Курстық жұмыс: Тарих | Жаңа тас дәуірінің шаруашылығы мен мәдениеті
Мазмұны
І Кіріспе......................................................................................................................3ІІ Негізгі бөлім
І тарау Жаңа тас дәуірінің ерекшеліктері
1.1 Жаңа тас дәуірінің ерекшеліктері...................................................................4
1.2 Жаңа тас дәуірінің ескерткіштері мен тұрақтары......................................6
ІІ тарау Жаңа тас дәуірінің шаруашылығы мен мәдениеті
2.1. Жаңа тас дәуіріндегі шаруашылық.........................................................12
2.2. Жаңа тас дәуіріндегі еңбек құралдары...................................................14
2.3 Жаңа тас дәуіріндегі діни нанымдар мен мәдениеті...........................16
ІІІ Қорытынды......................................................................................................25
ІV Сілтемелер.......................................................................................................26
V Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................27
Кіріспе
Бұдан екі ғасыр бұрын адамзат танымы 3000 жылдық тарихпен ғана шектелген болса, қазіргі заманда тарих аясы анағұрлым кеңейе түсті. Осы күнгі ғылымнық соқғы жақалықтарына жүгінсек, адам баласы жер бетінде 2 млн. жыл бұрын пайда болған. Ал жазу адам жаратылысынан анағұрлым кеш және кейбір елдерде ғана, мысалы, Египет (Мысыр) пен Месопотамияда б. з-дан 3 мық жылға жуық бұрын, Қазақстан жерінде б. з-дан бұрынғы IV ғасырда, Франция жерінде б. з-дан бұрынғы 60-жылдары пайда болған. Бұл деректерді тарихты материалдық ес-керткіштер арқылы зерттейтін археология ғылымы ашқан. XVIII—XIX ғасырларда Египеттен, Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығынан, Жерорта теңізінің жағалауынан және тағы басқа жерлерден табылған көненің көздері дүние жүзін дүр сілкіндірді. Бұл көненің көздері деп отырғанымыз перғауындар дәуірінен қалған пирамидалар, сына жа-зумен жазылған Ниневия кітаптары, күлге көмілген ежелгі Геркуланум, Помпей сияқты қалалар және сақтар мен скифтердіқ алтыннан жасалған бұйымдары еді. Осылардың бәрі археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде белгілі болды. Археология гуманитарлық ғылымдардың ішіндегі ең жасының бірі. Соған орай тарих ғылымының көлемі мен мазмұны да өзгеріске ұшырады. Мұны телескоп арқылы аспан әлемін зерттеу ауқымын кеңейткен астрономиямен немесе химиядағы радиоактивтіліктің ашылуымен салыстыруға болады. Археология ескерткіштерді зерттей отырып, ежелгі қоғам экономикасы мен мәдениетіндегі өзгерістерді, сондай-ақ халықтардың шығуы мен даму заңдылықтарын және олардың арасындағы мәдени-та-рихи байланыстарды анықтайды.
І Тарау Жаңа тас дәуірінің ерекшеліктері
1.1 Жаңа тас дәуірінің ерекшеліктері
Алыс замандарда өткен бабаларымыздың өміртіршілігі жайлы қазіргі түсінігіміз олар тұрған үңгірлер мен үңгіме қуыстарды зерттеп білуге негізделген, сол үңгірлер мен қуыстарда адам еңбегінің белгісі — тас құралдар, соларды дайындаудан қалған қоқыстар тамақ қалдықтары — жануарлардың сүйектері сақталған. Қазіргі заманның артта қалған халықтары дейтін жұрттар өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де маңызы аз емес. Мұндай мәліметтер етелгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің біраз қырлары мен сырларын анығырақ түсіндіруте мүмкіндік жасайды. Алайда ен басты хабарды алғақы қауымның бәрінен де көбірек кездесетін материалы — еңбектің тас құралдары береді. /1/
Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты адамзат тарихы ұзақ-ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Архео-логияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қола мен темір және ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді. Ал, өзінің рет-ретімен жоғарыда айтылған дәуірлер кезендер мен мәдениеттерге — палеолит, мезолит, және неолит кезендеріне бөлінеді.
