Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындағы айналым активтерін басқару

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындағы айналым активтерін басқару

Мазмұны

Кіріспе

І. Кәсіпорындағы айналым активтерін басқару

1.1. Кәсіпорындардың айналым активтерінің экономикалық
маңызы ..................................................................................................2-4
1.2. Ақшалай активтерді басқару.........................................................5-15

ІІ. Кәсіпорындағы босалқы қорды басқару

2.1. Босалқы қорды басқарудың операциялық шығындары .............16-25
2.2. Дебиторлық қарыздарды басқару ..................................................26-37

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер ....


. КӘСІПОРЫНДАҒЫ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

1.1. Кәсіпорындардың айналым активтерінің
экономикалық маңызы

Айналым актинтері косіпорынның мүлкінің бір болігі ретінде қаралады. Олардың жағдайы және тиімді пайдалану — косіпорын әрекетінің басты жағдайы болып есептелінеді. Нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындарға жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы
инфляция, төлем қабілеттігінің нашарлауы және басқадай дағдарыстық құбылыстар косіпорындардың айналым актинтеріне деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру проблемаларын қарастыруда.
Кәсіпорынның айналым активтерін ұйымдастыру косіпорынның жалпы тиімділігін арттыру проблемасының негізгі болып есептелінеді. Айналым активтерін ұйымдастыруға жататындар:
- айналым қаражатының құрамын және
құрылымын анықтау;
- кәсіпорынның айнальш қаражатына қажеттілігін
анықтау;
- айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін
анықтау;
- айналым қаражаттарын пайдалану туралы өкім
және ептілік жасау;
- айналым қаражатгарын сақтау және тиімді пайдалануға жауапкершілік ету.
Айналым қаражаттарының құрамына коптеген элементтер кіреді.
Өндірістік айналым актинтерінің негізгі бөлігі -шикізат, негізгі және қосымша материалдар, жартылай фабрикаттар, жанар және жағар майлар, ыдыстар және т.б. құрылады.
Мысалы, машина жасау өңдірісінде, өндірістік цикл ұзақ болады, осыған байланысты аяқталмаған өндірістің үлесті салмағы жоғары.
Ал жеңіл және тамақ өнеркәсібінде басты орынды шикізат, материалдар алады. Сонымен қатар тамақ өнеркәсібінде (мысалы сүт өндіру, сыр жасауда) қосалқы материалдың, ыдыстарының қоры әлбетте жоғары болады.
Айналым қаражаттарын қалыптастыру көзіне қарай меншікті, қарызды және тартылған түрлеріне бөлінеді.
Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорындарға айналым қаражаттар пайдалануға кең ерік берілген. Айналым қаражаттары кәсіпорынның меншігінде және оны ешкімнің алуға еркі жоқ. Кәсіпорын меншігіндегі айналым қаражаттарын басқа кәсіпорындарға сатуға, беруге, жалға беруге еркі бар.
Көсіпорын алдында тұрған мағызды проблема айналым қаражаттарын сақтауды қамтамасыз ету. Кәсіпорын қаржысын жоспарлау процесінде жоспарлау жылының басына айналым қаражаттарының артық немесе жетіспеуді анықтаудың маңызы зор.
Өндірістік айналым қорына жекеленген құны аз және тез тозатын заттар , аспаптар, арнайы құралдар, құрал-саймандар, ағымдағы жөнднуге керекті құралдар, арнайы киімдер және т.б. жатады. Бұл құрал жабдықтар бір жылдан кем уақыт аралығында жұмыс істейді. Кәсіпорындарда бұл еңбек құралдардың мыңдаған аттары бар, олардың тозығын есептеу техникалық жағынан қиыншылыққа соқтырады. Сондықтан, практика жүзінде оларды негізгі қорларға жатқызбай, айналым қорларына жатқызады. Аталған заттар және еңбек құралы - айналымдағы өндіріс қоры тобына жатқызылады – (өндірістік қорға). Одан басқа өндірістік қорға – аяқталмаған өндірістік және болашақ кезеңдегі шығындарды жатқызады.
