Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың қаржылық инвестициясы

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың қаржылық инвестициясы

Мазмұны

Кіріспе

І. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының мәні

1.1. Инвестициялардың құрылымы мен мінездемесі.
1.2. Инвестициялық қызметінің мәні мен принциптері
1.3. Қаржылық инвестицияның маңызы және оларды жіктеу.

ІІ. Кәсіпорындардың қаржылық инвестициясын басқару.

2.1. Кәсіпорынның инвестициялық портфелін басқаруын талдау
2.2. Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері
2.3. Қазіргі таңда ҚР- ң кәсіпорындарына ивестиция тартудың мәселелері.


ІІІ. Кәсіпорындардың халықаралық жағдайымен сыртқы саясаты.

3.1. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестердің даму
тенденциясы
3.2. Кәсіпорының инвестициялық саясатын жетілдіру



Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттері тізімі. .....


І. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының мәні
1.1. Инвестицияның құрылымы мен мінездемесі
Бұл түзетулердің маңыздылығы «Юридикалық тұлға, яғни азаматтар мен мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асырудағы тәжірибелік іс әрекеттер жиынтығы» түсінігіндегі инвестициялық іс - әрекет мәнін түсінуге қажет. Оларды жүзеге асыру инвестициялық сфералардың:
- инновациялық;
- капиталды құрылыс;
- қаржы капиталын әртүрлі формада қолдануға іске асады.
2002 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда 10,6 пайызға өсті. 2001 жылдың деңгейіне қарағанда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың өсуі республикадағы 14 облыстық 10-ынды және Алматы, Астана қалаларында байқалды. Көлемнің едәуір өсуі Қызылорда, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында байқалды.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың 13-1 пайыз шегінде өсуі Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстарында, Астана қаласында байқалды.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың өңірлік құрылымдағы көлемнің жартысынан астамын республиканың батыс өңірлеріндегі кәсіпорындар (Атырау облысы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау) игерген. Мұнда Алматы және Астана қалаларының үлесі басым. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындардың үлесі – 47,0 пайызды, орташаларінікі – 27,9 пайызды, шығындарінікі – 23,9 пайызды, халық үлесі – 1,2 пайызды құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45,0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайыздың пункте артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0,6 пайыздың пунктке өсіп, 4,8 % құрады. Негізгі капиталға жұмсалған басқы шығындар 131 млрд. теңгені құрады. Оның 89,1% геологиялық барлауға жұмсалған.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің жартыысынан астамын меншіктің нысанындағы кәсіпорындар жүзеге асырды. Шетелдік меншік кәсәпорындарының үлесі 2001 жылмен салыстырғанда 0,5 пайыздың пунктке төмендейді. Мемлекеттік кәсіпорындар үлесінің 0,6 пайыздық пунктке өсуі, басымдығы экономика салалары: көлік коммуникациялық кешенді нығайту және дамыту аграрлық – өнеркәсіптік кешенді дамыту, сумен жыбдықтау, экология әлеуметтік секторды дамыту жекеше бизнес үшін тартымсыз болып табылатын мемлекет инвестициялар бағдарламасын іске асырумен байланысты.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салалық құрылымы 2001 жылмен салыстырғанда аздаған өзгерістерге ұшырады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмақ бұрнғысынша кен өндіру өнеркәсібіне, өңдеу өнеркәсібіне, көлік және байланысқа келеді. Кен өндіру өнеркәсібінде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың барлық көлемі дерлік шикі мұнай ментабиғи газ өндіруге және осы салаларда қызмет көрсетуге келеді.Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44,4 пайызы тиеді.
Көлік және байланыста негізгі капиталға жзұмсалған инвлестициялардың елеулі үлес салмағы құқыларымен айдауға әуе көлігіне және электр байланысқа келеді.
Негізгі капиталға жұмсалан инвестициялардың үлес салмағы жылжымайтын мүлік операцияларымен, жалға берумен және тұтынушыларға қызмет көрсетумен байланысты қызмет түрлерінде елеулі, мұның 68% -ы геологиялық барлау және іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Негізгі капиталға жұмсалған инвеслтицилардың көлемі ауыл шаруашылығында бұрынғысынан мардымсыз.