Көне тас ғасырының дәуірі — адамзат және оның шаруашылығының қалыптасу кезі — өндіргіш күштердің төмен деңгейінде болуымен сипатталады. Анайы шаруашылық қам-харекеті табиғаттын дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен ғана шектелген. Әуелгі адам жабайы өсетін дәндерді, жемістср мен жидектерді жинап, жануарларды аулаған. Адамдардың өзара қарым-қатынасы, мүшелерінің экономикалық теңдестігіне, еңбек-бейнеті жынысы мен жасына қарай, табиғи түрде белісуге негізделеді, және өзінің сипаты жағынан ұжымдық қатынастар болады. Адамдардың қоғамдық ұйымы палеолит дәуірінде дамудың күрделі де ұзақ жолынан өтеді. Оның бастапқы кезі алғашқы табын-тобыр — басқосып қоргану жоне бассалу үшін, аң аулау, жиынтерін үшін бірлесу болады. Осынау рулық қатынасқа дейінгі әлеуметтік құрылымның қоғамдық қарым-қатынасы мүлде дамымаған, қауымдық-үйішілік шаруашылығы болмаған, дегенмен де оларда некелік байланыстардың біраз реттелгені байқалады. Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің ертеректегі екі басқышына — шелльге дейінп және Ашелль кезеңдеріне сәйкес келеді. Ашель заманында жаңа әлеуметтік организм алғашқы қауымға қажетті алғы шарттар біртіндеп толысып жетіле бастайды. Мустье дәуірінде аңшылық, еңбекті жынысы мен жасына қарап, табиғи түрде жүзеге асады, қауымның бастапқы түрлері пайда болады. Кейінгі палеолиттің адами ұжымдары әлеуметтік жағынан жаңа
бір қырынан сипатталады — оларда алғашқы рулық қауымның толысқан түрлері құрылады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, осы бір сапалық секіріс неандерталдардың дене бітімі кәзіргі адаммен бірдей саналы жанға (Ноmо sаріеns) айналуына сай келеді. /1/
1.2 Жаңа тас дәуірінің ескерткіштері мен тұрақтары
Евразияның ұланғайыр кеңістігіңдегі шелдер мен шөлейт және дала аймақтарынан соңғы 15—20 жылда тас ғасырының толып жатқан тұрақ-мекендері табылып зерттелді. Олардың хронологиялық мерзімі плиоценнен голоценге дейінгі аралыкты қамтиды. Евразияның аридтік (ауа райы құрғақ) аймағы жерінің бетінде рельефтің сан алуан түрлері —асқар таулар мен қыраттардан бас-тап, ойпатты шөлдерге дейін бар. Рельефтер мен ландшафтардың алуан түрлі болуы және олардың аридтік аймақтардан орын тебуі, ежелгі іуминидтердің (адамның арғы ата-бабалары) мекен еткен орта жағдаятының әртүрлі болуын ғана емес, олардың көп белгі-бедерлерінің ұқсас болуының да шарты секілді. Эволюциядағы және оның ұзақтығындағы, айырмашылық, жерлерді игерудегі, сол сияқты гоминидтер эволюциясындағы айырмашылықтар аридтік аймақ аудандарына тән сипат болып табылады. Аридтік аймақтарда ашық тұрақ-мекендер (жер бетіндегі мекендер түрі) жиірек кездеседі. Олардың көпшілігі кешенді болып келеді және ежелгі гоминидтердің белгілі бір геоморфологиялық орындарда ұзақ уақыт тұрғанының (жүздеген мың жылдар бойы) іздері сайрап жатады. /2/
Аридтік аймақтағы жағдайы жағынан, территориясының үлкендігі және табиғи-ландшафтық зоналары жағынан Қазақстан жері Евразия аридтік зонасының палеолитін зерттеудің моделі қызметін атқара алады.