Айналымдағы өндіріс қорына авансталған қаражат негізінен өндіріс процесін тоқтаусыз, қалыппен жүргізуді қамтамасыз етеді.
Айналым қаражаттарының құрамы және құрылымы әртүрлі салаларда бірдей емес, әртүрлі. Олар экономиканың көптеген әртүрлі факторларымен анықталады.
Егер жоспарлауға байланысты кәсіпорынның меншікті айналым қаражаты жетіспейтін жағдайда, кәсіпорын уақытша қарыз қаражатының есебінен айналым қаражатын толықтырады.
Косіпорынның айналым активтерінің жетіспеуі түрлі себептерге байланысты жөне ол кәсіпорын әрекетіне байланысты мес.
Кәсіпорын заңсыз айналым қаражатын күрделі құрылыс қажеттігіне болу немесе жоспарланған пайданы алмауы салдарынан бар меншікті айналым қаражаттарды сақтауды қамтамасыз ете алмайды, яғни белгілі сомадан айырылды.
Кәсіпорын әрекет етіп жатқан экономика жағдайы оның айналым қаражатына аумақты әсер етеді. Сатылып алынған тауар-материалдар бағасының өсуі косіпорын айналым қаражатын жетіспеуіне әкеп соғады. Банк несиесінің жоғарғы пайызбен берілуі және т.б.
Косіпорын айнальш қаражаттарына қажеттігін анықтау.
Коммерциялық принциппен жұмыс істеуші кәсіпорындар белгілі мүлікке иелік етіп, жедел шешім қабылдай отырып, шаруашылықты рентабельді жүргізуге жауапкершілікті болуы керек. Осындай жағдайда косіпорынның меншікті айналым қаражатына қажеттігін анықтаудың қажетгілігі арта түседі.
Косшорынның айналым қаражаттарына қажеттілігі, нормалау, процесі арқылы орыкдалады.
Нормалаудың мақсаты - айналым қаражатының ұтымды молшерін анықтауда. Әрбір кәсіпорынның меншікті айналым қаражатына қажеттігі қаржы жоспарын жасаған кезде анықталады. Айналым қаражатының мөлшері өндіріс көлеміне, өндіретін өнімдер ассортиментіне, жабдықтауға, сатуға және қолданылған есеп айырысу түріне байланысты болады. Айналым қаражатын нормалау ақша олшемімен орындалады (анықталады). Анықтауға негіз жоспарланған кезеңдегі өнімдерді өндіруге кететін шығын сметсында қарастырылады.
Норманы анықтау үшін орташа тәуліктік нормаланатын элементтер шығыны (акциямен есептегендегі) қаралады.
Әлбетте норма күнмен есептелген қор мысалы, өндірістің 24 күн жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Н =Р х Д
Н — айналым қаражаты нормативі
Р — орташа тәуліктік шикізат шығыны
Д - қор нормасы, күнменен есептегендегі.
- сақтандыру қоры - әлбетте, ағымдағы қойма қорының 50
пайызына дейінгі қор;
- жанар-жағар май нормасы ,
- қосалқы материалдар нормасы;
- ыдыстар нормасы;
- саймандар қорына норма;
- құны аз және тез тозатын заттар нормасы;
- арнайы киімдер, аяқ киім нормасы.
Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері
Айналым қаражаттары кәсіпорынның өндірісін тоқтаусыз қозғалыста ұстап туруға, өндірісті ақша және материал ресурстарымен уақытында қажеттігін қамтамасыз етуге және айналым қаражатының пайдалану тиімділігін арттыру үшін қажет.
Айналым қаражатын қаржыландыру көздері меншікті, қарыз және тартылған түріне бөлінеді.
Кәсіпорынның меншікті қаражаты басты роль атқарады, үйткені коммерциялық есеппен жұмыс істейтін кәсіпорындардың белгілі молшерде рентабельді жұмыс істеуі үшін меншік мүлікті бөлу керек.
Айналым қаражаты, косіпорынды ұйымдастырған
кезде қалыптастырылады. Бұл жағдайда қалыптасу көзі
косіпорынның құрылтайшылардың инвестициялық қаражаты есебінен жинақталады. Жұмыс істеу процессінде айналым қаражатының қалыптасу көзінің бір алынған пайда.
Айналым қаражатын қалыптастырудың тағыда бір көзі - қарыз қаражатын алу (қысқа мерзімді - банктен несие алу, арқылы кәсіпорын уақытша қосымша айналым қаражатына қажеттілікті қанағаттандырады).
Әміршіл экономиканы басқару жүйесінде айналым қаражатын қаңағаттаңдыруда қарыз қаражат үлкен үлесте болды.
1.2.Ақшалай ақтивтерді басқару