Білім беру мен денсаулық сақтаудағы инвестициялық белсенділік дежңгезйі әлі төмен қалпында болды. Негізгі капитала жұмсалған инвестищциялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы жкөлемінде үйлер мен имараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13,3 % құрады. Негізгі капиталға жұмсалан инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылымында меншікті және сырттан тартылған қаражаттың ара салмағы сақталады. Басм қаржыландыратын кез ретінде кәсіпорыннцң жменшікті қаражаты қалады, оның негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 55,2% құрады. Сонымен меншікті қаражат экономикалық қызметтің мына түрлерінде темір кенін ашық әдіспен өндіруде, ағашты өңдеу және жиһаздан басқа ағаш пен тажздан жасалынған бұйымдар өндіруде қағаз массасын қағаз кардон және осылардан жасалған бұйымдар өндірбуде; көне мұнай өнімдеріне және олардың материалдар өндіру мен темір жол көмегін шығаруда негізгі капиталға жұмсалған инлвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі болды. Меншікті қаражаттың едәуір үлес салмағы киім өндіру үлбір өңддеу, және бояу; химия өнеркәсібі, темекі өнімдерін өндіру, электр энергиясын өндіру және бөлу, металлургия өнеркәсібін уран, және тарий кендерінен басқа түсті металл кендерін өндіру бойынша өнеркәсіп орындарда және құрылыс қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда байқалады.
Сырттан таратылған аражат құрлымында бюджет қаражатының үлесі 2001 жылымен салыстырғанда 1,5 % -ға ъөсті, бұл республикалық инвестициялық іске асыру үшін республикамыз бюджеттен қаражат бөлуге байланысты. Отандық банктердің және өзге де қаржыландыру көздерінің кредиттер үлесі тиісінше 2,7 және 0,6 % -ға өсті. Шетелдік банк кредиттері үлесінің 5,7 % -ға төмендегені, басқа шетелдік қаражаттың 5,0% -ға өскені байқалды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестидцияларды қаржыландыруға жұмсалған қаражаттың жалпы көлеміндегі сырттан тартылған қаражаттың үлкен үлес салмағы геологиялық барлау мен іздестірбуді жүзеге асыратын кәсіапорындарда, мемлекеттік басқару, ұйымдарында, былғары және одан жасалған бұйымдарды өндіру, аяқкиім өндіру бойынша кәсіпорындарда, денсаулық сақтау ұйымдарында және газ тәріздес отынды өндіру мен бөлу бойынзша дкәсіпорындарда байқалды.
Ішкі және шетелдік инвестициялардың жара салмағы көбінесе кен өндіруден, өркәсібіне салынған шетелдік салымдарға тәуелді болатын. Сонымен, кен өндіру өнеркәсібіне жұмсалған шетелдік инвестициялар үлесі, 1999 – 2002 жылдары елеулі төжмендесе де, жоғары болып тұр – 64,4%. Экономиканың көптеген басқа салаларында ішкі инвлестициялардан басым. Материалдың айналым қаражат қорларын толтыруға кеткен шығындар қарды емес активтерге жұмсалған инвлетициялар құрылымында елеулі бола тұрып, 20041 жылымен салыстырғанда 2,4 % -ға төмендегі, ал 1998 -2002 жылдар кезешңі аралығында оның төжмендеуі 23,1% құрады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы экономиканың өслу імен капиталдық қаралуына көрсеткіш – негізгі капиталға жұмсалған инестициялар дкөлемініең өсуімен сипатталатын экономикалық өсу үрдісінің дамуын көрсетеді. Мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануға, ішкі жинақ ақдшаны жұмылдыруға тікеледй отандық және шетелдік инвестицдиялар түсімін ынталандыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарланған бағдар амасын іске асыру болашақта инвестиция қызметте ең үрдістерді сақтауға мүмкіндік береді. Ал 2003 жылы – шет елдер инвестициясының негізгі көлемі мен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарының негізгі құрал жабдықтарын жасауға бағытталады. Жалпы республика көлемінде шетел инвестицияларын игерудегі ең көп үлесі Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының еншісінде. Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі көмегімен меншіктің жеке нысандарға кәсіпорындармен ұйымдар сондай –ақ өз қызметіщн Қазақстан Республикасының аумағында іске асыратын басқа мемлекеттің шаруашылық жүргізу субъектілері игерді. Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның басым көлемін меншіктік нысандарындағы кәсіпорындар игерді. Жылдың басынан бері индвестиция көлемінің біраз бөлігі тұрғын үй құралына жұмсалады. 2003 жылы инвестицияны қаржыландырудың негізгі көзі шетел инвестициясы болды. Бұл инвестициялар өнеркәсіпті дамытуға жұмасалды, ондағы басты тұлғалар: мұнай және табиғи газ өндіру көжлік пен байланыс және құрылыс салалары.
1.2. Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері

Негізгі қорга каржы жұмсау (өндірістің негізгі қоры) босалқы қорларға, резерзтерге, сондай-ақ пайда, днвиденд және басқа да табыс табу мақсатмен кұнды қағаздар шығаруда ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестнция деп атайды. Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Матерналдық-заттық инвестация — ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар. машиналар және т.б. сонымен қатар, ол — ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағыталған, ал инвестяцияның ақшалай нысаны болса. Ол — ақшалай капиталдың материалдық-заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларға қамтамасыз етуге жұмсалады.
Өндірістегі жалпы инвестияның өнім инвестиця деп атайды. Ол — негізгі капиталдың (негізгі қор) артуын қолдауға бағытталады.? Жалпы инвестиция біріктірушінің екеуінен қосылады. Оның ішінде бреуі — амортизация. Ол — негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тазу және оның құнын өндірілетін өнімге көшіру процесі.
Екінші біріктіруші таза инвестиция — бұл капиталдың қаржы жұмсау негізгі қорларды арттыру, өсіре беру, ғимараттар салу өндіру және қондыру, қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициялармен қатар, олардың едәуір бөлігі әлеуметтік-мәдени салаларына, яғни ғылым, білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қоргай, осы салалардағы жаңадан салынатын объектілерге, олардағы колданылып жүрген техника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі — оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлегі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы орасан зор. Казіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасымын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп. жоғарыдағы айтылған мақсатарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін: талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді. Сонымен , жалпы түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік салықтар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез - кезген басқа да мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда (табыс) және әлеуметтік нәтижеге жету мақсатына пайдаланады.
Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы — бұл табыс табу мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің (қаржы) барлық түрлері. Ал экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы — ол құруға, кеңейтуге, қайта құруға, негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға, сол сияқты айналмалы капиталға осымен байланысты емес өзгерістерге жұмсалатын шығыстар деп түсіндіруге болады. Шынын айтқанда, тауар — материалдық босалқы қорлардың өзгерістері көпшілігінде негізгі капиталға жұмсалатын шығыстар қозғалысын түсіндіреді.
Нарыңтық экономикада инвестиция кез келген формада қаржы жұмсау процесі ретінде табыс табуға немесе қаңдай да болмасын басқа да нәтижеге жетуге тығыз байланысты.
Инвестиция — бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелілік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны.
Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың түрлері бойынша тәуекелдік , тікелей, портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді.
Венчурлік капитал — үлкен тәуекелге байланысты жана саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.
Тікелей инвестициялау — шаруашылың субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады.
Портфельдік инвестициялар — портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияңты басқа да активтер болып есептеледі
Аннуинтеттік тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.
Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін жагғдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастар субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
1.3. Қаржылық инвестицияның маңызы және оларды жіктеу

