Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің өзін-өзі тану ерекшеліктерін қалыптастырудағы психологтың ролі

Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің өзін-өзі тану ерекшеліктерін қалыптастырудағы психологтың ролі

Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................2
I. Бөлім: Қарым-қатынас және зейін үрдістерін теориялық талдау...............5
1. 1. Психология ғылымында қарым-қатынасты қалыптастырудағы психологтың ролі.........................5
1. 2. Зейін психологиясы және оны теориялық талдау..................................13
II.Бөлім: Жасөспірімдердің өзін-өзі тану ерекшеліктерін қалыптастырудағы
психологтың ролі...............................................................................................21
2.1 Жасөспірімдердің өзін-өзі тану ерекшеліктері.........................................21 2.2. Студенттік шақтағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.......................................................................................................25
III.Бөлім: Қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу......................................................................29
3.1. Эксперименталды зерттеу әдістемесіне сипаттама...............................30
3.2. Зерттеудің нәтижелерін талдау..............................................................32
Қорытынды................................................................................................39
Әдебиеттер тізімі.......................................................................................41
Қосымшалар..............................................................................................46

Кіріспе
Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының
бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді.
Ж ұ м ы с ы м ы з д ы ң ө з е к т і л і г і :
Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақ педагоктарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты.Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Әрине қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды.
Әлеуметтік психология мен жалпы психология аймағында қарым-қатынас проблемасы мен зейін проблемасы жан-жақты қаралған. А.А. Леонтьев «Қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекеткетеңейді. В.А. Кан-Калик қарым-қатынасты адамгершілік құндылық потенциалына ие дейді.
Орыс психологы И.Н. Ланге зейінді объективтілік актісімен байланыстырды.
Т.А. Рибо өзінің ерікті зейін мен қиялдың қозғалыс теориясында зейіннің түрлерін зерттейді.
В. Вунд сана мен зейінді байланыстырады. Осы және тағы басқа ғалымдар мәселелерді қарастырғанымен әлі де жеткіліксіз жақтары көп. Әсіресе қарым-қатынас пен зейін қасиеттерінің байланыстары қаралмаған.
Зейін өзіндік психикалық процесс болып саналмайды, ол тек адамның психикалық іс-әрекетінің компоненті ретінде болады.
Зейінді іс-әрекеттің әр түрінен зерттей отырып біз оның бірліктегі мазмұны мен формасының шоғырлану құрылымын түсінеміз.
Зейін іс-әрекетте мазмұнды және осының негізінде оның қасиеттерінің, динамикалық ерекшеліктері мен функцияларының көпжақты байланыстары пайда болады.
Зейін – бұл адамдардың іс-әрекет процесі мен олардың өзара қатынасының шоғырлануына бағытталған.
Өзінің көріністерінде қарым-қатынасайналадағылармен контактқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады.
Қарым-қатынас – екі немесе оданда көп адамдардың қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.
Сондай-ақ қарым-қатынас болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы екені де белгілі. Ол студенттердің топтық іс-әрекетінің реттеушісі және адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады.
Сондықтанда жан-жақтан келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың қарым-қатынастағы зейіндерінің деңгейлерін анықтау өзекті мәселелердің бірі.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерін зерттеу.
1. Қарым-қатынас пен зейін мәселелері туралы әдебиеттер мен материалдарға психологиялық талдаулар жасау.
2. Қарым-қатынас пен зейіннің өзекті мәселелеріне теориялық талдау жасау.
3 Жасөспірімдердің өзін-өзі тануерекшеліктерін қалыптастырудағы психологтың ролі
I. Бөлім: Қарым-қатынас және зейін үрдістерін теориялық талдау
1 .1. Психология ғылымында қарым- қатынасты қалыптастырудағы психологтың ролі.
Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасаудың ерекше формасы. Қазіргі кезде қатынас мәселесін психология, философия, әлеуметтану-осы сияқты әр саладағы ғылымдар жан- жақты зерттейді. Мысалы, 60 жылдары Б.Д. Парыгин қарым-қатынасты әлеуметтік психологияны зерттейтін бірден-бір пән ретінде бөліп қарастырады. Сондықтанда қарым-қатынас таза психологиялық құбылыс, күрделі және көп жақты процесс сияқты талданады.
Леонтьев А.А. «қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекетке, яғни қарым-қатынасқа белгілі бір іс-әрекет түріне сияқты қарау керек деп есептейді.