Кәсіпорынның иелігіндегі ақша активтерін немесе қалдық ақша қаражатын басқару, жалпы айналым активтерін басқарудың бір болігі. Кәсіпорын жұмыс барысыңда әрекет жасайтын қалдық ақша активінің көлемін, оның абсолюттік төлем қабілеттік деңгейн анықтайды, операциялық кезенңің мерзіміне әсер етеді, сондайақ бедгілі мөлшерде оның инвестициялық мүмкіншілігін сипаттайды.
Кәсіпорынның салым ақшаларын қалыптастыру түрлі себептермен байланысты, олардың негіздері оның қалдық ақша-қаражатының жіктелуінде.

Операциялық ақша активтерінің қалдығы 2 сақтандыру акша активтершің қалдығы

Кәсіпорын салым ақшаларының түрлері (банктегі салым ақша)

3 Инвсстициялық ақша активтерінің қалдыгы 4
Отемдік ақша активтсрінің калдығы

5.2.1 – сызба . Кәсіпорынның шетел банкілеріндегі салым ақшаларының негізгі түрлері


Операциялық ақша активтерінің қалдығын қалыптастырудың мақсаты кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық (операциялық) жұмыстарымен байланысты, ағымдағы төлемді қамтамасыз етуді қалыптастырады: шикізаттар, материалдар және жартылай фабрикаттарды сатып алуға; еңбек ақыға, салық төлеміне; басқа мекемелердің көрсеткен қызметінің телеміне жәнс т.б. Бұл қалдық ақша қаражатының түрі — кәсіпорынның жинақты ақша активтерінің құрамьтның негізгісі болып есептелінеді.
Сақтандыру ақша активтерінің қалдығы негізінен
нарықтағы дайын өнімдер коньюнктурасының нашарлауына байланысты және операциялық жұмыстан ақша қаражатының өз уақытында түспеуіне байланысты сақтандыру тәуекелдігін қалыптастыруға қажет;
Қалдықтың бұл түрінің қалыптасуы косіпорынның тұрақты төлем қабілеттігінің болуын ұстап тұруға, жекелеген қажетті қаржылық міндеттемелерді төлеуге қажет. Бұл қалдық ақша активтері түрінің мөлшеріне белгілі мөлшерде кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржылық несие алу мүмкіншілігі әсер етеді.
Инвестициялық ақша активтерінің қалдығы нарықтың жекелеген сегменттеріңде қолайлы коньюнктура болуына байланысты тиімді қысқа мерзімді қаржы салуды қалыптастырады.
Қалдықтың бұл түрі нысаналылықпен тек сол уақытта қалыптастырылады, егерде ақша салымдарының қалыптасуы қажеттігін толық қанағаттандыратын болса.
Казіргі еліміздің экономикасынын дамуы жағдайына байланысты кәсіпорындардың басым көпшілігінің ақша активтерішң бұл түрін қалыптастыруға мүмкіншілігі жоқ.
Өтемдік ақша активтерінің қалдығы — негізінен
банктердің талабы бойынша кәсіпорынға есеп айырысу
қызметін керсетуте және оған басқадай қаржылық қызметтің түрін орындауға қалыптасады. Ол — азаймайтъш ақшалай активтердің сомасы, оны кәсіпорын банкпен жасалған келісім бойынша тұрақты түрде өзінің есеп шотында сақталуы керек. Мұндай қалдық ақша активтерін құру банктеп кәсіпорынға несие берудің бір шарты ретінде қарауға болады.
Қаралған қалдық ақша активтерінің түрлері тек кәсіпорынның өз салым ақшасын қалыптастырудың экономикалық уәжін сипаттайды. Айталық, сақтандыру ақша активтерінің қалдығын қолданбайтын кезеңіңде оны инвестициялық мақсатқа пайдалануға болады немесе кәсіпорынньщ қатарлас өтемдік қалдық ақша ретінде қарауға болады.
Сондай-ақ инвестициялық қалдық ақша активтерін, пайдаланбаған кезеңде - оны сақтандыру немесе өтемдік қалдық активі ретінде қарауға болады. Бірақта, жинақы қалдық ақша активтерінің көлемін қарағаңда, әр аталған уәж есепке алынуы керек.
Қаржылық менеджментінің ақша активтерін басқару процесіндегі негізгі мақсаты — кәсіпорынның тұрақты төлемдік қабілеттігін қамтамасыз ету. Бұл жағдайда ақша активтерінің қызметі, төлем қаражаты ретінде, сақтандыру және өтемдік операцияларды орындауға қалыптастырылады.
Қаржылық менеджментінің негізгі мақсаты мен бірге ақша активтерін басқару процесіндегі манызды мәселенің бірі — уақытша бос ақша қаражаттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
Ақша салымын жинақтау және кәсіпорынның төлем қабілеттігін басқару оның ақша активтерін келесі элементтерге бөлінеді:
ұлттық валютамен ақша активтері;
шетел валютасымен ақша активтері;
өтімділігі жоғарғы қаржы болу түрінде ақша активтерінің
қорлары

