Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Жастардың әр түрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыстың халықаралық тәжірибелері және оның мәні
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................3 б.1. Дамыған елдердегі жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың негізгі модельдері.............................................4-5 б.
2. Жастардың әр түрлі категорияларымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың халықаралық тәжірибелерінің ортақ үрдістері мен қағидалары.............................................................................................6-7 б.
3. Жастармен жүргізілетін арнаулы әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірибесі.....................................................8-17 б.
Қорытынды.....................................................................................18 б.
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................19-20 б.
Кіріспе
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарда шет елдік тәжірибені зерттеуде және қолдануда мынадай сәттерді ескеру керек:
• оны бағалау мен пайдалану мүмкіндігіне нақты-тарихи жағынан келу, яғни тәжірибесі зерттеліп отырған елдің қоғамдық-саяси деңгейі мен әлеуметтік-экономикалық дамуын ескеру;
• әлеуметтік жұмыстың тәжірибесіне бейімделу өз елінің, өз аймағының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып үзеге асыру керек;
• шет елдік тәжірибені қолдану өз елінде жинақталған жастарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәжірибені алып тастау деген сөз емес;
• посткеңестік кеңістікте алыс шет елдік тәжірибені ғана емес, қайта құрудан кейін жинақталған бұрынғы социалистік елдердің де тәжірибесін қолдану да маңызды.
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың тәжірибесі үшін дамуының біршама тарихы бар дамыған елдердегі жұмыс тәжірибесі өзіндік құнды болып табылады.
1. Дамыған елдердегі жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың негізгі модельдері
Дамыған елдерде жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың қазіргі деңгейі біршама жағдайларға негізделген. Бұл елдердегі басқарушылар шеңбері мен қоғам мыналарды сезінді:
• қоғамда әлеуметтік тұрақтылық жағдайынұстап тұруға мүмкіндік жасайтын әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың қажеттілігін сезінді, оны мынадай жолдар арқылы жүзеге асырады: экономиканың нарықтық сипатын сақтай отырып әлеуметтік бағдарлануы; табыстарды халықтың аса қамтамасыз етілгендері мен аса қамтамасыз етілмегендерінің арасында қажетті және әлеуметтік жағынан тиімді бөлу,халыққа әлеуметтік қызмет көрсету үшін мемлекеттік және жергілікті бюджетті, әр алуан қорлардағы қаржыларды шоғырландыру; білім беру, медициналық қызмет көрсету, еңбекпен қамту және т.б. салаларда белгілі-бір әлеуметтік кепілдіктер беру;
• жастарды әлеуметтендіру мен интеграциялауда қоғамның кездесетін қиындықтарды жылдам өзгермелі заманда жас адамдардың бір жағынан, қажеттіліктері мен ұмтылыстарының сәйкессіздігі нәтижесінде болса, екінші жағынан қоғам оларға ұсынады да, олардан талап етуінен болатыны;
• осы қайшылықтарды шешу үшін жастарға өзін-өзі көрсетуге жағдай жасап, қоғамның даму процесіне өз үлестерін қосуға мүмкіндік беру керек.
Осы жағдайларды ескере отырып, қазіргі уақытта дамыған елдерде жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың, әлеуметтік қолдаудың екі негізгі моделі қалыптасқан: америкалық (көмек пен қолдаудың мемлекеттік емес нысандары басымдау) және батыс-еуропалық (жастарға көмек көрсету мен қолдау жасаудың мемлекеттік нысаедары басым).
Жастармен жүргізілген әлеуметтік жұмыстың жүйесі АҚШ-та федеральдық (жалпы мемлекеттік) заңдылықтар, немесе штат заңдарымен регламенттелген әр түрлі әлеуметтік бағдарламалардан тұрады. Сонымен қатар, жеке бағдарламаларды жергілікті билік органдары да қабылдайды. Мұндай тәсілдер нақты аймақта тұратын жастарға әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттіліктерін толықтай көрсетуге мүмкіндік береді.
Жастармен жүргізілген әлеуметтік жұмыстың батыс-еуропалық жүйесі америкалықтан жас ұрпаққа қатысты әлеуметтік саясаттың бағытын анықтауда, жоспарлауда және іске асыруда мемлекеттің қатысуымен, әр алуан әлеуметтік қызмет көрсетуге жастардың біршама щеңберін қамтуымен ерекшеленеді. Мұнда жергілікті өзін-өзі басқару органдары да маңызды рөл атқарады.