Қарым-қатынасқа ең жалпы анықтаманы Б.Ф.Ломов берді: «....қарым-қатынас адам тұрмысының индивидуалды формасының маңызды жағы болып табылады». Ол қарым-қатынас іс-әрекетінің әр түрлі формалары, деңгейлері, түрлері жайлы және оның құрамдас бөлімдері-сан алуан ақпарат алмасу процесі, коммуниканттардың өзара әрекеттесуі – жайлы сөз қозғайды. Б.Ф Ломов қарым-қатынас деңгейлерін анықтайды:
1) Макродеңгей
2) Мезодеңгей
3) Микродеңгей
Макродеңгей – индивидтің басқа адамдардың қалыптасқан қоғамдық қатынастарға, дәстүрге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан контактілі байланыс.
Неміс – американдық психологы К. Левин адамдарды жекелей өзгерткенде топ арқылы әсер етудің дұрыс болмайтындығы психологиялық әсер етудің тәжірибелерімен дәлелденген. Алайда бұл жайдың тиімділігі ертеден халыққа белгілі болған. Бақсылық көріністер науқасқа әсер етудің ритуалыдқ жолдары көпшілік топ ішінде эмоциялардың қозуды күшейтіп, оның бір адамнан екіншіге, одан басқаларға берілу, таралу өрісін кеңейту арқылы спихологиялық әсер ету абсты мақсат болды. Иландыру, сендіру әрекетінің топ арасында еселеніп, күшейетіндігін бақсылық ұстаушылар жақсы игерген. Соның арқасындабақсылық ұстаушылар әрекеттер топта санасыз қабылданып,түсінік қылықтарға илану, пихологиялық әсердің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, тренингтік топтардың жетіліп, дамуы Левин есімімен байланысты. Ол АҚШ-та 1933жылы топтық динамика әлеуметтік әрекет және басқа да топтық феномендер мәселесін шешумен айналысқан. Осыған қатысты Левин өзінің өрістер теориясын индивидтің мінез-құлқын анықтайтын бірлескен және байланысқан факторлар жиынтығын құрайды. Бұл факторлар жиынтығы жеке адамдарды, оның ортасын қамтып, бір психологиялық өріс болды. Топтық динамика ұғымын да алғаш қолданған осы ғалым болған. Г.М.Андреева өзінің «әлеуметтік психология» еңбегінде қарым – қатынас мәселесіне қатысты әлеуметтік психологиялық түрғыларды интеграциялауға тырысты. Г.М.Андреева әр түрлі көзқарастарды біріктіре және жалпылай отырып, қарым – қатынастың кез келген формалары адамдардың біріккен іс - әрекеттерінің спецификалық формасы болып табылады: яғни адамдар әр түрлі қоғамдық қызметтерді орындау процесінде тек қарым – қатынас қана жасап қоймайды, олар әрқашан да сол жайында кейбір іс әрекеттермен қарым – қатынаста болады дейді.
Сондай – ақ қарым–қатынасты зерттеуде оның құрылымдық компоненттерін анықтау керек. Осыған байланысты зерттеу барысында М.Андрееваның қарым – қатынастың құрылымын талдау нәтижесіне жүгіндік. Ол қарым – қатынасты бір – бірімен өзара байланысты үш жағынан қарастырды: коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік.
Қарым – қатынастың коммуникативтік жағы немесе тар мағынадағы коммуникация мәлімет беру – алмасу мәселесімен анықталады;
Интерактивтік жағы қарым – қатынас жасаушы индивидтердің өзара әрекеттестігінің ұйымдасуымен қорытындыланады;
Перцептивтік жағы адамдардың бірін- бірі қарым – қатынас арқылы қабылдауы мен тануы және осы өзара танымның негізінде қалыптасу процесін білдіреді.
Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты екендігін, қарым – қатынас үрдісінде оның үш жағы да көрінетіндігін дәлелдеді.
Р.С.Немов та қарым – қатынас құрылымын жіктеуге аса назар аударды. Яғни ол мазмұны бойынша қарым – қатынастың келесі түрлерін бөледі: материалдық (зат пен іс әрекет өнімдерін алмастыру), когнитивтік (білімдерін алмастыру), кондициондық (психикалық және физиологиялық жағдайларды алмастыру), мотивациялық (мақсатпен, қызығушылықпен, мотивпен, қажеттілікпен алмасу), іс- әрекеттік (әрекетпен, операциялармен, іскерлікпен, дағдымен алмасу).