5.2.-сызба. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін қамтамасыз етуші ақша активтсрінің негізгі элементтерінің құрамы

Кәсіпорынның ақша активтерінің негізгі элементтерінің құрамы келесі суретте келтірілген.
Кәсіпорынның ақша активтерінің құрамын қаржылық менеджментінің көзқарасымен сипаттай отырып, атап кететін жай, мұңдағы трактат бухгалтерлік есептен кең. Бухгалтерлік есепте қысқа мерзімді қаражат болу айналым активтерінің құрамында жеке дара есеп объектісі және есеп беру ретінде қаралады, ал қаржылық менеджмент қысқа мерзімді қаржы бөлуді бос ақша қалдығы активтерін қор түрінде орналастыруды қарайды, ойткені ол ксз келген уақытта кәсіпорынның қаржылық міндеггемесін орындауга қажет болуы мүмкін.
Қаржы менеджментінің негізгі мақсатына сай, ақша активтерін басқару процесінде, оны басқаруға сәйкес саясат қалыптастырылады.
Осы саясатты қалыптастыру процесінде есепке алатыны, кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттігін қамтамасыз ету талабы кен мөлшерде ақша активтерін жасаудың қажеттілігін анықтайды, яғни, әсіпорынның қаржылық мүмкіншілігі шеңберінде орташа қалдықты барынша көбейту.
Басқа жағынан қарағанда, ескеретін жай, кәсіпорынның ақша активтерін ұлттық валютамен сақтау кезінде, оның инфляцияға байланысты нақтылы құнынан айырылу қаупі бар, одан басқа ақша активтері ұлттық және шетел валюталарыда сақтау кезінде өз құнынан айрылады, осыған байланысты олардың орташа қалдығын барынша азайтуды қажет етеді.
Осы аталған қарама-қайшылықты талап ақша активін басқару саясатын жасаған кезде ескерілуі тиіс.
Соныменен, ақша активтерін басқару саясаты-кәсіпорынның айналымды активтерін жалпы басқару саясатының бір бөлігі ретінде қаралады, олардың жиынтық қалдық мөлшерін оңтайландыру арқылы кәсіпорынға тұрақты төлем қабілетгігі қамтамасыз етіледі.
Өткен кезеңдегі кәсіпорынның ақша активтерін талдау.
Бұл талдаудың негізгі мақсаты- орташа қалдық ақша активтерінің деңгейін және сомасын бағала кәсіпорынның төлемдік қабілеттігін қамтамасыз ету және оны пайдаланудың тиімділігін анықтау.
Талдаудың бірінші кезеңінде ақша активтерінің айналым капиталына қатысу деңгейін және оның өткен кезеңдегі серпіні бағаланады. Бағалау — айналым капиталындағы ақша активтерінің қатысу коэффициенттін анықтау негізінде іске асады, ол төмеңдегі формула арқылы есептелінеді:

АКаак = ААк / ААс

АКаак - айналым капиталындағы ақша активтерінің
қатысу коэффициенті;
ААк - қаралған кезендегі кәсіпорынның жиынтық ақша
активтерінің орташа қалдығы

ААс - кәсіпорынның қаралған кезеңдегі айналым активтерінің
орташа сомасы.
Талдаудың екінші кезеңінде- қаралған кезендегі ақша активтерінің айналым саны және орташа айналым кезеңі анықталады. Мұндай талдау ақша активтерінің, кәсіпорынның жалпы операциялық циклының ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Кәсіпорындағы айналым активтерін басқару жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Кәсіпорындағы айналым активтерін басқару

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]