Қазақстан жеріндегі ежелгі гоминидтердің пайда болуының алғы-шарттарын адамзат тарихындағы ең маңызды, етпелі кезеңнің плиоценнің екінші жартысының геологиялық-жағрафиялық жағдайына сүйене отырып іздеу керек. Ең ежелгі гоминидтердің, Африка құрлығынан бастап, кәзіргі аридтік танап пен Сібір жеріне дейінгі орасан зор территориядан табылған іздері алгашқы гуминидтердің ұшы-қиыры жоқ мол кеңістікке жайыла мекендегенін көрсетеді. (осыдан 1,5—1 мың жыл бұрын Каспий айналасындагы жазықтарда, Тұран түздерінде, Монғолия мен Солтүстік Қытайда тап жоғарыдағыға ұқсас қалжағдайда гоминидтер тұрақтары болған) Плиоценнің палеографиялық жағдайы Азияның атаса тау-қыраттары бар, ауа райы жұмсақ жазықтарында гуминидтердің қиыр терістікке қарай тез тарауына себебін тигізді деп есептеуге болады. Әсілі, Қазақстан, Моңғолия мен Солтүстік Қытай Евразияның ерте кезеңіндегі қоныстанушылары үшін Ойкуменаның шалғай терістіктегі аудандары болса керек. Плиоценнің аяғы мен төрттік кезеңдегі (1 млн. жыл) табиғат
апаты хал-ахуалды мулде өзгертеді. Гиндукуш пен Гималай, Қарақорым, Тән-Шон мен Алтай таулары муссондарды өткізбейтін бөгет қана емес, олар тіпті күллі ландшафтыны толығынан өзгертіп жібереді де, бірте-бірте кәзіргі кескін-кейпіне келеді. Музарт құрсауында өсіп келе жатқан тау қыраттары, уақыт өткен сайын бүрынғыдан бетер көтеріле түсетін кең көлемдегі жаңа жерлер, тегі, палеолит ареалындагы аумақтар мозаикасын күнілгері анықтап қойғанға үқсайды. Муссондар мен циклоңдар қозғалысының өзгеруі, аридтік аймақтағы ауа райының қытымырланып қатая түсуі едәуір мол жердің құлазып, шелге айналуына себепші болады. Дүние осындай өзгеріске ұшырап жатқан жағдайда Қазақстанның әртүрлі аймақтары сол өзгеріс жағдайына түрліше бейімделген. Туран мен Каспий өңірі шөлдері аймағының жағдайы түрақты болған. Каспий теңізінің жағалаулары мен Үстірт жанында палеолит пен неолит ерте кезеңдерінің көптеген тұрақ-мекендері сақталған, олар — палеолиттің ерте кезеңінен неолитке дейін болған үздіксіз әрістеудің куәсі. Каспий өңірі мен Үстірттің палеолитіне кремний шикізаты база болған. Каспий жағалауы мен Үстірт тегістігіндегі үзақ өріетеугс палеографиялық жағдайдың (қолайлы ауа райы, аң аулайтын орындар мен мекен жайлардың) көптігі, шикізаттың шексіз молдығымен ауызсудың барлығы негіз болады. Сақталып қалған тұрақтар топографиясы геологтардың жагалау бедерінің сан рет өзгергені жайлы деректерін дәйектейді. Уақ шоқылары мен тегіс те кең алқапты жазықтары үйлесіп жататын Сарыарқа өзінің геоморфологиялық жағдайы жағынан ең тұрақты аймақ болған және болып та отыр. Палеолиттің мұндағы өрістеуі ашелдің едәуір кейініректегі кезеңінен басталады да, кейініректегі палеолитке дейін үзілмейді. Тас ғасыры тұрақтары топографиясының ерекшелігіне қарағанда, атгашқы гоминидтердің Сарыарқаның басты су айрығымен жүріп өткені ықтимал, сөйтіп олар одан эрі барып, Солтүстік Балқаш өңіріне тарап қоныстанган. Палеографиялық жағдайдың тұрақтылығы, көші-қон жолдарының қалыпқа келуі және, шамасы, олардың өзгермеуі, сол сияқты жануарлардың (аң аулау көзі) тіршілік ететін жерлері мен құстар жолының да бір қалпында қалуы, жақсы шикізат қорының жер бетіне шығып жатуы және тиянақты су көзінің болуы (бұлақтар, жарқабақ астындағы шүңейттер т.