Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің ойлау процесінің даму деңгейін зерттеу және логикалық ойлауын дамыту жолда

Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің ойлау процесінің даму деңгейін зерттеу және логикалық ойлауын дамыту жолда

Зерттеу өзектілігі.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт ішінде экономикада сілкініс жасап, өркениетпен ықпалдасуда. Әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр.
Осыған орай, қоғамдық даму деңгейінің өлшемі болып табылатын қазіргі білім беру жүйесінің мәні арта түсуде.
Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылғы 1 наурыздағы жолдауында: « Білім беру жүйесін дамыту – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі » деп атап көрсетті.
Орта білім берудің алғашқы сатысы – бастауыш білім беру. Білім негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың жеке басын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту.
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамда алатын орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады.
Бұл қоғамның дамуына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты: дүниетанымдылық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетеді. Қоғамда « Орындаушы » адамнан гөрі « Шығармашыл » адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Шығармашылық бүкіл тіршілік көзі. Ал бүгінгідей күрделі әлеуметтік – экономикалық жаңартулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе болып саналып, оның ойландыруы тиіс деп білеміз. Мұндай күрделі мәселені шешуде бастауыш сыныптың орны ерекше.
Оқыту процесінде мұғалім оқу материалын байланысты қандай да бір деректерді хабарлай отырып оқушылардың логикалық - әдістемелік білімдерін қалыптастыруды жүзеге асырады, керісінше, оқушыларды логика - әдістемелік білімдермен таныстыра отырып, ол үшін нақтылы оқу материалын пйадаланылады. Оқушылардың ақыл – ой дамуының негізін дамуының негізін олардың меңгеретін ғылыми білімдерінің жүйесі. Оқушылардың санасында белгілі бір білім қоры болмайтын болса, онда олар ойлай да алмайды. Оқушыны жеткілікті білім қорымен қаруландыру және өз бетінше ойлауға үйрету, оқушының білім алуға ынта – жігері, құмарлығы, қызығушылығы, білімдерді меңгеру, оның саналы ақыл – ой дамуының маңызды жолы болады.
Мектеп оқушыларының оқу-тәрбие процестерінде ақыл – ой іс - әрекетін талаптарға байланысты жүйелі түрде қалыптастырып, дамытатын негізгі мекеме болса, мұғалім – оны дамытушы тұлға. Білім берудің жаңа үлгісі жеке тұлғаның дамуына және оқытуды саралауға мүмкіндіктер туғызуға бағытталған. Жеке тұлғаның қалыптасу деңгейінің сапасына қарай қоғамдық - әлеуметтік жағдайлардың үнемі өсіп отыруына сәйкес педагогикалық құралдарды да тұрақты жаңарту қажет болды. Тиянақты қалыптасқан педагогикалық парадигма бойынша педагогикалық технология ұғымы білім мазмұнын құру, оқу – тәрбие әдістерін, оның құралдарын, түрлерін таңдауда, ең қысқа мерзімде тиімді нәтижелерге біртіндеп сатылап жету кезеңдері қамтылады. Логика ғылымның өз заңдары, дәстүрлері мен дау-дамайлары, бар өзіндік бір ерекше дүние деуге болады. Логика – дұрыс ойлаудың заңдары туралы, жүйелі де дәлелді түрде пайымдауға қойылатын талаптар туралы ғылым. Анықтама, жіктеп-саралау, дәлелдеме, бекерлеу, жалпылау, сияқты логикалық амалдарды әрбір адам өзінің ойлау қызметінде ұдайы қолданып отыр.
Ойлаудың негізгі принциптері мен амалдарын пайымдай білу тек логикалық ойлауды ғана емес, сондай-ақ басқа да ойлау дағдыларын дамытып, жетілдіруге көмектеседі.
Ойлау – құпиясы мол дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңнен түсінуге мүмкіндік беретін аса күрделі жан қуаты. Сөйлеумен тығыз байланысқан ойлау ми қызметінің нәтижесі.
Ойлау – сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мәнісіне түсіне білуден жақсы байқалады.
Ойлану – түрлі тәсіл, амал-операциялардан тұрады. Олар: анализ (талдау), синтез (жинақтау), жалпылау, нақтылау, абстракциялау, жүйелеу т.б.
«Ойлау», «ой», «ойлану» ұғымдары - әрқайсымыз күнде айтатын «ақыл» деген сөздің синонимі. Ақыл – ойлау процесіндегі ұғымдылық пен тапқырлыққа байланысты қасиет. Ойлану үшін білім керек. Бірақ білім бардың бәрі бірдей ақылды боп келе бермейді. Ақылдылық білімді тәжірибе жүзінде дұрыс пайдалана, қорыта білумен байланысты.
Халық ұғымында ақылдылық – ерен еңбектің жемісі. Ақылды болу үшін көп үйренңп, көп оқып, оны миға тоқып, көп білу қажет. Білім мен ақыл – егіз, ақылдылық қымбат қасиет, оны ерекше қадіртұтқан абзал.
Ақылдың жақсы қасиетінің бірі – оның ұшқырлығы. Бұл мәселені тез шеше алу, ойға сергектік, белсенділік. Мұндайлар орынсыз асып-саспайды, ылғи да жағдаймен санасады, үнемі жаңаны аңғаруға, заттың әр қырынан көруге дайын тұрады.
Адамдар өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап, оның ақыл-ойын ойдағыдай қалыптастырып, ойлау-сөйлеу жүйесін дамыту жолында өзіндік әдіс-тәсілдерді (ертегі, аңыз, жұмбақ, айтыс, терме т.б.) шебер пайдаланып отырған. Халық осы мақсатқа орай мақал-мәтелдерді де, кісіні ойлантып, толғантатын даналық сөздермен уағыздарды, жаңылтпаш, санамақтарды, шашешендік толғаныстарды ұтымды пайдаланған.
Педагог мынаны еске ұстауы қажет: бала тек қана оқушы емес, оқу – тәрбие жұмысында нақты да және нақтысыз, оның ағзасы ең күрделі биологиялық процесс. Олардың ойлануы мен ойлауы осы процестермен тығыз қарым – қатынаста.
Зерттеу мақсаты: Жасөспірімдердің ойлау процесінің даму деңгейін зерттеу және логикалық ойлауын дамыту жолдарын анықтау.
Зерттеудің нысаны: Жасөспірімдердің ойлау деңгейінің даму ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Жасөспірімдердің ойлауын дамыту процесі.
Зерттеу болжамы. Егер ойлау түрлері талапқа сай қарастырылып, оның жас ерекшелік деңгейінде қалыптасуы анықталса, онда Жасөспірімдердің логикалық ойлауын дамытуды ұйымдастыру тиімді нәтиже береді.
Зерттеу міндеттері:
- ойлау және оның түрлеріне сипаттама жасау;
- Жасөспірімдердің логикалық ойлауының даму деңгейлерін, айқындау және дамыту жолдарын анықтау;
- зерттеу нәтижелерін жинақтау және қорытындылау.
Зерттеу әдістері. психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді теориялық талдау, қорыту; диагностикалық әдістер, бақылау, сыналушылардың іс-әрекет нәтижелерін зерделеу; тәжірибелік эксперимент жұмысы және оның нәтижелерін талдау (салыстыру, талдап қорыту, топтау) әдістері.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері:
Б.Г.Ананьев, Э.Титченер, С.Л.Рубинштейн, Б.М.Теплов, В.Д.Шадриков, П.К.Анохин, С.М.Жақыпов, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов қабылдау түрлері мен құрылымының түбегейлі мәселесін және олардың даму жағдайлары туралы зерттеу жүргізуге мүмкіндік берді. Таным концепциялары Л.С.Выготский, В.С Мухина, А.В.Петровский еңбектерінде қарастырылған.
Зерттеудің теориялық мәні. Ойлау мәселесіне жан-жақты теориялық талдау жасалынып, оның түрлері мен қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері көрсетілді. Бұл мәліметтер жас ерекшелік психологиясы, бала тұлғасының қалыптасуы жайлы ақпаратты қамтиды және ойлауыпроцесн дамыту мәселесі туралы мағлұматты меңгеру негізінде психологиялық білімді жетілдіруге мүмкіндік береді.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеуден алынған нәтижелерді Жасөспірімдердің логикалық ойлауын дамыту мақсатында қолдануға болады. Бұл нәтижелерді психологиялық-педагогикалық тәжірибеде қолдану ойлаудың даму мүмкіндіктерінің тиімділігін жоғарылатады.
Зерттеу базасы. Тараз қаласы, №30 қазақ орта мектебі.
Зерттеу кезеңдері.
Бірінші кезең – зерттеу мәселесін анықтау үшін психологиялық – педагогикалық және арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды және жүйеге келтірілді, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды.
Екінші кезеңінде жинақталған материалдарға қазіргі психология ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан сараланып қабылдауды зерттеуге арналған эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Жасөспірімдердің логикалық ойлауын дамытудың психологиялық ерекшеліктері ашылып, оны дамытуға арналған іс-шаралар жүзеге асты.
Үшінші кезеңінде тәжірибелік жұмыстар нәтижелері жүйеленіп, қорытындылар жасалынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Ойлау туралы түсінік, оның түрлері
Ойлаудағы қабілеттілік – баланың жинақталған бірнеше істі меңгеру шамасын байқататын бір қасиеті. Қабілет – асыл мұра, бойға біткен зор қасиет. Әркімде бір ерекше көзге түсетін қасиет болады. Баланың орындайтын жұмыстары оның көңілінен шығатын болса, өсіп - өркендеуіне септігі тиеді, қабілеттілігі артады. Оның жан – тәнімен еңбек еткенінде ойлау қабілеті жетіліп, қалыптасады, табиғи икемділігі күшейеді. Баланы қалаған, қаламаған қызметіне икемдеу қиын. Берілген тапсырманы орындаймын деп өзін - өзі қинайды. Бірақ нәтиже шығара алмайды. Ықылассыз болады, шаршай береді. Міне осындай күйге түскенде пайда болатын психологиялық енжарлық баланың моральдық – этикалық қағидадан ауытқып кетуіне де себепкер болады.
Қабілеттіліктің көзге көрінуіне септігін тигізетін не ? Отбасы да, мектеп те, жора – жолдастары да – бәрі де септігін тигізеді. Бірақ негізінде баланың өзі ізденуі тиіс. Осындай жағдайда мұғалімі де демеу беріп, жол сілтеу керек. Ол үшін баланың ағзасының « механикасын », бір нәрсеге бейімделуіне себебін тигізетін барлық компоненттерді, қала берді баланың өзінің қандай екенін түсіне білуіне ықпал жасауға болады. Жалпы даму дәрежесі жас ерекшелігіне сай, денсаулығы жақсы, оқуға даярлығы анық байқалған бала, мектеп қабырғасында жан – жақты жетіледі.
Ойлау психологиясы – психологияда күрделі әрі қызығатын бөлім. Оның күрделілігі теориялық және практикалық көп жақты аспектісін зерттейді. Ойлау заңдылығын тану психология өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуына дейін көрінді. Ойлау әр уақытта түрлі мәнер зерттеуінде қарастырылады гноселогия және логика, педагогика, физиология. Ойлау табиғаты (сана) оның қатынасы туралы алғаш зерттеген философия [4, 355].
Қазіргі заман философиясы ойларды, шындық іс-әрекетті бейнелеу процесі түрінде қалыптастырады. Түйсікден қабылдау ерекшелігі сезімдік бейнеден бөлініп, жалпылау, жалқылау сипаты заттар мен құбылыстың қасиетін шындық өмірмен байланысын көрсетеді. Философияда психологиялық зерттеу аспектісы ойлауға фундаментальды түсінік береді: ойлау және сана, ойлау және тану, ойлау және сөйлеу ретіне. Арнайы ғылыми психологиялық зерттеуді ойлау өзекті мәселе болып табылады. Тек ойлауды зерттеу арқылы ғана ойды адам өзіне бағыттай отырып өзіндік заңдылықты түсінуге әкеледі. Сонымен қатар ойлау сыртқы әсерлерді толуға бағытталған ғылым. Бұл логикалық негізгі түсінік, жалқы түрден қалыптасатын кез келген ойлау процессі.
Логикалық ғылымда, логикалық ерекшелігі мен өңдеуіндегі жетістік пен тәуелсіздікке қарамастан өзіндік ойлау заңы қалыптасады. Көп уақыт бойы ойлау процесінің мазмұны, динамикасы, нақты ерекшелігі зерттелмеген. Ассоциативті психологияда нақты психологиялық зерттеуден формальды логика әсерін алғашқы кезеңнен қарастырады. Ассоцация ойлау теориясына психологиялық өзіндік жаңалық енгізген жоқ, ол белгілі ойлауызаңдылықтарының әсерін өңдей келе ассоциациялық теория ұсынады. Бұл көзқарас ойлаудың механикалық концепциясына да өзгеріс енгізбеді, тек интелектуалды процес жүйесін қарапайым операциялар арқылы байланысуда. Сондықтан да ойлаудың психологиялық зерттенудің қалыптасуына ассоционизм сипата негіз болғаны да сол. Ол сын бірнеше бағытта қарастырылады. Ойлаудағы экспериментальды зерттеу вюрцбург мектебінде алғаш жүргізіледі, зерттеу заты ойланудың бір түрі – ауызша – логикалық ойлау, ал оның әдісі ерекше әдіс интроспекция болды. Вербург мектебінің зерттеуі ойлау процесінің басты бірнеше заңдылықтарын бөліп көрсетті.
Ойлау актісінің мақсаты және белсенді сипатын, оның бүтіндігін ассациалы жеке әсерлерге жатпайтынын қабылдаудан арнайы ерекшелігі бар екені қарастырылды. Ойлауды экспериментальды зерттеу кейінен гештальт психология жалғастырады, олар өз шығармашылық ойлауларына қарай жаңа әдістемелік тәсілдер қарастырады.
Ойлау психологиясының дамуы мен қалыптасуына көп үлес қосқан вюрцбург мектебі болды. Негізін салумен О.Кюльпе ойлауға теориялық және экспериментальды зерттеу жүргізу арқылы кезеңдері мен принциптерін, арнайы талдады. Кейінен Вюрцбург мектебінің идеясын жалғастырушы О.Зельц болды. Оның «кешенді теориясы» ойлау актісінің продуктивті, репродуктивті психологиялық бірлік механизімін түсіндірді. Ал гештальтпсихология өкілдері К.Дункер ойлаудың творчествалық міндеті мен дамуын Ж.Пиаже мектебінде зерттеді. Дункер творчестволық ойлау мәселесін зерттеуге, нақты анализ жасап негізгі механизмдеріне тоқталады. Ж.Пиаже еңбегінде генетикалық деңгейде зерттеу таным процесін, оның орталығы интеллектің операциялық теориясы болды.
Ал А.Н.Леонтьев ойлауды зерттеуде, фундаментальды мәселелерді зерттеуді, жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып қарастыруды. С.Л.Рубинштейн еңбегінде ойлау процесі бойынша зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның заңдылықтарын бөліп және ойлау операцияларының негізгі бірлігін көрсетті.
Адамның ойлану әpeкeтi тікелей – сезімдік таным процесстерімен де тығыз байланысты. Адамның ойы әрбiр нәрсенiң сипаты мен қасиеттерiн сезу арқылы ажыратып көрсете алады. Сөйтiп заттар мен құбылыстарды әртарапты танып бiлуге мумкiндiк туады.
Адам тiлдiк материалдар негiзiнде ойланады. өз ой-пiкiрлерiнiң жуйесiн, нәрселер жайындағы нақты тyciнiктepiн жасайды. әрбiр ойдың ақиқаттығы ой талқысы арқылы қарастырылады. Адам ойының жуйелi болып, оның нәрселердiң мәнін тусiнiп бiлуi сөйлеу арқылы жузеге асып, өзгелерге жеткiзiледi. Адамның ойы тiлмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты және ойлау осы тiлдiк материал арқылы өзiнiң шындығы мен ақиқаттығын бейнелей алады.
Ойлаудың қоғамдық мәні Ойлаудың тiлмен тыгыз байланысты болуы және оның қоғамдық мәні адам ойлауы дамуының қогамдық ¬тарихи сипатта болатындығын көрсетедi. Адамның дуниетанымы, бiлiмi және өмip тәжiрибесiнен жинақттаған мағлұматтары ұрпақтан-ұрпаққа мұpa болып ауысып отырады. Бұл - тарихи фактор. Адам ақыл-ойының дамып жетiлуi мен бiлiмнiң өcyi әрбiр ұрпақ жасаған бiлiм қорын меңгерiп, оларды әлеуметтiк өмip қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыруға пайдаланады. Сөйтiп, тарихи даму адам баласының қоғам өмiрiндегi қарым-қатынасын нығайтады.
Ойлау процесі үшін зейін – мәселені дұрыс түсінуге және шешуге ықпал ететін фактор. Осы ойлау және ес процесіне зейіннің тікелей ықпалы бар. Адамдардың арақатынасы жүйесінде бірін-бірі жақсы түсінісуіне, бір-біріне бейімделуіне зейін көмектеседі. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт – объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін. Сонымен, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, оның айқын бейнеленуіне көмектесетін психологиялық феномен болып табылады [17, 301].
Таным процестерінің бағыттылығы мен таңдамалылығы да зейінмен байланысты болады. Ойды анық және дәл қабылдауды, естің беріктігі мен таңдамалылығын және сөз арқылы ой әрекетінің бағыттылығы мен нәтижелілігін анықтайды. Демек, барлық таным әрекеттері функцияларының сапалы әрі нәтижелі болуы зейінге байланысты.Оқушылардың ойлауықабілетін дамытып, оны тұрақтандырудың мәні зор. Ақыл – ой еңбек қабілеттерінің өсуі барысында олар білім, білік, дағды түрлерін тез игереді. Жасына қарай берілген тапсырманы дұрыс сапалы орындау – баланың даму деңгейін көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушылардың белгілі бір көлемдегі білімі, білік дағдыларын меңгертумен бірге адам, қоғам, табиғат, қоршаған дүние туралы танымдарын қалыптастыру, жеке бастың қасиеттерін жан – жақты дамыту, жоғары адамгершілік принцптерге тәрбиелеу – бүгіннің ең басты мәселесі болып табылады. Қазіргі кездегі қоғамда болып жатқан өзгерістерді ізгілендіру процесі – баланың еркін дамуының белсенді, шығармашыл болуын талап етеді. Оқушының ойлау жүйесіне тереңірек үңіліп, автор идеясына ілесе отырып талдау жасаттырғаннан кейін оқушыларды қызықтырады, ішкі ойына қозғау салады, өмірдің беймәлім жақтарын көз алдына елестете алады. Соның нәтижесінде оқушылар өз ойларын жинақтауды үйренеді.
Қазіргі білім беру жүйесі оқыту процессінің екі аспектісін қалыптастырады.
Оқытудың мазмұнды аспектісі оқушылардың терең жан – жақты ғылым мен практика талаптарына сай келетін біліммен қаруландыру мақсатын көздейді. Оқытудың формальды аспектісі – оқушылар бойында білімді игеру дағдыларын қалыптастыру, соның негізінде өздігінен жаңа білімді алуға ашу және оқу материалын түсіну жолдарын жаңарту мәселелерін қарастырады.
Практикада бұл екі аспектінің тең емес екендігі айқын көрінеді. Ұстаз қауымы оқушыларға мейлінше терең білім беруге тырысады. Алайда « көп білген кемеңгер емес, білімін пайдалана білген кемеңгер », демекші қазір мектептерде пәндердің мазмұны заман талабына сай күрделеніп келе жатыр. Оқушы қысқа мерзімде жалпыланған білім көлемін меңгеру қажет. Сондықтан оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, олардың бойында ойлауыоперацияларын қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру мәселесі қазіргі таңда ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттің бірі демекпіз.
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мәселесін шешу ұстазға ауыр жүк арттыратыны сөзсіз. Шынымен – ақ, оқушылардың ойлауындағы қателікті байқап, сол қателіктің мән – мағынасын түсіндіріп, ойлау жүйесіндегі тізбектілікті, ойлау операцияларын дұрыс қалыптастыра білу үшін ұстазға логика саласынан қажетті теориялық білім керек.
Сол себептен оқыту практикасында бұл бір бөлек дидактикалық мәселені құрайды. Әлемдік педагогикалық практикада бұл мәселені шешудің кейбір тенденциялары пайда болуда. Олардың бірі – оқыту процессінде формальды аспектіге назар аудару.
Дж.Гилфордтың пікірі бойынша, шығармашылық ойлау өзінің төрт ерекшелігімен сипатталады:
- өзіндік өзгешелігімен, жаңашылдығымен, айтылатын ойлардың ерекшелігімен, ойлау жаңашылдығына деген айқын байқалатын ұмтылысымен;
- семантикалық иілімділігімен, яғни нысананы жаңа көзқарас тұрғысынан көру, оның жаңа қолданысын таба білу, қызметтік қолданылуын тәжірибе жүзінде кеңейту қабілетімен;
- бейнелік дағдылану иілімділігімен, яғни нысананы қабылдауды оның жаңа, көрінбейтін жақтарын көретіндей етіп, өзгерту қабілетімен;
- семантикалық спонтандық иілімділігімен, яғни түрлі ойларды белгісіз жағдайларда, атап айтқанда, бұл ойларға арналған бағдары болмаған жағдайда өндіру қабілетімен.
Шығармашылық ойлау өзінің даму жолы барысында бірқатар кедергілерге: конформизмге (басқаларға ұқсас болуға ұмтылыс) бейімділік; күлкілі, ақылсыз, әдеттегіден тыс болудан қорқу сезімімен, сондай-ақ басқалар тарапынан кек қайтару қорқынышымен туылған ішкі цензураға; ескі білім мен ойларға қатысты ебедейсіздікке, олардың маңыздылығын қайта бағалауға; жауабын бірден табуға деген ұмтылысқа тап болуы мүмкін.
Шығармашылық ойлауды зерттеу психологияда төрт бағытта жүргізіледі:
* шығармашылық ойлау процесін зерттеу;
* шығармашылық өнімдерін зерттеу;
* креативтілікті қабілет ретінде зерттеу;
* шығармашылық тұлға лардың ерекшеліктерін зерттеу.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Жасөспірімдердің ойлау процесінің даму деңгейін зерттеу және логикалық ойлауын дамыту жолда курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]