Кез келген кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар әрекетінің маңызды өрісінің бірі — инвестициялық әрекет болып есептеледі.
Кәсіпорындардың қаржы ресурстары ағымдағы шығындарды қаржыландыруға және инвестициялауға бағытталады.
Инвестиция — бұл ақша қаражаты, бағалы қағаздар, басқадай мүліктер, оның ішінде мүлікке иелік ету және т.б. белгілі бір пайда табу мақсатымен кәсіпкерлік объектіге салу.
Инвестиция фирмалардың серпінді дамуын қамтамасыз етеді және келесі мақсатты орындауға жағдай жасайды, олар: қаржы және материалдық ресурстарды жинақтау есебінен меншік кәсіпкерлік әрекетті кеңейтеді; жаңа кәсіпорынды сатып алады; бизнестің жаңа түрлерін игеруге байланысты әрекеттерін әртараптандырады.
Кәсіпкерлікпен айналысушы кәсіпорындар инвестицияны әртүрлі түрінде іске асырады, үйткені инвестиция объектілерінің көптеген түрлері бар.
Нақтылы иннестиция ол тауар әдірісін және қызмет көрсетуге байланысты нақтылы активке ақша қаражатын салу. Бұл салым кәсіпорынның негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталады. Нақтылы инвестиция негізінен жаңадан негізгі қорды салуға, кеңейтуге, қайта техникалық жағынан қарулануына немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайтадан құру үшін қолданылады.
Қаржы инвестициясы пайда табу мақсатымен қағаздар түріндегі активтерді алу. Бұл салымдар - құнды қағаздар портфелін қалыптастыруға бағытталады.
Инвестициялық әрекеттің негізгі субъектісі-инвестор. Ол меншік, қарыз және қатыстырылатын? Қаражаттарды инвестиция түрінде жұмсауды іске асырады.
Негізгі шаруашылық әрекетінің бағытына қарай инвесторларды жеке және институционалдық инвесторларға бөледі. Жеке инвестор негізгі өндірістік- шаруашылық әрекеттің дамуына инвестиция түрінде салым салушы жеке және занды тұлға. Институционалды инвестор — жеке инвесторлардың қаражатын жинақтап, инвестициялық әрекет жасаушы қаржы орта қолдықтар. Институционалды инвесторларға ол бетте құнды қағаздар операцияларына мамандандырылған инвестициялық компанияларды, инвестициялық қорларды жатқызуға болады.
Барлық инвесторлар: кезкелген түрдегі инвестициялық әрекет жасауға;
инвестицияланатын объектіні иемденуіне, пайдалануға, өнім жасауға;
инвестицияның көлемін және бағытын өз еркімен анықтауға;
инвестициялық әрекетке келісім бойынша басқа субъектілерді қатыстыруға;
инвестициялық қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылау жасауға және т.б. тең құқықты.
Инвестициялық әрекеттің келесі субъектісі тапсырыс беруші. Тапсырыс берушілерге инвсстициялық жобаларды іске асырушы, бірақта кәсіпкерлік әрекетіне араласпайтын инвестормен уәкіл етілген жеке және занды тұлғалар жатады.
Мердігерлер болып тапсырыс берушімен келісіммсн жұмыс атқарушы жеке және заңды тұлғалар есептеледі Мердігерлердің әр түрлі әрекетте жұмыс істеуіне қажетті лицензиясы болуы керек. Инвсстициялық әрекеттің объектілерін пайдаланушыларға кіретіндер: инвесторлар,; жеке және заңды тұлғалар, мемлскеттік ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару ұйымы, халықаралық бірлестіктер және ұйымдар.
Инвестициялық әрекеттің субъектілері практика жүзінде қаржы салымдарын іске асыруды орындаушы инвестициялық салада жұмыс істейді.
Инвестициялық салаға жататындар: өндірістік және өндіріске жатпайтың негізгі құралдарға инвестиция салынатын, күрделі құрылыс саласы;
Жаңартпашылық салаға - ғылыми-техникалық өнімдерді және парасатты әлуетті іске асыруда жатқызады.
Қаржы капиталының айналым саласына: ақша, қарыз және әртүрлі түрдегі қаржы міндеттемелері жатады.
Субъектілердің инвестициялық әрекеттері ҚР Азаматтық кодексімен, "Құнды қағаздар нарығы туралы" және "ҚР инвестициялық әрекеті" туралы зандармен реттеледі. ҚР зандарына сәйкес мемлекет меншік түріне қарамай инвестицияны қорғауға кепілдік береді.
Инвсстицияны басқару Инвсстицияны басқаруға қатысатындар:
-инвестициялық әрекетті мемлекеттік деңгейде басқару, сол арқылы инвестициялық әрекетті реттеу, бақылау, ынталандыру;
-жекелеген инвсстициялық жобаларды басқару. Ол өзіне жоспарлауды, ұйымдастыруды," бақылауды қоса отырып, инвестициялық жобаның қазіргі жүйе әдістерін ; және техникаларды, басқаруды қарайды;
жекелеген шаруашылық етуші субъекті кәсіпкерлік етуші фирманың инвестициялық әрекетін басқару инвестициялық объектіні тандауды, инвестициялық процестің жайын бақылауды басқарады.
Фирмалар бойынша инвестициялық әрекетті басқару ең тиімді капитал салымын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты инвсстицияны басқару бірнеше кезеңдерден тұрады, олардың негізгілері:
І-кезең. Кәсіпорын денгейінде инвестицияны басқару елдегі (мемлекеттегі) инвестициялық климатқа талдау жасау. Ол өзіне келссі болжауларды зерттейді:
Ішкі жалпы өнімдер серпіні, ұлттық табыс және өнеркәсіп өнімдері өндірісінің көлемі;
Ұлттық табысты тарату серпіні жекешелендыру процесінің дамуы;
Инвестициялық әрекетті мемлекеттік заң арқылы реттеу;
Жекелеген инвестициялық нарықтардың дамуы, ақша жене қор қарқының ерекшелігі.
Келесі кезең - фирмалардың экономикалық және қаржылық дамуыны.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Кәсіпорындардың қаржылық инвестициясы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Кәсіпорындардың қаржылық инвестициясы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]