Мақсаты бойынша, (яғни адамда белсенділік неден пайда болады деген) биологиялық және әлеуметтік қарым – қатынас деп бөледі.
Тәсілі бойынша (кодпен хабарлау, жіберу мәліметтің шифрді ашу амалымен) қарым – қатынас тура және жанама болады.
Түрлері бойынша – іскерлік (әдетте адамдардың қандай да бір біріккен өнімінің іс - әрекеті сияқты болады), тұлғалық (көбінесе адамның ішкі сипатының психологиялық мәселесінің аймағына шоғырланған), құралдық (яғни өзіндік мақсат болып табылмайтын қарым –қатынас өзбеттілік қажеттілікпен стимулданбайды), мақсаттық (спецификалық қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі бойынша өзіне - өзі қызмет ету қарым – қатынасы) болып бөлінеді.
Қарым-қатынас жайлы адамдардың бір-біріне өзара ықпалы В.М. Бехтеревтің әлеуметтік психологиялық және ұжымдық экспериментінде басты орын алады.(7)
В.М. Бехтерев (1907, 1921) әлеуметтік - психологиялық теориясында қарым – қатынас процесін; және социализацияның механизімі сияқты адамдардың бір-біріне өзара психикалық ықпалын, оның дамуын кіргізді. В.М. Бехтеревта қарым–қатынас адамдарды топқа біріктіру механизімі, тұлға социялизациясының шарты сияқты қаралады. В.М. Бехтерев былай дейді, неғұрлым адамдардың айналадағы қарым-қатынасы бай әрі жан-жақты болса, соғұрлым тұлғаның дамуы нәтижелі түрде іске асырылады.
«....Әр түрлі ортада қарым-қатынаста болып өскен адамдармен салыстырғанда жан-жақты дамыған болады».
В.М. Бехтерев қарым-қатынасты «тікелей» және «орташа» деп ажыратады.
Қарым-қатынастың тікелей түрінде ол еліктеу мен көндіруді қарастырады, еліктеуге адамның өзара индукциялық және зерттеулік механизмі арқылы тұлғалық өсуге тән факторлық рөлді жатқызды, ал көндіруді психикалық жағдайды бір адамнан басқа адамға немесе басқаға оның еркінің қатысуынсыз санасыз түрде берілу процесі сияқты анықтады. Ол көндіру рөліндегі лидерлердің жалпы қозғалыста және біріккен адамдардың қоғамдық ойларының механизімдегі өзара әрекетінің мәніне көңіл аударды. Оның ойынша, «адамдардың белгілі бір эмоционалдық жағдайларды жұқтыруы, оларды логикалық ақыл қортындыларына көндіруге тырысқаннан, әлдеқайда жылдам, әрі эффективті жүреді».
В.М. Бехтеревтің идеяларының дамуы өзінің шәкірті В.Н.Мясищевтің, одан кейін А.А.Бодалев, Б.Г.Ананьев сияқты ізбасарларынан жалғасын тапты.
Қарым-қатынасты филасофиялық тұрғыда талдаған көпке танымал ғалымдардың бірі – М. С. Каган. Ол қарым- қатынасты субъект арқылы өзара әрекеттесудеп түсінеді. Оның көз қарасына сәйкес, өзара әрекеттесу қарым-қатынас болып келмейді, себебі мұнда біз субъектінің объектіге ретіндегі адамға деген қатынасты қарастырып отырмыз. Ал бұл оның пікірінше қарым-қатынасқа жатпайды.
М. С. Каган қарым-қатынастың төрт функционалды жағдайын бөліп қарастырады: - қарым-қатынас мақсаты субъектінің өзара әрекеттесуінен тыс; - қарым-қатынас мақсаты өзара әрекеттің өзінде; - қарым-қатынас мақсаты партнерді қарым-қатынас инициаторының тәжірибесіне, ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Психология | Қарым-қатынас және зейін үрдістерін теориялық талдау
» Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Психология | Қарым қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу
» Курстық жұмыс: Психология | Баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
» Курстық жұмыс: Психология | Қарым-қатынас психологиясы

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Жасөспірімдердің өзін-өзі тану ерекшеліктерін қалыптастырудағы психологтың ролі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]