Нарықтық экономикасы қалыптасып қалған дамыған елдердегі жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысының жүйесінің ортақ белгісіне әлеуметтік қызметтердің түрлерінің өзгеруінен, өзгермелі жағдайларға байланысты жүзеге асыру нысандарынан, қажеттіліктердің ескеруі мен жаңасының пайда болуынан көрінетін нысандарының тармақталуы және әр алуандығы, иілгіштігі жатады.
Басқа бір ортақ белгіге-әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық жүйесінің барынша құқыққа негізделуі, оны ұсынудың сипаты мен жағдайлары туралы халықтың барынша хабардар болуы, бұл өз кезегінде, әрбір осыған қызығушылық танытқан жас адамға, жасөспірімге немесе оның ата-анасына (қамқоршыларына) қажет болған жағдайда заң жүзінде тиесілі әлеуметтік қызметті пайдалануына мүмкіндік береді.
Батыс елдеріндегі жастармен жүргізілген әлеуметтік жұмыстың тағы бір ортақ белгісіне отбасын қоғамның негізгі ұясы, жас ұрпақты әлеуметтендірудің басты факторларының бірі ретінде есептеуі жатады.
Батыс елдеріндегі жастармен жүргізілген әлеуметтік жұмыспен айналысатын барлық мекемелер мен ұйымдарды екі топқа бөлуге болады: жалпы профильдік және арнаулы. Жалпы профильдікке нақты аймақтың (штаттың, аймақтың, департаменттің және т.б.) тұрғындарына қызмет көрсететін мекемелер жатады. Мекен-жайларға барынша жақын орналасқан олар әлеуметтік көмекке зәрулердің барлығына, соның ішінде жастарға өз көмектерін көрсетеді. Ал арнаулы мекемелер қатарына белгілі-бір жастар тобына-мүгедек-балаларға, үйден қашып кеткендерге, қараусыздарға, нашақорларға және басқаларына әлеуметтік көмек көрсететін мекемелер жатады.
2. Жастардың әр түрлі категорияларымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың халықаралық тәжірибелерінің ортақ үрдістері мен қағидалары
Әр елде балалық пен бозбалалықты әлеуметтік қорғау саласына, осы халық санатынан теріс мінез-құлықтарына профилактика жүргізуге әртүрлі тәсілдер қалыптасады. Бірақ, бұл жұмыстың ұйымдастырушылық-практикалық нысандарының әр алуандығына қарамастан оларда ортақ үрдістер мен қағидаларды байқауға болады. Олар ең алдымен мыналар:
• жастардың құқық бұзушылығы мен теріс мінез-құлықтарына профилактика жасау мен алдын-алу жүйесін гуманизациялау, жазалаумен мәжбүрлеу шараларынан қорғау-сақтау шараларын үстемдету;
• тәрбиелеуфилактикалау және қорғау-сақтау әрекеттерін мамандандыру, отбасы жағдайында теріс мінез-құлықтарын түзету және емдеу бойынша практикалық жұмысқа маманданған әлеуметтік педагогтардың, әлеуметтік қызметкерлердің арнаулы лауазымдарын енгізу;
• отбасына, мектепке, балаларға, жасөспірімдерге, бозбалаларға көмектесуге шақырылған арнаулы құрылымдар желісін құру: психологиялық қызметтер мен кеңестер, сенім телефондары, қиын жағдайларға ұшыраған балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік баспаналар;
• әлеуметтік теріс бейімделген кәмелетке толмағандарды реабилитациялауда тәрбиелеу-профилактикалау және қорғау-сақтау әрекеттерін психологизациялау, теріс мінез-құлықтарды түзетуде басты рөлді медико-психологиялық көмек пен қолдауға беру;
• тәрбие институтының бастысы ретінде отбасына әлеуметтік-құқықтық, психолого-педагогикалық көмек пен қолдау көрсету, тәрбие мақсаттарын орындай алмаған әлеуметтік қауіпті отбасыларында отбасылық тәрбие беру жағдайын жақсартудың әлеуметтік жұмыстарын ұйымдастыру.
Көптеген Батыс Еуропа, АҚШ, Жапония мемлекеттерінде жастармен жүргізілген әлеуметтік жұмыстар әртүрлі көмек көрсетумен ғана шектеліп қалмайды, оларға тыйым салу, бақылау сипатындағы шаралар да тұрады. Мысал ретінде құқықтық негізде жүзеге асырылатын шаралар қолданатын ФГР тәжірибесіне сүйеніп көрейік:
• жас адамның рухани және физикалықжағдайына қауіпті жерлерде болуының алдын-алу. Мұндай қауіп төндіретін объектілерге көпшілік үйлер, есірткі тарататын притондар, сондай-ақ жастарды девиантты мінез-құлыққа жетелейтін орындар жатады;
• жасы 16-ға толмаған жас адамдардың қоғамдық тамақтану, кафе, асханаларда және басқаларында сондай-ақ дискотекаларда болуына тәртіп белгілеу, оны оларды тәрбиелеуге жауапты адамның бірге жүруімен, осы орындарда болу уақытын шектеу арқылы жүзеге асырады;
• қоғамдық орындарда алкогольді сатып алуға және қолдануға тыйым салынады: 16 жасқа дейінгі жас адамдарға ата-анасымен жүргенде ғана жеңіл алкоголь ішімдіктерін (сыра, шарап және т.б.) ішуге рұқсат етіледі;
• жасы 18-ге толмаған жас адамдарға құмар ойындарын ойнауға, әсіресе ұтып алу мақсатында ойын автоматтары бар залдарға баруға (бұл ереже қасында ата-анасы немесе тәрбиешісі бар барлық балаларға қатысты) тыйым салынады;
• балалар мен жасы 15-ке толмаған жас адамдарға қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салынады;
• порнографиялық фильмдерді, бейне кассеталарды көруге, порнографиялық мазмұндағы және зорлық-зомбылық көрсетуді насихаттайтын әдебиеттер мен бейне кассеталарды сатып алуға шектеу қойылады.
3. Жастармен жүргізілетін арнаулы әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірибесі
Шет елдерде, әсіресе дамыған елдерде жастармен-құқық бұзушы кәмелетке толмағандармен, жас нашақорлармен, қараусыздармен, «қауіпті топ» отбасында тәрбиеленуші балалармен және басқаларымен жүргізілетін арнаулы әлеуметтік жұмыстың біршама тәжірибесі жинақталған. Әр елде бұл проблемалардың өзіне тән ерекшеліктері бар, олар әртүрлі байқалады және оларды шешу үшін сол елдің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және басқа да ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалған әлеуметтік бағдарламалар, технологиялар қолданылады. Соған қарамастан, осының өзі әр елдерде қалайша жүзеге асып жатқанын білу әлеуметтік қызметкерге ол елден әлеуметтік және мәдени жағынан барынша ерекшеленетін жағдайлардың өзіне көмектесіп, жастар ортасында жаңа проблемалардың туындауын көре білуге және адекватты шешімдер қабылдауына көмектесетіні сөзсіз.
Австрияда жастардың құқығын қорғау үшін және оларға көмектесу үшін аймақтарда арнайы үйлерде орналасқан, жастардың қалауынша безендірілген ақпараттық орталықтар ашылған. Мұнда жас адамдар педагогтардан, психологтардан, юристерден ақпарат пен кеңестер ала алады. Және де клиенттердің анонимділігі сақталады.
1973 жылдан бастап тәрбие бойынша телефондық анықтама бюросы қызмет етеді. Басқа жастар қызметінен де анонимділікті сақтайтын бұл қызмет түрінің қызметкерлері тәрбие мен мектеп проблемалары жөніндегі мәселелер бойынша жоғары деңгейдегі кеңестермен көмектесе алады.
Елдің жастар қызметінің әрекеттеріне жас отбасыларына көмек көрсету мақсатында тұрғын-үй басқармаларымен байланыс қарастырылған. Толық емес отбасылары ерекше назарда ұсталған. Қызмет орталықтары мұндай отбасыларының, нң алдымен балаларының мүдделеріне орай, материалдық базасының нығаюына қаржылай көмек көрсетуге бар күштерін салады. Балалар мен ата-аналары арасындағы қарым-қатынастарға байланысты туа қалған құқықтық мәселелерді шешуде көп көмектер көрсетіледі.