б.) палеолиттің әртүрлі мәдениетін бойына дарытқан алғашқы ұжымдардың бір тұрақ-мекендерінде ұзақ уақыт тіршілік етуіне мүмкіндік берген, ал тұрақтар орны мен қозғалыс жолы едәуір дорсжеде сол шикізаттар жер бетіне шығып жатқан орынға, өзендер жағалауына, терең шүнейттер мен суы тұщы бұлақтар басына жақын болған. Жоғарғы плейстоцен аяқталар кезде ауа райы сұмдық суытып, құрғақшылық бел алған (Б. Ж. Әубәкіровтың айтуынша) аса қиын жағдай су жүйелерін біржолата бұзып кетеді. Ұзақ жылдарға созылған тоназып кету жағдайында Сарыарқаның көптеген аудан-дарында сол аймақты мекендейтін жануарлар мен бір кезде осы өлкеде дәстүрлі тіршілік стіп, кейін біржолата кетіп қалган гоминидтердің қалыптасқан байланысы үзіледі. Тек өтпелі зонадарда, Сарыарқаның шет-шетінде, Ертіс өңірінде ғана өрістеу не олитке дейін үзілмейді. /2/
Өтпелі зоналарға әрқашанда айрықша назар аударылған. Осындай қызқты өтпелі учаскенің бірі Қаратау қыраты. (Сырдария өңірі) болып табылады. Оның жаграфиялық жағдайының бір ерекшелігі, ол — бірінші жагынан алғанда, Теріскей Тән-Шән қыратының сілемі болғандықтан да, соған тон жоғары белдеуге ие және аса суық дәуірлерде оны, тегі, мұз басып жатқан болуга тиіс. Екінші жағынан ол аса ірі екі облысты — Орта Азияның құмды шөлдері мен сазтопырақты Бетпақдала шөлінің араларын шектеп бөліп түрады. Климаттық жағынан алғанда, Қаратау жагдайы айрықша қолайлы болып келеді. Мұндай ақуат Қаратау қыраты аймағында ұзақ замандар бойы, кем дегенде, жоғарғы плиоценнен бері сақталган. Неоген кезеңінен бері сақталып келе жатқан көптеген реликті өсімдіктер мен жануарлар — міне, осының айғағы. Қаратау қыратының шөлді аймақтағы жағдайы сол арадан қалың құм қатпарлары (шет-шеттерінде) мен сары топырақты қабаттардың (шүңқырларда) қүрылуына себепші болган. Қаратау қыраты көптеген аудандардың геологиялық құрылымы, сол сияқты, жануарлардың осы араны ұдайы мзғындай коп болып мекендеуіне .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан
» Курстық жұмыс: Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан
» Курстық жұмыс: Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары
» Курстық жұмыс: Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан
» Курстық жұмыс: Тарих | Қазақстанға қола дәуіріндегі ескерткіштер
» Курстық жұмыс: Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан
» Курстық жұмыс: Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан
» Курстық жұмыс: Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары
» Курстық жұмыс: Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан
» Курстық жұмыс: Тарих | Қазақстанға қола дәуіріндегі ескерткіштер
Іздеп көріңіз: