кәсіпорының өндірістік-шаруашылык қызметінің нәтижесінде алынатын тиімділік көлемі ретінде сипатталады.
Нарықтық катынастар жағдайындағы кәсіпорын максималды пайда табуға, тауралар сату мен қызметтер көрсету нарығында өзінің позициясын ұстап түруға тырысуы керек, сонымен қатар, бәсеке жагдайында өндірістік тұрақты дамуды камтамасыз етуі керек.
Әлемдік тәжірибе көрсетуі бойынша нарықтық қатынастар жағдайында пайда табудың үш негізгі көзі бар:жөн: мемлекетгік антимонополиялық саясаты мен басқа кәсіпорындар жағынан өсуші бәсеке.
Екінші пайда табу көзі өндірістік және кәсіпкерлік қызметпен байланысты, оның барлық Кәсіпорындарға қатысы бар. Оны пайдалану тиімділігі тұрақты өзгеруші конъюнктура кезіндегі өндірісті дамытуға бағытталуы мен нарық конъюнктурасын білуге тәуелді болады. Бұл жерде барлығы жүргізілген маркетингке сәйкесті жасалынады. Берілген жағдайда, пайда көлемі , біріншіден, кәсіпорынның өнімді шығару бойынша бағыт таңдауының дұрыстығына (тұрақты және жоғары сұранысқа ие өнімді тандау); екіншіден, көрсетілетін қызмет пен сатылатын тауарлар бәсекеге қабілетті жағдай жасау (баға, жеткізу мерзімі, сатып алушыларға қызмет керсету, сатудан кейінгі қызметтер және т.б) үшіншіден, өндіріс көлемінен қаншалықты өндіріс көлемі жоғары болса, соншалықты пайда жоғары); ал төртіншіден, өндіріс шығындарын төмендету құрылымынан тәуелді.
Үшінші пайда табу көзі кәсіпорынның инновациялық қызметінен шығады, оны қолдану әрқашан шығарылатын өнім жаңартылып отырылуын, бәсеке қабілеттілігі қамтамасыздандырылуын, пайда массасын жоғарылату мен сату көлемінің өсуін болжамдайды. [4,158-б.]
Кәсіпорын шаруашылық қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесі болып баланстық пайда табылады. Баланстық пайда бұл кәсіпорын пайдаларының (шыгындарының) соммасы. Қорытынды қаржылык нәтижесі ретіндегі баланстық пайда балансты бағалау мен кәсіпорынның барлық шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебі негізінде айкындалады. «Баланстық пайда» терминін қолдану, жылдық және кварталдық корытындылар бойынша құралған кәсіпорын жұмысы балансында көрсетілген қорытынды қаржылық нәтижелерімен байланысты.
Баланстық пайда нақты 3 элементті қосады: көрсетілген қызметтерден, орындалган жұмыстардан, өнімді өткізуден түскен пайда (шығын); негізгі құралдарды өткізуден, тағыда басқадай шығыстарынан, кәсіпорынның басқадай мүлігін өткізуден түскен пайда (шығын); орындалған операциялардан тыс қаржылық нэтижелер.
Ұйымның табысы деп активтердің келіп түсуі нәтижесіндегі экономикалық пайданың жоғарылауы (ақша қаражаттары, басқада мүліктер) немесе салымшы катысушыларынан басқа, ұйымның капиталының өсуіне экелетін міндеттерді жабу.
Бірінші, кәсіпорынньщ монопольды жағдайы есебінде құрылады. Осы пайда табу көзін ұстану әрқашан тауарлардын тұрақты жаңаруын талап етеді. Бұл кезде келесі қарсы әрекет етуші күштерді ескерген


2-сурет. Пайда көлеміне әсер ететін факторларының жіктелуі

Сыртқы факторларға жататындар: табиғи жағдайлар, мемлекеттік бағаны реттеу, тарифтер, пайыздық мөлшерлемелер, салық мөлшерлемесі мен жеңілдіктер, айыппұлдық санкциялар мен т.б. Бұл факторлар Кәсіпорын қызметінен тәуелді емес, бірақ пайда көлеміне маңызды ықпал етеді.
Ішкі фактрлар өндірістік және өндірістен тыс деп екіге бөлінеді. Өндірістік факторлар еңбек заттары мен құралдарын, еңбек және қаржылық ресурстарды. пайдалану мен іске асыру арқылы сипаталынады, өз кезегінде экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді. Экстенсивті факторлар - пайда табу процесіне сандық өзгерулер аркылы әрекет етеді: еңбек заттары мен құралдарының көлемі, қаржылық ресурстар, жабдықтар жұмыс уақыты, персонал саны, жұмыс уакыты коры мен оның сапасы т.б. Интенсивті факторлар - пайда табу процесіне «сапалық» өзгерулер арқылы әрекет етеді: жабдықтардың өнімділігін жоғарылату мен оның сапасы, материалдардың профессивті түрлерін пайдалану мен технологияларды жүзеге асыру, айналым құралдарының айналымдылығын жылдамдату, персонал еңбегінің өнімділігі мен біліктілігін жоғарылату, өнімнің материалдық сыйымдылығы мен еңбек сыйымдьлығын төмендету, ұйым еңбегін жүзеге асыру, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану және т.б.
Өндірістен тыс факторларға қаруландыру - өткізу жән табиғатты қорғау қызметі, еңбектің әлеуметтік жағдайы мен т.б.
Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері. Пайда тек кәсіпорын үшін ғана емес, сонымен қатар, мемлекет экономикасы үшін де экономикалық және әлеуметтік дамуыныі негізгі факторы болып табылады. Сол үшін пайданы экономикалы негізде жоспарлау кәсіпорын үшін өте маңызды. Пайданы түрлер бойынша жоспарлауға болады:
Тауарлар мен өнімдерді сатудан;
Тауарлык емес сипаттағы түрлі қызметтер мен өнімдерді өткізуден;
Негізгі құралдарды өткізуден;
Басқа мүлік пен мүліктік құқықтарды өткізуден;
Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және т.б. үшін төлемдер;
өткізуден тыс операциялардан.
Пайданы жоспарлаудың негізгі әдістері болып табылатындар:
- тікелей есептеу әдісі;
- талдамалық әдіс;
- аралас есеп айырысу әдісі.
Тікелей есептеу әдісі қазіргі жағдайда шаруашылық жүргізудің кәсіпорындарда аса кең тараған түрі. Ол аса үлкен емес ассортиментте шығарылатын өнімдер үшін қолданылады. Оның мәні пайда өнімдерді өткізуден (ҚҚС пен акциздерді есептегендеп бағаларға сәйкесті) және толықтай оның өзіндік құлынан арасынан түскен түсімнен есептеледі. [5,182-б.]
Жоспарлы пайданың есебі мына формула арқылы есептеледі:
(3)
мұндағы К - табиғи көрсетілімдегі жоспарлы кезеңде шығарылған өнім көлемі;
Б - өнім бірлігіне шаққандағы баға (ҚҚС пен акциздерді есептегендегі);
Ө - өнім бірлігінің толық өзіндік құны.
Тауарлық шығарылым бойынша пайда жоспарлы кезеңде тауарлық шығарылымның өзіндік құны анықталатын өнімдерді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар сметасы негізінде жоспарланады:
(4)
мұндағы Бтп - әрекет етуші бағадағы өткізілген жоспарлы кезендегі тауарлық шығарылымның құны (ҚҚС-ті. акциздерді, саудалық және т.б.жеңілдіктерді есепке алмағанда);
Өтп - жоспарлы кезеңдегі тауарлық өнімнің толық өзіндік құны (өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар сметасынан есептеледі).
Тауарлык шығарылымның есебіндегі жоспарлы көлемді пайданы өнімді өткізу көлемінен жоспарланатын пайдадан айыра білу керек. Өнімді өткізуден түскен пайданы жалпы түрде келесі формуламен есептелінеді:
(5)
мұндагы Төө - эрекет етуші бағада өнімді өткізуден түскен жоспарлы түсім (ҚҚС-ті, акциздерді, саудалык және т.б.жеңілдіктерді есепке алмағанда);
Өөө - келер кезеңде өнімдерді өткізудің толық өзіндік кұны.
Жоспарлы кезенде өнімді өткізу көлемінен түскен пайда жоспарлы кезеңнің басындағы өткізілмеген өнімнің пайда қалдыктар соммасына жоспарлы кезендегі тауарлық өнімді шығару көлемінің пайдасын қосып, жоспарлы кезеңнің соңындағы өткізілмеген өнімнің пайда қалдықтарын алғанға тең. Оны келесі формула арқылы есептеуге болады:
(6)
Пайданы жоспарлаудың талдамалық әдісі тікелей есептеу әдісіне қосымша ол жоспарлы пайдаға әсер ететін әр түрлі факторларды айқындауға көмектесетін косымша ретінде және үлкен көлемді ассортиментте шығарылатын өнімге қолданады. Бұл әдісте пайда жылда шығарылатын өнімнің әрбір түріне емес, өнімнің толықтай барлығына есептелінеді. Салыстырмалы өнім бойынша пайда бөлек анықталады.
Аралас есеп айырысу әдісі. Бұл әдісте бірінші және екінші әдістің элементтері қолданылады. Жоспарлы жыл бағасындағы тауарлық өнімнің құны және есепті жылдағы кұны тікелей есептеу әдісімен анықталса, баға, ассортименттің өзгеруі, сапаны жоғарылату, өзіндік кұнның езгеруі және т.б. сол сияқты факторлардың жоспарлы пайдаға әсері талдамалық әдістің көмегімен анықталады.


1.2 Экономикалық рентабельділік көрсеткіштері


Кәсіпорын шаруашылық қызметінің тиімділгімен қызмет атқаруға экономикалык бағытталуы тікелей оның рентабельділігімен байланысты.
Рентабельділік - бұл кәсіпорынның табыстылык деңгейінің қатынастық көрсеткіші, ол қызметтердің түрлі бағыттарының (өндірістік, коммерциялық, инвестициялық және т.б.) табыстылығын, толықтай алғанда Кәсіпорын жұмысының тиімділігін сипаттайды. [6,72-б.]
Рентабелділіктің пайдадан айырмашылығы шаруашылық етудің нақты нәтижелерінен көрінеді, яғни тұтынылған ресурстардың тиімділік катынасын көрсетеді. Пайданың абсолютті соммасының көрсеткіші кәсіпорынның жақсы немесе нашар жұмыс аткарды ма, яғни орындалған жұмыстардың көлемі белгісіз болып қалады. Пайданың орындалған жұмыстар көлеміне қатынасы тек есепті кезендегі нәтижелерді салыстыра отырып, есепті жылдағы Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық қызметін бағалауға, рентабелділік деңгейін сипаттайды сонымен катар баска салалар кәсіпорынның ішінен талдау жасалынып жатқан кәсіпорын орынын анықтайды. Рентабельділік көрсеткішін кәсіпорын қызметін бағалау және инвестициялық саясаттағы және баға белгілеудегі құрал ретінде пайдаланады.
Толықтай, рентабельділік - бұл ресурстарды пайдалану дәрежесі мен шығындар деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің қатынастык көрсеткіші.
Кәсіпорынның рентабельділігін бағалау келесі көрсеткіштер арқылы жүргізіледі:
1. Өнімнің рентабельділігі (Рө) - бұл рентабельділік көрсеткіштері тиімсіз бұйымдарды өндірістен алып тастау мен өнімнің жаңа түрлерін шығару мен енгізу, әр түрлі бұйымдардың пайдалыгына бақылау кезінде, ішкі шаруашылық талдаулык есеп айырысулар кезінде рациоеналды түрде қолданылады. Өнімнің рентабельділігі келесі формула бойынша есептеледі:
(7)
мұндағы Пө - өнімді, қызметті, жұмысты сатудан түскен пайда, тг.
Өө - өткізілген өнімнің толықтай өзіндік құны, тг.
2.Рентабельділік көрсеткішінің келесі түрі - сату рентабельділігі келесі формуламен есептеледі:
(8)
Т - өнімді, қызметті, жұмысты сатудан түскен түсім. Берілген коэффициент өткізілген өнімнің бірлігіне канша пайдадан келетіні көрсетеді. Көрсеткіш өсімі болып өндіріс өнімінің тұрақты шығындары кезіндегі өнімге бағаның өсуі немесе тұрақты баға кезінде өндірістегі шығынды төмендету табылады.
Өнімнің рентабельділігі мен сату рентабельділігі көрсеткіштері өзара байланысты және барлық өнімдерге және әр түрлерінің өндіруге кеткен ағымды шығындардың өзгеруін сипаттайды.
3. Капитал рентабельділігі көрсеткіштері:
А) меншік капиталының рентабельділігі (Рмк)
(9)
Пт - таза пайда;
Км — меншік капиталдың орташа көлемі.
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның меншік капиталы бірлігіне қанша пайда ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ ның қаржылық есептілігінң негізінде кәсіпорынның қаржылық жай күйін бағалау
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау
» Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАЙ КҮЙІН БАҒАЛАУ
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның табыстылығын арттыру жолдары
» Курстық жұмыс: Экономика | «ҚТЖ ҰК» ЖАҚ ЖЭЖД -ның табыстарын талдау

Іздеп көріңіз:
курстык КӘСІПОРЫННЫҢ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІ МЕН ТАБЫСТЫЛЫҒЫ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, КӘСІПОРЫННЫҢ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІ МЕН ТАБЫСТЫЛЫҒЫ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]