Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Мазмұны

КІРІСПЕ ………………………………………………………………. 3
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАРЖЫ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ……………………………………………….…...
4
1.1 Шаруашылық жүргізудің қаржы жұмысын ұйымдастыру…. 4
1.2 Шаруашылық жүргізудің әртүрлі меншік формаларының сипаттамасы…………………………………………………………
10

КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ……………………………………….
13
2.1 Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық жұмысының ерекшеліктері……………………………………………………….
13
2.2 Кәсіпорынның қаржысын басқару ………………………………. 22
Қорытынды…………………………………………………………… 28
Қолданылған әдебиеттер тізмі …………………………………….. 30.....


1. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАРЖЫ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1.1 Шаруашылық жүргізудің қаржы жұмысын ұйымдастыру

Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын қосалқы категорияға - жалпы "қаржы" категориясы сияқты оның функцияларын орындайтын шаруашылық жүргізудің қаржы жұмысын ұйымдастыру біріктірудің мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және қылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген онімнің құны белгіленген экономикалық нормативу (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардын нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта белуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп болу қаржының ұдайы өндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты болып табылады.
Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олар¬дың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген эко¬номикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айырықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім - ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге жене таза табысты (пайданы) жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджетке, бюджет¬тен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізудің қаржы жұмысның негіздері бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізудің қаржы жұмысның негіздері ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізудің қаржы жұмысның негіздері арасындағы өзара қатынастарда бақылау жетқізілім тауарларға, қәрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарыменө іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізу мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:
 басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорыңдардың мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);
 өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну орынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;
 мемлекетпен - бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарын қалыптастырғанда;
 банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк несиелерін алу, оларды қайтару, несиелер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);
 сақтық органдарымен - мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
 жоғары ұйымдармен - ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары);
 құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын (салымдарын) төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т.с.с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:
1) қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байла¬нысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар - бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық - заттай және ақша нысанында болуы мүмкін;
3) жоғары белсенділік, шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;
4) шаруашылық жүргізуші қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.
Сөйтіп, шаруашылық жургізу қаржысы деп өнім (жұмыс, қызметтер кәрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыс¬тарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.
Шаруашылық жүргізудің әртүрлі формаларының сипаттамасы құрамына материалдық өндірістің барлық кәсіпорыңдары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді.
Шаруашылық жүргізудің сипаттамасы – кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компа¬ниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудын негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін.
Межелеудің ец жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларының біріне - материалдық немесе материалдық емес (өндірістік емес) сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сферасының кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалган өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың өнімдері) түтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады. Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі, шеттегідей, оларды тұтыну процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл сфералардың қаржысын ұйымдастыруға қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде де, сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру - қорларымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысыңда өндірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес сфераға сипатты емес бірқатар процесстердің қозғалысымен байланыстылары елеулі орын алады.
Сыныптаманың басқа белгісі шаруашылық жүргізуші қаржылық қызметінің сипаты - коммерциялық және коммерциялық емес қызметі болып табылады.
Коммерциялық жане коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңи тұлға ұғымы анықталады. Заңи тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік және - мүліктік емес жеке құқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді кездейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңи тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңи тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңи тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген озғе де нысанда құрылуы мүмкін және ол кәсіпкерлік қызметпен өзінің іжарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.
Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына: коммерциялық есепке немесе белгілі бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттіліктерін жабатын бюджеттік қаржыландыруға есептелген. (егер мекеме коммерциялық және коммерциялық емес қызметті ұштастыратын (үйлестіретін) болса, онда бұл қызмет тиісті қаржлық зардаптарға ұшыратады: мұндай қызметтің өзін-өзі қаржыландылуын ұйымдастыру, салықтар мен басқа міңдетті төлемдерді төлеу, алынған табыстарды немесе пайданы болу. Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді.
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, деннсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық емес секторда отыр. Коммерциялык емес қызмет табыс (пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-қимылдарды орындауға бағытталған.

1.2. Шаруашылық жүргізудің әртүрлі меншік формаларының сипаттамасы

Шаруашылық жүргізудің маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]