Зорлық көрген балаларға көрсететін көмек түрлері әсіресе назар аударарлық. Онымен бірнеше мекемелер айналысады. Жастар мен отбасына қызмет көрсету орталықтары отбасы ісіне араласу арқылы немесе арнаулы бақылауға алу арқылы көмек көрсетеді. Егер баланы қорғау қажет болса, оны отбасынан алып басқа жерге орналастырады да, қамқорлық көрсетеді. Отбасында зорлық көруіне байланысты қауіпті жағдайды басынан кешіп отырған балалар сондай-ақ Балалардың психологиялық бөлімдерінен көмек ала алады, онда олар және оның отбасы бірнеше апта бойы психологтардың қарамағында болады, қажеттілігіне қарай клинико-психолгиялық диагностика, кеңес беру және т.б. жүргізіледі. Мұндай көмектердің мақсаты қызмет орталықтарының мамандарының қарауында болуды жалғастыра отырып, баланы отбасына қайтару.
Тағы бір әлеуметтік қызмет түрі-Аймақтық күйзеліс орталықтары. Олар мектеп жасындағы балаларға тәулік бойы көмек көрсетіп, кеңестер берумен айналысады. Егер оқушыға қауіп төнсе қысқа уақытта оны тұрғындар тобына қабылдайды. Осының өзінде ол сабағына баруды тоқтатпайды және орталық мамандары тиесілі жұмыс істеген өзінің ата-аналарымен кездесіп тұрады. Орталықтардың мақсаты дағдарыс жағдайларда балалармен және ата-аналарымен бірге жанжалдарды шешудің жаңа жолдарын табу.
Ұлыбританияда әлеуметтік қызметтердің жұмысы жасында, этникалық және басқа да демографиялық жағдайларға байланысты, сондай-ақ физикалық немесе психикалық денсаулығының бұзылуына байланысты мемлекеттік көмекті қажет ететін азаматтардың әртүрлі категориясын әлеуметтік қорғау мен көмек көрсетуден тұрады. Осыған байланысты, әлеуметтік қызметтердің әрекеттерінің саласына әлеуметтік, психологиялық қорғауды қажет ететін балалар, жасөспірімдер мен жастар, сондай-ақ отбасылары кіреді.
Әлеуметтік қызмет орталықтары бюджеттік ұйымдар болғандықтан, ақысыз көмек көрсетеді. Бұл қызмет орталықтарыныңөзіндік айырмашылығына олардың оқу, емдеу және басқа да жас ұрпақтың білім алуына, тәрбиесі мен денсаулығына жауап беретін мекемелерден тәуелсіз болуы. Сондықтан әлеуметтік қызметтердегіәлеуметтік қызметкерлер балалармен, жасөспірімдер мен бозбалалармен жұмыс істейтін, солар үшін жауап беретін басқа мекемелердің қызметкерлердің маманданбаған немесе ізгілікке қарсы әрекеттеріне шынайы қарсы тұра алады.
Әлеуметтік қызметкер жергілікті билік органдарына нақты мекеменің, маманның, ата-аналары немесе жеке тұлғаның тарапынан баланың немесе жас адамның психикалық болмаса физикалық дамуына қауіп төндіретіні жөнінде мәселені көтере алады. Әлеуметтік қызметкердің арызының және оған сәйкес материалдар негізінде жергілікті сот органы сәйкес заңды немесе жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарта алады, билік органы отбасына қаржылай көмек көрсету мөлшерін белгілейді, жас адамның жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, тұрмыстық жағдайын жақсартады және т.б.
Көптеген әлеуметтік қызметкерлер тікелей білім беру және емдеу мекемелерінде жұмыс істеп, штаттық педагогтар мен психологтармен тығыз байланыста бола отырып кәмелетке толмағандармен жеке және топтық жұмыстарды жүзеге асырады, бірақ әкімшілік жағынан жергілікті әлеуметтік қызмет орталықтарына бағынады.
Бұл елде әлеуметтік қызмет орталықтарымен бірдей деңгейде жұмыс істейтін әр профильді көптеген орталықтар да бар.Орталықтар нақты аймақтарда тұратын халықтың белгілі-бір санаттарына қызмет көрсетеді. Соның ішінде балаларға, жасөспірімдер мен олардың отбасыларына қызмет көрсететін арнаулы орталықтар бар.
Мұндай орталықтар нақты бағыттарда жұмыс істеуге арналады және әлеуметтік қызметтердің «желілік» құрылымы болып табылады. Мысалы тек отбасыларына көмек беретін, немесе тек маскүнем жасөспірімдер мен нашақорларға және басқаларына көмектесетін орталықтар бар. «Желілі» құрылымдардағы әлеуметтік қызметкерлер барынша шектеулі маманданған: бірі психотерапевтік практикамен айналысса, екіншісі отбасы психологтары сияқты әрекет етеді де, бірнеше отбасыларына ондаған жанжалдардың шешілуіне дейін ғана көмектеседі, ал үшіншілері орталыққа келушілерге әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етіп, заңды мекемелермен, денсаулық сақтау ұйымдарымен, әлеуметтік қамтамасыз ету қызметтерімен, бос уақытты өткізу мекемелерімен байланысып отырады.
Голландияда ұсақ ұрлықтар жасаған немесе вандализм актілерін жасауға барған жасөспірімдермен «Халит» жобасы шеңберінде қызықты жұмыс тәжірибесі жинақталған, оның мәні құқық бұзған жасөспірім өз кінәсін, материалдық немесе моральдық залалды өз еңбегімен өтеуден тұрады. Келтірілген залалдың орнын толтырудың ең кеңінен тараған тәсілдеріне: құқық бұзу нәтижесін тікелей түзету (жасөспірім шимайлап тастаған қабырғасын жуу немесе сырлату және т.б.); құқық бұзудан зардап көрген ұйымда жұмыс істеу (жасөспірім өзі залал келтірген дүкенде ақысыз еңбек ету арқылы залалының орнын толтырады және т.б.); келтірілген залалды жасөспірім қоғамдық орындарда тапқан ақшасы арқылы төлейді.
Сәйкес әкімшілік орган, жасөспірім (оның отбасы) және зардап шеккен жақ үш жақты келісім-шартқа отырады, онда жасөспірім кешірім сұрап, залалдың орнын толтыруға, оның құқықтық білімін көтеруге бағытталған, әсіресе өзі жасаған құқық бұзушылық пен оның салдарына қатысты жауапкершіліктер туралы айтылатын шараларға қатысу міндеттемелері қаралады. «Халит» бюросы осы келісім-шарттың орындалуына бақылау жасайды: егер жасөспірім өз міндеттемесін орындаса-істі жабады, егер орындамаса-құқық бұзу туралы хаттамаға ресми түрде жасөспірімнің заңды жауапкершілікке тартылуын қарастыратын әрекет етуге жол ашылады.
Бұл елдер жастар ортасындағы девиацияны, әсіресе құқық бұзудың алдын-алуға бағытталған бірнеше жобалар жүзеге асырылады. Үйсіз жастармен, қаңғыбас жасөспірімдермен жұмыс «ТТ» деп аталатын жоба негізінде жүзеге асады. Негізгі контингенті- 25 жасқа дейінгі, үш ай бойы тұрақты мекен-жайы жоқ, әлі қылмыс жасамаған, бірақ құқықтық тәртіпті қорғау органдарымен жанжалда болған жас адамдар. Мұндай тұлғаларға жобада мәжбүрлеу шаралары қарастырылмаған, «ТТ» бюросына өз өмірлін өзгерткісі келетіндер, көмекті қабылдай отырып, өзінің өмірлік жоспарларын жүзеге асыруға жауапкершілікті өз мойындарына алғандар келеді.
«Новые перспективы» жобасы қауіп тобындағы және 14 жастан 25 жасқа дейінгі шартты түрде сотталған жастарға жұмыс тауып беруді қарастырады. Олар бұл жобаның назарына полиция арқылы және мектептер мен басқа да білім беру мекемелері арқылы жолданады. Жас адамға «Новые перспективалардың» аудандық бөліміне жолдама беру оның қылмыстық, әкімшілік немесе басқа да жазалары туралы шешім қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады, ол жобада қарастырғандай, 4-6 ай бойы әлеуметтік реабилитация бағдарламасынан өтуімен алмастырылады...........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс әдістері
» Курстық жұмыс: Психология | Жастардың ауытқитын мінез-құлық стереотиптерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекет саясаты
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі
» Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс әдістері
» Курстық жұмыс: Психология | Жастардың ауытқитын мінез-құлық стереотиптерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекет саясаты
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі
Іздеп көріңіз: